ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «теориялық бейорганикалық химия»


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар



бет13/14
Дата16.06.2016
өлшемі1.94 Mb.
#138560
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

16. Электролиз. Электролиз заңдары

1. Электролизерлер қатарында мына электролиттердің ерітінділері: a) CuSO4; б) NiSO4; в) Fe2(SO4)3; г) FeCl2 құйылған, олар арқылы тоқ өткізілген. Сонда соңғы электролизердің анодында 1,4л хлор (00 С және 101,3кПа) бөлінсе, катодтарда қанша металл массалары бөлінген?

Жауабы a) 3,97г; б) 3,67г; в) 2,33г; г) 3,49г.

2.NaCl ерітіндісін 30 мин электролизге ұшыратқанда, анодта 2,8л хлор қ.ж. бөлінген. Тоқ күшін өзгертпей электролизге 45 мин 0,75н CuSO4 ерітіндісінің қандай көлемін түсіруге болады? Жауабы 0,5л.

3.AgNO3 ерітіндісін 50 мин 3А тоқ күшімен электролизге ұшыратқанда катодта 9,6г күміс бөлінсе, күмістің шығымын есептеу керек. Жауабы 95,4%.

4.200мл FeSO4 ерітіндісін электролизге түсіргенде анодта -30С және 103,4кПа жағдайында 2712мл оттегі бөлінген, сонда FeSO4 ерітіндісінің молярлығын анықтау керек. Жауабы 1,25М.

5.250мл 6% (=1,05) HgCl2 ерітіндісін 5,8А тоқ күшімен қанша уақыт электролизге ұшыратуға болады? Жауабы 32,3мин.

6.6л оттегіні (170 С және 98 кПа) 3 сағ электролизге NaOH ерітіндісін түсіріп алу үшін тоқ күші қанша болу керек? Жауабы 8,7А.

7. AgNO3 ерітіндісінен 0,27г күміс бөліп алу үшін 0,5А тоқ күшін неше минут өткізу керек? Жауабы 8мин.

8.40мл 0,25н. CuSO4 ерітіндісінен мысты толық бөліп алу үшін 1,93А тоқ күшін неше минут өткізу керек. Жауабы 8,33 мин.

9. NaOH және NiCl2 балқымаларының инертті электродтарда жүретін электролиз процестерінің теңдеулерін құру керек.

10.Көмір электродтарында жүретін BaCl2 және Pb(NO3)2 ерітінділерінің электролиз процесінің теңдеулерін жазу керек.

11.Мырыш хлоридінің a) мырыш аноды; б) көмір аноды болған жағдайлардағы электролиз кезінде электродтарда жүретін теңдеулерді жазу керек.

12.Концентрациялары бірдей никель, мыс, күміс, темір (ІІ) сульфатары ерітінділерінің электролизінде металдардың бөлінуі қандай кезекпен жүреді?

13.Мыс электродтарында жүретін KNO3 ерітіндісінің электролиз процестерінің кестесін жазу керек.

14.2А тоқ өткенде 2 моль судың толық айрылуы үшін қанша уақыт қажет болады? Жауабы 53,6сағ.

15.Платина тұзы ерітіндісі арқылы 10 минут 5А тоқ өткізілгенде 1,517г Рt бөлінсе, бұл металдың эквивалент массасы қанша болады?

Жауабы 48,8г/моль.

16.1г кадмий бөлінуі үшін оның тұзы ерітіндісінен 1717Кл электр тоғы (It) өткізілген. Кадмийдің эквивалент массасы нешеге тең? Жауабы 56,2г/моль.

17.Үш валентті металл тұзы ерітіндісі арқылы 1,5А тоқ 30 мин өткізілгенде катодта 1,071г металл бөлінген болса, сол металдың атомдық массасы нешеге тең? Жауабы 114,8г/моль.

18.Белгілі бір уақыт аралығында NaCI және Na3PO4 сулы ерітінділерін электролизге ұшыратса, тұздардың мөлшері өзгере ме? Анодта және катодта жүретін электрондық теңдеулерді құрып, жауаптарыңды дәлелдеу керек.

19. Көмір электродтарында мына тұздардың NaF, KCI, AgNO3 сулы ерітінділерінің электролиз процесінің кестесін құру керек , CuSO4 ерітіндісінің – мыс анодындағы.

20.Егер электролит арқылы 30 минут 2,5 А тоқ өткенде ерітіндіден 2,77г металл бөлінсе, металдың эквивалент массасы қанша болғаны?

Жауабы 59,4г/моль.



Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

17. Комплекс қосылыстар

1.Көрсетілген электролиттер ерітінділері арасында жүретін реакцияларды молекулалық және ионды-молекулалық түрде жазу керек :

a) К2 [HgJ4] + KBr → д) K [Ag(CN)2] + NH3

б) К2 [HgJ4] + KCN → e) K [Ag(NO2)2] + NH3

в) [Ag(NH3)2] Cl + K2S2O3 → ж) [Ag(NH3)2] Cl + NiCl2

г) K [Ag(CN)2] + K2S2O3 → з) K3 [Cu(CN)4] + Hg (NO3)2

2.Мына комплекс ионының [Cd(CN)4]2- тұрақсыздық константасы 7,810-18. 0,1М K2[Cd(CN)4] ерітіндісіндегі кадмий ионының концентрациясын есептеу керек. 1л ерітіндіде 0,1 моль KCN артық мөлшерде бар.

Жауабы 7,810-15 моль/л.

3.[Ag(CN)2]- комплекс ионының Ктз = 1,410-20. 1л ерітіндіде 0,01 моль KCN бар 0,05М K[Ag(CN)2] ерітіндісіндегі күміс ионының концентрациясын есептеу керек. Жауабы 710-18 моль/л.

4.0,1М K2[Cd(CN)4] ерітіндісінде 6,5 г/л KCN бар, осы ерітіндідегі кадмий ионының концентрациясын санау керек. Жауабы 1,4110-16 моль/л.

5.Kтз[Ag(S2O3)2]3- = 3,510-14. 1л 0,1М Na3[Ag(S2O3)2] ерітіндісінде сонымен бірге 25г Na2S2O35H2O болса, ион түріндегі күміс неше грамм екенін есептеу керек. Жауабы 3,810-11г.

6.1л 0,1М [Ag(NH3)2]NO3 ерітіндісінде сонымен бірге 1моль аммиак бар болса, а) 110-5 моль бром-ионын б) 110-5 моль иод-ионын қосқанда күміс галогенидтері тұнбаға түсе ме? ЕКАgВг=5,310-13; EKAgJ =8,310-17.

Жауабы: а) түспейді; б) түседі. Неге?

7.1л 0,1 моль KCN бар 0,05М K2[Cd(CN)4] ерітіндісіне S2- ионы бар ерітінді қосқанда CdS тұнбасы сульфид-ионының қандай концентрациясынан бастап пайда бола бастайды? ЕКCdS = 7,910-27. Kтз=7,810-18.

Жауабы <2,010-12 моль/л.

8.Егер PtCl4 · 6NH3 комплекс тұзынан күміс нитраты барлық хлорды тұнбаға AgCl ретінде түсірсе, ал мына тұз PtCl4 · 3NH3 ерітіндісінен хлордың тек төрттен бірі (1/4) ғана тұнбаға түссе, сонда тұздардың координациондық формулалары қандай болады?

9.0,2335 г СоCl3 · 4NH3 тұзы бар ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісінің артық мөлшерін қосса, 0,1435г тұнба (AgCl) түзілген, сонда тұздың координационды формуласы қандай болады?

10.Мына заттар: а) K4[Fe(CN)6] және CuSО4; б)FeSО4 және Na3[Со(CN)6]; в) K3[Fe(CN)6] және AgNO3 арасындағы алмасу реакцияларын молекулалық және ионды – молекулалық түрде жазу керек. Комплекс иондардың диссоциация теңдеулерін жазып, тұрақсыздық константаларын (Ктз) «анықтамадан» табу керек.

12.Мына комплекс тұздарды атаңдар: [Pt(NH3)3Cl] Cl; [Co(NH3)5 Br] SO4;

Ba[Cr(NH3)2 (SCN)4]2; (NH4)2[Pt(OH)2Cl4]; [Pd(H2O) (NH3)2 Cl]Cl;

[Cu(NH3)4] (NO3)2; K4[Fe(CN)6]; Na2[PdJ4]; [Cr(H2O)4PO4]; [Pt(NH3)2Cl4];
Білім алушының өздік орындайтын жұмысына тапсырмалар – БӨЖ
1-ші, 2-шы апталарда оқу-әдістемелік материалда (7.1.7) көрсетілген жазбаша тапсырмаларды әр студент өзіне тиісті номер бойынша алады, 4-шы, 6-шы апталарда берілген тапсырмаларды сағат 18.00 дейін өткізеді(1МБ) және 8-ші, 9-шы апталарда оқу-әдістемелік материалда (7.1.7) көрсетілген жазбаша тапсырмаларды әр студент өзіне тиісті номер бойынша алады, 11-шы, 13-шы апталарда берілген тапсырмаларды сағат 18.00 дейін өткізеді(2МБ).

1-апта

№ 1
1. 5,00г металл жанғанда 9,44г металл оксиді түзілген. Металдың эквивалент массасын анықтау керек. Жауабы 9,0г/моль.

2. 6,3г мыс оттегімен әрекеттескенде қанша мыс(II) оксиді түзіледі ?

Жауабы 7,9г.

3. 2,8дм3 газда қ.ж. қанша моль және қанша молекула бар?

Жауабы : 0,125 моль; 7,52.1022 молекула.

4. Мына қосылыстардағы PH3, H2O, HBr фосфордың, оттегінің, бромның эквиваленттерін және эквивалент массаларын анықтаңдар.

5. Реттік номері 9 және 28 болатын элементтердің электрондық формулаларын жазып, олардың электрондарын квант ұяшықтарына орналастырыңдар.

6. Иондану энергиясы деген не? Оның өлшем бірлігі қандай ? Периодтық жүйедегі s- және р- элементтерінің топ бойынша реттік номері өскен сайын тотықсыздандырғыш қасиеттері қалай өзгереді?

7. Мына орбитальдардың қайсысына электрондар бұрын орналасады: 4s-ке ме, әлде 3d-ға ма; 5s-ке ме, әлде 4р-ға ма? Неге?

8. Атом дегеніміз не ? Молекула дегеніміз не ?
№ 2
1. Заттың молі дегеніміз не ? Авогадро саны нені көрсетеді?

2. Атом орбиталының формасын (пішінін) қай квант саны көрсетеді ?

s-, p-, d- орбиталдарының формаларын (пішінін) көрсетіңдер.

3. Мына реакциялардағы күкірт қышқылының эквивалентін және эквивалент массасын анықтандар:

H2SO4 + NaОН = NaHSO4 + H2O

H2SO4(сұй.) + Zn = ZnSO4 + H2

4.Бір заттың молекуласының массасы 1,210-25кг. Ол заттың салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар Жауабы: 72,24.

5. Электрон тартқыштық деген не ? Мына қатардағы элементтердің азот, оттегі , фтор тотықтырғыштық қасиеттері қалай өзгереді ?

6. Оттегінің 1 эквивалентіне сәйкес массасы қандай көлем алады (қ.ж.)?

7. Марганец тотығу дәрежелері +2, +3, +4, +5, +7 болатын қосылыстар түзеді , оның оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазып , марганец(IV) гидроксидінің амфотерлі қасиетін көрсететін реакциялар тендеулерін жазыңдар.

8. Реттік номері 25 және 34 элемент атомдарының электрондық формулаларын жазындар .
№ 3
1. Металдың белгілі бір мөлшері 0,2 г оттегімен және 3,17 г галогеннің бірімен қосылыс бере алады . Галогеннің эквивалент массасын анықтаңдар. Жауабы : 127 г/моль .

2. Химиялық элементтің эквиваленті тұрақты шама ма , әлде элементтің валенттілігіне байланысты ма ?

3. Күкірт диоксидінің бір молекуласының массасы қанша ?Жауабы: 1,06.1022г.

4. 200 мл ацетиленнің массасы (қ.ж.) 0,232г болса, оның молекулалық массасы қанша?Жауабы 26 г.

5. Мына қышқылдарға сәйкес келетін ангидридтердің формуласын жазыңдар : H2SO4,H3BO3, HOCl, HMnO4

6. Бас квант саны n = 4 болатын атомдағы максимал электрон саны қанша ? Жауабы 32 .

7. Электртерістік дегеніміз не? р - элементтердің реттік номері өскен сайын периодта , топтарда олардың электртерістігі қалай өзгереді? Неге ?

8. Реттік номері 16 және 26 элемент атомдарының электрондық формуласын жазыңдар. Бұл атомдардың электрондарын квант ұяшықтарына орналастырыңдар .


№ 4
1.Егер 3,24 г металл 3,48 г оксид және 3,72 г сульфид түзетін болса , металл мен күкірттің эквивалент массалары нешеге тең болады.

Жауабы :108г/моль, 18 г/моль.

2.Мына формуланың қайсысы эквивалент заңына сәйкес келеді ?

а. m1 / m2= э21 б.m1э2=m2э1

3.1 г аммиакта және 1 г азотта қанша молекула болады ? Қайсысында молекула саны көп және неше есе ?

4.Егер бір газдың 600 мл-нің массасы(қ.ж.) I ,714 г болса , оның молекулалық массасы нешеге тең. Жауабы: 64 г/моль.

5.Мына гидроксидтерге сәйкес келетін оксидтердің формулаларын жазыңдар: H2SiO3, Cu(OH)2, H3ASO4, H2ClO4 , Fe(OH) 3

6. Мына орьбиталдардың 4d- не 5s-; 6s- не 5р- қайсысы электрондармен бұрын толтырылады. Неге ? Реттік номері 43 элементтінің электрондық формуласын жазындар .

7. Изотоп дегеніміз не ? Периодтық жүйедегі көптеген элементтердің атомдық массалары бөлшек санға тең. Неге ?

8. Авогадро заңы мен оның салдарлары.


№ 5
1. Хлордың эквивалент массасы 35,5 г/моль , мыс атомының молярлық массасы 63,5 г /моль. Мыс хлоридінің эквивалент массасы 99,5 г/моль. Сонда мыс хлоридінің формуласы қандай ?

2. Фосфор құрамы әртүрлі екі хлорид қосылысын береді, бұл қосылыстарда хлордың ба , әлде фосфордың ба эквиваленті тұрақты болады ?

3. а. 0,001 кг H2 және 0,001кг О2 – де ; б.1мольH2 және 1мольО2-де ; в.1моль H2 және 1моль O2-де бірдей жағдайда молекулалар сандары бірдей бола ма ?

4. Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар тендеулерін жазыңдар:

Ba→BaO→BaCl2→Ba(NO3)2→BaSO4

Mg→MgSO4→Mg(OH)2→MgO→MgCl2

5. Реттік номерлері 25 және 34 элементтердің атомдарының электрондық формулаларын жазындар.

6. IV- периодтағы – марганец пен бром элементтерінің қайсысының металдық қасиеті көбірек, неге?

7. Реттік номері 33 элемент қай топта орналасқан? Осы элементтің электрондық формуласына, периодтық жүйедегі орнына байланысты қасиеттерін сипаттандар.

8. Масса және энергия сақтау заңына анықтама беріп , мысалдар арқылы

түсіндіріндер.
№ 6
1. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың, оксидтердің эквивалент массаларын қалай анықтайды? Мысалдар келтіріңдер.

2. Менделеев – Клапейрон тендеуін қолданып, заттардың молекулалық массаларын қалай анықтайды? Бұл әдісті барлық заттар үшін қолдануға бола ма?

3. а.0,486г магнийде ; б.34,2г алюминий сульфатында қанша моль магний және қанша моль алюминий сульфаты бар?

Жауабы: а.0,02моль, б.0,1моль.

4.Бір валентті хлормен байланысқан мына элементтердің валентілігін анықтаңдар: CaCl2, NCl3, HCl, PCl, AlCl3.Азоттың максимал валенттілігі қанша

5. Кальций фосфатының Са3(PO4)2 салыстырмалы молекулалық массасын, молярлық массасын есептеңдер. Оның 0,5моліне сәйкес келетін массасын табыңдар.

6. Реттік номері 14 элементтің электрондық формуласын жазыңдар. Электрондарды квант ұяшықтарына орналастырыңдар. Соңғы энергетикалық деңгейде қанша жалқы электрон бар ?

7. 0,001м3 газдың қ.ж. массасы 0,002г. Газдың молярлық массасын және оның ауа бойынша тығыздығын анықтандар.

8. Екінші периодтағы элементтердің литийден азотқа дейінгі бірінші ионизациялық потенциялы неге бірқалыпты өспейді ?

№ 7
1. Электртерістік деген не? Период және топ бойынша электртерістіктің мәні қалай өзгереді? Мысал келтіріңдер.

2. Қорғасын, никель, радон, вольфрам атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар. Электрондық формулаларына байланысты олардың периодтық жүйедегі орындарын көрсетіңдер.

3. Азоттың , күкірттің және хлордың эквивалентін және эквивалент массаларын анықтандар.

4. Кальций карбонатының а.2моль ; б.0,25моль ; в.1,5молінің массасын есептеңдер.

5. Газдың ауа бойынша тығыздығы 1,17. Газдың молекулалық массасын анықтандар. Жауабы: 33,9г

6. 2,24л газдың массасы 2,8г . Газдың молекулалық массасы нешеге тең? Жауабы: 28 г.

7. Квант сандары деген не? Олар қандай мәндерге ие болады?

8. Мышьяк, күкірт және бромның жоғарғы және төменгі тотығу дәрежелеріне сәйкес келетін қосылыстардың формулаларын жазыңдар.
№ 8
1. СО2 6,02х1021 молекулалардың; б. оттегінің 1,21024 атомдарының молдік (молярлық ) массалары қаншаға тең?

2. Эквивалент массасы 12,16г/моль болатын металдың неше грамы 310мл оттегімен (қ.ж.) әрекеттеседі. Жауабы: 0,673г.

3. Мына тендеулерге қатысатын күкірт қышқылы мен алюминий гидроксидінің эквиваленттерін және эквивалент массаларын есептеңдер:

H2SO4 + KOH = KHSO4 + H2O

H2SO4 + Mg = MgSO4 +H2

Al(OH)3 + HCl =Al(OH)2Cl + H2O

Al(OH)3 + 3HNO3 = Al(NO3) 3+ 3H2O

4. Егер 0,824 г газдың көлемі 0,260 л болса , оның молекулалық массасы (қ.ж.) қанша?Жауабы: 71.

5. 1м3 ауаның 170С және 83,2кПа қысымдағы массасы қанша? Ауаның молярлық массасы 29г/моль. Жауабы: 1кг.

6. Орбиталь квант саны нені сипаттайды? Егер бас квант саны 3-ке тең болса, орбиталь квант саны қандай мәндерге тең болады?

7. Реттік номері 19 элементінің электрондық формуласын жазыңдар. Химиялық реакцияға қанша электрон қатысады?

8. Атом құрылысына сүйеніп, көміртегі мен күкірт қандай валенттік көрсететінін табыңдар. Мысал келтіріңдер.


2- апта
№ 1
1. Мына жүйеде N2+ 3H2 ↔ 2NH3 газ қоспасының көлемін екі есе азайтса, реакциялар жылдамдықтары қалай өзгереді? Жүйедегі тепе – теңдік қай жаққа ығысады?

2. Мына гетерогенді жүйе үшін С,графит +О2 = СО2 жылдамдықты өрнектеңдер. Егер оттегінің концентрациясын 4 есе арттырса, реакция жылдамдығы неше есе өседі?

3. Реакциялық ыдыстың көлемін үш есе азайтса, мына реакцияның 2NO + O2= 2NO2 жылдамдығы қалай өзгереді?

4. Фосфор (V) хлоридінің кристалдары судың буымен әрекеттескенде сұйық POCl3 және хлорлы сутек түзіледі. Реакция нәтижесінде 111,4кДж жылу бөлінеді. Бұл реакцияның термохимиялық тендеуін жазыңдар.

5. Этанның жануының термохимиялық теңдеуі. C2H6 + 3,5O2 = 2CO2 + 3H2O(c) ∆Hх.р = - 1559.87 кДж этанның түзілу жылуын есептеңдер.
№ 2
1. Fe2O3 -ті алюминиймен тотықсыздандырғанда 335,1г темір бөлінген. Қанша жылу бөлінетінін есептеңдер. Жауабы: 2543,1кДж.

2. Этилен (газ) және су буы өзара әрекеттессе, газ тәріздес этил спирті түзіледі. Бұл реакцияның термохимиялық тендеуін жазып, жылу эффектісін есептеңдер. Жауабы: - 45,76кДж.

3. Егер қысымды екі есе арттырса, мына реакциялар үшін тура реакциялар жылдамдығы қалай өзгереді?

1) H2 + Cl2 = 2HCl; 2 ) N2O4 = 2NO2

4. Егер температураны 200-тан 400С-қа көтерсе, химиялық реакция жылдамдығы неше есе өседі? Температуралық коэффициент 3-ке тең.

5. Егер жүйедегі қысымды азайтса, тепе – тендік қай жаққа ығысады?

1) 4HBr (г) + O2 ↔ 2H2O(r) + 2Br2(r)

2) H2(r) + S(k) ↔ H2S(r)

Бұл реакциялар үшін тепе – теңдік константаларын жазыңдар.
№ 3
1. Егер: 1. күкірт (IV) оксидінің концентрациясын екі есе арттырса; 2. оттегі концентрациясын екі есе арттырса; 3. осы екі заттың да концентрацияларын 2 есе арттырса, мына реакцияда 2SO2(r) + O2 ↔ 2SO3 тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

2. Мына жүйеде PCl5 ↔ PCl3 + Cl2 ∆H298= +92,45 кДж/моль температураны 40С-қа көтерсе, тепе – теңдік қай жаққа ығысады? Егер тура реакция үшін  = 3, ал кері реакция үшін  = 2 болса, реакция жылдамдығы қалай өзгеретінін көрсетіңдер.

3. Газ тәріздес күкіртті сутек пен көміртегі (IV) оксиді әрекеттессе су буы мен күкіртті көміртегі СS2(r) түзіледі. Осы реакция үшін термохимиялық теңдеуін жазыңдар, оның жылу эффектін есептеңдер. Жауабы: +65,43 кДж.

4. Мына реакциялар үшін ∆G298 есептеңдер:

а. 2NaF(к) + Cl2 = 2NaCl(к) + F2(r)

б. PbO2(к) + 2Zn(к) = Pb(к) + 2ZnO(к)

Бұл реакциялар жүре ме? Жауабы: +313,94кДж; -417,4кДж .

5. Мына реакциялар үшін энтропияның өзгеруін есептеңдер:

2CH4(r) = C2H2(r) + 3H2(r)

N2(r) + 3H2(r) = 2NH3(r)

Жауабы: 220,21 Дж /моль; -198,26Дж/мольК.
№ 4
1. Мына реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңын өрнектеңдер:

а. 2NO(r) + Cl2(r) → 2NOCl(r)

б. CaCO3 (к) → CaO(к) + CO2(r)

2. Реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, температураны 200-тан 750С-қа көтерсе, реакция жылдамдығы қанша өседі?

3. Мына жүйеде 2СО + О2 ↔ 2СО2 тепе –теңдік концентрациялары СО = 0,04 моль/дм3; О2 = 0,06 моль/дм3; СО2 = 0,02 моль/дм3 болса, тепе – теңдік константасы қанша болады?

4. Мына теңдеумен жүретін реакцияға қатысатын заттардың стандартты түзілу жылуы мен стандартты энтропияларына сүйеніп, реакцияның ∆G0298 есептеңдер:C2H4(r) + 3O2(r) = 2CO2(r) + 2H2O(r) . Бұл реакция стандартты жағдайда жүре ме? Жауабы: - 1331,2 кДж.

5. 2,1г темір күкіртпен әрекеттессе 3,77кДж жылу бөлінеді. Темір сульфидінің түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы: -100,3кДж/моль.
№ 5
1. F3O4-ті көміртегі (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру реакциясының тендеуі: Fe3O4(r) + CO(r) = 3FeO(r) + CO2(r)

Бұл реакция үшін ∆G0298 және ∆S0248 есептеңдер. Реакция өздігінен жүре ме? Жауабы: +24,69 кДж; +31,3 Дж/мольК.

2. Қалыпты жағдайда алынған 8,4л сутегі жанғанда қанша жылу бөлінеді?

3. СО,г және сутегі арасында жүрген реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар. Реакция нәтижесінде СН4 және Н2О,г түзілген. Егер қ.ж. 67,2л метан түзілсе, бұл реакция нәтижесінде қанша жылу бөлінеді? Жауабы: 618,48 кДж.

4.Егер реакция былай жүрсе: 2NО + О2 = 2NО2. Алынған заттар концентрациясы [NO] = 0,02моль/дм3; [O2] = 0,03моль/дм3. Егер О2 концентрациясын 0,1 моль/л, NО концентрациясын 0,05 моль/л көтерсе, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

5. 2NО+Сl2 ↔ 2NOCl жүйесі үшін (∆H = -73,6 кДж) тепе–теңдік температураны 300С көтерсе қай жаққа ығысады ? =2 тура реакция үшін, кері реакция үшін ? =3 жағдайдағы реакциялар жылдамдықтарының өзгеруін есептеңдер.


№ 6
1. Ле Шателье принципін қолданып, тепе – теңдік қай жаққа ығысатынын көрсетіңдер: СО + Н2О ↔ СО2 + Н2

∆Н =12,85кДж, егер а. сутегінің концентрациясын көтерсе; б. температураны азайтса; в. көміртегі (IV) оксидінің концентрациясын азайтса.

2. Температураны 300С-қа көтергенде, реакция жылдамдығы 64 есе артқан. Реакцияның температуралық коэффициентін есептеңдер.

3. 11,5г сұйық этил спирті жанғанда 308,71 кДж жылу бөлінген. Реакция нәтижесінде су буы, көміртегі (IV) оксиді түзілген. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, С2Н5ОН(с) түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы : -277,67 кДж.

4. Мына реакция үшін СО(r) + Н2О(r) = СО2(r) + Н2(r) Гиббс энергиясын ( ∆G0298) заттардың стандартты түзілу жылуының мәндері және абсолютті стандартты энтропия мәндері арқылы есептеңдер.

5. Мына жүйе үшін СО(r) + 2Н2(r) ↔ СН3ОН(c) ∆Н=128,05кДж тепе – теңдік қай температурада орнайды?


№ 7
1. Мына жүйеде СН4(r) + СО2(r) = 2СО(r) + 2Н2(r) ∆Н =+247,37 кДж тепе – теңдік қай температурада орнайды?

2. Заттардың стандартты түзілу жылуының мәндерін және абсолют стандарт энтропия мәндерін пайдаланып, мына реакция үшін ∆G0290 есептеңдер: NН3(r) + НСl(r) = NН4Сl(к). Бұл реакция стандарт жағдайында өздігінен жүре ме? Жауабы: -92,08кДж.

3. Газ тәріздес аммиак жанғанда су буы және азот (ІІ) оксиді түзіледі. Егер реакция нәтижесінде 44,8л NО (қ.ж.) түзілген болса, қанша жылу бөлінген? Жауабы:452,37кДж.

4. Мына жүйеде 2SО2(r) + О2(r) ↔ 2SО3(r) газ көлемін үш есе азайтса, тепе – теңдік қай жаққа ығысады? Тура және кері реакциялар жылдамдықтары қалай өзгереді?

5. Егер температураны 300-дан 700С-қа көтерсе, реакция жылдамдығы қалай өзгереді? =2

№ 8
1. Фосфордың пентахлоридінің айырылу реакциясы былай жүреді: PCl5(r) ↔ РCl3(r) + Cl2(r) ∆Hx.p. = 92,59кДж

Осы тепе – теңдік тура реакция бағытында жүру үшін, яғни РCl5 айырылу реакциясы: а. температураны; б. қысымды; в. концентрацияны қалай өзгерту керек?

2. Газ фазасында өтетін реакция үшін температураны 1200С-тан 800С-қа түсірсе, реакция жылдамдығы неше есе азаяды. =3.

3. Мына гомогенді жүйе үшін тепе – теңдік константасын есептеңдер. CО(r) + H2O(r) ↔ CO2(r) + H2(r) егер реакцияға қатысатын заттардың тепе – теңдік концентрациялары: [CO] = 0,004 моль/л; [CO2] = 0,016 моль/л; [H2O] = 0064 моль/л; [H2] = 0,016 моль/л болса.

4. Фосфордың пентахлоридінің диссоциациясы қай температурада басталады: PCl5(r) = PCl3(r) + Cl2(г). Жауабы: 509К.

5. 165 (қ.ж.) ацетилен жанғанда көміртегі (IV) оксиді және су буы түзілсе, қанша жылу бөлінеді? Жауабы: 924,88 кДж.
8-апта
№ 1
1. Егер 18 г фосфор қышқылын 282 см3 суда ерітсе, ол ерітіндінің тығыздығы 1,031 г/см3 болады. Ерітіндінің а. проценттік; б. молярлық; в. нормальдық (эквиваленттің молярлық концентрациясы) концентарцияларын есептеңдер. Жауабы: 6% 0,63М; 1,89н.

2. 1л 10 %-ті калий гидроксидінің ерітіндісіне (тығыздығы 1,092 г/см3) 5% - ті 0,5 л калий гидроксидінің ерітіндісін (тығыздығы 1,045 г/см3 ) құйып, ерітіндінің көлемін 2 л-ге жеткізген. Алынған ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеңдер. Жауабы: 1,2 М.

3. 3л 0,4н. ерітінді дайындау үшін 96%-ті тығыздығы 1,84 г/см3 күкірт қышқылының қанша көлемін алу керек. Жауабы: 33,32 см3.

4. Мына заттар арасында жүретін реакциялар үшін ионды-молекулалық теңдеулер жазыңдар: а. HCl және NaOH; б. Pb(NO3)2 және Na2S;

5. Мына ионды-молекулалық теңдеулерге сәйкес келетін реакциялардың молекулалық теңдеулерін жазыңдар: а. SO32+ + 2H+ = SO2 + H2O; б. H+ + OH- = H2O

6. Мына тұздардың гидролизінің ионды-молекулалық және молекулалық теңдеулерін жазыңдар: а.KCN; б.Na2CO3.

7. Егер азотты қышқылдың (HNO2) молярлы концентрациясы 0,01 моль/л болса, сутегі ионының концетрациясы қанша? Жауабы: 2,210-3 моль/л
№ 2
1. Егер азотты қышқылдың (HNO2) молярлы концентрациясы 0,25 моль/л болса, сутегі ионының концентрациясы қанша болады? Жауабы: 1,1210-2 моль/л.

2. Мына тұздардың гидролизінің ионды-молекулалық және молекулалық теңдеулерін жазыңдар: а. ZnSO4; б. NH4Cl;

3. Мына ионды-молекулалық теңдеулерге сәйкес келетін реакциялардың молекулалық теңдеулерін жазыңдар: а. Pb2+ + S2- = PbS; б. CО32- + 2H+ = CО2 + Н2О.

4. Мына заттар арасында жүретін реакциялар үшін ионды-молекулалық тендеулер жаз: а. NaHCO3 және NaOH; б. K2SO3 және НСІ.

5. HClO қышқылының концентрациясы 0,001 моль/л болса, қышқыл ерітіндісі үшін  және [H+] табыңдар. Жауабы: 7,0710-4 және 7,07·10-5 моль/л .

6. 20%-ті тығыздығы 1,328 г/см3 кальций хлориді ерітіндісінің молярлы және эквивалент (нормальды) концентрацияларын есептеңдер. Жауабы: 2,1 М; 4,2 н.

7. 30%-ті тығыздығы 1,328 г/см3 натрий гидроксиді ерітіндісінің нормальды концетрациясын есептеңдер. Оның 1л ерітіндісіне 5л су қосқан. Алынған ерітіндінің процентті концентрациясын табыңдар. Жауабы: 9,96н; 6,3%.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет