Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандығына арналған Оқу әдістемелік материалдар



бет18/18
Дата13.06.2016
өлшемі1.78 Mb.
#133969
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қалай жетілдіріледі?

  2. Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін не істеу керек.

  3. Сүзгіш газтұмылдырықтар туралы айтып беріңдер.

  4. Тұмылдырықтың қажетті өлшемі қалай таңдалады?

  5. Химиялық қарудың зақымдаушы факторлары.



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №11 Апаттар кезіндегі ӘКУЗ зақымдану масштабтары
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң. Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химиялық қауіпті объктілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерек-шелігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты. Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады. 
Химиялық қауіпті объектілердегі авариялардың қайталама факторы ретінде жарылыстар мен өрттер болуы мүмкін. 
Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағы деп аталады. 

УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды. 

УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды. 
Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты. 

Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. 

Улағыш заттардың жіктелуі.  Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді: 

  • жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар 
    (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар; 

  • жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан; 

  • терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит; 

  • тұншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген; 

  • көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс); 

  • психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді; 

  • Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген).

УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді: 

  • өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір 
    қышқылы, иприт, люизит, фосген); 

  • уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2; 

  • тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.

УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген).
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. УЗ зақымдау әсерінің ерекшеліктері

  2. Улағыш заттардың жіктелуі

  3. УЗ -мен адамдардың зақымдалу жолдары



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №12 Ядролық жарылыс кезіндегі нысанның потенциалды қауіпі
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының әсерінен өрт, жаппай қирау, коммуналдық-энергетикалық тораптарда апаттар, жердің радиоактивті ластануы және халық арасында едәуір шығын пайда болатын аумақ. Ядролық зақым ошағының аумағы қолданылған қарудың мөлшері мен қуатына, жарылыстардың түріне, құрылыстың сипатына, жер бедеріне (акватория терендігі) және ауа райы жағдайларына байланысты.

Қирау сипатына қарай және құтқару жұмыстарының көлемін белгілеу.


Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді. 

Соққы толқыны - негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша Шгт ядролық оқтүмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта, 5 километрге, 22 секундта, 10 километрге жетеді. 

Соққы толқыны ғимаратты, техниканы, өндірістік қондырғыны, қиратады және адамдарды зақымдайды. Соққы толқынның зақымдағыш әсері шаршы сантиметрге (кг/см2) килограммдармен көрсетілетін оның төнірегіндегі артық қысыммен сипаталады. Мысалы, ауадағы ядролық жарылыс кезінде қабылдау бетінің алаңы 50()см2, түрған адамға артық қысымы 0,5 кг/см2 соққы толқыны 2500 кг күшпен әсер етеді. Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді. 

Бірінші аймаққа (жарылыс кіндігіне жақын жердегі толық қираушылық) сырттқы шекараға 0,5 кг/см2 жоғарырақ артық қысым-мен соққы толқынының әсеріне үшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады. 

Екінші аймақ (қатты қирау) 0,5 - 0,3 кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бүл аймақта тас ғимараттар мен жертөбелер қатты қирап, ағаш ғимараттар толық қирауы мүмкін, үйінділер пайда болып, өрт шығуы да мүмкін. Панаханалардыңкөбісі сақталады, алайда кейбіреулерінің кіреберісі мен шығаберісін үйінді басып қалуы мүмкін. Панаханадағы адамдар зардап шекпейді. 

Үшінші аймақ (орташа қираулар) 0,3 - 0,2 кг/см2 соққы толқы-нының артық қысымымен, ғимараттар мен түрақжайлардың ішінара қирауымен сипатталады. Оларды жаппай өрт жайлауы мүмкін, (көптеген қорғаныс ғимараттар сақталынады, ал онда түрған адамдар зардап шекпейді. Қорғаныс ғимаратының сыртында қалған адамдардың бір бөлігі жарақат алып, жедел медициналық көмекті қажет етеді. 

Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0,2 - 0,1 кг/см2 толқын соққысының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта ғимараттар мен тұрақ жайлардың қирауы сирек. 

Жарықтың сәуле шығаруы - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны. Ядролық жарылыс жарқылдаған аумақтағы ауаның температурасы жарқылдау басында миллион градусқа дейін жетіп, аяғында бірнеше мың градусқа дейін тө-мендейді. Жарықтың сәуле шығаруы қас-қағым сәтте таралып, аз уақыт ғана әсер етеді. 


Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. 

Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытына қарсы орналасқан үстінгі беттегі Ісм2 сәулелену кезінде өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем бірлігіне 1 кал/см2 алынады. 2-4 кал/см жарық серпіні кезінде қорғанбаған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4-7,5 кал/см2 кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда болуы). 5-12 кал/см2 кезінде үшінші дәрежедегі күйік (тері жамылғыларының толық жансыздануы), 12 кал/см2 өнан жоғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді).

Жарық сәулесі жаппай өрт тудыруға қабілетті. 
Жарық сәулесінің жиілігі ауа райына қатты тәуелді. Түман, жаңбыр мен қар оның әсерін қатты әлсіретеді, ал ашық қүрғақ ауа райы, керісінше, өрттердің шығуы мен күйік алуға қолайлы жағдай жасайды. 

Өткіш радиация - ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны. Р-нің зақымдаушы әрекеті адамдардың сәуле ауруын тудырады, зақымдаушы фактордың мәні гамма сәулелер мен нейтрондар тірі клеткалардың молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бүзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. үсті жабылған жыралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары сондай-ақ қорғаныс киімдер Р-ның әсерін күрт әлсіретеді.



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №13 Иондаушы сәулеленуден қорғау құралдары және бақылау әдістері.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Жердің радиоактивті ластануы - ядролық жарылыс бүлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады. Жердің радиоактивті ластануының деңгейі жарылыстың түрі мен қуатына және ол жарылған сәттен бастап өткен уақытқа, жарылыс орталығының қашықтығына, ауа райына және жер бедеріне байланысты.
Өткіш радиация  - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын  гамма-сәулелер мен нейтрондар ағыны. Өткіш радиацияның көзі - ядролық реакциялар. Өткіш радиацияның әрекет ету мерзімі 10-15 секундтан аспайды.

Өткіш радиацияның зақымдау әсерін айқындайтын негізгі көрсеткіші: иондаушы сәуле дозасы. Иондаушы сәуле дозасы (радиация дозасы) дегеніміз белгілі бір ортада иондаушы сәуленің әсер ету шегі. Ол төмендегіше бөлінеді:



  • жұтылған доза — сәулеленген ортанын масса бірлігі жұтқан  энергия, ол халықаралық (СИ) жүйе  бойынша грэймен (ГР) өлшенеді. 1ГР = 1 Дж/кг. Дозаның   жүйеде   жоқ   бірлігі - "рад" болып   табылады (рентгенің биологиялық эквиваленті). 1 ГР=100 рад ; 1 Р = 1 рад

  • экспозициялық доза — ауанын иондалуы бойынша кл/кг (кулон кг-ға) өлшенетін рентген және гамма-сәуленін мөлшері. Жүйеде жоқ бірлігі - рентген (Р) қолданылады. Рентген - гамма-сәуленің мөлшері, оның әсерінен температурасы 0°С, қысымы сынап бағанасы бойынша 760 мм 1 см3   құрғақ ауада 2 млрд. жұп ион пайда болады.

  • эквиваленттік доза – ағзадағы радиациялық қауіпінің биологиялық әсер етуі мен дәрежесін анықтайтын және зивертпен ("ЗВ") өлшенетін доза. Жүйеде жоқ бірлігі - "бэр" (рентгеннің биологиялық эквиваленті). 1 бэр =1 Р;   1 ЗВ = 100 бэр

 Өткіш радиацияның зақымдаушы әрекеті адамдардың сәулеленуін тудырады, зақымдаушы фактордың мәні: гамма-сәулелер мен нейтрондар жасушаның молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бұзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәулеленуіне шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады.

Үсті жабылған жаралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары, сондай-ақ қорғаныс киімдер өткіш радиация әсерін күрт әлсіретеді.

Әр түрлі материалдардың гамма-сәуле жарқылын әлсіретуін сипаттау үшін жартылай әлсірету қабатының жарты мөлшері, яғни, гамма-сәуле жарқылының жиілігін екі есе әлсірете алатындай материал қабатының қалындығы пайдаланылады.

Радиоактивті бұлттың ізі сызбалануы бойынша эллипсті еске түсіреді және зақымдалған алқапқа әр түрлі деңгейде жайылады. Сондықтан да (жиілігіне байланысты) зақымдалған алқапты қауіпті, күшті және баяу зақымдану аймағы деп бөлу қалыптасқан. Егер іздің көлбеу қиылысын алсақ, онда радиация деңгейі іздің сыртқы шек арасынан көтеріліп, оның кіндігінде ең жоғары деңгейіне жетеді. Радиация деңгейі уақыттың өтуіне байланысты біртіндеп төмендейді. Осылайша, егер радиация деңгейі жер бетіндегі ядролық жарылыстан кейін 100% алсақ, онда 2 сағаттан кейін екі есеге, үш сағаттан кейін төрт есеге, ал 5 сағаттан кейін он есеге азайады. Радиоактивті заттармен зақымданған жерде түрған адам әрдайым сыртқы сәулеге үшырауы немесе сәулө ауруына үшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақымдануы ықтимал. 

Электрмагниттік импульс - ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелер. Э.И-тің әсер ету үзақтығы - бірнеше ондаған миллисекунд. Э.И байланыс аппараттарына, зиян келтіріп сыртқы желілерге қосылған электр қондырғыларының жүмысын бүзуы мүмкін. әсіресе жартылай өткізгіштерде, жүмыс істейтін радиоаппаратураларға әсері күшті. Э.И-тің әсерінен қорғану шараларын алдын-ала қарастыру қажет. 

Адамға радиацияның әсері. 

Адам сәулеленудің екі түріне - сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырайды. 

Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жүлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелөну дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, азонның қорғаныс қабаттары жүқара түседі, сондықтан да сәлелену жоғары. Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты қүрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер үшырайды. Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосфера-дағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады. 


Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда түратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр (0,03-0, Ібэр). Табиғи көздерден адамның сыртқы сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бүғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар түрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бүл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері кө-бірек кездеседі. 
АЭС-тегі авариялар кезіндөгі жергіліктегі жердегі радиациялыққауіп аймағы 
Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бір қатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарылды. Радиоактивті заттардың ядролықөэнергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады. 
Радиоактивті заттардың таралу шекарасымен радиациялық авариялар былайша бөлінеді: 

Шектеулі авариялар (радиациялық салдары бір ғимаратпен шектеледі, қызметкерлер сәулеге үшырауы мүмкін). Жергілікті авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағымен шектеледі). Жалпы авариялар (радиациялық салдары АЭС шекарасына таралады).



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Ядролық қару, зақымдаушы факторлары

  2. Радиоактивтік ластану аймағы

  3. Электрмагниттік импульс - ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы

  4. Иондаушы сәулеленуден қорғаудың тәсілдері қандай?


Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №14 Экономика нысаны элементінің тұрақтылығын бағалау
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Төтенше жағдайдағы шаруашылық объектілердің жұмыс тұрақтылығын анықтау.Төтенше жағдайдағы халықтың шаруашылық объектілердің жұмыс тұрақтылығы; Техникалық жүйелердің және объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын жоғарлатудың жолдары.

Төтенше жағдайдағы халықтың шаруашылық жұмыс объектілердің тұрақтылығы. Төтенше жағдайдағы халықтың шаруашылық жұмыс объектілердің тұрақтылығы бүл жағдайда өзінің функцияларын орындалуының қабілеттілігімен, сонымен қатар жарақаттанған жағдайда қалпына келу қабілеттілігімен анықталады.

Төтенше жағдай шарттарында өндірістік кәсіпорындар өнімді шығаруға, қабілеттікті сақтау керек, ол көлік құралдары, электрлік берілістін жолы және басқа материалдарының құндылығы жоқ үйлестін объектілері өзінің талаптарын нормалауы түрде орындалады қамтамасыз ету керек.

Төтенше жағдай шарттарында объект тұрақтылықты сақтау үшін төтенше жағдайлардың дамуында пайда болатын зиянды және қауіпті факторлардың әсер етуінен қызметшілерді сонымен қатар объектің жақын жерінде тұратын халықты қорғауға бағытталған инженерлік-техникалық, ұйымдастық және басқа шараларды өткізеді.

Төтенше жағдай шарттарында объект жұмыстық тұрақтылығына келесі факторлар әсер етеді: объектің орналасу аймағы, ішкі жоспарлануы және объект территориясының салынуы; техникалық процестердің сипаттамасы (қолдананылатың заттар, құралдардың энергетикалық сипаттары, оның өртке және жарылуына қауіптілігі және т.б.); өндірістік жүргізу жүйесінің сенімділігі және т.б.



Объектің орналасу аймағы. Объектің орналасу аймағы, сонымен қатар зақымдалатын факторлардың әсер етудің мүмкілдігін анықтайды (жер селкінулер, су тасқындары, даулдар, көшкіндер және т.б.).Көлік желілері және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерді қайталаудың маңызды мағынасы бар. Егер кәсіпорын немесе жүзетін өзеннің қасында орналасқан болса, темір жол және құбыр магистралының қиратылуы жағдайында шикізатты әкелу және дайын өнімін шығару су көлігімен асырылуы мүмкін.

Төтенше жағдайлардың салдарына аймақтың метеорологиялық шарттар елеулі әсер етуі мүмкін.

Салудың ішкі жоспарлануы және тығыздығы. Объектің территориясындағы салулардың ішкі жоспарлануы және тығыздығы өртің таратылып кетуінің мүмкіндігіне, жарылыс кезінде пайда болатын екпінді тасқынды қоздыра алатын қиратуларға қоршаған ортаға улы заттарды тастау кезіндегі зақымдауға ұшырайтын ошағының өлшемдеріне және т.б. елелеулі әсер етеді.Объектің айналасындағы салулардың өзгешілігін де еске алу керек. Солай берілген объекттің жаңында қауіпті кәсіпорындардың, соның ішінде химиялық объектте пайда болған төтенше жағдайлардың салдарларын елеулі дәрежеде күшейтуі мүмкін.

Техникалық процестердің спецификациясы.Техникалық процестердің спецификациясың зерттей білу, құрал жабдықтардың жарылу мүмкіндігін (мысалы, қысым астындағы жұмыс істейтін ыдыстар) өртер пайда болатын негізгі себептерін, процесте пайдаланатын қатты әсер ететін, улы және радиоактивті заттардың мөлшерін бағалау керек. Сонымен қаттар төтенше жағдайдағы өндірісті тоқтатудың жылдам және апатсыз тәсілін жетілдіру керек.

Техникалық жүйелердің және объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын жоғартудың жолдары. Әртүрлі төтенше жағдайларында электрлік құрылыстар және желістер әртүрлі бұзуларды және қиратуларды алып келуі мүмкін. Олардың нағыз осалдау бөлімдері жерлік құрылыстар (электрлі станциялары, қосалқы станциялары, трансформаторлық станциялар), сонымен қатар электр берілістердің ауа желістері болып табылады. Қазіргі заманғы ірі энергиялық жүйелерде жүйенің жұмыс қабілеттілігін толығымен сақтап отырып, бұзылған электр кездерін ләзде сөндіруге қабілеттілігі бар әртүрлі автоматты құралдар қолданылады.

Электр энергиямен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын жоғарлату үшін ең біріншіден электр берілістердің ауа желістерін кабелді (жер астындағы) желістерге ауыстыру түтынушылардың қамтамасыз үшін резервтік желістерді қолдану, объектілердің суырмалы электр генераторлар, электр қозғаланатын автономды резервтік кездерін алдын ала ескерту керек.


Бақылау сұрақтары

  1. Тұрақтылық дегеніміз не?

  2. Төтенше жағдайдағы халықтың шаруашылық объектілер жұмысының тұрақтылығы қалай қамтамасыз етіледі?

  3. Төтенше жағдайдағы техникалық жүйелердің және халықтың шаруашылық объектілердің нағыз манызды түрлерінің жұмыс істеу тұрақтылығы жоғарту үшін не істеу керек?



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №15 Радиационды барлау құралдары. Радиоактивті сәулеленуді бақылау құралдарын қолдану.(Дозиметрлік бақылау)

Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Осы заманғы барлық дозиметрлік приборлар иондық әдіс негізінде жұмыс істейді.

Дозиметриялық бақылаудың құралдары екі тобына болінеді



  1. дозаның қуатын сандық өлшеуге арналған дозиметрлер;

  2. радиоактивті ластануды тез табу үшін қолданылатын радиометрлер немесе сәулеленудің индикаторлары.

ДРГЗ-04 дозиметрі энергетикалық 0,03-3,0 МэВ диапазонында гамма және рентгендік сәулеленуді өлшеу үшін қолданылады. Құралдардың шкаласы микрорентген/сек (мкР/с) градуирленген.

ДКС-0,4 дозиметрі энергетикалық 0,5-3,0 МэВ диапазонында гамма және бетта сәулеленуді өлшеу үшін қолданалады.

Өнеркәсіп халық үшін арналған тұрмыстық дозиметрлерді шығарады, мысалы «Мастер-1» тұрмыстық дозиметр, «Сосна» дозиметр- радиометрі.

Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері. Радиациялық барлау. Радиациямен ластанған аймақта ІҚЖ жүргізудің тиімділігі көбінесе сол жерде болған радиациялық жағдайдың нақты мәліметтеріне байла­нысты. Осы мақсатпен келесі міндеттерді шешетін радиациялық барлау жүргізіледі:



  • жергілікті жерде және ауаның жерге жақын қабатының радиоактивті затпен ластануын табу және бұл туралы жұмыс басшысына ақпарат беру;

  • құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін анықтау және радиоактивтілікпен ластанған аймақтың шекарасын белгілеу;

  • ластанған участкелерді игеру үшін айналып өту жолдарын (қажет болған жағдайда) іздеу;

  • радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау;

  • судан, азық – түліктерден, өсімдіктерден, топырақтан, объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама алу және оларды зертханаға жіберу;

  • метрологиялық бақылау;

  • радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққаннан кейін құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу.

Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде жұмысты жүргізетін ауданда ішкі жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты және т.б.) немесе радиоактивтік ластанудың қайталануы мүмкін екенін есепке алу қажст. Құрылым орналасқан аудандағы радиациялық жағдайды бақылау үшін, сонымен қатар жұмысты жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын күзет орны құрылады, олардың негізгі міндетіне:

  • дер кезінде радиоактивті ластануды табу және хабарландыру дабылын беру;

  • радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;

  • күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді бар­лау, сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады.

Радиациялық бақылау орны тәртіп бойынша үш адамнан тұрады. Ол сәулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т және т.б. өлшеуіштерімен, №3 метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 және т.б.) сәулелену мөлшерінің қуатты жеке өлшеуіштерімен, ИД-1 сәулелену мөлшерінің өлшеуіштерімен, секундомермен, хабарландыру және байланыс құралдарымен, ра­диациялық жағдайдың параметрін жазатын журналмен, ауа сынамасын алатын жабдық жиынтығымен жабдықталған.

Дозиметриялық бақылау. Дозиметриялық бақылауды ІҚ құрылымның жеке құрамы радиоактивті ластану аймағындағы іс – қимылы кезінде сәулелену мөлшері туралы мәліметтерді дер кезінде алу мақсатында жүргізеді. Алынған ақпарат бо­йынша құрылымның жұмыс тәртібі анықталады. Дозиметриялық бақы­лау топтық және жеке болып бөлінеді.

Топтық бақылау ІҚ құрылымның жеке құрамының жұмысқа қаб-леттілік деңгейін бағалау мен анықтау үшін және орташа сәулелену дозасы туралы мәліметтерді алу мақсатында жүргізіледі. Бұл үшін құрылым ИД-1 сәулелену дозасының өлшеуішімен қамтамасыз етіледі (ДКП-50-А ДП-24, ДП-22В жинақтарынан) 1 - 2 дозиметрлік есептеу бойынша радиациялық жағдайда бірдей әрекет ететін топтағы адам саны 14-20.

Жеке бақылау радиациялық зақымданудың ауырлық деңгейіне алғашқы кезеңде диагностика жасау керек және әр құтқарушының доза туралы мәліметті алуы мақсатында жүргізіледі. Бұл мақсат ушін ІҚ құрылымның жеке құрамына доза қуатын өлшейтін ИД-11 өлшеуіші беріледі.

Радиоактивті ластанудың деңгейі техниканың, көліктің, киімдердің, саймандардың, қорғау құралдарының, аяқ – киімдердің және т.б. дәрежесі бойынша анықталады. Аталған жұмыс құрылымға қойылған міндеттерді орындағаннан кейін, құтқарушылардың ластанған аудандардан шығуы кезінде, арнайы өңдеулерді толық жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады. Радиоактивті ластануға душар болған және арнайы толық өндеуді жүргізу үшін келген құрылымның жеке құрамы, техникалары және көлігі бақылап бөліп тұратын күзет орны арқылы өтеді, мұнда құрылымның ластан­ған дәрежесін белгілейді және арнайы өңдеу бойынша шараларды ұйымдастырады. Күзет орнының біреуі шығатын жерде ал келесісі арнайы өндеу алаңының шығатын жерінде тұрады. Ластану дәрежесін ДП-5, КРБ-1 және т.б. аспаптардың көмегімен анықтайды. Құрылымның жеке құрамының және техникасының бақылап – бөліп тұратын күзет орны арқылы өтуі кезінде дозиметристің ластанған жұмыс орны анықталады; қажет болған жағ­дайда оған қатерсіздендіру жүргізіледі немесе тұрған орыны ауыстырылады.



Радиациялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптарының сипаттамасы

Атаулары

Сипаттамалар және өлшеуіштің мөлшері

Тағайындалуы

Далалық радиометр-

рентгенометр



ДП-5А,(ДП-5Б,ДП-5В)

Гамма-сәулелену

бойынша


50мкР/с-200Р/с

Гамма-сәулелену мөлшерінің күштілігін өлшеу және гамма, бета-сәулелену бойынша жергілікті жердің ластануы

Дозиметр

ДРГ-01Т

10мкР/с-10Р/с

Ішкі гамма-сәулеленудің экспозиционды дозасы қуатын өлшеу (ЭМК)

ДП-22В дозиметр жинағы

2-50 Р/с

Сәулелену дозасын өлшеу

ДП-24 (аналог ДП-22В)

2-50 Р/с

Сәулелену дозасын өлшеу

ИД-1 дозиметр жинағы

20-500 рад

Гамма- нейтронды сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеу

Жеке мөлшерді өлшейтін ИД-11 ИУ құрылғысының өлшеуішімен

50-80О Р


Радиациялық зақымданулын бастапқы диагностикалау мақсатындағы сәулеленуді жеке қадағалау

ДП-70

(ДП-70М)

10-1500 рад

10-1500 рад

50-800 Р


химиялық дозиметрлері ДКП-50-А қосымша беріледі

50-800 Р

медициналық зақымдану дәрежесі диагностикасына арналған өлшеу

ДК-0,2 дозиметр жинағы

10-200мР

Гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін зертханалық жағдайда өлшеу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет