Модуль 5. Даму психологиясы және психикалық жас дамуының кезеңдері.
Тақырып. Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Дәріс жоспары:
-
Даму психологиясының нысаны, пәні, мәселелері мен әдістері.
-
Даму психологиясының мақсаты мен міндеттері.
-
Даму психологиясы мен жасерекшелік психологиясының өзара байланысы
-
Пісіп-жетілу, қалыптасу, даму, жастүсінігі.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Даму психологиясы - адамның индивидуалды өмір барысында психикалық даму динамикасын және заңдылықтарын зерттейтін психология бөлімі. Адамның психикалық процесін әртүрлі жағынан сипаттау үшін негізгі төрт категория қолданылады: даму, пісіп жетілу, өсу және қалыптасу. Даму барысында адам мінез-құлқы мен психикасың сандық, сапалық құрылымдық қайта құрылуын туғызатын заңды өзгерістерімен бағыттары қайталанбас процесс ретінде түсіндіріледі.
Бағыттылық – дамудың ішк іөзара байланысты жолына алып келетін қабілет жүйесі. Дамудың бағыттылығы жүйелік принципімен түсіндіріледі.
Заңдылық-әр адамдағы біртипті өзгерістерді қайта жаңғырта алып келетін қабілет жүйесі. Бұл жүйеге үлгі болып «индивид-орта» қарым-қатынасы, генетикалық психологияда; «бала- ересек» жүйесі жатады.
Пісіп-жетілу – адамның индивидуалды қасиетіне тәуелді процесс; организмнің сыртқы
түрінің генетикалық бағдарланған жүйесінің өзгерісі ғана емес, оның қиыншылығын, интеграциясын, ұйымдастыруын және функциясынан туатынп роцесс.
Өсу – пісіп-жетілу кезіндегі сол және басқа функциялардың сандық өзгеру процесі. Егер даму барысында сапалық өзгерістер болмаса – бұл өсу (Д.Б.Эльконин) «Даму», «пісіп жетілу», «өсу» түсініктері даму теориясында сол немсе басқа даму категориясынд аметодологиялық позициясына байланысты арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір теорияларда оны (мысалы: пісіп-жетілудің спиралды теориясы А.Гезелл: пісіп-жетілу- даму). Ал келесісінде дамуды пісіп-жетілуге қарсы қояды (әлеуметтік үйрету теориясы А.Бандура, тарихи-мәдени теория Л.С.Выготский).Егер пісіп-жетілумен өсу тұқым-қуалаушылық және қоршаған орта факторларына негізделген болса, ал қалыптық көп жағдайда адамның өзін-өзі дамыту факторымен анықталады. Психологияда дамудың келесі формаларын бөліп шығарады: онтогенез және филогенез.
Онтогенез (грек. Онтос – тіршілік және генезис шығу тегі, пайда болу)- жеке организмнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейін даму процесі.
Филогенез (грек.-түр туыс және шығу тегі)-организмдер топтарының тарихи тұрғыдан қалыптасуы организмнің тарихи дамуы органикалық дүниенің әртүрлі тип, класс, отряд, туыс және түрлердің эволюциясы. Жеке дара даму – онтогенезбен тарихи даму- филогенез тірі табиғаттың біртұтас дамуының ажырамас қырлары болып саналады және бір-біріне өзара әсер етеді.
Даму аймағы: Даму аймағы- дамып жатқандықты көрсетеді. Даму аймағы:
- психофизикалық (адам денесінің сыртқы және ішкі өзгерістері);
- психосоциолды (эмоционалды және тұлғалық өзгерістер, «Мен» концепциясымен өзіндік сананың қалыптасуы;
- танымдық (ақыл-ой қабілетінің, интеллектінің, танымдық процестердің дамуы;
Даму психологиясы адамдардың тәжірибесі мен жас кезеңде қалай өзгереді, соны танып-білумен шұғылданады. Даму психологиясы бұл жеке тұлғаның қартайған шағына дейінгі және онтогенездік даму, қалыптастыру заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымдарының бірі. Онтогенез (грек. онтос – тіршілік, генезис – шығу тегі, пайда болуы) – жеке огранизмнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейінгі даму процесі. Бұл терминді 1866 жылы неміс биологы Э.Геккель ұсынды. Даму психологиясының пәні – адам психикасының жас ерекшелік динамикасының, организмнің тіршілік әрекетінің жеке дамуының психологиялық процесстерінің сапаларының даму, қалыптасу заңдылықтары туралы психологиялық процесс болып табылады.
Психикалық даму мақсаты: Адам даму психикалық дамудың мақсаттына қойылатын бағыттылықты меңгереді. Даму мақсатын түсіну көптеген концепцияларда әртүрлі. Даму мақсатының сапасы ретінде адамның өз жеке күйзелістерін сезіну, бала әлеуметтенуі және жоғары психикалық функциясы (Л.С.Выготский), мінез-құлық автономиясы, ата-ана жанұясынан бөлектену (әлеуметтік үйрену теориясы), өзін-өзі жетілдіру, актуализация (А.Маслоу, К.Роджерс), мәдениет құндылықтарын және тармақтарын меңгеру (мәдениеттену М.Мид, Дж.Брунер, Л.С.Выготский) қарастырылады. Психикалық даму факторы- оның барлық жүрісіндегі шартталған себептері. Олардың тұқым қуалаушылық, орта, тұлға белсенділігі жатады.
Тұқым қуалаушылық –ата-анасынан ұрпақтарынан қандайда бір белгілердің, ерекшеліктердің бірілуі. Тұқым қуалаушылықтың материалдық тасымалдаушылары гендер- молекулалары организмнің барлық клеткаларының хромосомаларында бар дезоксирибо нуклеин қышқылдарының бөліктері болып табылады. Тұқымқ калаушылық генотипжәнефенотипі бөліп көрсетеді. Гендер- қазіргі кезде ерле мен әйелдердің арасындағы ұқсастықпен айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік рөлдерін және т.б. талдаған кезде қолданылатын термин. Генетика- (грек.генетикос-туылуға, шығу тегіне байланысты)- организмнің өзгергіштігімен тұқым қуалаушылық заңдары туралы ғылым.
* генотип –барлық гендердің, организмнің генетикалық конституциясының жиынтығы (адамның тарихи өткені туралы ақпараттан тұрады, генотип адамды дараландырады: генотиптің потенциялды сандық варианты 3 х10, ал жер бетіндегі тұратын адамның саны 7х10).
* фенотип- онтогенезде генотиптің сыртқы ортамен біріккен іс-әрекеті барысында дамыған барлық белгілермен негізгі қасиеттерінің жиынтығы.
*Орта – адамның өмір сүруі үшін қоршап тұрған материалды қалыптастыруына әсері, Л.Эрманның, П.Парсонстың (1984) зерттеулерінде генотиптің организмнің қасиеттеріне (салмағы, бойы, вербалды емес интеллект тұрақты әсері көрсетіледі.
* Тұлға белсенділігі, субъективтілік (Н.А.Бернштейт, С.Л.Рубенштейн, А.В. Брушлинский, К.Роджерс, А.Маслоут.б.).Адам тек шынайы- табиғи (табиғи- социомәдениетті) жарытылса емес, сонымен бірге жоғары- шынайы В.И.Слободгинов. Осыған орай даму категориясы бір мезетте өзіне үш өзіндік процесті біріктіреді.
* пісіп жетілу және өсу- заңдылықтарының шығу себептерінің тұтастығы ретінде.
*қалыптастыру- дайындау (форманы табу) және өзін жетілдіру ретінде (мәдениетте көрсетілген дамыған үлгіні табу); социомәдениет мақсатын және нәтижесінің қоғамдағы мәнінің тұтастығы ретінде.
*қайта құрылу- негізгі өмірлік вектордың ауыстыру және өзін-өзі дамыту ретінде. Тұлға ұғымы- отандық психологиядағы негізгі ұғымдардың бірі, ал оқу-тәрбие процесінің ізгілендіруіне орай педагогикада да жиі қолданылатын санатқа айналды. Тұлға-дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысыны.
Жас –адам дамуының кезеңі, организммен тұлға қалыптасуының тән сипатты заңдылықтарының жиынтығымен сипатталады. Жас- дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға құрылымының өзіндік ерекшеліктерін анықтайтын бір қатар өзгерістерге тән болатын сапалық тұрғыдан ерекше кезең болып табылады. Жас - индивидтің, онтогенездің дамуындағы хронологиялық және символикалық интервалдарының тарихи өзгерістерін білдіретін даму психологиясының категориясы (дәуір, саты, кезең, стадия, фаза).
Жас түсінігі нақты даму теориясынан және оның кезеңдерінің принциптерінен бөліп шығарылады. Әдетте төмендегідей болып бөлінеді:
1.Нәрестелік (0-1 жас);
2.Ерте сәбилік шақ (1-3 ж);
3.Мектепке дейінгі жас (3-6- 7 ж);
4.Кіші мектеп жасы (6- 7-11- 12 ж);
5.Ересектік балалық пен жігіттік аралығы (11 - 12-15 - 17 ж);
6. Балаң жас (15 - 17-19 - 20);
7.Ерте жастық шақ (19 - 20-25 - 40);
8.Ортақ жастық шақ (кемел жас) (25\40-55\60ж);
9.Кәрілік кезең (жоғары 55\60);
Жас кезеңдеріне сәйкес даму психологиясының мынандай бөлімдері бөліп көрсетіледі: құрсақтағы даму, мектепке дейінгі, кіші мектеп, жас өспірім, жастық, ересектік (акмеология) геронтопсихология. Психологиялық жас пен қатар биологиялық болып әлеуметтік, физикалық болып бөлінеді.
Психикалық даму заңдылықтары: теңсіздік жеке психикалық функциялардың, процестердің, қасиеттердің дамудағы бірдей еместігі, тұрақсыздығы, оның өзгермелі сипаты. Индивид дамуына келесі стадиялар қарасырылады: жоғарлау, құлдырау, тұрақтыландыру кезеңі.
- гетерохронстылық- органдар мен функциялардың даму фазасы уақытындағы сәйкес келмеушілік, әр уақыттылық, асинхрондылық (Л.С.Выготский)
-даму тұрақсыздығы- дамудағы дағдарыстар кезіңде көрінеді.
- даму сензитивтілігі. Дамудағы сензитивтілік кезең- сыртқы әсерлерді психикалық функциялардың тым әсерлі қабылдау кезеңі деп аталады (оқыту және тәрбиелеу).
Даму манупулятивтілігі – әр кезеңінде даму нәтижесі келесі болатын іс-әрекетті қосып отырады, яғни белгілі бір жағдайды тасымалдайды. Мысалы: көрнекті іс-әрекеті, ойлаудан көрнекті-бейнелі және сөздік-логикалық ойлауға көшу процесі сияқты.
Даму психологиясының пәні – жас пен жастық өзгерістер зерттеу пәні. Ғылыми пәні – оның негізгі мәселелерін анықтайды. Даму психологиясы үшін олар:
-
Адамның психикасының дамуының фактор мәселесі;
-
Даму критерийлерінің мәселесі;
-
Даму ерекшеліктерін зерттеу әдістер мәселесі;
-
Баланың жалпы психикалық дамуындағы ақыл-ой және тұлғалық өзгерістерінің ара-қатынас мәселесі;
-
Даму процесінің педагогикалық фасилитация мәселесі.
Аталған мәселелер ғылым міндеттерін құрайды, яғни даму психологиясының міндеттері келесідей болады:
Теориялық міндеттер:
-
Онтогенезде психологиялық дамудың жалпы тұжырымдамасын құру, даму көзін, жағдай-шарттарын, қозғаушы күштерін анықтау;
-
Онтогенетикалық дамудың кезеңдерін құру, жекелеген жас кезеңдерін бөлу.
-
Даму кезеңдерін нақты психологиялық сипаттау.
-
Жастың феноменологиясын сиаптау (мәдени-тарихи жағдайға, теоретикалық моделге байланысты); Психикалық даму процесінің категория жүйесін бейнелейтін онтологиясы:
-
Психикалық даму кезеңдерінің құрылуын және «жас» категориясын негіздеу;
-
Психикалық даму факторларын анықтау (әлеуметтік, биологиялық, өзін-өзі дамыту, оқыту рөлі) олардың нақты мазмұнын ашу;
-
Дамудың механизмдерін және заңдылықтарын айқындау (қозғаушы күш, қарама-қайшылық, даму шарты) дамудың бір кезеңнен келесі кезеңге өткенің анықтайтын детерминантты зерттеу.
Қолданбалы міндеттер:
-
Психикалық процесстердің дамуы және дамушы адамның қасиеттерін зерттеудің қазіргі әдістерін құру;
-
Шынайы жағдайдағы балалардың тәрбиесі мен дамуы процесіндегі теориялық қорытындылармен нәтижелерді қолдану.
Жас ерекшелік психологияның проблемасы мен міндеттерін жалпылай келе, бұл ғылым өсіп келе жатқан адамның жас ерекшелік заңдылықтарын және психикалық даму механизмдерін, әрбір жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктерін, психикалық даму кезеңдерін оқып, зерттейді.
Зерттеу әдістері.
1. Принциптің объективтілігі зерттеудегі алынған қортындыдан көрінеді:
а) зерттеушілердің жеке ерекшеліктерімен қызығушылықтарына тәуелді емес және адам дамуындағы онтогенетикалық фактыларды, заңдылықтарды, объективті ерекшеліктерді бейнелейді.
б) индивидтің психикалық дамуы үшін мазмұны объективті мәнді
в) ғылымизерттеуәдісіненалынғаннәтиженіқолдану.
г) әдістерді пайданану зерттеудің адекватты затына негізделген.
Ғылыми әдістерді қолданудың 4 кезеңі қарастьырылады:
1 кезең- зерттеу мәселесін қою. Осыған орай мәселе нақты ғылыми түсінік көмегімен құрастырылуы керек. (мысалы «жоғарғы мектепке дейінгі жас кезеңінде белсенді сөздің қалыптасуы».
2 кезең- зерттелген құбылысқа қатысты болжамды құру (алынған қортынды мен салыстырғанда болжам ережесіне сәйкес сипатта болады.).
3 кезең- болжамды тексеру: бұған :
а) мәліметтерді жинақтау;
б) мәліметтердің статистикалық өңделуі;
в) мәліметтер интерпритациясының мазмұны;
4 кезең –қортындыларды құрастыру .
Зерттеудің эксперименталды жоспары. Даму психологиясындағы зерттеу жүргізудің төмендегідей түрлері бөліп көрсетіледі:
1. Лабороториялық жағдай (эксперимент) –зерттенушілердің өздері тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды манипуляциялайтының көрсетеді;
2.Табиғи жағдай (эксперимент)- тәуелсіз айнымалыларды таңдау жүзеге асады (индивидтің даму жағдайы) оларға манипуляция жасалынбайды.
Зерттеу тиімділігі анықталады:
1.Сенімділік- қайта-қайта зерттеу жүргізу барысында алынған өлшеу әдістерінің нәтижелерінің келісілген деңгейі;
2. Валидность – көрсеткіштердің дәлдігі, яғни алынған әдіс сол құбылысты зерттеуге жарамды күші бар.
Даму психологиясының әдістері үлкен және кіші жастағы балалардың ақыл-ойының жетілуімен теңеседі.
Жалпы психология – мамандығы бойынша баланың өсіп-жетілуін жеке басының дамуын зерттейді, баланың сөйлеу, ойлау қабілеттерін толығымен тексеретін мамандық. Баланың ойлау қабілетін тексеру мен қатар баланың өсу жасындағы өтпелі кезеңдерінің өзгеруін зерттейді Ал дифференциалды психологиядан егіздер әдісі алынды. Бұл әдіс егіз балалардың бір-біріне мінез-құлқының ұқсастығының түр-түсінің ұқсастығын жәнеде ойлау қабілеттілігінің ұқсастығын зерттейді. Әлеуметтік психология – толық өсіп келе жатқан кезеңді тексеретін психология. Балалар мен үлкендердің арасындағы қарым-қатынасты бақылау, сұрау, интервью, тест, социометриялық әдіс, әлеуметтік-психологиялық экспериментт.б. психологиялық зерттеу әдістері арқылы зерттеуге болады.
Ең алғашқы балалар мен жұмыс істегенде мектепке дейінгі балаларды тест, эксперимент жүргізу өте қиынға түседі. Алдыға қойған бағдарламаны балалардың өсіп-жетілуіне байқауымен солардың қандай жағдайда мінез-құлықтарының қалыптасқандығын жиі қадағалап, тексеруден өткізу керек. Олүшіндамупсихологиясындакеңқолданылатынәдіс– бақылауқолданылады.
Бақылау дегеніміз – мақсатқа бағытталған, жоспарлы түрдегі балалардың мінез-құлқын жүйелі қабылдау және тіркеу. Бақылауды жасқа қарай жүргізеді. Мысалы, 3 айға дейінгі жаңа туылған баланы күнде, ал 3 айдан-1 жасқа дейінгі баланы ай сайын, мектепке дейінгі кезеңде жарты жылда 1 рет, кіші бастауыш кезеңде 1 жылда 1 рет бақылау керек.
Жас ерекшелік психологияның бақылау заты психикалық жаңа құрулар, әрекет тәсілдері, балалар мінез-құлқының өзгеруі болып табылады.
Жас ерекшелік психологияда бақылаудың барлық түрі қолданылады: жасырын, жаппай, ішінара. Бақылау алғашқы фактілерді жинауда өте қажет. Бірақ көп уақытты қажет етеді. Бұл орайда эксперимент өте тиімді болады. Эксперимент – баланың ең жақсы жағынан ақпарат алуға тырысу қажет, байқап келген кезде балаларға қызығатындай сұрақ қойып, қаншалықты дамығанын тексеру қажет. Жас ерекшелік психологияда кең тараған табиғи және жасанды эксперимент болып табылады. Табиғи экспериментті ең алғаш орыс психологы А.Ф.Лазурский қолданды.
Қалыптастырушы эксперименттің өзі анықтаушы, қалыптастырушының өзі және қорытынды болып бөлінеді.
Тест арқылы тексеру – тест арқылы тексергенде баланың жеке басының қаншалықты дамығандығын тексереді. Балаларды мақтай отырып жеке бастарының ой-өрісінің өсіп-жетілуін тексеруге болады. Мұндай тестке балалардың арасында тексергенде Кэттел немесе Векслер тестісін қолдануға болады. Тестілеудің өзі суреттік тесттер және жетістік тестері болып бөлінеді. Проективті тесттер (сурет салу) жеке адамның тереңдегі ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Жетістік тестері білім деңгейін, баланың дағды, шеберліктерін өлшеуге бағытталған.
Әңгімелесу әдісі қосалқы әдіс ретінде қолданылады. Әңгімелесу кезінде – балаға жалпылама сұрақ қойылып, сол сұраққа берген жауабынан жақсы берілген жауапты қолдап отыру керек.
Анкета әдісі – алдын-ала дайындалған сұрақтар тізімі көмегімен сыналушыдан жауап алу. Анкеталау жазбаша және ауызша жүргізіледі. Келесі әдіс – психикалық әрекет өнімін зерттеу әдісі. Баланың суреттері, қолөнері, құрылыс, әңгімелері, өлең-ертегілері көп мағлұмат береді.
Педагогикалық психологияда зерттеудің тағыда маңызды әдісі социометрия болып табылады. Социометрия әдісін Я.Морено әзірлеген. Ол топтағы тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеудің эмпирикалық әдісі болып табылады. Қойылған сұрақтарға сәйкес топ ішіндегі мүшелерді таңдау арқылы топтың ұйымшылдығын, көшбасшысын анықтау мүмкіндігі туындайды.
Психологиялық-педагогикалық мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі – егіздер әдісі болып табылады. Оның мәні – бір жұмыртқадан туылған егіздердің психикалық дамуын зерттеу, яғни бақылау мен эксперимент жүргізу арқылы салыстыру. Бұл олардың тұқым қуалаушылық қорының «бірдейлігін» еске ұстай отырып ортамен тәрбие ықпалынан болатын бірқатар факторлардың әсерін ажыратуға мүмкіндік береді. Зертелуші психиканың қалыптасуының нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде, бала психикасын көлденең кесу әдісіменде зерттей алады. Кейде психологтар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы, елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы) зерттейді. Мұндай зерттеу бойлай зерттеу деп аталады. Даму психологиясында зерттеулер жүргізгенде этикалық нормаларды сақтау керек. Олар:
-
«Зиян тигізбе» принципін сақтау міндеті;
-
Сыналушының зерттелуге ерік білдіруі;
-
Зерттеудің жасырын сипаты, яғни ешкім зертелу мәліметтерін білмеуі тиіс;
-
Нәтижелер туралы сыналушылардың білуі;
Зерттеуге қатысушылардың жеңілдіктері болуы тиіс, яғни зерттеуге қатысқан уақыттың орнына олар қызықты, ақпараттық шараларға қатысуға міндетті.
Негізгі ұғымдар: жас ұғымы, жас кезеңдері нәрестелік кезең, бөбек кезең, мектепке дейінгі кезең, бастауыш мектеп кезеңі, жеткіншек кезеңі, жоғары сырып кезеңі, жасөспірімдік кезең, жастық шақ, кемелдік кезең, қартаю кезеңі, кәрілік кезең, әдіс, әңгімелесу, бақылау, лабораториялық эксперимент, егіздер әдісі, лонгитюд әдісі, тест.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Даму психологиясы нені қарастырады.
2. Даму психологиясының әдістеріне анықтама беріңіз.
3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысын ашып көрсетіңіз
Әдебиеттер:
-
Даму психологиясы Сатиева Ш.-2012
-
Педагогикалық психология. Сламбекова Т.С.-2009
-
Солодилова О.П. Возрастная психология. М, 2005.
-
Немов Р.С. Психология. В 3-х кн. Кн.2. М, 2010
5.Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014
Тақырып. Жас мәселесі және психикалық дамудың заңдылықтары.
Дәрістіңжоспары:
-
Даму: кезеңдер, теориялар, заңдар мен заңдылықтар.
-
Биогенетикалық тұрғы. Әлеуметтік-генетикалық тұрғы. Психикалық даму жөніндегі психоанализ.
-
Баланың психикалық даму ының факторлары, механизмдері мен заңдылықтары.
-
Бала дамуының әлеуметтік жағдаяты.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді.
Психологияда көптеген теориялар жас ерекшеліктерінің психикалық дамуын түрліше түсіндіреді. Оларды екі үлкен бағытқа бөлуге болады- биологизаторлық және социологизаторлық. Биологизаторлық бағытта адамды табиғаттан белгілі бір қабілеттерін, мінез қырларын, мінез-құлық формасы берілетін биологиялық тіршілік иесі деп қарастырады. Тұқымқуалаушылық оның барлық дамуын- оның темпін, тез немесе ақырын, оның шегін – дарындылығын анықтайды.
Биологизаторлық бағытта рекапитуляция теориясы пайда болды. Оның негізгі идеясы эмбриологиямен байланысты. Эмбрион ( адам ұрығы) өзінің ішкі дамуында адамға дейінгі организмнің дамуын қайталайды. Айлық ұрықта омыртқалылар типінің өкілін көруге болады-оның басы және құйрығы болады; екі айда адам түріне келе бастайды, оның құйрығы қысқарып, саусақтар шыға бастайды; 4 айдың соңында эмбрионда адамның беті пайда болады.
ХІХ ғ Э.Геккел онтогенез филогенезді қысқаша қайталау деген,- заң қалыптастырды.
Жас ерекшелік психологиясына енген биогенетикалық заң психикалық дамуын биологиялық эволюцияның негізгі сатыларын және адамның мәдени-тарихи кезеңдерін қайталау ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді.
Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі – ХҮІІ ғ. философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген.
Биологиялық факторға тұқымқаулаушылық жатады. Психологтардың ойынша темперамент және қабілет нышандары тұқым қуалайды. Әр адамда орталық жүйке жүйесі түрліше қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке жүйесі; қозу процесі басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын және тежелу процесіне ие- флегматик. Меланхоликтің жүйке жүйесі әлсіз, сезімтал. Екінші фактор- орта. Табиғи орта психикалық дамуға жанама әсер етеді.
Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар үшін, оқыту маңызды мезет болып табылады. Социологизаторлар даму және оқытуды теңдестіреді. Л.С.Выготский психикалық дамуда оқытудың жетекші рөлі туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы түрлі құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі жоспарға өтеді. Жоғарғы психикалық функция оқыту процесінде қалыптасады, ол «жақын даму аймағында» болады. Бұл түсінікті Л.С.Выготский енгізген.
Оқыту «жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л.С.Выготский бойынша оқыту дамуды алып жүреді. С.Л.Рубинштейн Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен оқудың бірлігі туралы айтуды ұсынады. Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.
Вильям Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Оның ойынша екі фактор да баланың психикалық дамуы үшін бірдей қажет және оның екі линиясын анықтайды. Бұл даму бағыттары қиылысады (бірі- берілген қатынастардың жетілуі, екіншісі- жақын ортаның әсерімен даму) яғни конвергенция болады.
Л.С.Выготский тұқымқаулаушы және әлеуметті мезеттердің даму процесінде бірлігін көрсетті. Тұқымқуалаушылық баланың барлық психикалық функцияларының дамуында болады. Қарапайым функцияларда (түйсіктен қабылдауға дейін), жоғарғы психикалық функцияларға қарағанда тұқымқаулаушылық деңгейі жоғары. Жоғарғы функциялар- адамның мәдени-тарихи дамуының өнімі, бұл жерде тұқымқауалау алғышарт болып табылады.
Сонымен, тұқымқаулаушы және әлеуметтік әсерлердің бірлігі-бұл үнемі болатын құбылыс емес, ол ажыратылған, даму процесінде өзгерістерге ұшырайды.
Даму процесі қалай жүреді, оның ерекшеліктері қандай? Л.С.Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп өрсетті.
-
Циклділік
-
Дамудың бірқалыпты еместігі
-
Бала дамуындағы метаморфоздар
-
Бала дамуындағы эволюция және инволюция процестерінің байланысы.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол қасиеттерге сүйене оырып жас кезеңдеріне топтастырады.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең- нәресте жас кезеңі. Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:
а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);
1-ден 3 жасқа дейінгі кез - сәбилік кезең деп аталады. Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.
3-тен 7 жасқа дейінгі кез - мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады.
8-ден 11 жасқа дейінгі кез - бастауыш мектеп жасы деп аталады.
11-15 жас - жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде балада психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды. 16-17 жас жасөспірімдік кезең деп аталады.
20-30 жас жастық кезең деп аталады.
30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |