ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет6/10
Дата20.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#150223
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4.Сулы емес ерітінділер сапасын сынау:

1. Құжаттаманы тексеру: дәрілік заттар, еріткіштің мөлшерін, дәрілік форманың көлемін немесе массасын есептеу.

2. Рәсімделуді (этикеткаға сәйкестігі) және ерітіндінің қаптамасын (дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттеріне сәйкестігі, герметикалығы және т.б.) тексеру.

3. Органолептикалық бақылау: түсі, иісі.

4. Көлем немесе массада ауытқушылығын анықтайды.

Сулы емес ерітінділер сапасының және технологиясының жетістіктерін жетілдіру:


  1. Сулы емес ерітінділердің сұрыптамасын және қолдану аясын кеңейту.

  2. Этанол және майлы майлар фармакологиялық индифферентті емес, нәтижесінде олар күйеді, сондықтан этанолдың қолдануын шектеу қажет, оны басқа еріткіштермен: этилолеатпен, пропиленгликольмен, силиконды сұйықтықтармен алмастыру.

  3. Тазартылған су, этанол, димексид және глицерин негізіндегі қосарланған еріткіштерді қолдану көптеген аз еритін заттардың ерігіштігін шұғыл жоғарлатады.

  4. Терапевтикалық жүйелерді құру (сулы емес ерітінділерді жартылай өткізгіш мембранамен – прогестасертпен байланыстыру).

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: сулы емес ерітінділер, анықтамасы, сипаттамасы, ұшқыш еріткіштер негізіндегі сулы емес ерітінділер технологиясының ерекшеліктері, ұшқыш емес еріткіштер негізіндегі ерітінділер технологиясының ерекшеліктері, сулы емес ерітінділер сапасын сынау, сулы емес ерітінділер сапасының және технологиясының жетістіктерін жетілдіру.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Фармацевтикалық технологияда қолданылатын сулы емес ерітінділерді мысалдарын келтірініз

  2. Сулы емес ерітінділердің технологиясында қандай ерекшеліктері бар?

  3. Суле емес ерітінділерге қандай талаптар қойылады?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Технология лекарственных форм / Под ред. Кондратьевой Т.С.-М.Медицина.-1991. Т.1-С.206-221.

  2. Технология лекарственных форм/ Под ред. Ивановой Л.А.-М.Медицина.-1991. Т.2-С.244-245, 249-261, 263-264, 317-320.

  3. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм / Под ред. Кондратьевой Т.С.-М.:Медицина.-1986.- С.34-35, 78-83.


Микромодуль 4 – Сұйық гетерогенді жүйелер
Дәріс 10 – Гетерогенді жүйелер

Дәріс жоспары:



  1. Гетерогенді жүйелердің сипаттамасы.

  2. Гетерогенді жүйелердің тұрақтылығының түрлері.

  3. БАЗ сипаттамасы.

  4. БАЗ классификациясы.

1. Дисперсті фазасы дәрілік заттар болатын көптеген дәрілік формалардың дисперті жүйелері болып табылады. Олардың қасиетттеріне байланысты жүйелер гомогенді және гетерогенді болуы мүмкін.

Гетерогенді жүйелер фаза мен орта арасында шын физикалық беттердің бар болуымен сипатталады. Гетерогенді жүйелердегі фаза бөлшектерінің мөлшері дисперсті орталарға қарағанда молекуларүлкен болады,олардың арасында беттің бөлінуі түзіледі.

Суспензиялар- сұйық ортада қатты бөлшектерді түзетін болып табылады.

Эмульсиялар - мөлшері 1-ден 50 мкм-ге дейін болатын дисперсті ортамен араласпайтын дисперсті фазаның сұйықтық тамшылары болып табылады.

Гетерогенді жүйелердің қасиеттері:


  1. Гетерогендік-фаза мен ортаның болуы.

  2. Бөлшектерде броундық қозғалыстың болмауы және бөлшектердің үлкен мөлшерінен диффузиясы

  3. Суспензиялар мен эмульсиялар лайлы ортада сәулешағылысады және шағылысатын жарыұта өздерінің қасиеттерін көрсеттеді.

  4. Оларда осмостық қысым болмайды, себебі фаза бөлшектері орта молекуласымен салыструға келмейді.(Коллоидты ертітнділерде –осмостық төмен).

  5. Барлық гетерогенді жүйелерде бөліну бетінің болғандықтан жүйелер тұрақсыз болып келеді, яғни уақыт арлағы ішінде өз қасиеттерін жоғалтады.

Эмульсия мен супензияның біртектілігінің бұзылуы дәрілік заттардың мөлшерлеу дәлдігінің бұзылуына алып соғады.

2. Гетерогенді жүйелердің тұрақтылығы - ол өз қасиеттерінің сақтауы және өзгермейтін түрдегі жағадайы деген түсінікті береді. Суспензиялар мен эмульсиялардың тұрақытлығы шартты, оның қасиеттерінің тұрақтылықтың біршама дәрежесін көрсетеді. Тұрақтылықтың келесі түрлерін ажыратады:
<агрегативті,< конденсационды,<кинетикалық(седиментационды).

Тұрақтылықтың барлық түрлері бір-бірімен өзара тығыз байланысты.

Агрегатиті тұрақтылық- фаза бөлшектердің агрегаттары түзуге қарсы тұру мүміндігі. Агрегативті тұрақсыздықты фаза бөлшектері біріншілік бастапқы бөлшектерден тұратын агрегаттарды түзеді. Агрегаттар түзілгенде біріншілік бөлшектердің сольватты бұлттары сақталады.

Агрегативті тұрақсыз жүйе фаза мен ортаға бөлінуге бейім болып келеді. Суспензида тұнба түзіліп, агрегаттар оңай тұнады, ал эмульсияда коалесценция жүреді.



Агргация-суспензияқасиетінің толық емес өзгеруі, ол шайқалған кезде қайта қалпына келуі.

Конденсациялық тұрақтылығы- фаза бөлшектерінің конденсаттарды түзу мүмкіндігіне қарсы тұруы. Конденсациялық тұрақсыздық агрегацияға қарғанда ірі бөлшектер түзіледі, кейбір жеке бастапқы бөлшектерідің қасиеттері жоғалады: ортақ сольваттық бұлт түзіледі.

Конденсация- суспензия қасиетінің толық өзгеруі. Шайқалған кезе бастапқы жағдай қалыпқа келмейді.

Агрегативті және конденсацилық тұрақтылық седиментациялық тұрақтылықта және кинетикалықта тікелей тәуелділікте жатыр.

Кинетикалық тұрақты жүйелер-фаза мен ортаның бөлінуіне қарсы тұру мүмкіндігі. Суспензияда кинетикалық тұрақсыздық қатты фазаның седиментациясымен (тұнуы), ал эмульсияда коалесценциямен (бөлінуімен) сипатталады.

Седиментация жылдамдығы Стокс заңымен анықталатын тұнатын бөлшектердің кері жылдамдығының бірлігі.

мұндағы: V – седиментация жылдамдығы, r – фаза бөлшектерінің радиусы.



- фаза мен ортаның әртүрлі тығыздықтары, g-бос құлаудың жылдамдауы, - ортаның тұтқырлығы.

Формуладан седиментация тұрақтылығының факторларын анықтауға болады:



  1. Бөлшектер радиусы. Бөлшек ұсақ болған сайын олар баяу тұнады.

  2. - тұтқырлық. Ортаның тұтқырлығ жоғары болған сайын жүйе тұрақты болады.

Гетерогенді жүйеледі дайындағанда барлық түрге әсер еттін факторлар ескеріледі.

Гетерогенді жүйелердің стабилизацисы технологиялық тәсілдің көмегімен жүргізіледі. Сонымен қоса стабилизатор көмегімен жүргізіледі.

Тұрақтылықтың мақсаты (тәсілге тәуелсіз) дисперсті жүйенің фаза мен ортаға бөлінуін болдырмау, біртектілігін қамтамасыз ету.

Тұрақтанудың технологиялық тәсілдер



<дисперсті фазаны дұрыстап ұсату. Суспензияда қатты фаза расклинивающий сұйықтық қатысында пульпаны дайындау стадиясында ұсатылады.

<дисперсті орта қоюландырғыштарды пайдалану

Технологиялық тәсілдер сусензияның тұрақтылығын тек гидрофильді заттарда ғана қамтамасыз ете алады, олардың беттерінде сольватты ( гидратты) қабат түзіледі. Алайда, гидрофобты зататр мен эмульсиялардан суспензияларды дайындағанда дисперсті фазаның бөлшегінің бетінде сольватты бұлт түзілмейді және дисперсті орта су туыс емес затты бетіне шығарады, соның нәтижесінде флокуляция (суспезияларда) немесе коалесценция (эмульсияларда) жүреді;

Дисперсті ортаны дисперсті фазада тұрақтылығы үшін көмекші заттар стабилизаторды енгізу қажет. Тұрақтандырғыш эффект әртүрлі механизмдердің әсер ету күшін көрсетеді. Гетерогенді жүйелердің тұрақтану механизмінің бірнешеуін ажыратады.


  1. Еркін бет энегиясының қорының төмендеуі

Гетерогенді жүйелерде бөліну беттің болуымен еркін бет энегриясы механизмға ұмтылады. Бұл ұмтылыс агрегация немесе конденсация жолымен бөлшектердің іріленуі арқылы орындалады. Соның нәтижесесінде жұйе жүйе тұрақсыз болып бөлінеді, қабаттанады.

, мұндағы -еркін бет энергиясы,  - беттік керіліс, S – суммарлы бет.

Гетерогенді жүйелерде еркін бет энергиясын БАз көмегімен фаза мен ортаның бөліну шекрасында бет тартылыстың төмендеуін баяу болуы мүмкін.



  1. Құрылымдық гель тәрізді қабатта екі фазалы беті бөліністің түзілуі.

Сыртық жақтан бұл қабат сольватты қабатпен жамылған, дисперсті орта молекуларымен түзіледі.

  1. Тұрақтылық дисперсті фаза бөлшектер бетінде екі электрлік қабаттың еселенген түзілуімен қамтамасыз етілуі мүмкін. Молекуласы анион мен катионнан тұратын ионогенді стабилизаторды түзеді. Бөл қабат коллоидты ерітінді молекуласының қорғаныш қабатына ұқсас.

Екі еселі электрлік қабат ішкі біркелкі заряд болады, Олар бір-бірін тебеді, яғни гетерогенді жүйенің тұрақтылығын сақтайды.

  1. Тұрақтанудің энтропийлі механизмі, стабилизатор молекуласының (ЖМҚ) дисперсті фаза бөлшегінде өз молекуласының жарты бөлігімен адсорбцияланады. Сол уақытта олардың молекуларының көп бөлігі- дисперсті орта еркін жағдайда болады және біршама қозғалысты жасауы мүмкін. Соңғысы бөлшектердің бір-бірінің тебілуіне әкеп соғады, яғни тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

  2. Фаза бөлшектер бетінде стабилизатор қатты бронирлеуші стабилазатор (бенониты) пайдалну кезінде қатты бұлттардың түзілуі.

Гетерогенді жүйенің тұрақтану механизмі стабилизатор қасиетімен анықталады. Барлық стабилизаторлар беттік-активті заттар болғандықтан, барлық жағдайларда олар пайдалану тұрақтану біркелкі механизмі орнын алады ( бет энергиясының төмендеу)

Басқа механизмдер жұмыс істеуі мүмкін және стабилзатор жеке қасиеттеріне тәуелді.



3. Барлық заттар адсорбция мүмкіндігінше қарай екі фазаның бөліну шегінде активсіз және беттік активті заттарды ажыратуға болады.

1960 жылдан халықаралық номенклатура бойынша БАЗ тензид деп атайды( tension – керіліс). БАЗ фаза мен ортаның шекарасына адсорбцияланады және беттік керілісті төмендетеді.

БАЗ көмекші заттар тобына жатады, заттың технологиялық зат қасиеттерін жақсарту мақсатныда суспензия мен эмульсия стабилизатор, солюбилизатор ретінде қолданылады. Кейбір БАЗ-дартерінің шырышты өтізгіштігін күшейтеді, экстрация процесін интенсифицирленеді. БАЗ-дың бұл әртүрлі әрекеттері барлық БАЗ-ды беттік керілісін төмендетуге негізделген.

БАЗ-дың көп санына байланысты фармацевтикалық практикада келесі тараптарға жауап беретін БАЗ-дар қолданылады.



  1. Молекуланың дифильді құрылым молеккланың гидрофильді бөлігі (полярлы) және басқа полярлы емес бөлігі ( липофильді).

Полярлы және полярлы емес топтың кеңістіктік әртүрлі жаққа бғытталатын етіп орналасуы крек. Фаза мен ортаның бөліну бетінде ондай молекуланың частоколдар түзіп, олар қатты белгіленген ретпен бағытталады.


2.БАЗ микрорганизмдер мен химиялық реагенттер қатысында тұрақты болуы керек.

Егер БАЗ-дар сақтау кезінде ыдыраса, онда оны тұрақтандыратын жүйе бұзылады.



  1. БАЗ-дар улы болмауы керек, дәмі мен иісі болмауы керек, боялмауы болуы керек.

БАЗ-дың гидрофильдік және липофильдік қатынасы ГЛБ көрсеткішімен анықталады. ГЛБ жоғары болған сайын БАЗ-дың гидрофильді қасиетті, онда да жоғары болады. ГЛБ мағынасы БАЗ-дың қолдану мүмкіндігін анықталады. ГЛБ барлық белгілі БАЗ 1-де 40 дейін шкаланы құрайды.

4. Барлық БАЗ-дар оның құрылымы бойынша 2 топқа бөлінеді: ионогенді және ионогенді емес.

  1. Ионогенді БАЗ-дар өздерін келесілерге бөлінеді:

  1. анионактивті –молекуланың зарядталған гидрофильді бөлігіне ие.

  2. катионактивті – молекуланың оң зарядталған гидрофильді бөлігіне ие.

  3. амфолитті (амфотерлі) –гидрофильді топтың теріс және оң зарятарныа ие болады. Олардың активтілігі рН ортаға байланысты: амфотерлі БАЗ қышқыл ортада-катионактивті, ал сілтілік ортада – анионактивті ретінде түседі.

Анионактивті БАЗ-дарға ұзын алкилді радикал түрінде анионды БАЗ жатады. Бұл I және II топтың эмульгаторлары мен солюбилизаторлардың стабилизаторының кеңейтілген тобы.

Камед және шырыш табиғатына байланысты полиуроно қышқылының калий және кальций тұздары. Олардың фармацияда қолданылуы ертеден белгілі, алайда қазіргі кезде олар көп қолданылады, себебі сақтау кезінде микробты бұзылуынының әсерінен тұрақсыз.

Сабын - майлы қышқылдардың тұздары. Бір валентті металдардың тұздары – эмульсяи стабилизаторы м/в. Екі валентті металдардың тұздары- эмульсия стабилизатторалары в/м. Сабын фармацевтикалық практикада эмульгирлеуші қабілетін байланысты қол жетімді ретінде кең қолданылады. Стабилизатор ретінде сабын –крезолды препраттарды қолданады. Сабын поливалентті катиондармен сәйкес емес, тұнба түзеді. Ішке пайдалану үшін қолданылмайды.

Аминосабын. Триэтаноламин жиі қолданылады. Эмульсия тұрақтануы үшін ішкі бұлшық еті үшін пайдаланылуы мүмкін.



Катионактивті БАЗ. Көбінесе төртіншлік аммоний негіздерінің тұздары қолданылады. Медициналық практикада БАЗ-дың бұл тобы өзінің беттік-активті қасиеттеріне ғана емес, сонымен қоса негізгі түрде бактерицидті, фунгицидті және дезинфекциялық қасиеттері (брадозол, церифал, миксал, тритон) үшін қолданылады.

Анионактивті БАЗ. Оның құрамына көмірсутек радикалымен байланысқан катион және анион полярлы топтар кіреді. рН ортаға байланысты олар негіздік және қышқылдық қасиет көрсетеді. Тітіркендіргіш әсері жоқ, фармацияда бұрыннан қолданылады.

Желтоза- желатин гидролизінің өнімі. Сары аморфты ұнтақ. Эмульгатор және суспензияда стабилизатор ретінде қолданылады. Желатозасы бар дәрілік формалар сақатау кезінде тұрақсыз, микробты бұзылуға ұшырайды. Консервантты қосу қажет. Тұрақтану беттік керілсітің төмендеуі арқылы, фаза бетінде бұлттың түзілуі арқылы орындалады.

А және Б формагель – желатиннің гидролизіні кезіндегі сияқты секілді өнім. Изоэлектрлік нүктесі арқылы ажыратылады, Формагельдің изоэлектірлік нүктесі А рН =7, Б формальдікі рН = 4.7. Тұрақтандырғыш қабілеті бойынша желтозаға жақын.

Жұмыртқа сарысы- эмульгатор ретінде бұрында кеңінен қолданылған. Эмульсия бойынша микробты бұзылуыға оңай ұшырайды. Қазіргі кезде шектеулі түрде қолданылады.

Практикада оны құрайтындар кең қолданылады: лецитин. Лецитин құрылымы бойынша майларға ұқсас. Эмульсияның жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ететіді және жұқа дисперсті эмульсияны алуға мүмкін болады. Сондықтан инъекционды пайдалану үшін қолданылады. Тұрақтандыру 1-3 механизм бойынша жүреді.

Казеин- құрғақ сүт. Казеин- ақ сүт. Жоғары дисперсті эмульсияны береді. Түрлі аминоқышқылдарды құрайды (лецин, валин, триозин және т.б.) Құрғақ сүт казеиннен басқа альбумин мен глобулинді тұрады. Эмульсия эмульгаторлар м/в.

Барлық амфотерлі БАЗ-дар ерекшелінеді: организмге залалсыздығымен, бірақ көбісі микроорганизмдер дамуы үшін жақсы орта болып табылады.

Ионогенді Баз-дар арқылы тұрақтандыру беттік керілістің төмендеуі арқылы жүреді (1-механизм), екі еселі электрлік қабат арқылы (3-механизм) және кейбір стабилизаторлар (ЖМҚ:желтоза, жұмыртқа сарысы, лецитин, казен) құрылымды гель тәрізді қабатты түзеді (2-механизм). ЖМҚ-ның беттік-активті тұрақтандырғш әсері, сөзсіз энтропийлі механизм орын алады.



2.Ионогенді емес БАЗ. Ионогенді БАЗ-дың молекулалары ертініділерде иионозирленбейді.

Бұл топ фармацевтикалық практикада алдынғысына қарағанда кең орын алады. Бұндай кең қолданыстың себебі- ионогенді БАз-дардың қышқылдарға, электролиттерге, сілтілерге сезімтал емес, рН-тың кез келген көрсеткішінде қолданылуы мүмкін. Ионогенді БАЗ-дың химиялық құрылымы спирттер, күрделі эфирлер және оның қоспалары түрінде көрсетілген.

Біратомды спирттер (цетилді, меристилді, стерилді!. ГЛБ-сы 10-нан кем емес. Эмульсиялар үшін стабилизатор в/м ретінде қолданылады.

Көпатомды спирттер (полиолдар)- этиленгликоль, диэтиленгликоль, пропиленгликоль. Эмульсиялар үшін стабилизатор ретінде в/м зауыт жағадайларында қолданылады.

Күрделі эфирлер. Күрделі эфирлерде беттік активтілік спирт атомына байланысты: көпатомды спирт жоғары болған сайын қосылыстың беттік ативтілігі жоғары болады.

Эмульгатор Т-2полиглицерин мен қышықылдардың жоғары майлары. Воск тәрізді ашық-қою түсті, 60◦С балқиды. Эмульсия үшін эмульгаторлар ретінде м/в қолданылады., эмульсиялы мазды негіздердің құрамына кіреді. Тұрақатану беттік керілістің төмендеуі арқылы орындалады.

БАЗ-дың бұл топттар арасында көбінде беттік активтілігімен майлы қышқылдардың сорбиталарының күрделі эфирлері-спендар мен твиндар.

Спендар- моно- және дисорбитандардың және жоғары май қышқылдардың күрделі эфирлері. Фармацевтикалық пратикада кең қолданыс тапты. Твиндар-полиоксиэтилденген сорбитанның және жоғары қышқылдардың күрделі эфирлері.

Твиндардың қышықылдығына қарай түрлі цифрлі мағынасы мен консистенцияға ие. Твиндер БАЗ ретінде бола тұра, сонымен қоса жоғары молекуларлы заттар тобына жатады. Сондықтан суспензия мен эмульсияның тұрақтануы твиндармен қамсыздандырылған, ең алдымен шекаралы қабатта беттік керілістің төмендеуі, сонымен қоса тұрақатнудың энтропийлі механизмі орын алды.

Твиндар ГЛБ-ның ( 15-16) жоғары көрсеткішімен сипатталынады, эмульсиялар үшін жақсы м/в эмульгаторлар болып табылады, сонымен қоса солюбилизаторлармен ( ерімейтін заттардың еруін қамтамасыз етін заттар).

Майлықанттар- сахарозаның және бір негізді жоғары қышқылдардың күрделі эфирлері. Профессор Ф.А.Жогламен (Львов медициналық институты) ұсынылған. Сахарозаның монэфирлері, құрамына лаурин, миристин, пальмитин ж»не стеарин қышөыдары кіреді, суда еритін гидофильді эмульгаторла м/в болвп келеді. Майлықанттар таза түрінде қатты, түссіз, дәмі мен иісі жоқ болып көрсетілген. 40◦С жұмсарады, ал 80-90◦С-та сұйық күйге айналады. Физиологиялық индифферентті. Эмульсия эмульгаторлары м/в, солюбилизаторлар. Тұрақтану-бірақ 1 механизм бойынша тұрақтану. Инъекционды қолдануға арналған эмульсияларды алу үшін, сонымен қоса крем өндірісі үшін қолданылады.

Ланолин және оның өңделген өнімдері. Қой жүнінен ағынды сулардан алады. Мазьдарда негізі түрде қолданылады. Эмульсиялар үшін эмульгаторлар ретінде м/в қолданылады. Ланолин сабынданғанда қышқылда мен спирттердің көп мөлшерін алады ( лаурин, миристин, стеарин, пальмитин, және т.б.) . Спиртердің кейбіреулері (холестирин, цетил, церил) БАЗ болып табылады. Ланолин арқылы тұрақтану беттік керілістің төмендеуі арқылы жүргізіледі.

Крахмалмен гетерогенді жүйелердің тұрақтануы (клейстер түрінде) және целлюлоза эфирінің негізінде стабилизаторлардан фаза бөлшектер бетінде бұлттардығ түзіліуінен, бөлшектердің іріленуін болдырмайтын (2-механизм) арқылы жүзеге асады. Сонымен қоса 1 мен 4 механизм орын алды.

Бронирлеуші стабилизатор. Олардың тұрақтану әсері дисперсті фаза бетінде қатты бұлттың түзілуінде Осы топқа дифильді қасиеті бар ұсақ дисперсті ұнтақтар жатады. Фармацевтикалық практикада бұл топтан бентоинтті глиналар қолданылады.

Бентонит бөлігінің беті негізіндн гидрофильді болып келеді. Ол суды аз жұтады, ісінеді. Бұл гидрофильді бетке олефильді бөлшектер бекітілген. Бентонитті майлы фазамен арластырғанда немесе гидрофобты қатты заттармен барлық олефильді бөлшектер майлар байланысады, олармен байланысып сыртқы қабық жағы гидрофильді қатты беткі бұлтты түзеді. Сонымен бентониттін гидрофильді бөлігінің бөлшектері сулы ортаға бағытталған. Сонымен қоса “броня” фаза бөлшектерінің іріленіуін болдырмайды және олардың беттін гидрофилизирлейді. Бентонитпен тұрақтанған суспензиялар мен эмульсиялар микробты бұзылуғыа ұшырамайды.

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: гетерогенді жүйелердің сипаттамасы, гетерогенді жүйелердің тұрақтылығының түрлері, БАЗ сипаттамасы, БАЗ классификациясы.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Гетерогенді жүйелерді қалай жіктейді?

  2. БАЗ қолданылу аймағы?

  3. БАЗ жіктелуі?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. И.А. Муравьев. Технология лекарств.- М.: Медицина, 1980.- Т.2.

  2. М.Х. Глузман, Г.С. Башура и др. Поверхностно-активные вещества и их применение.- М., 1972.

  3. Полимеры в фармации / Под ред. А.И. Тенцовой. М. 1985.


Дәріс 11– Суспензиялар

Дәріс жоспары:



  1. Анықтама, сипаттама, дәрілік формаға қойылатын талаптар.

  2. Суспензияларды алудың технологиялық схемасы.

1. Суспензия рәсімделген дәрілік форма – құрамы дисперсті фазасы бір немесе бірнеше ұсақталған ұнтақ тәрізді дәрілік заттардан тұратын сұйық дисперстік ортада таралған сұйық дәрілік форма.

Дисперсиологиялық сипаттама бойынша: суспензиялар – еркін, дисперстік фазасы-қатты және дисперстік ортасы-сұйық болатын көп жақты дисперстік жүйелер. Дисперстік орта ретінде су, этил спирті, майлы майлар, синтетикалық органикалық еріткіштер: пропиленгликоль, полиэтиленгликоль және т.б. болуы мүмкін. Дәріхана тәжірибесінде көбінесе су, спирт, глицерин қолданылады.

Бұл дәрілік форманың артықшылықтары:


  • әдістердің алуан түрлігі және қабылдау қолайлығы (сұйық ДЗ);

  • терапевтикалық әсерді реттеу: ұнтақтармен және таблеткалармен салыстырғанда артуы және де ерітінділермен салыстырғанда пролонгирленуі;

  • ДЗ-тың түсін, иісін және дәмін түзету мүмкіндігі, бұл балалар тәжірибесі үшін өте маңызды;

  • Құрғақ жартылай дайын өнім түрінде жіберу (ұнтақтар немесе гранулалар)- “құрғақ” суспензиялар деп аталады.

Кемшіліктері гетерогендігіне байланысыты:

  • тұрақсыздық:

- седиментациялық (біртектіліктің және дозалау дәлдігінің бұзылуы);

- агрегаттық (рекристаллизация);

- гидролитикалық тұрақсыздық, әсіресе сулы орталарда;

-микробиологиялық (сулы ортадағы барлық залалсыздандырылғандар);

Сонымен қатар,


  • дайындаудың салыстырмалық қиындығы, яғни кейбір әдістерді міндетті түрде орындау;

  • арнайы аппаратураны қолдану.

Терапевтикалық әсердің тиімділігі және әсердің басталу жылдамдығы бойынша супензиялар ұнтақтар мен ерітінділер арасында аралық орынды алады.

Классификация

  1. Қолдану әдісі бойынша (МФ): ішке; сыртқа; парентеральды (тек қана бұлшық ет арқылы енгізу);

  2. Дайындау дәрежесі бойынша(МФ): қолдануға дайын болғандар; қажетті су немесе басқа сұйықтықтың мөлшері көрсетілетін нұсқауы бар ұнтақтар немесе гранулалар түрінде;

  3. Дисперстік ортаның түрі бойынша: сулы; сулы емес (майлы, глицеринді);

  4. Дисперстік фазаның түрі бойынша: гидрофильді заттардан; гидрофобты заттардан;

  5. Алу әдісі бойынша: диспергирлеу; конденсация.

Суспензиялардың түзілу жағдайлары:

  1. Егер дәрілік зат дисперстік ортада ерімейтін болса.

  2. Ерігіштік шегінен артып кетуі, мысалы, натрий гидрокарбонаты үшін концентрациясы 8%-дан астам, бор қышқылы үшін – 4%-дан астам.

  3. Жеке еритін ДЗ химиялық әрекеттесуі (алмасу реакциясы).

  4. Еріткішті ауыстырған кезде.

МФ ХІ басылымы суспензияларға келесі талаптарды қояды:

  1. Құрамында улы және қатты әсер ететін заттары бар суспензияларды дайындауға тыйым салады.

  2. Біртектілік ( әсер ететін заттар құрамының 1г-ға немесе мл 10%-ға ауытқуы).

  3. Ресуспендируемость (біртектілікті қалпына келтіру)- қолданар алдында 1-2 мин. араластырғаннан кейін қатты фазаның сұйық ортада біртекті таралуы.

  4. Седиментациялық тұрақтылық – тұну болмайтын уақыт аралығы.

  5. Дисперстілігі – қатты фаза бөлшектерінің мөлшері.

4 және 5 талаптары дайын дәрілік заттар үшін жеке басылымдарда көрсетілген.

  1. Орама үшін талаптар: сәйкес келетін дозалайтын құрылғының мүмкіндігі бойынша (қасық, мензурка, клапан, стақан).

  2. “Қолданар алдында шайқау” и “Салқын жерде сақтау” маркировкалары.

  3. Жартылай дайын өнімнің суспензиясы үшін дисперстік ортаның мөлшері, сонымен қатар суспензияны дайындағаннан кейін оны сақтау жағдайы және уақыты көрсетілуі тиіс.

  4. Парентеральды енгізу суспензиялары, егер жеке басылымдарда нұсқаулар болмаса, онда “Инъекционды ДФ” басылымына сәйкес болуы керек.

  5. Микробиологиялық тазалығы немесе залалсыздығы.

Суспензияларды дайындаудың басты міндеті жұқа ұсақталған дисперстік фазаны алу болып табылады. Бұл міндет суспензияларды дайындаудың екі әдістерін қолданғанда мүмкін болады: дисперстік және конденсациялық.

Дисперстік әдістің принципі, қатты фазаның дөрекі дисперстік бөлшектері керекті мөлшерлерге дейін ұсақталуымен тұжырымдалады. Бұл дисперстік орта қатысуымен дисперстік фаза бөлшектер радиусының біртіндеп төмендеуі, кейде жартылай дайын өнімнің дисперстік фаза және ортаның қарапайым араласуы арқылы жүзеге асады.

Конденсациялық әдіс ерітінді күйінде болған бастапқы бөлшектердің ірілінуіне негізделген.

Суспензияларды дайындау әдісін таңдау суспензия ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттеріне байланысты болады. Суспензияларды түзетін дәрілік заттар келесі түрде классификацияланады:



  1. Гидрофильді

    1. Ісінбейтін (негізді висмут нитраты, цинк оксиді, магний оксиді, крахмал, тальк, ақ глина, алюмтнтй гидроокисі, негізді магний карбонаты, кальций карбонаты).

    2. Ісінетін (танальбин).

  2. Гидрофобты.

    1. Қасиеттері айқын көрсетілмеген (терпингидрат, фенилсалицилат, стрептоцид, норсульфазол, сульфадимезин, сульфадиметоксин).

    2. Қасиеттері айқын көрсетілген (камфора, ментол, тимол, күкірт).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет