ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/10
Дата20.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#150223
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.33/03- 2013

ПОӘК

«Фармацевтикалық технология негіздері» пәннің оқу-әдістемелік материалдары



18.09 2013ж.

№ 1 басылым






ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

«Фармацевтикалық технология негіздері»


5B072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін



Семей

2013
Мазмұны



1

Глоссарий

2

Дәріс оқулар

3

Зертханалық сабақтар

4

Студенттің өзіндік жұмысы


Глоссарий


  1. Валидация – бекітілген талаптарға сәйкес өндірістік процесті және өнімнің сапасын бағалау және құжатты растау

  2. Дәрілік заттар – биологиялық технологияны немесе синтез әдістерін қолдану арқылы профилактика, диагностика, ауруды емдеу, жүктілікті болдырмау үшін қолданылатын қаннан, қан плазмасынан, сонымен қатар адамның органынан, жануар немесе өсімдік кездемелерден, микроорганизмдерден, минералдардан алынатын заттар.

  3. Дәрілік форма – дәрілік затты немесе дәрілік өсімдікті шикізатты қолдану үшін ыңғайлы күйге келтіру, бұл кезде қажетті емдік әсерге жетеді.

  4. Ерітінділер-бұл бір немесе бірнеше еріткіштерден тұратын молекула мен ион түрінд таралған сұйық гомогенді жүйелер.

  5. Есірткілік заттар – ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-ның бақылауында болатын есірткілік, психотроптық заттар тізіміне кіретін, синтетикалық немесе табиғи өсімдіктерде, препараттарда болатын заттар.

  6. Жарамдылық мерзімі – дәрілік зат тиісті Мемлекеттік стандартының барлық талаптарын толық қанағаттандыру ағымын құрайтын мерзім

  7. Қосалқы заттар – дайын дәрілік пішіндер өндіру процесінде, оларға қажетті қасиеттер беру үшін қолданылатын, табиғаты органикалық немесе бейорганикалық болатын заттар

  8. Орама материалдар – дайын дәрілік заттарды мөлшерлеу, сақтау үшін арналған материалдар

  9. Психотроптық заттар - ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-ның бақылауында болатын есірткілік, психотроптық заттар тізіміне кіретін, синтетикалық немесе табиғи материалдарда, препараттарда болатын заттар.

  10. Субстанция – фармакологиялық активтілігі бар және дәрілік препараттарды өндіру және жасап шығару үшін қолданылатын, шығу тегі табиғи, жануар тектес, микробты немесе синтетикалық болатын заттар.

  11. Суспензия рәсімделген дәрілік форма – құрамы дисперсті фазасы бір немесе бірнеше ұсақталған ұнтақ тәрізді дәрілік заттардан тұратын сұйық дисперстік ортада таралған сұйық дәрілік форма.

  12. Сұйық дәрілік формалардәрілік заттары сұйық дисперстік ортада таралған еркін дисперстік жүйелер.

  13. Ұнтақтар- бір немесе бірнеше ұнтақталған заттардан тұратын және ұнтақталу қасиетіне ие, сыртқа және ішкке пайдалануға арналаған қатты дәрілік форма.

  14. Фармацевтикалық технология – дәрілік заттарды белгілі бір дәрілік пішінге келтіріп, дәрілік препараттарға дейін өңдеудің өндірістік процесі және теориялық негіздері жайлы ғылым.

  15. Фармация – дәрілік заттарды іздестіруге, жасауға, зерттеуге, стандарттауға, сақтауға және жіберуге бағытталған ғылыми бiлiмдер және тәжірбиелік қызмет жүйесі.

Микромодуль 1 – Фармацевтикалық технологияның негізгі түсініктері
Дәріс 1 - Фармацевтикалық технология ғылым ретінде

Дәріс жоспары:



  1. Фармацевтикалық технология. Анықтама. Мақсаттары және міндеттері.

  2. Негізгі түсініктер және терминдер.

  3. Дәрілік формалардың классификациясы.

1. Фармацевтикалық технология – дәрілік заттарды белгілі бір дәрілік пішінге келтіріп, дәрілік препараттарға дейін өңдеудің өндірістік процесі және теориялық негіздері жайлы ғылым.

Фармацевтикалық технология фармацевтикалық ғылымның негізгі бөлігі болып табылады, ал ол дәрілік заттардың және препараттардың өндірісі, қасиеттері, сонымен қатар фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру және маркетинг туралы ғылым жүйесін құрайды.

Тиімді дәрілік препаратты алу үшін дәрілік зат өңделу керек, ал егер дәрілік зат өңделмесе, онда дәрілік затты қолдануға болмайды. Ол үшін рационалды дәрілік пішінді таңдау, спецификалық активтілігі жануарларда жүргізілген тәжірбиелерден тұратын емханаға дейінгі сынақтарды өткізу, биологиялық қол жетімдігін, биологиялық зиян еместігін, сонымен қатар сақтау кезінде тұрақтылығын зерттеу қажет.

Сонымен қатар бағытталған әрекеттегі дәрілік пішіндердің жаңа үлгісін енгізуін және қазіргі үлгісін жақсартуын, дәрілік пішіндердің барлық түрлерінің технологиясын жетілдіруін ескереді.

Дәрілік препаратттарды жасаумен дәрілік пішіндердің технологиясы шұғылданады. Бұл ғылым басқа фармацевтикалық ғылымдардың (фармацевтикалық химия, фармакогнозия және т.б.) арасында ерекше орынға ие болады.

Фармацевтикалық технологияның негізгі міндеттері:



  • жаңа дәрілік субстанциялар және препараттар өндірісінің әдістерін және де технологиялық негіздерін әзірлеу;

  • қазіргі дәрілік препараттарды әбден жетілдіру;

  • дәрі өндірісіндегі жаңа қосалқы заттарды іздеу, зерттеу және қолдану;

  • дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай дайындалған өнімдердің және басқа өнімдердің тұрақтылығын зерттеу және жарамдылық мерзімін белгілеу;

  • технологиялық процестің тиімділігін зерттеу;

2. Дәрі-дәрмектер өндіру облысында табысты жұмыс істеу үшін, мағынаны дәл бейнелеп көрсететін және екі ұшты түсіндірме бермейтін, терминдерді дұрыс түсіну және қолдану керек.

Осы бөлімде оқу, анықтама және арнайы әдебиеттерде, сонымен қатар өндірістік қызметте кең пайдаланылатын негізгі терминдердің мағыналы ұғымдары келтірілген.

Фармация – дәрілік заттарды іздестіруге, жасауға, зерттеуге, стандарттауға, сақтауға және жіберуге бағытталған ғылыми бiлiмдер және тәжірбиелік қызмет жүйесі.

Мемлекеттік фармакөшірме (МФ) – заңды сипаттамасы бар, дәрілік заттар сапасының Мемлекеттік стандарттар жинағы.

Дәрілік заттар сапасының стандарты – Қазақстан Денсаулық Сақтау министрлігімен бекітілген, мөлшерленетiн көрсеткiштер тізімінен және дәрілік заттардың сапасын бақылаудың әдiстерiнен тұратын нормативті құжат.

Жалпы фармакөшірмелік бап (ЖФБ) – дәрілік пiшiнге қойылатын негiзгi талаптардан және/немесе дәрiлiк заттарды бақылаудың стандартты әдiстерiнiң жазбасынан тұратын дәрілік заттар сапасының Мемлекеттік стандарты.



Фармакөшірмелік бап (ФБ) – міндетті түрде көрсеткіштер тізімінен және де, дәрілік пішінді ескеріп, сапаны бақылаудың әдістерінен тұратын дәрілік заттар сапасының Мемлекеттік стандарты.

Кәсіпорынның фармакөшірмелік бабы (КФБ) - міндетті түрде көрсеткіштер тізімінен және де, дәрілік пішінді ескеріп, сапаны бақылаудың әдістерінен тұратын дәрілік затты саудалық атауымен аталған дәрілік зат сапасының стандарты.

Дәрілік заттарды өндіру кәсіпорны - «Дәрілік заттар туралы» федералді заңның талаптарына сәйкес дәрілік заттарды өндіретін ұйым.

Дәрілік заттардың сапасы – дәрілік заттар сапасының мемлекеттік стандартына сәйкес дәрілік заттардың сапасы.

Дәрілік заттар өндірісі – дәрілік заттардың сапасын бақылаудың федералді органмен бекітілген, дәрілік заттар өндірісін және сапасын бақылауын ұйымдастыру ережелеріне сәйкес, дәрілік заттарды өндіру лицензиясы бар кәсіпорын – жасап шығарушылармен дәрілік заттарды сериялы алу.

Дәрілік заттар – биологиялық технологияны немесе синтез әдістерін қолдану арқылы профилактика, диагностика, ауруды емдеу, жүктілікті болдырмау үшін қолданылатын қаннан, қан плазмасынан, сонымен қатар адамның органынан, жануар немесе өсімдік кездемелерден, микроорганизмдерден, минералдардан алынатын заттар.

Қатты әсер ететін дәрілік затЕсірткілерді бақылау тұрақты комитетімен орнатылған (ЕБТК), қатты әсер ететін заттар тізіміне кіретін, дәрілік заттар.

3. Дәрілік формалардың жалпы қабылданған бірнеше классификациясы бар, олар әр түрлі принциптер негізінде құрылған. Мысалы, енгізу әдісіне байланысты келесі дәрілік формаларды ажыратады:

  1. пероральді – ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, тұнбалар, қайнатпалар,ұнтақтар, дәрілер, желе, гранулалар, капсулалар, микрокапсулалар.

  2. инъекционды – еріту және имплантация үшін арналған ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, ұнтақтар, дәрілер.

  3. ингаляционды – аэрозольдар, инхалерлар.

  4. сублингвальды – драже, дәрілер, капсулалар.

  5. перкутанды – мазьдар, кремдер, линиментер, пасталар, көбікті және көбік түзгіш аэрозолдар, жабыстырғыштар.

  6. ректальды – суппозиториялар, капсулалар, мазьдар, азрозолдар, микроклизмалар.

  7. вагиналық – суппозиториялар, дәрілер, түйіршіктер, эмульсиялар, суспензиялар.

  8. көздік – ерітінділер, мазьдар, қабықшалар, қарындаштар.

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: фармацевтикалық технологиясының негізгі түсініктері мен ұғымдары, дәрілік формалардың жіктелуі, фармацевтикалық технологияның міндеттері мен мақсаттары

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Фармацевтикалық технология қай мезгілді пайда болды?

  2. Фармацевтикалық технологиясының негізгі ұғымдары мен түсініктері өзара қалай байланысқан?

  3. Дәрілік формалардың жіктелуі?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Промышленная технология лекарств.- Т.2 / Под ред. проф. В.И. Чуешова.- Харьков, 2000.- 715 с.

  2. Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991.- 495с.


Микромодуль 2 – Қатты дәрілік формалар

Дәріс 2 - Ұнтақтар. Дәріханалық және өндрістік жағдайларда өндірудің технологиялық сызбасы

Дәріс жоспары:

1.Ұнтақтар сипаттамасы. Классификациясы. Ұнтақтарға қойылатын талаптар.

2. Дәріхана жағдайларында дайындаудың технологиялық сызбасы. Күрделі ұнтақтарды дайындау тәртібі.

3.Ұнатақтардың жеке технологиясы.

4. Ұнтақтарды дозалау. Қаптама және ұнтақтарды рәсімдеу.

5. Өндірістік жағдайларда ұнтақтар өндірісінің технологиялық сызбасы.
1. Ұнтақтар- бір немесе бірнеше ұнтақталған заттардан тұратын және ұнтақталу қасиетіне ие, сыртқа және ішкке пайдалануға арналаған қатты дәрілік форма. Ұнтақтардың артықшылғы мен кемшіліктері бар:

Артықшылығы: 1) ұнтақтардың басқа дәрілік формаларға мысалға таблеткаларға қарағанда дайындалу технологиясы оңай, 2) жоғары био қол жетімділігі, ұсақ ұнтақталумен және контактінің үлкен беті организмнің сіңіру бетімен байланысқан, 3) сұйық дәрілік формаларға қарағанда тасымалдау ыңғайлы, 4) құрамның универсалдығы, яғни құрамына органикалық және бейорганикалық қышқылдар, сонымен қоса аз мөлшердегі сұйықтар және тұтқыр заттар кіруі мүмкін.



Кемшіліктері: 1) Дәрілік заттардың (ерітінділерге қарағанда) әсері баяу. 2) Қоршаған орта әсерінен қасиеттердің өзгеруі а) криссталдық судың жоғалуы ( Na2SO4 – артық дозалау) б) ауадан диоксид көміртегін жұтуы басқа қосылысқа айналунына әкеп соғады в) ылғал әсерінен өзгеру. 3) Кейбір дәрілік заттардың қабыққа тітіркендіргіштік әсері. 4) Ащы дәмді, пайдалануға жағымсыз және бояғыш заттар. 5) Ес түссіз жағдайларда ұнтақтарды пайдалануға болмайды.

Ұнтақтар қолданудың тәсiлi бойынша: ішке қолдануға арналған , сыртқы қолдануға арналған (ұнтақ, иiс, үрлеу үшiн) деп жіктеледі.

Құрамы бойынша: қарапайым (1 ингредиенттен), күрделі ( 2 немесе одан да көп ингредиенттен).

Мөлшерлеу сипаты бойынша: бөлінбеген - науқасқа ортақ масса бойынша беріледі, науқас мөлшерлеуді өз көмегімен жүргізеді, ал бөлінген мөлшерлеу дәріханада жүргізіледі.

Жаздыру тәсiлi бойынша: орналастырушы - дозалар саны көрсетілген бір дозаға жазылған дәрілік заттар. Дәрілік заттардың жалпы массасын есептегенде кезде дозаға жазылған олардың санын дозалар санына көбейтеді; бөлінген - барлық дозаларға жазылған дәрілік заттар, массаны қанша доза бөлу керек екенідігі көрсетілген.

2. Ұнтақтау. Бұл кезеңнің мақсаты - бөлшектердiң мөлшерін кiшiрейтуi және олардың санының үлкейту арқылы бiртекті ұнтақ қоспаны алу. Демек, дәрiлік заттар ұсақтарының артуымен терапевтикалық тиімділіктің жоғарлауы ұнтақталудың әр кезде қабат бетінің үлкеюуі мен еркін бет энегриясының жоғарлауымен түсіндіріледі: F = S , мұндағы F - еркiн бет энергиясының өзгеруі, S - бет ауданының өзгеруi, - беттiк керiлiс.

Еркiн бет энергиясының қоры дәрiлік формалар технологиясы үшiн үлкен мәндi алады, себебі ол дәрiлік заттардың терапевтикалық белсендiлігінің жоғарлауына алып келедi. Кез келген дене термодинамиканың екінші заңы бойынша еркiн бет энергиясының кiшiреюіне ұмтылуымен түсіндіріледі, яғни ұсақ ұсақталған дәрілік заттар тез сіңіріліп, ериді.

Дәрiханаларда дәрiлік заттарды ұнтақтау үшін кофемолкаларды пайдалану орынды. Ұнтақталуды Исламғұлова (электрондық ұнтақтағыш) аппаратында жүргізеді. Кофемолкалардың жылдамдығы - 18 000 айналу минутына.

Елеу. Елеудiң мақсаты - бөлшектер мөлшерi бiрдей өнiмді алу. Дәрiханалық тәжiрибеде елеуді сирек пайдаланады. Ұнтақталған бөлшектердің мөлшері визуальды түрде анықталады. Әдетте дәрiханада ұсақталған дәрiлік шикiзатты елейдi, сонымен қоса ұнтақтар дайындауында елеудi пайдаланады.

Араластыру. Араластыру кезеңінің мақсаты - бiркелкi ұнтақ қоспасын алуы.

3. ГФ XI нұсқауына сәйкес барлық ұнтақтар массасына 0,05–тен кіші улы, қатты әсер ететін заттар жазылса, онда олардың тритуациясы , яғни индифференті заттар қоспасын (1:10 немесе 1:100) пайдалану қажет. Бұл улы заттарды тура мөлшерлеу үшін қажет. Сұйылтқыш ретінде сүт қанты қолданылды , себебі ол гигроскопиялық қасиетке ие емес және көптеген улы заттардың тығыздығына жақын.

Тритуация қабаттасуын төмендету үшін оны кіші банкаларда сақтайды және әр 5 күн сайын араластырады. Тритуацияны аз уақытта 1 айға дейін ұсақ компонеттерді жалпы араластыру ережесі бойынша дайындалады. Сүт қантын уқалаудын бастайды, үккіште ұнтақтың аз мөлшерін шамамен улы затқа тең шаққандағыдай мөлшерде қалдырып, улы затпн бірге бір текті қоспаға түзілгенге дейін уқалауды жүргізеді. Одан кейін оны бірнеше тәсілдермен мүқият араластырып, қалған сүт қантын қосады. Штангласта тритуациямен бірге мынадай жазу болуы керек:

1,0 Atropini sulfatis + 99,0 Sachari lactatis (1:100).



немесе

0,001 Atropini sulfatis = 0,1 truturationes 1:100



Оңай шаңдалатын заттары бар ұнтақтар. Көлемдік массасы аз оңай шаңдалатын заттар үккішкке соңғы уақытта қосылады. Олардың басқа ингредиенттермен араласуы ұзақ болмауы керек, себебі ол оңай шаңдалатын заттың жоғалуына әкеп соғады. Оңай шаңдалатын заттарға жатады: магний оксиді, тальк. Үккіш нөмерін таңдау үшін бұл заттардың саны теориялық түрде еселенеді.

Бояғыш заттары бар ұнтақтар. Бояғыш заттарға: көк метилен, рибофлавин, акрихин, жасыл брилланты және т.б. жатады. Бояғыш заттары бар ұнтақтарды дайындау арнайы белгіленген үстелде жүргізіледі, сонымен қоса оларға арнайы үккіштер мен таразылар бөлінеді. Содан кейін оған бояғыш затты қосады, оның бетіне боялмаған заттың қабатын себіп, мүқият араластырады. Мүқият араластыру кезінде қалған боялмаған затты қосады.

Қиын ұнтақталатын затттары бар ұнтақтар

Қиын ұнтақталатын затттар екі топқа бөлінеді:

  1. Камфора, ментол, тимол, фенилсалицилат, йод.

  2. Бор қышқылы, натрий тетрабораты, салицил қышқылы, стрептоцид.

Ондай заттарды көмекші қосылыстармен бірге ұнтақтау орынды. 1 г бірінші топты ұнтақтау үшін 96%- дық этил спиртінің 10 тамшысын немесе эфирдің 15 тамшысын қосады, ал екінші топ үшін 96%-дық этил спиртінің 5 тамшысын немесе эфирдің 8 тамшысын қосады.

Экстракциалы ұнтақтар. Өсiмдiк экстрактiлерін құрғақ, қою және сұйық деп ажыратады. Ұнтақтар ішінде көбінесе итжидек сығындысын жазады: құрғақ (1:2 ) және қою (1:1 ). Құрғақ итжидек сығындысының ұнтақтары құрғақ затттар ұнтақтарының дайындалу ережелерiмен дайындайды. Қою эстрактарды пайдаланған кезде қүрделі ұнтақтар технологиясы келесідей жүргізіледі. Қою экстрактісін қол таразысында фильтр қағаздың көмегімен өлшеп, оны өсімдік аналығының басына апарады. Қағазды өсімдік аналығынан бөліп алу үшін , оны бірнеше тамшы сумен немесе спиртпен дымдайды. Одан кейін экстракты бірнеше тамшы спиртпен өсімдік аналығынымен үккіште ұнтақтайды. Оларды бастапқы қою экстрактінің қатынасына қарағанда екі еселеп қолданады және тамшылап соңғы уақытта қосады.

Сұйық препараттары бар ( эфир майлары, тұнырмалар, сұйық экстрактілер) ұнтақтар. Егер 1 г гидрофобты сипаты бар заттар қоспасына олардың 2-3 тамшысы келсе, онда тұндырмалар мен сұйық экстрактілерді күрделі ұнтақтарға қосуға болады. Егер тұндырма мен сұйық экстрактінің сусымалдығын бұзатын және ұшқыш емес заттар құрамына кіретін әрекет ететін заттар саны жазылса, онда оларды қоюландыру арқылы жалпы көлемді азайту амалын қолданады.

4. Ұнтақтардың мөлшерлеуi 2 тәсiлмен жүргізіледі: 1 ) масса бойынша; 2 ) көлем бойынша.

Масса бойынша мөлшерлеу – дәлірек және негізгі тәсіл. Қол таразыларының көмегімен жүргізіледі. Қол таразылар көмегімен ұнтақтарды өлшеу - белгілі бір дағдыларды қажет ететін және көп еңбекті талап ететін процесс.

Көлем бойынша мөлшерлеу – дәлірек тәсіл, жоғары өнімділігімен ерекшелінеді. Мынадай дозаторларды пайдаланады: ДП- 2 электрондық дозаторы, ДПР - 2, ТК-3. ДПР – 2 0,1-ден 2-ге дейiнгі дозаларды көлем бойынша дәрілік заттарды мөлшерлеу үшін арналған. Дозатор жүгірмелі гайкадан, жылжымалы штокты полой трубкадан құралған. Оның жұмысының негізігі принципі- сол ұнтаққа дозартор ұшы батырылған кездегі фастелетін ұнтақпен реттелетін өлшем қуысын толтыру. Мөлшерлеу штоктың көмегімен жылжыту арқылы жүргізіледі.

Ұнтақтарды қаптау және рәсiмдеу. Егер қаптаманың түрі рецептте көрсетiлмесе, онда ұнтақтарды қағаз капсулалар түрінде шығарған жөн. Капсулалар сорты ингредиенттердiң қасиеттерiне байланысты:

1. Желiмделген қағаз - мұндай қағаздан капсулалар гигроскопиялық емес және ұшқыш емес ұнтақтар қаптамасы үшін пайдаланылады.

2. Балауызды немесе парафинделген қағаз – воскпен немесе парафинмен дымдалаған желімделген қағаз ылғал мен газдарды өткізбейді. Гигроскопиялық емес заттар (эуфиллин ) және ауа оттегісінің әсерімен өзгеретін заттарды қаптау үшін ыңғайлы.

3. Пергаменттiк қағаз – күкірт қышқылмен өңделеген желімделмеген қағазды жуып, пермагент қағазын кептіреді. Ұнтақтар қаптамасы үшін құрамында парафинде және воскте еритін заттар, сонымен қоса ментол, камфора, және басқа ұшқыш заттар қолданылады.

Ұшқыш заттармен бөлінбеген ұнтақтар үшін тығыздалған пробкалы флакондар шығарылады. Полиэтиленді пленкалы капсулаларда йод, камфора және басқа да ұшқыш заттарды қаптауға ұсынылады. Егер рецепте ұнтақты арнайы капсуларда жіберу көрсетілсе, онад ГФ XI бойынша желатиннен дайындалған арнайы вместилищесі бар медициналық капсулалар қолданылады.

Капсуларға қапталған ұнтақтар картон жәшіктер және қағаз пакеттер түрінде шығарылады.

5. Зауыт жағдайларындағы ұнтақтар өндiрiсi де, дәріханаларда дайындалатын операциялардан тұрады. Дегенмен де үлкен сандар мен пайдаланылатын бастапқы шикізат мөлшерінің күшіне қарай ұнтақтардың зауыт өндірісінің өз ерекшеліктері болады.

Ұнтақталу. Ұнтақталу кезінде өсімдік шикізатын ұнтақтау үшін дұрыс машина таңдалу қажет. Мыналарды ескеру керек:

а) ұнтақталатын материал беріктілігі;

б) өсімдіктердің морфология- анатомиялық ерекшеліктері және әрекет ететін заттар локализациясы;

в) ұнтақталатын материал дың ылғалдылығы, шикізат 6-8% қалдықты ылғалдыққа дейін кептірілуі қажет.

г) қажеттті ұнтақталу дәрежесі

Улы немесе қатты тітіркендіретін шаңды түзетін дәрілік заттарды ұнтақтағанда аз шаңдалатын машиналарды, көбінесе шарлы диірмендерді қолданады. Ұнтақталуды жеке бөлмелерде жүргізеді.

Салқындаумен ұнтақталу. Сабынды, камидті, смоланы, қатты материалдарды ұнтақтатағанда салқындату нәзік заттарды жоғарлату үшін керек. Заттарды тоңазытқышта алдын ала салқындатудан кейін ұнтақталуды дезинтеграторда, салқын ауа жіберілетін ұсақталтын диірмендерде жүргізеді.

Көмекші заттар көмегімен ұнтақтау. Ұнақталуды жүргізу үшін қиын ұнтақталатын заттарды ұнтақтау үшін оларға белгілі заттарды қосады. Сұйықтықтарды қосу арқылы камфора мен бор қышқылын ұнтақтайды.

Араластыру. Біркелкі араластыру күрделі ұнтақтарды дайындаудың негізгі мәселесі болып табылады. Араластырғышта, деинтеграторда, дисмембраторда оларды бірге араластыру қолайлы әдіс болып табылады. Көбінесе барабанды, кейде ленталы араластырғышты қолданады.

Елеу. Бір компонеттерді елеу елегіш механизмдерінде жүргізіледі. Күрделі ұнтақтарға келсек, онда елеу кезінде қоспаның біртектілігі компонеттер қабатасуынан бұзылуы мүмкін, себебі соңғыларды жекелеп елегеннен кейін араластырады.

Мөлшерлеу және қаптау. Зауыттық жағдайларда мөлшерлеу мен қаптау бір уақытта және бір ағында жүргізіледі. Ұнтақтар үшін қаптамалы машиналар мөлшерлеу – көлем немесе масса принципі бойынша жұмыс істейді. Мөлшерлеудің көлемдік әдісінде тура дәлділікке жетуге келмейді, себебі дозатор кішкене қозғалса онда масса (ұнтақты тығыз қою салдарынан) өзгеруі мүмкін. Масса байынша мөлшерлеу автоматты таразыда қолданылады.

Ұнтақтау технологиясын жетiлдiру

1. Шикiзаттарды қолдану.

2. Аз механикаландырылған құрал-жабдықтарды енгізу.

3. Капсулалар, полиэтилен пленкаларын ұнтақтар қаптамасы үшiн пайдалану.

4. Сыйыспаушылықты болдырмау үшін - ұнтақтар құрамына көмекші заттарды енгізу, отсыреванияны болдырмайтын (аэрокүштер) эвтетикалық қоспалардың түзілуі.

Күрделі ұнтақтар өнеркәсіптік өндірісіндегі номенклатура

1. Балаларға арналған ұнтақтар

2. Күрделі лакрикалық ұнтақтар

3. Регидрон

4. Смекта

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: ұнтақтардың сипаттамасы және классификациясы, дәріхана жағдайларында дайындаудың технологиялық сызбасы, күрделі ұнтақтарды дайындау тәртібі.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Ұнтақтарға қандай талаптар қойылады?

  2. Күрделі ұнтақтарды дайындау стадияларын атаңыздар

  3. Ұнтақтарды қалай мөлшерлейді?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Технология лекарственных форм/Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.,1991.-С.134-146,151-154.

  2. Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. С.63-77, 308-323.

  3. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм/ Под ред Т.С. Кондратьевой - М, 1986.-, С.38-46.

  4. Технология лекарственных форм/ Под ред. Л.А. Ивановой, М.- 1991.-Т.2.- С.92-123.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет