ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалы


Алғашќы аңдар класс тармағы



бет4/6
Дата17.06.2016
өлшемі389 Kb.
#142985
1   2   3   4   5   6

Алғашќы аңдар класс тармағы. Бұған ќұрылысы ќарапайым сүтќоректілер жатады. Олар етредегі аңтектес жорғалаушыларға туыстыќ жағынан жаќын топ болып саналады. Олардың етті еріндері болмайды. Ересектерінде тістері жойылған, оның орнына мүйізді таќташалар пайда болған. Терісі түкпен ќапталғанына ќарамастан дене температурасы тұраќсыз (+22 + 37ºС арасында ауытќып тұрады), яғни ќоршаған ортаның температурасына тєуелді. Алғашќы аңдар жұмыртќа салып көбейетіндіктен оларды жұмыртќа салушы сүтќоректілер деп те атайды. ¦рыќтанған жұмыртќа клеткасының дамуының көп уаќыты аналыќ организмнің жұмыртќа жолында өтеді. ‡йректұмсыќтар жұмыртќасын басады, ал ехидналар жұмыртќасын арнайы тері ќалтасына салып жүреді. Алғашќы аңдардың бір ғана отряды (біртесіктілер) бар. Олар Австралияда, Тасмания мен Жаңа Гвинея аралдарында ғана таралған. Олар 2 тұќымдасќа бөлінеді: а) үйректұмсыќтар; є) ехидналар. ‡йректұмсыќтардың бір түрі саќталған. Ол жартылай суда тіршілік етуге бейімделген. Тұмсығы жалпаќ мүйізді таќташамен ќапталған. Ол 2-3 жұмыртќа салады. Жұмыртќасының дамуының көп уаќыты (15 күндей) аналыќ организмде өтеді.

Ехидналардың 2 туысы (ехидналар және проехидналар) бар. Олар ќұрлыќта ін ќазып тіршілік етуге бейімделген. Аяќтарында өткір тырнаќтары болады. Денесі ќатты өткір ине тєрізді ұзын 6-8 см-дей түктермен ќапталған. Проехиднаның тұмсығы ұзынша, төмен ќарай иілген мүйізді таќташадан тұрады. Біртесіктілердің саны аз, ертеректе ұлпаны үшін көптеп ауланған. Ќазір оларды аулауға тиым салынған және ќатаң ќорғауға алынған.



25-таќырып. Төменгі және жоғары сатыдағы аңдарға жалпы сипаттама.

Нағыз аңдар класс тармағына жататын сүтќоректілер ұрпағын тірі туады. Олардың сүт бездері түтік тєрізді емес, көпшілігінде етті еріндері бар. Оларда клоака болмайды, сондыќтан олардың аналь, зєр, жыныс тесіктері сыртќа жеке ашылады.



Төменгі сатыдағы аңдардың ќалталылар деген бір ғана отряды бар. Оған 250-дей сүтќоректілердің түрі жатады. Олардың сыртќы түрі, дене мөлшері түрліше (4 см-ден 160 см-ге дейін) болады. Ќалталылардың аналыќ организмде дамуы ќысќа уаќыт (12-30 тєулік ішінде) аралығында жүреді. ¦рпаќтары жетілмей туады, ұрыќ жолдасы нашар дамыған. Мысалы, алып кенгурудың ұрпағының дене мөлшері 3 см-ден аспайды. Көпшілігінің ќұрсағында терілі ќалтасы болғандыќтан оларды ќалталылар деп атаған. Аналыќтарының жыныс жолдары жұп, төменгі жаќ сүйегі иілген, тістері толыќ түсіп ауыспайды. Олардың түрлері Оңтүстік Америка мен Австралияда таралған. Солтүстік Америкада – солтүстік кєдімгі опоссум деген түрі кездеседі. Ќалталылардың ќазіргі кезде таралған негізгі тұќымдастары: опосумдар, ценолестидалар, жыртќыш ќалталылар, ќалталы ќұмырсќажегіштер, ќалталы көртышќандар, ќалталы аюлар, вомбаттар, кенгурулар. Кенгурулардың 50-дей түрі бар.
Жоғары сатыдағы немесе ұрыќжолдасты аңдар. Ќазіргі аңдардың көпшілік түрі осы инфракласќа жатады. Бұларға тєн негізгі белгілер: алдыңғы мидың ќыртысы жаќсы дамыған,тістері жеке топтарға жіктелген, єрі тістері - сүт және тұраќты тістер деп бөлінген. Эмбриональдыќ дамуы ұрыќжолдасының түзілуімен тығыз байланысты, ќалта сүйектері болмайды. Жоғары сатыдағы аңдар инфракласының негізгі отрядтары:

1-отряд. Толыќ емес тістілер. Бұл отряды түрінің саны аз, тек Оңтүстік Америкада кеңінен таралған. Олардың тістері толыќ жеке топтарға жіктелмеген. ‡лкен ми сыңарлары нашар дамыған, иірімдері болмайды. Ќазіргі кезде бұлардың 3 тұќымдасының түрлері кездеседі: а) жалќауаңдар; є) ќұмырсќажегіштер; б) сауытты аңдар. Олардың түрлері Орталыќ және Оңтүстік Америкада ғана таралған.

2-отряд. Кесірттер. Бұл отрядќа Оңтүстік Азияда және Африканың тропикалыќ аймаќтарында таралған аңдар жатады. Олардың денесі жапсарласа орналасќан мүйізді ќабыршаќтармен ќапталған. Жаќ сүйектерінде тістері болмайды. Олар термиттер мен ќұмырсќалармен ќоректенеді. Ќарынындағы ұсаќ тастар ќорегін майдалап ұсаќтайды.

3-отряд. Жєндікќоректілер. Бұл отрядќа ертеден келе жатќан ќарапайым ұрыќжолдасты аңдар жатады. Ми сыңарларының көлемі аз, тістері нашар жіктелген. Алға созылыңќы єрі ќозғалмалы тұмсығы болады. Көпшілік түрлерінде иіс шығаратын бездер бар. Олар Жер шарында кеңінен таралған және єртүрлі орта жағдайларында (ќұрлыќта, жерастында, суда, ағаш басында) тіршілік етуге бейімделген. Негізгі тұќымдастары – көртышќандар жұпартышќандар, кірпілер және жертесерлер т.б. Бұлардан басќа Африкада секіргіштер, алтын түсті көртышќандар, Куба, Гаити, Мадагаскар аралдарында тенректер кездеседі.

4-отряд. Ќолќанаттылар (жарќанаттар). Бұл отрядќа ұшуға бейімделген сүтќоректілер жатады. Оларда ќанаттың ќызметін алдыңғы аяќтарының арасында, денесінің екі бүйірінде, артќы аяќтарында, ќұйрығында болатын терілі жарғаќтар атќарады. Ультра дыбыс толќындарын өздерінен шығарған жаңғырыќтары арќылы өте дєл ажырата алады. Олардың 1000-ға жуыќ түрі Жер шарында (Арктика мен Антарктикадан басќа ќұрлыќтарда) кеңінен таралған. 2 отряд тармағына бөлінеді: а) ќанаттылар; є) жарќанаттар.

5-отряд. Жүнќанаттылар. Олардың түрлері ‡нді-Ќытай түбегінде және Малай аралдарында таралған. Аяќтарын, мойнын және ќұйрыќғын тұтасымен байланыстыратын ќалың терілі жарғағы жүнмен ќапталған. Түнде белсенді тіршілік етеді, өсімдіктермен ќоректенеді. Ағаштан-ағашќа ќалыќтап ұшаќ алады (60-100метрге дейін). Екі түрі бар. Кең тараған түрі –кагуан (Малай жүнќанаты).

6-отряд. Приматтар (маймылдар). Туыстыќ жағынан жєндікќоректілерге ұќсас. Олардың 200-дей түрі Азияның, Африканың, Американың тропикалыќ ормандарында кездеседі. 2 отряд тармағына бөлінеді: а) жартылай маймылдар; є) жоғары сатыдағы маймылдар.

а) Жартылай маймылдар (төменгі сатыдағы) отряд тармағына Азияның оңтүстік-шығысында, Индонезия, Мадагаскар аралдарында, Африканың тропикалыќ ормандарында таралған. 53 түрлі тупайлар, лемурлар, долгопяттар жатады.

є) Жоғары сатыдағы маймылдардың 140-тан астам түрі белгілі. Көпшілігінің ќұйрығы болмайды. Басбармаќтары басќа саусаќтарына ќарама-ќарсы орналасќан. Барлыќ саусаќтарында жалпаќ тырнаќтары болады. ‡лкен ми сыңарларының көлемі үлкен єрі оның сыртында көптеген иірімдері, сайшалары бар. Кең таралған тұќымдастары – кеңтанаулылар, тартанаулылар, адамтектес маймылдар, жабысќаќќұйрыќтылар, ойынпаз маймылдар т.б. Адамтектес маймылдарға – гиббондар, орангутандар, гориллалар, шимпанзелер жатады. Адамдар тұќымдасы да жоғары сатыдағы маймылдар отряд тармағына жатады.


26-таќырып. Нағыз аңдардың жеке отрядтарына жалпы сипаттама.

7-отряд. Ќоянтектестер. Олар ұзын аяќтары, түтік пішінді ќұлаќ ќалќандары, ќысќа ќұйрығы арќылы ерекшеленеді. Олардың сойдаќ тістері болмайды. Күрек тістері мен азу тістерінің арасында едеуір кең тіссіз кеңістігі (диастемасы) болады. ‡стіңгі жаќ сүйегінде екі жұп күрек тісі бар. Ќоянтектестер Жер шарында кеңінен таралған. Олардың 60-ға жуыќ түрі белгілі. Олар 2 тұќымдасќа жіктелген: а) ќояндар; є) шыќылдаќтар. Ќояндардың артќы аяќтары алдыңғы аяќтарынан едеуір ұзын, ќұйрығы ќысќа, ќұлаќ ќалќандары үлкен. Кең тараған түрлері – аќќоян, ор ќоян, ќұм ќояны (толай), жабайы ќоян (кролик) т.б.

Шыќылдаќтар тұќымдасына ќұлаќ ќалќандары да, аяќтары да ќысќа көбіне Азияның таулы өңірлерінде таралған аңдар жатады. Кең тараған түрлері – даур шыќылдағы, солтүстік шыќылдағы т.б.



8-отряд. Кемірушілер. Бұған Жер шарында кеңінен таралған єрі түр ќұрамы мол (1600-дей түрі бар) сүтќоректілер жатады. Олардың дене тұрќы шағын, ұсаќ болып келеді. Сойдаќ тістері болмайды, күрек тістері үстіңгі және астыңғы жаќ сүйектерінде бір жұптан орналасќан, єрі күрек тістері өте жаќсы дамыған. Ішектері ұзын, соќыр ішегі жаќсы дамыған. Кей түрлері ауыл шаруашылығына зиян келтірсе, кей түрлері ќауіпті аурулар (оба т.б.) таратады. Көптеген түрлерінің кєсіптік мєні зор. Олар єртүрлі орта жағдайларында (ќұрлыќта, жерастында, жартылай суда, ағаш басында) тіршілік етуге бейімделген. Кемірушілердің 35-тей тұќымдасы бар. Кең тараған тұќымдастары – тиындар, суырлар, ұшарлар, ќараќастар, ќұндыздар, ќосаяќтар, жайралар, су шошќалары (капибара), соќырлар, тышќандар, аламандар т.б.

9-отряд. Жырќыштар. Бұған көбіне етпен ќоректенетін дене мөлшері єртүрлі (үлкен, орташа, шағын) күрек тістері нашар дамыған, сойдаќ жыртќыш тістері өте жаќсы дамыған аңдар жатады. Дене салмағы да єртүрлі кең тараған тұќымдастары ќасќырлар, аюлар, жанаттар, сусарлар, мысыќтар жатады. Ќасќырлар тұќымдасына – ќасќыр, түлкі, шибөрі, ќарсаќ, аќ түлкі, койот т.б. жатады. Аюлар тұќымдасына – аќ аю, ќоңыр аю, гималай аюы, ќара аю (барибал), үлкен панда т.б. жатады. Жанаттар тұќымдасына – су шашќыш жанат, кіші панда жатады. Сусарлар тұќымдасына – бұлғын, сусар, норка, аќќіс, борсыќ, аќќалаќ, күзендер, кємшат т.б. жатады. Мысыќтар тұќымдасына – арыстан, жолбарыс, ілбіс, ягуар, леопард, ќабылан, сілеусін, мєлін, сабаншы т.б. жатады. Ќорќау ќасќырлар тұќымдасына – шұбар ќорќау ќасќыр т.б. жатады.

27- таќырып. Сүтќоректілердің жеке отрядтарына сипаттама.

10-отряд. Ескекаяќтылар. Олар суда тіршілік етуге бейімделген аяќтары ќысќа єрі ескекке айналған. Ќұрлыќќа тек көбею, күшіктеу, түлеу кезінде ғана шығады. Балыќтармен, шаяндармен, ұлулармен ќоректенеді. Олардың 3 тұќымдасы бар: а) ќұлаќты түлендер; є) морждар; б) нағыз түлендер. Ќұлаќты түлендерге сивучтар, теңіз мысыќтары жатады. Морждар тұќымдасының бір ғана түрі (морж) бар. Нағыз түлендерге – саќиналы нерпа, гренландия түлені, теңіз ќояны, теңбіл нерпа, байкал және каспий итбалыќтары т.б. жатады.

11-отряд. Киттектестер. Бұл отрядќа барлыќ тіршілік єрекеттері тікелей сумен байланысты теңіз сүтќоректілері жатады. Алдыңғы аяќтары ќатты ескекке айналған, ал артќы аяќтары жойылған. Тері асты май ќабаты өте ќалың (50 см-дей). Денесінде түктері болмайды. Тер және май бездері жойылған. Миы, сезім мүшелері өте жаќсы дамыған.

Киттектестердің ќазір 80-дей түрі бар. Олар екі отряд тармағына жіктелген: а) тіссіз (мұртты) киттер; є) тісті киттер. Мұртты киттер өте ірі жануарлар, планктондармен ќоректенеді. Аузында сүзгіш мүйізді мұртшалары болады. Тістері жойылған. Кең таралған түрі – гренландия киті, көк кит, финвал, горбач жатады, бєрінің де саны аз, ќорғауға алынған.Тісті киттердің тістері біркелкі жеке топтарға жіктелген. Басында сыртќы танау тесігі біреу. Кең тараған тұќымдастары - өзен дельфиндері, кашалоттар, дельфиндер.



12-отряд. Сирендер – суда тіршілік етеді. Дене тұрќы ірі теңіз жағалауында таралған. Мойны айќын байќалады. Ќарны бірнеше бөлімнен тұрады. Туыстыќ жағынан тұяќты сүтќоректілерге ұќсас. Топтанып тіршілік етеді. Оларға ламантиндер, дюгондар жатады. Стеллер сиыры деген түрі ХVІІІ ғасырдың соңында жойылған.

13-отряд. Түтіктістілер – оған африка түтіктісі деген бір ғана түр жатады. Тұмсығы алға созылыңќы. Термиттермен, ќұмырсќалармен ќоректенеді. Тістерінде кіреукесі болмайды єрі ұсаќ.

14-отряд. Дамандар – сыртќы түрі суырларға ұќсас. ¤сімдікќоректі. Аравия түбегінің, Африканың таулы жазыќ, орманды алќаптарында таралған 11 түрі белгілі.

15-отряд. Тұмсыќтылар. ¦зын тұмсыќтары үстіңгі ерінмен тұтасып кеткен. Тұмсығының түбінде тірек ќызметін атќаратын шеміршегі болады. Тұмсығы тері мен бұлшыќеттен тұратын түзіліс. Терісі ќалың, түктері өте сирек. ‡стіңгі жаќ сүйегіндегі күрек тістері алға ќарай созылыңќы сойдаќ тістері болмайды. Оған пілдер жатады. Пілдер 10-16 жылда жыныстыќ жетіледі. Африка пілі үнді пілінен ірі. Бұл отрядќа тарихи дєуірде жойылып кеткен мамонт (зіл) та жатады.

28-таќырып. Сүтќоректілердің жеке отрядтарына сипаттама.

16-отряд. Таќтұяќтылар. Бұл отрядќа жататын жануарлардың аяќтарының 3-саусаќтары жаќсы дамыған. Басќа саусаќтары ќалдыќ түрінде немесе жойылған. Бұғана сүйегі болмайды. Ќазір бұл отрядтың 3 тұќымдасының өкілдері кеңінен таралған. Тапирлер тұќымдасының 5 түрі бар. Олардың тұмсыќтары мен үстіңгі еріндері тұтасып алға ќарай созылған. Олар Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-шығыс Азияда таралған. Мүйізтұмсыќтар тұќымдасы. Терісінде түктері болмайды. Маңдай және мұрын сүйектерінде терінің эпидермисінен пайда болған бір не екі мүйізді өскіні болады. Түрлері – үнді және аќ мүйізтұмсыќтар. Жылќылар тұќымдасының үшінші саусағы ғана жаќсы дамыған. Ќазіргі кезде таралған түрлері керќұлан (Прежевальский жылќысы) және ќұлан, зебр, есек. Тарихи дєуірлерде тарпан деген жабайы жылќы түрі далалы аймаќтарда таралан. Ол үй жылќысының арғы тегі деп саналады.

17-отряд. Көнтабандылар. Бұл отрядќа түйелер және Оңтүстік Америкада таралған ламалар жатады. Аяќтарының ќұрылысы жұптұяќтыларға ұќсас. Айыр өркешті түйе (бактериан), сыңар өркешті түйе (дромедар), Оңтүстік Американың таулы алќаптарында викунья, гуанако деген 2 түрі бар. Оңтүстік Америкада лама және альпака деген ќолтұќымдары ќолға үйретілген.

18-отряд. Жұптұяќтылар. Бұл отрядтың көпшілік түрі ќұрлыќта тіршілік етуге бейімделген, єрі өсімдікќоректі, жаќсы жүгіреді. Аяќтары жаќсы жетілген, үшінші және төртінші саусаќтары біркелкі жаќсы жетілген. Екінші және бесінші саусаќтары кіші. 2 отряд тармағына бөлінген: а) Күйіс ќайтармайтындар. Бұл отряд тармағының түр ќұрамы көп емес (10-ға жуыќ түр). Олар үш тұќымдасќа бөлінеді: 1. шошќалар; 2. бегемоттар; 3. пекарьлар. Бұлардың бєрі де төртсаусаќты. Азу тістері жаќсы дамыған, сойдаќ тістері ірі єрі өмір бойы өсе береді. Олар өсімдіктермен де, жануарлармен де ќоректенеді. Европа мен Азияда кең тараған түрі – жабайы шошќа (ќабан). Ол үй шошќаларының арғы тегі және Африкада таралған. Бегемот - денесі ірі жартылай суда тіршілік етеді. Терісінде бездер өте көп, ќұрғап кетуден саќтайды. ¤зен мен көлдерде таралып, су өсімдіктерімен ќоректенеді, ќұрлыќќа сирек шығады. Ол Орталыќ және Шығыс Африкада таралған. Пекарьлар – шошќаларға ұќсас. Олар Оңтүстік және Орталыќ Америкада кездеседі. є) Күйіс ќайтаратындар. Бұл отряд тармағына 180-дей түрлі жұпаяќты сүтќоректілер жатады. Сойдаќ тістері нашар дамыған, кей түрлерінде жойылған. Ќарындары күрделі ќұрылысты, көп түрлерінде мүйізі болады. Аяќтары жаќсы жетілген. Олардың негізгі тұќымдастары: 1) Бұғылар. Олардың бірнеше тармаќты мүйіздері терінің кутис ќабытынан пайда болады және жыл сайын түсіп ауысып отырады. Көпшілік түрінде мүйіз аталыќтарында ғана болады. Олар дүниежүзінде кеңінен таралған. Кең тараған түрлері – солтүстік бұғысы, кєдімгі бұғы (марал), теңбіл бұғы, бұлан, елік. Бєрінің де кєсіптік мєні бар. 2) Жирафтар (керіктер) тұќымдасы. Олар тек Африкада ғана таралған. Алдыңғы аяќтары артќы аяќтарынан едеуір ұзын. Кең тараған түрлері – жираф, окапи. Олар өсімдіктермен ќоректенеді. 3) Ќұдырлар тұќымдасының бір ғана түрі – ќұдыр. Ол оңтүстік және шығыс Сібірдің, Ќиыр Шығыстың, Орталыќ Азияның, Алтайдың таулы алќаптарын мекендейді. Мүйіздері болмайды, аталыќтарының жоғарғы жаќ сүйегіндегі сойдаќ тістері өте жаќсы дамыған. Жұпар бездерінен хош иісті заттар алынады. 4) Ќуыс мүйізділер тұќымдасы. Олардың маңдай сүйегінен пайда болған мүйізі болады. Мүйіздері эпидермистен пайда болған. Жоғарғы жаќ сүйегінде сойдаќ тістері болмайды. Мүйіздері тек аталыќтарында болады. Олар Австралия мен Оңтүстік Америкадан басќа ќұрлыќтарда кеңінен таралған. Кең тараған түрлері - киіктер (аќбөкен, ќараќұйрыќ), серна, таутеке, арќар, жабайы өгіздер (буйволдар, гаур, бизон, зубр). Ірі ќараның тегі – тур.

29-таќырып. Сүтќоректілердің шығу тегі және экологиясы. Сүтќоректілердің шығу тегі мен эволюциясы.

Ең алғашќы сүтќоректілердің арғы тегі аңтектес жорғалаушылардан бастама алған. Палеозой заманының пермь дєуірінде аңтісті жануарлар – териодонттар тіршілік еткен. Олардың көп белгілері (тістерінің жаќ сүйектеріндегі ұяшыќтарда орналасуы, екінші реттік сүйекті таңдайдың пайда болуы, астыңғы жаќ сүйегіндегі тісті сүйектің үлкен болуы және т.б.) сүтќоректілерге ұќсас. Сүтќоректілерге туыстыќ жаќын жануарлар – цинодонттар. Мезозой замандағы табиғи жағдайлардың өзгеруінен бұл жануарлар бірте-бірте жойылып кеткен. Сүтќоректілердің эволюциясында дене температурасының жоғары болуы, жылудың реттелуі, зат алмасудың ќарќынды жүруі басты рөл атќарды. Бірте-бірте миының көлемінің артуы, тірі туу ќасиеттері ќалыптасты. Мезозойдың соңында ертедегі сүтќоректі аңдар екі тармаќќа бөлінді. Оның бір тармағынан төменгі сатыдағы және ќалталы сүтќоректілерпайда болды. Ал, екінші тармағынан жоғары сатыдағы (ұрыќжолдастылар) бөлінді. Ќалталылар ертеде Солтүстік және Оңтүстік Америкада таралып, кейіннен (кайназойдың бас кезеңінде) Европаға, Азияға, Америкаға кеңінен тарала бастады. Олардың ќаңќа ќалдыќтары сол аймаќтардан табылды. ‡штік дєуірде ќалталылар Оңтүстік Америкада кеңінен таралды, өйткені сол кезеңде жыртќыш және тұяќты сүтќоректілер Оңтүстік Америкада тіршілік етпеген. Кейіннен ќалталыларды басќа сүтќоректілер басќа ќұрлыќтардан ығыстырып жіберді. Ќазіргі кезде ќалталылар тек Оңтүстік Америка мен Австралияда ғана саќталып ќалды.

¦рыќжолдасты сүтќоректілер мезозойдың бор дєуірінде пайда болып, кейіннен кең тарала бастады. ¦рыќжолдасты сүтќоректілер бірнеше бағыт бойынша дамиды. ¦рыќжолдасты сүтќоректілердің ертедегі ќарапайым тобына жєндікќоректілер жатады. Оның ќаңќа ќалдыќтары бор дєуірінен жыныстарынан Монголия жерінен табылған. Олардан бірте-бірте сүтќоректілердің басќа топтары таралды. Ағаш басында тіршілік еткен жєндікќоректілердің ќолќанаттылар (жарќанаттар), ал ќұрлыќта тіршілік еткен тобынан кемірушілер пайда болған. Жєндікќоректілердің бір тармағы жыртќыштарға бастама болды. Кейіннен жыртќыштардың бір тармағынан екінші рет суда тіршілік етуге бейімделген – ескекаяќты сүтќоректілер пайда болған. Ертегі жыртќыштардың бір тармағы тұяќты сүтќоректілердің пайда болуына себепші болған. Кейін тұяќты сүтќоректілердің өзі таќтұяќтылар және жұптұяќтылар деп екі тармаќќа бөлінген. Тұяќты сүтќоректілерден эволюция барысында дамандар, түтіктістілер, тұмсыќтылар, сирендер, киттектестер пайда болған. Ертедегі жєндікќоректі сүтќоректілерден приматтар (маймылдар) пайда болған деген пікірлер бар. Приматтардың эволюциясында ерекше кезең адамтектес маймылдардан адамның пайда болуы болып саналады. Адамның пайда болуында биологиялыќ факторлармен бірге єлеуметтік факторлардың да рөлі зор болды


30-таќырып. Сүтќоректілердің экологиясы және практикалыќ маңызы.
Сүтќоректілердің биологиялыќ прогреске жетуінде олардың єртүрлі экологиялыќ орта жағдайларында тіршілік етуі мен Жер шарында кеңінен таралуы басты рөл атќарды. Ќазіргі кезде сүтќоректілер Антарктидадан басќа барлыќ ќұрлыќта кеңінен таралған.

Сүтќоректілердің негізгі экологиялыќ топтары:

1. Ќұрлыќта тіршілік ететін сүтќоректілер. Бұл топќа сүтќоректілердің басым түрлері жатады. Оларды тіршілік ететін орта жағдайларына байланысты негізгі екі топќа бөледі:

а) орманда тіршілік ететін сүтќоректілер. Бұл топќа бұғылар, аюлар, кейбір жыртќыштар (сілеусін, бұлғын т.б.), тиіндер, жалќау аңдар, маймылдар т.б. жатады.

є) ашыќ алаңќай жерлерді мекендейтін сүтќоректілер. Бұл топќа тұяќты сүтќоректілердің басым түрлері, кемірушілер (ќосаяќтар, суырлар, саршұнаќтар, ќалталылар, жыртќыштар) т.б. жатады.

2. Жерастында тіршілік ететін сүтќоректілер. Олар Жер астында ін ќазын тіршілік етеді. Бұл топќа көртышќандар, соќыртышќандар, жертесерлер т.б. Олардың алдыңғы аяќтары, күрек тістері жаќсы дамыған және ін ќазуға бейімделген.

3. Суда тіршілік ететін сүтќоректілер. Бұл топќа жататындардың бір тобы жартылай суда тіршілік етсе, екінші тобының тіршілігі тікелей сумен байланысты. Олардың бєрі де екінші рет суда тіршілік етуге бейімделген. Жартылай суда тіршілік ететіндерге – ќұндыз, ондатра, нутрия, жұпартышќан т.б. жатады.

Тікелей суда тіршілік ететін сүтќоректілерге ескекаяќтылар (түлендер, теңіз мысыќтары), киттектестер, сирендер, дамандар т.б. жатады.



4. ¦шуға бейімделген сүтќоректілер. Бұл топќа ормандарда тіршілік ететін ќалталы ұшар, жүнќанаттылар және жарќанаттар жатады. Олардың төссүйегінде ќыры болады, жарғаќ ќанаттары бүкіл дене бөліктеріне керіліп ұшуына мүмкіндік береді.

Сүтќоректілердің түрлі экологиялыќ орта жағдайларында тіршілік ететіндері єртүрлі ќорекпен ќоректенеді. Кей түрлері тек өсімдіктекті, кей түрлері тек жануартекті ќоректермен ќоректенсе, енді бір тобы өсімдіктермен де, жануарламен де ќоректене береді.

Сүтќоректілердің көбеюінде де өздеріне тєн ќасиеттер ќалыптасќан: а) іштей ұрыќтану; є) тірі туу; б) ұрпағына ќамќорлыќ; в) ұрпағын сүтімен асырау т.б.

Сүтќоректердің тіршілік єрекеттері жыл маусымдарына сєйкес рет-ретімен ауысып отыратын бірнеше кезеңнен тұрады: а) көбеюге дайындалуы; є) ұрпаќ беруі; б) ұрпағын емізу кезеңі; в) топ ќұрып тіршілік етуі; г) жыныстыќ жетілуі т.б.

Сүтќоректілердің кейбір түрлері ќыстап шығуға ерекше дайындалады, кей түрлер ќысќа ұйќыға кетеді. Сүтќоректілердің табиғатта және адам өмірінде маңызы өте зор. Олар ќоректік тізбекті реттеуге ќатысады. Сүтќоректі жануарлардың кейбір түрлерін адам ерте кездерден ќолға үйреткен. ‡й жануарларының (сүтќоректілер) өнімдері тағам, киім, дєрі-дєрмек, тыңайтќыш т.б. ретінде пайдаланылады. Көптеген сүтќоректілердің кєсіптік мєні зор. Олардың терісін, ұлпанын, етін және т.б. өнімдерін адам күнделікті өмірде пайдаланады.

Сүтќоректілердің кейбір сирек кездесетін түрлері ќатаң ќорғалады. Арнайы ќорыќтарда, ќорыќшаларда, ұлттыќ саябаќтарда, зоологиялыќ баќтарда, арнайы тєлімбаќтарда ќорғалады. Кєсіптік мєні бар түрлер жерсіндірілген. Мысалы, ондатра, жанат, ќұндыз, зубр т.б. Ќазаќстанның Ќызыл кітабына (1996) сүтќоректілердің 40 түрі тіркелген. Елімізде сирек кездесетін сүтќоректілердің түрлері 9 мемлекеттік ќорыќтарда (Аќсу-Жабағылы, Алматы, Наурызым, Ќорғалжын, Барсакелмес, Марќакөл, ‡стірт, Батыс Алтай, Алакөл) ќатаң ќорғалады.



3. Зертханалық сабақтарды жүргізугеарналған әдістемелік нұсқаулар
Зертханалық сабақ 1. Ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы

Мөлшері. Дене құрылысы. Бұлшық ет сегментациясы. Ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, нерв жүйелерінің құрылыс ерекшеліктері. Тыныс алу және көбею мүшелері. Ланцетниктің дамуы.

Әдебиеттер: [1], [3], [5].
Зертханалық сабақ 2. Миноганың сыртқы және ішкі құрылысы.

Мөлшері. Дене құрылысы. Бұлшық ет сегментациясы. Ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, нерв жүйелерінің құрылыс ерекшеліктері. Тыныс алу және көбею мүшелері.

Әдебиеттер: [1], [3], [5].
Зертханалық сабақ 3. Шеміршекті балықтардың сырткы құрылысы мен ішкі органдарының топографиясы.

Мөлшері. Дене құрылысы. Бұлшық ет сегментациясы. Ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, нерв жүйелерінің құрылыс ерекшеліктері. Тыныс алу және көбею мүшелері.

Әдебиеттер: [1], [3], [5].
Зертханалық сабақ 4. Шеміршекті балықтардың тірек қимыл аппараты

Жақтардың пайда болуы. Омыртқа бөлімдері.

Әдебиеттер: [1], [3], [5].
Зертханалық сабақ 5. Шеміршекті балықтардың нерв жүйесі.

Ми сауыты. Бөлімдері.

Әдебиеттер: [1], [3], [7]
Зертханалық сабақ 6. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысы мен ішкі органдарының топографиясы.

Жабынның құрылысы. Сүйекті балықтардың тыныс алуы.

Әдебиеттер: [1], [3], [7].
Зертханалық сабақ 7. Сүйекті балықтардың тірек қимыл жүйесі.

Қаңқа ұлпалары. Ми сауыты. Омыртқа жотасының бөлімдері.

1,5 сағат. Әдебиеттер: [1], [6], [9].
Зертханалық сабақ 8. Сүйекті балықтардың түрлерін анықтау.

Экологиялық тіршілік орталарының алуан түрлі болуына байланысты сүйекті балықтардың түрлерінің көп болуы.

Әдебиеттер: [1], [2], [3].
Зертханалық сабақ 9. Қосмекенділердің сыртқы құрылысы мен ішкі органдарының топографиясы.

Бақаның дене формасы. Қосмекенділердің прогресивті белгілері. Тыныс алу мушелері.Тыныс алу механизмі. Жүрек құрылысы. Қан айналымдары. Жүйке жүйесінің құрылыс ерекшеліктері. Көбею органдары және оның құрылыс ерекшеліктері.

Әдебиеттер: [1], [2], [3].
Зертханалық сабақ 10. Қос мекенділердің қаңқасы мен бұлшық еттері.

Бақаны мысалға ала отырып қосмекенділердің қанқасының прогрессивті белгілерін қарастыру. Аутостилия. Ми қаңқасының бөлімдері және оның ерекшеліктері. Висцеральды бассүйек.

Әдебиеттер: [1], [2], [3].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет