Н ПРО БҚМУ 703-03-2023. Силлабус. Жетінші басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-03-2023. Силлабус. Издание седьмое.
F PRO WKMU 703-03-2023. Sillabus.
Seventh
edition.
№ Тапсырмаларды орындалу критериі
0,4-0,5 балл
0,2-0,3 балл 0-0,1
балл
1
Амандасты, өзін таныстырды (аты-жөні,ұстанамы) Науқастың аты-
жөнін, жасын(толық жасын) анықтады.. Науқаспен визуалды қарым-
қатынас орнатты
Науқасқа манипуляцияны түсіндіру. Науқастың келісімін алу. Аяққа
иммобилизация жасау Дитерихстің
тасымалдау шинасымен іске
асырылады, қолды – Крамердің баспалдақтық шинасымен немесе
пневматикалық шинамен, ал олар жоқ болса қандай болмасын
қолға түскен материалдардан жасалған импровизацияланған
шинаның көмегімен немесе зақымданған аяқ-қолды дененің сау
бөлігіне бинттеу жолымен іске асырылады.
2
Науқас үшін және тасымалдау үшін
ыңғайлы жайда, сынған
аймақты қозғалмайтын етіп, сынған жерден жоғарғы және
төменгі екі буынды бекітеді (мысалы, балтыр сүйектері сынғанда
балтыр-аяқ басы және тізе буындарын бекіту). Сан сүйегі
сынғанда аяқтың барлық буындарын бекітеді (тізе,
балтыр-аяқ
басы, сан-жамбас).
Барлық әрекеттерді айтып отыру.
3
Аяқ-қолдың иммобилизациясы үш кезеңнен тұрады: өлшеу,
орналастыру,
бекіту(фиксация).Ашық
сынық
болса
иммобилизациянын алдында асептикалық таңғыш салады, қан
кетуді тоқтады.
Барлық әрекеттерді айтып отыру.
4
Ең алдымен өлшеу сау жақ аймақтан басталады. Аяқ
иммобилизациясы кезінде Дитерихс шинасының сыртқы бөлігін
алып, науқастың сау қолтық аймағынан бастап табаннан 10-12см
шығыңқы етіп өлшеп аламыз. Шинаның ішкі бөлігін сау шап
аймағынан бастап табаннан 10-12см шығыңқы етіп өлшеп аламыз.
Шинаның табан бөлігін бірден зақымдалған
аяққа сегіздік байлам
арқылы немесе шинаның өзінің байламы арқылы орнатамыз.
Барлық
әрекеттерді айтып отыру.
5
Келесі кезең орналастыру болғандықтан сау жақ аймаққа өлшеп
алынған шинаның сыртқы және ішкі бөлігін заөымдалған аймаққа
сақтықпен орналастырамыз. Ескерту шинаның сытқы және ішкі
бөлігін ең алдымен табан бөлігінің
темір құлақшасына енгізуден
бастау қажет.
6
Бекіту кезеңіне көшпес бұрын сүйектің шығыңқы бөліктеріне
мақта матадан жасалынған валиктер қойып шығамыз. Балтыр
салбырауының алдын алу мақсатында сан мен балтыр астына
Крамердің аяққа арналған шинасын орналастырамыз.
Барлық
әрекеттерді айтып отыру.Процедура жасау кезінде науқас
жағдайына ,реакциясына көңіл аудару және науқасқа қолдау
көрсетеді ( Сізге ыңғайлы ма?....Жақсы ма?)
7
Бекіту табан бөліктен басталады. Табан бөлігіндегі тақтайшаны
темір құлақшаның тесігінен өткізіп, сыртқы бөлігі қолтыққа ішкі
бөлігі шапқа максималды тірелгенше бұраймыз. Фиксацияға
көзіміз жеткеннен соң бекітеміз. Келесі буындар мен сүйектерді
шинамен бірге бес жерден байламмен бекітеміз (тобық, тізе, сан,
бел, кеуде аймағында).
Барлық әрекеттерді айтып отыру.
8
Иммобилизация
барысында, науқасқа сұрақ қоюына мүмкіндік
беріп, оның шыдамдылығын пайдаланып өзінің әрекеттерін
науқасқа түсіндіреді.
Барлық әрекеттерді айтып отыру.
Достарыңызбен бөлісу: