Перейти к файлу



бет6/8
Дата22.01.2020
өлшемі164.42 Kb.
#447855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Лекция ЖЕР құқығы

Тәртіптік құқықтық жауапкершілік.
Аталған жауапкершілікке тек кана жеке тұлғалар тартылады. Онын қолдануы негізі болып тәртіптік теріс қылық болып табылады.
Басқа жауапкершіліктерден ерекшелігі:
Тәртіптік жауапкершілік тек жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.
Тәртіптік жауапкершілік өзге заңды жауапкершілік түрлерімен қатар қолданылады.
Тәртіптік жауапкершілік жұмыскердін жұмыс уақыты кезінде жасалған теріс қылық үшін қолданылады. Яғни, жұмыскердің жұмыстын тыс уакытта немесе демалыс уакытында жасалған теріс қылықтары үшін өзге жауапкершілік түрлері қолданылады.
Субъектісі тек кана жұмыс істеп жүрген жұмысшы.
Тәртіптік жауапкершілік жер заңдарынын нормаларына байланысты тәртіптерді орындауға міндетті жұмысшылар мен қызметкерлерге қолданылады.
Тәртіптік жауапкершілікте жұмыс істеп жүрген уақтысында жауапкершілк заңдарын бұзғаны үшін қолданылады.
Тек кана ұйым әкімшілігін басқару органы қолданылады.
Тәртіптік жауапкершілік мүліктік жауапкершілікпен қатар қолданылуы мүмкін.
Тәртіптік жауапкершілік ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және жмыстан шығару сиякты жазалау шараларын колданумен ерекшеленеді.
Тәртіптік жауапкершілікке тарту Кдзакстан Республикасынын қолданыстағы Еңбек кодексімен және белгілі бір ұйымның жарғысына сәйкес жасалған ішкі тәртіп ережелерімен реттеледі.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік. Азаматтық жауапкершілік Қазакстан Республикасының азаматтық заңнамалары нормаларымен реттеледі. Бұл жауапкершілік жер зандарын бұза отырып мемлекеттің мүддесіне, қоршаған ортаға, жердің меншік иесіне, басқа да жеке және заңды тұлғалардың кұкыктары мен заңды мүддслеріне зиян (шығындар) келтірілген кезде қолданылады. Азаматтық құкықтық жауапкершілік келесідей ерекшеліктері бар:
1.Бұл жауапкершілік жеке және заңды тұлғалар тартылуы мүмкін.
2. Бұл жауапкершілік баска заңдылық жауапкершілік түрлерімен қатар қолдануы мүмкін: Мысалы, заңсыз бөтен жерді басып алған тұлға кылмыстык жауапкершілікке тартылады және зардап келтірілген жағдайда оны өтеуге де міндетті.
Шығындарды зиянды өтеу туралы тек сот органы арқылы шешіледі.
Жер заңдарын бұза отырып жасалаған зиянның әртүрлі түрлері болуы мүмкін.
Бұл зиян бірнеше топтарға бөлінеді:
Экологиялык зиян.
Экономикалық зиян.
Экологиялық зиян дегеніміз — жер заңдарын бұзу аркылы чоршаған ортаға жерге табиғат объектісі ретінде зардап келірілгенін білдіреді. Бұл зиян Казакстан Республикасының Экологиялык кодексінін талаптарына сәйкес өтеледі, Бұл зиянлы толық түрде өтеуге мүмкіндік жоқ, себебі келтірілген зиянды пакты бағалау мүмкін емес. Экологиялык зиянды өтеуің екі әдісі бар: тікелей және жанама түрі. Залалды экономикалык бағалаулын тура әдісі неғұрлым тиімді инженерлік, ұйымдық -техникалық және технологиялык іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, жұтандаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тірі организмдерді сауыктыруға қажетті нақты шығындарды аныктаудан түрады.
Қоршаған ортаны корғау саласындағы уәкілетті органнын лауазымды адамдары бірінші кезекте коршаған ортаға залал келтірген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шарларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады.
Қоршаған ортаны калпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі тиісті міндеттемелер қоршаған ортаға залал келтірген тұлғанын нақты іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімі көрсетілген кепілдік хатында жазылады. Залалдың салдарларын жою жөніндегі шаралардын құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.
Залалды тура әдіспен экономикалык бағалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретінде экологиялык аудиторлар, жобалау, инженерлік және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.
Тәуелсіз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөніндегі міндет коршаған ортаға залал келтірген тұлғаға жүктеледі.
Залалды экономикалык бағалаудыңжанама әдісі залалды экономикалык бағалаудын тура әдісін қолдану мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылады. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі коршаған ортаға әсер ету түрлеріне қарай залалды әрбір ингредиент бойынша жинақтау жолымен айқындалады.
Экономикалық зиян дегеніміз - жер меншік иелерінін жер пайдаланушылардын, мемлекет өзіне материялдық жағынаң келтірілген шығындар болып табылады. Бұлшығындарды өтеутолык мөлшерде жүзеге асырылады және басшылыққа Азаматтык кодексінің нормалары алынады.
Жер заңдары бұзушылығы моральдық зиянды келтіруі мүмкін. Оны өтеу тәртібі Қазакстан Республикасының Азаматтық кодексімен ретгеледі.
9-тақырып. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.
Жоспар:
1.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайының түсінігі және құрамы.
2.Ауыл шаруашылықмақсатына арналған жерлергеменшік құқығы жәнеөзгеқұқықтар, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері.
3.Арнайы жер қорының түсінігі және құрамы.
4.Ауыл шаруашылығымақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі.
Негізгі ұғымдар: ауыл шаруашылық мақсатындағы жер, жерге меншік құқығы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері.
1.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайының түсінігі және құрамы. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазакстан Республикасының жер аумағы 272490,2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылык жерлері - 222513,6 мың гектарды құрайды. Сонғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910,35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылык өндірісінін мақсатында пайдаланылатын жердің баска да санаттары құрайды.
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдык аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу азық-түлік қауіпсіздігін, агроөнеркәсіптік кешен өнімі нарықтарының тұрактылығын камтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандык өнімнің бәсекелестік артыкшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсімдік шаруашылыгын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді және тамак өнеркәсібін 15-ю дамыту үшін жағдай жасау аркылы ауыл халкының тұрмыс деңгейін көтеруге, ветеринариялық -санитариялык және фитосанитариялык кауіпсіздікті, техникалык жарақтандыру мен баска да ілеспе кызмет салаларын камтамасыз етуге, ауылдык аумак- тардың әлеуметгік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Агроөнеркәсіптік кешен дегеніміз - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өндеуді және өткізуді, сондай-ақ тамак өнеркәсібін, оларды казіргі заманғы техникамен, технологиялык жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен кызмет салаларын, ветеринариялық -санитариялык және фитосанитариялык кауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы.
Ауылшаруашылык қызметтің кез келген түрі ауылшаруашылык мақсатындағы жермен тығыз байланыста болады. Яғни, аталған жер учаскесіз бұл қызмет түрін жүзеге асыру мүмкін емес.
Ауыл шаруашылыгы мақсатындагы жерлер дегеніміз—ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарга арналган жерлер болып табылады Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылы қабылданған Жер кодексiнiң 97-бабына сəйкес жер қоры нысаналы мақсатына сəйкес, мынадай санаты бар, ол ауылшаруашылығы мақсатындағы жерi жатады [151, 12 б.].
Ауылшаруашылық жерлер - ерекше қорғалуға жататын, Қазақстанның басқа жер санаттарына қарағанда ең шұрайлы, құнарлы жерлер. Сондықтан, бұл жерлерге байланысты қандай да болмасын шешiм жүктелген жауаптың ауырлығы ескерiлiп, күрделi ой елегiнен өтiп барып қабылдануы тиiс.
Ауылшаруашылығындағы жер құрамына ауылшаруашылығының алқаптары мен ауылшаруашылығы жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр жəне ауылшаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауылшаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға тиiс. Бұл жердi ауылшаруашылығы өндiрiсiне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол берiледi.
Ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлер деп ауылшаруашылығы қажеттiлiктерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер аталады.Ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлер өз кезегiнде 3 топқа бөлiнедi:
Ауылшаруашылық алқаптары;
Ауылшаруашылық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге арналған құрылыстар, өзге объектiлер су айдындары орналасқан жерлер;
Өзге де алқаптар; құмдар, тақырлар т.б.
Ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлердiң құрамына фермерлер, қырмандар, жүру жолдары жəне т.б ауылшаруашылығы объектiлерiнiң аумағында жерге ауылшаруашылығы өнiмдерiн кəсiпкерлiк, ұйымдық, фермерлiк аграрлық шаруашылықпен айналысуға қажеттi болып табылады
Ауылшаруашылық алқаптары бiрнеше түрге бөлiнедi: егiстiк, жайылым, шабындықтар, көп жылдық екпелер, т.б.
Ауылшаруашылық мақсаттарына арналған жерлер құрамына ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер жəне iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су қоймалары, мелиоративтiк желi, ауылшаруашылығында жұмыс iстеуге қажеттi қосалқы үй-жайлар мен құрылыстар алып жатқан жерлер, сондай-ақ басқа да пайдаланылатын жерлер (сортаң жерлер, құмдар, тақырлар жəне басқа ауылшаруашылығының пайдаланатын жер көлемiне қосылған басқа да өзге пайдаланылатын жерлер) бөлiнедi.
Ауылшаруашылық пайдаланылатын жерлерге: жыртылған жерлер, тыңайған жерлер, көпжылдық отырғызу алып жатқан жерлер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.
Жыртылған жер – көпжылдық өсiмдiктер егiстiгiн қоса, ауылшаруашылық дақылдарының егiстiгi ретiнде жүйелi түрде өңделiп, пайдаланылатын жер учаскесi, сондай-ақ таза егiстiк жерлер. Жыртылған жерге тамырын жақсарту үшiн қопсытылған алдын ала (үш жылдан артық емес уақыт iшiнде) дақылдар егiстiгi алып жатқан шабындықтары мен жайылымдар, сондай-ақ егiстiк ретiнде пайдаланылатын бақтардағы қатарлар арасы жатпайды.
Тыңайған жер – бұрын жыртылған жер құрамында болған жəне бiр жылдан артық, күзден бастап ауылшаруашылық дақылдарын себу үшiн пайдаланылмайтын жəне егiстiк жер ретiнде дайындалмаған жер учаскесi.
Көпжылдық отырғызу – жасанды жасалған көпжылдық ағаш, бұта отырғызу ретiнде пайдаланылатын, жемiс-жидек, техникалық жəне дəрiлiк өнiм түсiмiн алуға, сондай-ақ өңiрдi сəндiк көрнектеуге арналған жер учаскелерi.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шабындық ретiнде жүйелi пайдаланылатын жəне жануарларды жаюға арналған жер учаскелерi. Тамыры жақсартылатын шабындықтар мен жайылымдар – егiн екпеу арқылы жаңадан тұрақты шөп өскен шабындықтар мен жайылымдар учаскесi.
Суландырылған жайылымдар – аумағында су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, су шашырату немесе суландыру каналдары, құбырлы немесе шахталы құдықтар) бар, барлық мал басын тиiстi сапалы сумен қамтамасыз ете алатын жайылымдар
Суландыру деңгейiне байланысты суарылатын алқаптар (суландыру деңгейi табиғи тұрде 75 пайызды құрайды) жəне суарылмайтын алқаптар болып бөлiнедi. Суармалы ауылшаруашылығы алқаптарына ауылшаруашылығында пайдалануға жəне суаруға жарамды, су ресурстары жүйесiнiң қазiргi пайдалы жұмыс коэффициентiнде суару нормаларының жобалау немесе қолданыстағы нормативтерi бойынша осы жердi сумен қамтудың қолайлы мерзiмi iшiнде қамсыздандырудың кемiнде 75 процентiнен кем емес су ағынымен қамтамасыз ететiн суару көзiмен байланысты тұрақты жəне уақытша суару жүйесi бар жер жатады.
Жайылма суару жерi қар суын жəне көктемгi тасқын суды, сондай-ақ топырақты ылғалдандыру үшiн суару жəне суландыру каналдарынан берiлетiн суды осы учаскелер аумағында ұстап қалуды жəне қайта бөлудi қамтамасыз ететiн су бөгейтiн белдеулерi, суды реттейтiн бөгеттерi мен басқа да гидротехникалық құрылыстары бар учаскелер болып табылады.
2. Ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге меншік құқыгы және өзге құқықтар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері. 2003 жылғадейін Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығы қарастырылмаған болатын. 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің қабылдануы Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылык мақсатынадағы жерлерге жеке меншік құқығын толығымен заңдастырып, аталған жерлерді шаруашылык құқықтық айналымға енгізді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:1) Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылықты, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшiн жеке меншiкке;2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру үшін, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға беріледі.
Пайдалануға беру мерзімі кемінде он жылды құрайтын шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiн көрсетілген мақсаттар үшiн жер пайдалану құқығымен беру мерзiмi кемiнде бес жылды құрайды. Жер учаскесiн осы тармақшада көрсетілген мерзімдерден аз мерзiмге беруге оны алуға мүдделi өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi;3) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейінгі мерзіммен жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.
7. Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттiк бақылау мақсатында бюджет қаражаты есебiнен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерiнiң негiзiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорты жасалады. 
Жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiк құқығымен немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу үшiн (маусымдық жайылым) уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен осы Кодекске және Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңдарына сәйкес берiледi.      
Жер учаскесiн шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн алуға басым құқықты жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда, кентте тұратын азаматтар пайдаланады.      Қызметін кемінде бес жыл жүзеге асыратын және өз қызметін тоқтататын шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесін сатып алуға басым құқық осы шаруа немесе фермер қожалығының мүлкін сатып алған және арнайы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
3. Арнайы жер қорының түсінігі және құрамы. Арнайы жер коры Қазақстанда 1991 жылы Жер реформасы туралы заңына сәйкес пайда болған болатын. Казіргі танда арнайы жер қорынын құкықтық жағдайы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 100-бабына сәйкес анықталады.
Жерді ауыл шаруашылык өнімін өндірушілердін арасыңда жер учаскелерін қайта белу мақсатында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер және босалкы жерлерден арнайы жер коры құрылады. Арнайы жер коры:
жер учаскесінен өз еркімен бас тарткан жағдайда; Жер кодексінің 92,93,95-баптарына сәйкес, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қойған жағдайда; егер зан бойынша, өсиет бойынша мұрагерлері жоқ, немесе бірде - бір мұрагері мұраны қабылдамаған жағдайда немесе өсиет бойынша мұрагерлерді мұрадан айырған жағдайда, не мұрагерлер мемлекет пайдасына мұрадан бас тартқан жағдайдағы жер учаскелерінен құралады.Белгілі жер учаскесін арнайы жер қорынын құрамына енгізу туралы шешімді аудандык атқарушы орган қабылдайды.
4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі. Ауыл шаруашылығы алкаптарын бір түрден екіншісіне ауыс- тыру (трансформациялау) қажеттігі табиғи факторларға, оларды кейін де баска жер алкаптарының құрамында пайдаланудың экономикалык тұрғыдан орындылығына негізделеді.
Жер учаскесі меншік иесінін немесе жер пайдаланушының жер учаскесінін орналасқан орны бойынша тиісті жергілікті атқарушы органға берген өтінімі, сондай - ақ жергілікті аткарушы органның бастамасы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге негіз бола алады.
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылығы алкаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі жерге орналастыру жүмыстарын қаржыландыру - жергілікті бюджет каражаты есебінен, ал жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардыңөтініштері бойынша - олардың ез каражатының есебінен жүзеге асырылады.
Топырақ - мелиорациялық жай - күйі оларды басқа алқап түріне ауыстыруды қажет ететін ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы қолда бар жоспарлау - картографиялық материалдарды, жерге орналастыру, мелиорациялық құрылыс жобаларын, топырақты зерттеу, топырақ - мелиорациялық, геоботаникалық ізденістер материалдарын, тұзданудың түсірілген суреттерін, жер кадастрының, жерді түгендеудің деректерін зерделеу негізінде алдын ала анықталады.
Неғұрлым бағалы ауыл шаруашылығы алкаптарын бағасы төменгілеріне ауыстыруға:
егістік үшін - жердін агроондірістік топырак сипаттамасының олардың нақты пайдаланылуына сәйкес келмеуі, улы заттармен ластанудың жоғары деңгейі; көпжылдық екпелер үшін — екпелердін шекті жасы, олардын сиреуі, жердің кен құрамының жұтандығы, қолайсыз топырақ - мелиорациялық сипаттамасы;
шабындықтар үшін - жердің шелейтгенуі, шалғындык өсімдік- тердің сиреуі, жердің мелиорациялык күйінің нашарлауы; жайылымдар үшін - тапталып бүлінуі негіз болып табылады. Суармалы жерді суарылмайтын жерге ауыстыру кезінде жоғарыда санамаланған факторлардан баска, суару көзімен байланыстың үзілуі, сумен камтылмауы, шаруашылық ішіндегі суару жүйелерінің техникалық жай - күйі, ал жайылма суармалы жер үшін - су ағынын қайта бөлу салдарынан су басудың тоқтауы немесе су ресурстарының болмауы, кұрылыстардың техникалык жай - күйі ескеріледі.
Қажет болған кезде жергілікті аткарушы органдар багалы ауыл шаруашылығы алкаптарын бағасы томенгілеріне ауысты- рудын баска да көрсеткіштерін ауыл шаруашылығы алкаптарынын өнімділігінін тым төмен болуы, топырактың тұздану, сорлеңген және алқаптардын сапалык сипаттан баска да өлшемдерді белгілейді.
10-тақырып. Елді мекен жерлерінің құқықтық тәртібі.
Жоспар:
1. Елді мекен жерінің түсінігі және құрамы.
2. Қала және басқа да елді мекеннің шекарасын белгілеу және өзгерту тәртібі.
3. Қала маңындағы аймақтардың түсінігі.
Негізгі ұғымдар: елді мекен жерлері, қала маңыгдағы аймақтар, елді мекеннің шекарасы.
1. Елді мекен жерінің түсінігі және құрамы. Елді мекен дегеніміз - республика аумағыныңхалық жинакы орналаскан, кемінде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылык және басқа қоғамдык кызметі нәтижесінде қалыптаскан, занда белгіленген тәртіпте есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілді және атқарушы органдар баскаратын бір бөлігі.
Елді мекен белгілері:
Міндетті түрде ресми тіркелуі тиіс;
Тұракты түрде тұратын адамдардын саны 50-ден кем болмауы тиіс.
Казақстан Республикасы аумағыңдағы елді мекендер қалалық және селолык елді мекендерге бөлінеді.
Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстык және аудандық маңыздағы калалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы поселкелер; селоларға — олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елді мекендер жатады.
Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстык маңызыбар қаладағы, республикалык маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан каладағы аудан болып табылады.
Калалар және басқа елді мекендер:
республикалык маңыздағы қалаларға бөлінеді. бұларға ерекше мемлекеттік маңызы бар және бір миллион адамнан астам халқы бар елді мекендер жатқызылуы мүмкін;
облыстык маңызы бар қалаларға бөлінеді, бұларға саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, ірі экономикалықжәне мәдени орталыктар болып табылатын елді мекендер жатқызылуы мүмкін;
аудандық маңызы бар калаларға бөлінеді, бұларға аумағында өнеркәсіп орындары, коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттік тұрғын үй коры, оку және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектілерінің дамыған жүйесі, кемінде 10 мың адам халқы бар, оның халқының жалпы санының үштен екісінен астамы жұмысшылар, қызметшілер мен олардыңотбасы мүшелері болып табылатынелді мекендер жатқызылуы мүмкін;
4)поселкелерге бөлінеді, бұларға өнеркәсіп орындарының,құрылыстардың, темір жол стансаларының және баска экономикалық маңызды объектілердің жанындағы, кемінде 3 мың адамы бар, оның кемінде үштен екісі жұмысшылар,қызметшілержәне олардың отбасы мүшелері болып табылатын елдімекендержатқызылуы мүмкін;
кемінде екі мың адам халқы бар, оның жыл сайын емделу мен тынығу үшін келетіндер саны кемінде тең жартысын құрайтын, емдік маңызы бар жерлерде орналаскан елді мекендер де поселкелерге теңестіріледі; оларға қалалықтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халқының кемінде 25 проценті ауыл шаруашылығымен ұдайы айналысатын саяжай поселкелері де жатқызылуы мүмкін;
ауыл (село) — саны кемінде 50 адам болатын, халқының кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, бал ара шаруашылығында, балық аулау мен балық есіру шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді мекен;
халқының саны кемінде 50 адам шаруа және баска да қоныстар ең жуық елді мекеннің құрамына енгізіледі.
Тұрақты халқының саны елу адамнан асатын және дербес елді мекендер деп саналатын қоныстар есепке алынады және тіркелугежатады.
Қызметтік мақсаттағы объектілер болып табылатын жалғыз үйлер, фермалар, қоныстар (орманшылардын, жол қараушылардың, жол шеберлерінің үйлері, зайымкелер, қыстаулар, дала костары, метеостансалар жене т.б.) әкімшілік немесе аумақтық тұрғыдан байланысты елді мекендер қүрамында есепке алынады.
Қалалардың, кенттердің немесе ауылдардың (селолардың) құрамына еңгізілген және олардың бір бөлігіне айналған елді мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бәрі кетіп қалған немесе қоныс аударған коныстар дербес әкімшілік-аумақтық бірліктер мәртебесінен айырылады және есепті деректерден шығарыладыКазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, елді мекендер жеріне келесі жерлер жатады:
кұрылыстар алып жатқан әрі көп пәтерлі және көп қабатты тұрғын үйлер, үй іргесіндегі жер учаскелері бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер;
денсаулық сактау, мәдениет, сауда, қоғамдыктамақтандыру, тұрмыстық кызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектілері, сондай-ак жалпы білім беру, арнаулы орта және жоғары білім беру мекемелері, өкімшілік, ғылыми-зерттеу мекемелері, ғибадат үйлері мен өзге де іскерлік үйлері, кұрылыстар мен ғима-раттар салынған және соларды орналастыруға арналған коғамдық іскерлік құрылыс салатын жер;
өнеркәсіп, коммуналдықжәне олардың жұмыс істеуін камтамасыз ететін койма объектілері, инженерлік және көлік йнфрақұрылымы объектілері салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ак осы объектілердін санитарлық-корғау аймактарын белгілеуге арналған өндірістік құрылыс салатын жер;
темір жол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлік инфрақұрылым мен байланыс магистральдары ететін және соларды салуға арналған көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар жері;
ерекше қорғалатын табиғи аумактар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени максаттағы жер;
өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су корғау аймақтары, гидротехникалык және баска да су! шаруашылығы құрылыстары орналаскан су айдындары мен акваторияларжері;
ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;
аландар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гулзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халыктың қажеттерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су кұбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын баска да инженерлік жүйелер) орналаскан жәнесоларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;
қала күрылысы кызметінетартылмаған, елді мекенді аумақтыктұрғыдан дамытуға және өзіндік үй (косалкы) шаруашылығындамытуға арналған резервтегі және өзге де жер;
крематорийлерді, мал корымы, тұрмыстык қалдыктар тастау орындарын және арнаулы нормативтер мен ережелер белгіленбейінше пайдалануға болмайтын өзге де объектілерді орналастыру үшін бөлінетін арнайы максаттағы жер;
корғаныс қажеттері үшін берілген және өзге де пайдалану режиміндегі жер кіруі мүмкін.
Бұл жерлер құрамына көптеген жерлер кіретін болғандыктан аталған жерлерді пайдаланудын біркатар ерекшеліктері бар:
•бұл жерлер мемлекеттің және жеке меңшік құқығыныңобъектісіболады.
•мемлекеттік ұйымдарға жер тұракты тегін пайдалануғаберіледі.
Сонымен катар, елді мекендерді жобалауға және салуға Қазақстан РеспубликасыныңЭкологиялық кодексіне сәйкес экологиялык талаптар койылады. Қалаларды және баска да елді мекендерді жобалау, салу, реконструкциялау экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялык талаптар мен экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, халықтың өміріне, еңбек етуі мен демалуына мейлінше қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету ге тиіс.
Қалалар және басқа да елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде оларды санитарлық тазарту, өндіріс пен тұтыну калдықтарымен қауіпсіз жұмыс істеу көзделуге және жүзеге асырылуға, шектеулі табиғат пайдалану режимі қолданылатын орманды-саябақты, жасыл және корғау аймақтары құрылуға тиіс. Ғимараттар, кұрылыстар, үй-жайлар, автомобиль жолдары және өзге де өнеркәсіптік объектілер қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің, санитарлық-эпидемиологиялык ережелердің, нормалардың, кала құрылысыныңталаптары және өзге де талаптар ескеріле отырып орналастырылуға тиіс.
2. Қала және басқа да елді мекеннің шекарасын белгілеу және өзгерту тәртібі. Елді мекендердің шекарасын (шегін) белгілеу мен өзгерту жерге орналастырудың, сәулет және қала құрылысының тиісті органдары бірлесіп жасаған ұсыныс бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген қала кұрылысы құжаттамасы негізіндежүргізіледі.
1.Республикалык маңызы бар калалар мен Казақстан Республикасы астанасының шекарасын (шегін) — Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуымен Қазақстан Республикасыньщ Президенті белгілейді және өзгертеді.
2.Облыстық маңызы бар калалардың шекарасы (шегі) - Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісім бойьшша облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.
Аудандык маңызы бар калалардың шекарасы (шегі) — об-лыстык өкілді және аткарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.
Кенттер мен ауылдардың (селолардың) шекарасы (шегі) –аудандык, (калалык) өкілді және аткарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.
Жер учаскелерін қала, кент, село шегіне қосу осы учаскелерге меншік кұқығын немесе жер пайдалану құқығын токтатуға әкеп соқпайды. Калалардың, кенттердің, селолык елді мекендердің барлык жері олардың бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және аумақтың жер-шаруашылык орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.
Тұрғындар саны 5 мыңнан асатын елді мекендерде белгіленген төртіппен бекітілген бас жоспарлар болмаған жағдайда осы елді мекенді дамыту мен оңда құрылыс салудың бас жоспарының оңайлатылған схемасымен немесе белгіленген тәртіппен бекітілген кала құрылысы кұжаттамасымен жерді пайдалануға жол беріледі. Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері азаматтар мен занды тұлғалардың ортақ пайдалануға нұқсан келтірмей, жеңіл үлгідегі құрылыстарды (сауда жасайтын шатырларды, киоскілерді, жарнама құрылғыларын және баска да сервис объектілерін) орналастыруы үшін уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін. Бұл ретте ортақ пайдаланудағы жер кұрамынан, оның ішінде базарлар, акылы автотұрақтар (автопарктер) орналастыруы үшін жол (көше, өтпелі жолдар) жиегінен учаскелер беруге жол берілмейді.
Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері жеке меншікке оларды ортак пайдаланудағы жер құрамынан шығарғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.
Зираттар орналаскан және соларға арналған ортак пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды. жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесі тегін бөлінеді.
3. Қала маңындағы аймактардың түсінігі. Қаламаңындағы аймақтар дегеніміз — жерінің құрамына қаламен біртұтас әлеуметтік, табиғи және шаруашылық аумақ құрайтын қала шегінен тыс жерлер.
Қала маңындағы аймактарда кала маңындағы ауыл шаруашылығы өндірісін карқынды дамыту, кала құрылысын ерекше реттеу аймактарын (қаланы дамытуға, инженерлікжәне көлік инф-рақұрылымының калыпты жұмыс істеуі үшін қажетті ғимараттарды орналастыру мен салуға арналған резервтегі аумақтарды), қорғау әрі санитарлық-гигиеналык қызмет атқаратын және халықтың демалыс орны болып табылатын ормандар, орман парктері және баска да жасыл екпелер алып жатқан жасыл аймақтарды белгілей отырып, аумақты аймақтарға бөлу жүзеге асырылады.
Қалалардың кала маңы аймақтарының мөлшері мен шекарасын жерге орналастыру, сәулет жөне қала кұрылысы жөніндегі мемлекеттік органдардың бірлесіп жасаған ұсынысы бойьшша осы қалалардың бас жоспарларын бекітетін мемлекеттік органдар белгілейді және өзгертеді.
Жерді қала маңы аймағына косу бұл жерге меншік құқығы мен оны пайдалану қүқығыныңтоқгатылуына әкеп соқпайды.
Астана қаласы мен республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына косылған жерді пайдалану тәртібі мен режимін аумағы кала маңы аймағына қосылған тиісті облыстық аткарушы органдармен келісілген, аталған қалалардың атқарушы органдарының ұсыныстары бойьшша Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі белгілейді.
11-тақырып. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі.
Жоспар:
1.Өндірісжерлерініңтүсінігі, құрамы. Өндіріс жерлерін пайдалану ерекшеліктері.
2. Көлік жерлерінің түсінігі, құрамы.
3. Қорғанысжерлерінің түсінігі, қүрамы. Пайдалану ерекшеліктері.
4.Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері.
5.Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтары және ол жерлердің құқықтық жағдайы.
Негізгі ұғымдар: өндіріс жерлері, қорғаныс жерлері, өндіріс жерлерін пайдалану, көлік жерлері.
1. Өндіріс жерлерінің түсінігі, құрамы. Өндіріс жерлерін пайдалану ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен тиісті нысаналы максат ушін азаматтар мен занды тұлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатка арналған жер деп танылады.
Қарастырып отырған санаттағы жерлер өз алдына өнеркөсіп, энергетика, көлік, байланыс, қорғаные жерлері болып бөлінеді.
Өнеркәсіп жері дегеніміз — өнеркәсіп объектілерін орналастыру мен пайдалану үшін берілген жерлер. Өнеркәсіп объектілерін орналастыру үшін ең алдымен, ауылшаруашылықмақсатына арналмаған жерлерден, егер ондай жерлер болмаса, сапасы нашар ауылшаруашылық алқаптары берілуі мүмкін. Өнеркәсіп объектілері орналаскан жерлерді тұрғылықты халыктың қауіпсіздігің қамтамасыз ету мақсатында бұл аймақтарда, корғаныш, санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар белгіленеді. Аталған мақсаттарға берілетін жер учаскелерінің мөлшері белгіленген тәртіппен бекітілген нормаларға немесе жобалау-техникалык құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерін бөліп беру оларды игеру кезектілігі ескеріле отырып жүргізіледі.
2. Көлік жерлерінің түсінігі, құрамы. Көлік жерлерінің кұқыктык жағдайы Казакстан Республикасының 1994 жылы 24 қыркүйекте қабылданған Көлік туралыжәне 2001 жылы 8 желтоқсанда қабылданған Казакстан Республикасының Темір жол көлігі туралы Заңмен, Автомобиль көлігітуралы, Ішкі сулар көлігі туралы заңмен сонымен қатар Жеркодексіменреттеледі...
Көлік жері дегеніміз - автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің кызметін камтамасыз' ету және (немесе) оларды пайдалану үшін берілген жерлер.
Казақстан Республикасының Көлік туралы заңына сәйкес, көлік турлері келесідей болып бөлінеді: Автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, өуе, құбыр магистралі және метрополитен.
Темір жол келігі қажеттеріне арналған жерге:
магистраль жолдарына жөне солармен технологиялык байланыстағы кұрылыстар мен ғимараттарға (темір жол белдеуі, көпірлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдыктар, қызметтік-техникалық үйлер);
кірме жолдарға;
энергетика, локомотив, вагон, жол жөне жүк шаруашылықтары, сумен жабдықтау және канализация кұрылыстары, корғау және бекіту екпелері, кызметтік және темір жол көлігіне қызмёт көрсететін арнаулы максаттағы өзге де объектілері бар темір жол станцияларына (вокзалдарға);
темір жолдарға берілген белдеулер мен күзет аймактарына бөліп берілген жер жатады.
Темір жол көлігінің кажеттеріне арналған жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық кқұжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілетін нормативтер бойынша беріледі.
Тұрғын халыктың қауіпсіздігін камтамасыз ету, сондай-ақ темір жол көлігі кажеітеріне арналып бөлінген белдеуге іргелес жер учаскелеріндегі объектілерді кауіпсіз пайдалану мақсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аимактары белгіленеді, олардың шегіңде аймақтарды белгілеу максаттарына сай келмейтін қызмет түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады.
Темір жол келігінің күзет аймактарына: орманды қорғау белдеулері, көлік құрылыстарының, құрылғылары мен баска да объектілерінің сақталуын, төзімділігі мен орнықтылыгыи камтамасыз ету үшін кажетті жер учаскелері, сондай-ақ темір жол көлігіне бөлінетін белдеуге іргелес орналасқан, сел каупі, көшкін каупі бар аймактардағы жөне баска да кауіпті әсерлер төнетін жерлердегі жер учаскелері кіреді.
Автомобиль көлігі қажеттеріне арналган жерге:
1)автомобиль жолдарына, олардың конструкциялыкэлементтері мен жолғимараттары- на және олармен технологиялык байланыскан қүрылыстаржәне ғимараттарға;
2)автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлігініңбаска объектілерін және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, кұрылғыларын пайдалану, күтіп-үстау, салу, кайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үшін кажетті жол шаруашылығы объектілерін орналастыру үшін;
3)автомобиль жолдарына бөлінетін белдеулерді белгілеу үшін бөлініп берілген жер жатады.
Автомобиль көлігінің қажеттері үшін бөліп берілетін белдеуге арналған жер учаскелері жолдың санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгіленген нормалардың негізінде беріледі.
Тұрғын халыктың кауіпсіздігін камтамасыз ету және автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшін жолда жүру кауіпсіздігі талаптары ескеріле отырып, оларды пайдаланудың ерекше режимі белгіленіп, ортак пайдаланудағы халықаралық және республикалык автомобиль жолдарына бөлінетін белдеулерге екі жағынан іргелес жатқан жер учаскелері түрінде жол бойындағы белдеулер жасалады. Аталған жерлер жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды.
Жол бойындағы белдеулерде және ортақ пайдаланудағы халықаралык және республикалык автомобиль жолдарына бөліп берілген белдеулерде, жол кызметі объектілері мен жол сервисі объектілерін қоспағанда, күрделі ғимараттар құрылысына тыйым салынады
Теңіз және ішкі су көлігінің кажетгеріне арналған жерге теңіз және өзен порттарын, айлақтар, пристаньдар, гидротехникалық ғимараттар, жер беті және жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, кайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті басқа объектілерді және теңіз және ішкі су көлігінің басқа да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады.
Әуе көлігінің қажеттеріне арналған жерге әуежайлар, әуеайлақтар, аэровокзалдар, ұшып көтерілу-қону белдеулерін және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, қайта құру, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті басқа да жер үстіндегі объектілерді және әуе көлігінің баска да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер, сондай-ак олардың күзет аймактары жатады.
Құбыр тасымалы көлігінің қажеттеріне арналған жерге су кұбырын, газ құбырын, мұнай құбырын және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, кайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті объектілерді және кұбыр жүргізу көлігінің басқа да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады.
Аталған жерге шекарасы белгіленген тәртіппен бекітілген кұрылыс нормалары мен ережелерінің, магистральды кұбырларды күзету ережелерінің және баска нормативтік құжаттардың негізінде анықталатын, жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары бар магистральды кұбырларды күзету аймақтары да жатады.
3. Қорғаныс жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері. Корғаныс жерлері дегеніміз - Казақстан Республикасы Үкіметі корғаныс пен қауіпсіздік саласыңда міндеттер атқаратын Карулы күштер ұйымының әскери бөлімдерін, аскери полигон-дарын, әекёрк-оқу орындары мен басқа да үйымдарын жөне баска әскерлерді, олардың объектілері мен кұрылыстарын орналастырып, тұрақты жұмыс істеуі үшін берілген жерлер. Қорғаныс мақсатындагы жерлер жеке меншікке берілмейді, тек мемлекеттің меншігінде болады.
Қорғаныс қажеттеріне байланысты жаттығулар мен басқа да іс-шаралар жүргізу үшін жерді уақытша пайдалану қажет болған жағдайда жер учаскелерінің меншік иелерінен жөне жерді пайдаданушылардан жер учаскелері алып қойылмайды.
Қорғаныс максатыңдағы жерлерді іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануы мүмкін, бұл жағдайда рұқсатты облыстық атқарушы орган береді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын корғауды және күзетуді қамтамасыз ету мақсатында инженерлік-техникалық кұрылыстар мен қоршауларды, шекара белгілерін, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерінжайғастыру мен күтіп-ұстау үшін жер учаскелері беріледі. Сонымен қатар, аудандык аткарушы органдар әскери болімдермен келісім бойынша, корғаныс қажеттеріне берілген жерден ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жеке және занды тұлғаларға жекелеген жер учаскелерін уакытша жер пайдалануға бере алады.
4. Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, күрамы. Пайдалану ерекшеліктері. Байланыс дегеніміз - ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталык ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өндеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату. Байланыс желісі дегеніміз - байланыс кұралдары мен жолдарынан тұратын және телекоммуникацияға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе. Байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, жерсеріктік және баскалары), байланыстынфизикалықтізбектері және жол-кәбілдік кұрылғылары, оның ішінде магистральдык (халыкаралық және қалааралык) жолдар.
Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттеріне арналған жерлер дегеніміз - тиісті инфрақұрылымдардың объектілерін орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желілері, соның ішінде жер астындағы желілер үшін бөлініп берілген жерлер. Аталған жерлерде күзет аймактары белгіленеді. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектілерінің айналасына орналаскан, оңдағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса жер учаскесі.
Байланыс желілерінің сақталуын, техникалық құралдардың, ғимараттар мен құрылғылардын пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында күзетілетін аймақтар мен соқпактар белгіленеді, олар жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтары болып табыла-ды. Күзетілетін аймақтарға енгізілген жер жергілікті жерде арнаулы белгілермен белгіленеді. Мұндай жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды. Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібін және олардағы жұмыс режимін уәкілетті орган айқындайды. Аталған аймақтардың шекараларын және олардағы жер пайдалану режимін Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, жерді меншікке немесе жер пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.
5. Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймактары және ол жерлердің құқықтық жағдайы. Тұрғын халыктың кауіпсіздігін камтамасыз ету және өнеркәсіп, көлік объектілері мен өзге де объектілерді пайдалану үшін кажетті жағдайлар жасау мақсатында аймактар белгіленеді, аймактарды белгілеу максаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне олардын шегінде шек койылады немесе тыйым салынады.
Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына:
өнеркәсіп орындарының санитарлық-қорғау аймактары;
темір жол мен автомобиль жолдарына бөлініп берілген белдеуге іргелес жатқан, сел-көшкін қаупі бар және орманды корғау аймақтары;
бас саға кұрылыстарын қорғау аймақтары;
өуе айлақ маңындагы белдеулер;
магистральды құбыр жолдарының, байланыс, радио және электр желілерінің күзет аймактары;
су күзету аймактары мен белдеулері;
7)әскери полигондардың аумағы жатады.Ерекше шарттармен пайдаланылатын аймактарға енгізілгенжер сол жерлерде
арнаулы белгілермен көрсетіледі. Бас саға кұрылыстарын күзету аймағының бірінші белдеуін коспағанда,аталған жерлер жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларданалыныпкойылмайды.
Аталған аймақтардың шекарасы мен олардағы жерді пайдалану режимін нормаларға және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес меншікке немесе жер пайдалануға жерді беру туралы шешім кабылдаған орган айқындайды.
12-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жерлерінің, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.
Жоспар:
1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің түсінігі. Пайдалану ерекшеліктері.
2.Қорық жерлерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері.
3. Ботаникалық бақтарға және табиғи ескерткіштерге берілген жерлердің құқықтық жағдайы.
4.Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлердің түсінігі. Осы жерлерді пайдаланудың тәртібі және жағдайы.
5.Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің түсінігі, құрамы, олардың құқықтық жағдайы.
Негізгі ұғымдар: сауықтыру жерлері, тарихи мәдени мақсаттағы жерлер, ұлттық дендрологиялық жерлер, зоологиялық парктердің жерлері.
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің түсінігі. Пайдалану ерекшеліктері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының 2006 жылы 7 шілдеде қабылданған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңмен және Жер кодексімен реттеледі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне биосфералық, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи парктердің, мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік қорық аймақтарының, мемлекеттік табиғи қорықшалардың, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендродогиялық парктердің, мемлекеттік табиғи қорық-сепортерлердің жерін қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың жері жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің өзіне тән бірнеше белгілері бар:
Бұл жерлер ерекше қорғалатын табиғи, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық, сауықтыру немесе өзге құндылығы болуы қажет;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері орналасқан өзге де санаттардағы жерлердің жер учаскелері мемлекет меншігінде болады және жекешелендіруге жатпайды;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға, сондай-ақ оларды басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға жол берілмейді. Яғни шаруашылық айналымнан толығымен немесе ішінара алынып тасталған;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынады. Бұл жерлерде қорғаудың ерекше режимі белгіленген;
•Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендері толық немесе ішінара, мерзімсіз немесе белгілі бір мерзімге шаруашылық пайдаланудан алып қойылады және олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы ескеріле отырып, төлем шартымен пайдаланылады.
Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді, мемлекеттік зоологиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалық бақтарды, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру кезінде жер учаскелері басқа санаттардағы жерлер құрамынан бөлініп, оларды осы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларынан алып қою жолымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылады.
Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар қорғалу аймақтарының жер учаскелері, оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзгертпей, басқа жер санаттарының құрамында бөлінеді. Мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық коры объектілерінің жай-күйіне және олардың экологиялық жүйелерін қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағы шегінде шектеу жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі жөне жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде бірнеше мемлекеттік табиғи қорық бар. Ең бірінші 1926 жылы құрылған Ақсу жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстанда құрылған оның көлемі 85,6 мын га жер. Екіншіден, 1931 жылы құрылған Наурызым корығы, бұл қорық Қостанай облысында орналасқан оның көлемі 87,7мың га жер. Үшіншіден, 1960 жылы құрылған Алматы қорығы. Төртіншіден, Барсакелмес қорығы олардың көлемі 79,7мың га жер. Бесіншіден, 1968 жылы құрылған қорғалатын қор бұл қорықАкмола облысында орналасқан көлемі 252,3 мың га жер. Алтыншыдан, 1984 жылы құрылған Маңғыстау облысы Үстүрт қорығы 223,3 мың га жер. Жетіншіден, 1992 жылы құрылған Батыс Алтай қорығы Шығыс Қазақстан облысында құрылған көлемі 56,1мың га жер. Сегізіншіден, 1998 жылы құрылған Алакөл қорығы бұл Алматы облысы орналасқан көлемі 12,5 мың га жер. Тоғызыншыдан, 1976 жылы құрылған Шығыс Қазақстан орналасқан Марқакөл қорының көлемі 75 мың га жер.
Мемлекеттік табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады.
Мемлекеттік табиғи қорықтардың негізгі қызметіне:
мемлекеттік табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялықсаналуандығын қорғау және қалпына келтіру режимінқамтамасыз ету;
табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерін, объектілерін зерделеу және олардың мониторингі жөнінде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;
экологиялық-ағартушылық қызметті жүргізу;
мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жұйелерінезиянды әсер етуі мүмкін шаруашылық және өзге объектілердіорналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттік экологиялық сараптамасына қатысу;
мемлекеттік табиғи қорық пен онын күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулі туристік мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.
Мемлекеттік ботаникалық бақ — сирек кездесетін немесе құрып кету қаупіндегі өсімдіктерді сақтаудың, қорғаудың және өсімін молайтудың ғылыми негіздерін дайындау мен зерттеулерді жүргізуге арналған, табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады.
Мемлекеттік ботаникалық бақтар аумағында келесідей белдеулер белгіленген:
экспозициялық - өсімдіктерді өсіру мен келушілер үшін қол жетімді болып табылады;
ғылыми - ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін және генофон коллекциясын сақтау үшін;
қоғамдық — келушілерге қызмет көрсету үшін;
әкімшілік және өндірістік-шаруашылық. Ботаникалық бақ аумағында өсіріліп жатқан өсімдіктердің құрып кетуіне әкеп соғатын кез келген қызмет түріне тыйым салынады.
Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдаланудың келесідей ерекшеліктері бар:
1.Мемлекеттік ботаникалық бақтар белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады;
2.Мемлекеттік ботаникалық бактарда табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзілік флораны жерсіндіру және оның селекциясы бойынша, сондай-ақ Қазақстаннын өсімдіктер әлемін зерттеу, сақтау және тиімді пайдалану жөнінде ғылыми зерттеулержүргізіледі;
3.Өсімдіктердің коллекциялық қорларын қалыптастыру, сақтау, пайдалану жөніндегі ғылыми зерттеулер коллекциялық қорлар өсіруді қамтамасыз ететін мемлекеттік тапсырыстар негізінде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік ботаникалық бақтар ғылыми деректер банктерін, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кітапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиет шығаруға құқылы;
Мемлекеттік ботаникалық бақтар орман, бақ-парк, ауыл шаруашылығына және басқа салаларға енгізу мақсатында ұсынылган жерсіндірілген өсімдіктер мен олардың репродукцияларын өндірістік сынақтан өткізу үшін шаруашылық эксперименттік базалар құруға құқылы;
Өздерінің фунқционалдық мақсаты бойынша мемлекеттік табиғи қаумалдар мынадай түрлерге бөлінуі мүмкін:
кешендік - ерекше құнды табиғи кешендерді сақтау және қалпына келтіру үшін;
биологиялық (ботаникалық, зоологиялық) - өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупібар түрлерін сақтау және қалпына келтіру үшін;
палеонтологиялық — жануарлардың, өсімдіктердің жәңе олардың кешендерінің қазып алынатын қалдықтарын сақтау үшін;
гидрологиялық (батпақты, көлді, өзенді) — сулы-батпақты жерлердің құнды объектілері мен кешендерін сақтау үшін;
гесморфологиллык — сирек кездесетін жене бірегей табиғи рельеф нысандарын сақтау үшін;
геологиялық және минералогиялық — сирек кездесетін геологиялық және минералогиялық түзілімдерді сақтау үшін;
топырақтық — топырақтың әдеттегі және сирек кездесетін түрлерін сақтау үшін.
Мемлекеттік табиғи каумалдар:
мерзімсіз — жұмыс істеу мерзімі көрсетілмей;
ұзақ мерзімді — 10 жылдан астам мерзімге;
қысқа мерзімді — 10 жылдан кем мерзімге құрылады.
Мемлекеттік табиғи каумалдар бекітіп берілетін табиғатқорғау мекемелері, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері арнайы күзет қызметтерінің күшімен оларда орналаскан мемлекеттік табиғи-қорық корының объектілерін күзету мен калпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйымдастырады.
Сауықтыру мақсатындағы жерлер дегеніміз - табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы жер учаскелерінің жүйесі.
Адам ауруының алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерінде Қазақстан Республикасының зандарына сөйкес санитарлық-қорғау аймақтары белгіленеді.
Сауықтыру мақсатындағы жердің күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны пайдалану режимін жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындайды.
Белгіленген санитарлық режимге сәйкес осы жер учаскелерін шаруашылық айналымынан толығымен алып қою (санитарлық-қорғау аймағының бірінші белдеуі) көзделетін жағдайларды қоспағанда, санитарлык-қорғау аймақтары шегіндегі жер учаскелеріжер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қойылмайды. Бұл ретте аталған учаскелер осы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қойылады (сатып алынады).
Жер учаскелерін санитарлық-қорғау аймақтарының екінші және үшінші белдеулері шекарасында пайдалану осы аймақтарды күзетудің белгіленген режимі сақтала отырып жүзеге асырылады.
Рекреациялық мақсаттағы жер дегеніміз — халықтың ұйымдасқан түрдегі жаппай демалысы мен туризміне арналған және сол үшін пайдаланылатын жер.
Рекреациялық максаттағы жер құрамына демалыс үйлері, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектілері, туристік базалар, стационарлық және шатырлы туристік-сауықтыру лагерьлері, балықшы және аңшы үйлері, орман парктері, туристік соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлері, осы сиякты басқа да объектілер орналасқан жер учаскелері кіруі мүмкін. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлері де жатады.
Рекреациялық мақсаттағы жерді пайдалану тәртібі мен режимін жергілікті өкілді жөне атқарушы органдар белгілейді.
Рекреациялық максаттағы жерде олардын нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кызметке тыйым салынады.
Тарихи-мәдени мақсаттағы жер дегеніміз - тарихи-мәдени қорықтар, мемориалдық парктер, қорымдар, археологиялық парктер (қорғандар, қала орындары, тұрақтар), сәулет-ландшафт кешендері, жартастағы бейнелер, ғибадат құрылыстары, шайқас және ұрыс алаңдары болған жер учаскелері.
Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тарихи-мәдени мақсаттағы жерге жаткызылған жер учаскелері оның меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қойылмайды.
Жергілікті атқарушы органдар тарихи-мәдени мақсаттағы жердің жекелеген учаскелерінде, соның ішінде зерттеуге және сақтап қоюға жататын мәдени мұра объектілерінде кез келген шаруашылық қызметіне шектеу қоюы мүмкін.
13 тақырып. Орман қоры жерлерінің құқықтық тәртібі.
Жоспар:
1. Орман қоры жерлерінің түсінігі, құрамы.
2. Орман қоры жерлеріне меншік құқығы.
3. Орман қоры жерлерін пайдалану.
Негізгі ұғымдар:орман қоры жерлері, орман қоры жерлерінің құрамы, орман қоры жерлеріне меншік құқығы, орман қоры жерлерін пайдалану.
Қазақстан әлемнің орманы аз елдердің катарына жатады. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 26464,2 мың гектар. Орман орналасқан аумақ 12374,1 мың гектар, олардың ішінде 896,7 мын гектар - қолдан отырғызылған ормандар. Қазақстанның орманды аумағы 4,2% құрайды. Республика аумағының небары 4,2%-ін алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнін, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі олардың орасан рөлін ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет.
Жалпы орман дегеніміз — Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 24-бабында орман - экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар, қоршаған ортамен ықпалдасатын, бұтақтық және теректік өсімдіктердің, басқа да тірі табиғаттардың құрамдастары негізінде белгілі бір аумақта қалыптасатын табиғи кешен деп көрсетілген. Орманның келесідей белгілері бар: Биологиялық белгі - бұтактық, теректік және шөптік өсімдіктердін жиынтығы;
Құқыктық белгісі - занда белгіленген тәртіппен бөлінген, орман қорының жерлеріндегі өсінділер;
Экологиялық белгісі — қоршаған ортаның жағдайына әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Орман кодексі орман заңдылығының бағытын анықтайды, оның мақсаты орман табиғи объектісіне жағымды әсер ету.
Бірінші багыт — ормандарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету .Табиғи ресурс экономды пайдалану оны қолдануды азайтады және жойылып кетуіне жол бермейді. Сол мақсатта орман заңдылығында кеспеағаш аймағын бөлу, қорғалуына байланысты ормандарды санаттарға бөлу және т.б. нормалар қарастырылған.
Екінші багыт — ормандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету. Ормандар өрттен және заңсыз кесуден күзетіледі, зиянкестер мен аурулардан қорғалады. Осы мақсатта орман заңдылығында орман пайдаланушылардың ормандарды өрттен күзету мен зиянкестер мен аурулардан қорғау міндеттері, орман заңдылығын бұзған үшін жауапкершілік көзделген.
Үшінші багыт — ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін көтеру. Орман заңдылығы орманды қалпына келтіру және орман өсіру мақсатын көздейді, орман өнімділігінің жоғарылатуға негізгі талаптар қояды, орман пайдаланушыларға міндеттер жүктейді және ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін көтеруге байланысты басқа нормаларды бекітеді.
Қазақстан Республикасының Орман кодексінде орман заңдылығының принциптері бекітілген. Қазақстан Республикасының орман заңдылығы мынадай принциптерге негізделеді:
ормандардың климатты реттейтін, орта түзетін, егіс-топырақ корғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпы мемлекеттік мәнін мойындау;
ормандарды тұрақты дамыу (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);
ормандардың, табиғи - қорық қоры объектілерінің, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;
ормандарды көпмақсатқа пайдалану;
5)орман ресурстарын ұтымды, үздіксіз, сарқылмайтындайетіппайдалану;
6)орман қорын күзету, корғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу менбақылау;
басты максатта пайдалану үшін ағаш кесу мен алынған сүректі қайта өндеуді жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жігін ажырату;
Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтірілген залалдың орнын толтыру;
орман ресурстарын ақылы пайдалану;
орман қорының жай-күйі туралы акпараттың қол жетімділігі;
халықтың және қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуге және қорғауға қатысуы.
Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 8-бабына сәйкес, орман қорының жерлері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерлеріне бөлінеді.
Мемлекеттік орман қорының жерлеріне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қолдан ағаш өсірілген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген жерлер жатады.
Мемлекеттік орман қорына:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі (орманды және ағаш өспеген алқаптарды коса алғанда) табиғи және қолдан өсірілген ормандар;
Табиғи және колдан өсірілген ормандар, сондай-ақмемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығыныңқажеттері үшін берілген, орман өсімдіктері өспеген жер учаскелері:
Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желілік құрылыстардың белдеулеріндегі ені 10 метр және одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам корғаныштык екпелері жатады.
Қазакстан Республикасының Орман кодексінің 8-бабының 3-тармағына сәйкес, жекеше орман қорының жеріне Қазакстан Республикасының жер туралы заң актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес занды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен қолдан ағаш өсірілген, агроорман — мелиорациялықекпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсірілген жерлер жатады. Қазақстан Республикасының Орман кодексі бойынша орман қорына жатпайтындар:
Жеке ағаштар және аумағы 0,05 гектардан аспайтын ағаш топтары, мемлекеттік орман қоры жерлерінен тыс орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде өскен бұтақтық өсімдіктер;
Елді мекен жерлеріндегі көгалдандыру түптері, қала ормандары мен орман парктерін қоспағанда;
Саяжай және бақшалардағы ағаштар мен бұтақтар.
Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне берілген жер учаскелері орман қорының жері деп танылады.
Орман қорының жері де мемлекеттік және жекеше орман қорыжерінен тұрады.
Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жеріне жатады.
Жекеше орман қоры жеріне жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қаражаты есебінен отырғызылған және олардың жеке меншігіне берілген жасанды орманы бар жер жатады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды. Орман иелену дегеніміз - орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс істеуі үшін мемлекеттік орман иеленушілерге Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мемлекеттік орман қоры учаскелерін иелену мен пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушілерге белгіленген тәртіппен берілетін жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Мемлекеттік орман қорының учаскелері орман иелену құқығымен:
мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, мемлекеттік орман қорының кешенді пайдаланылуын ұйымдастыру үшін орман мекемелеріне және уәкілетті органның өзге де мемлекеттік ұйымдарына;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметіне байланысты мақсаттар үшін мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттік табиғи резерваттарға, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтарға, мемлекеттік ботаникалық бақтарға, мемлекеттік дендрологиялык саябақтарға беріледі.
Орман пайдалану дегеніміз - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөніңдегі зандық және эко-номикалық жағынан регламенттелген қызмет. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығы тендер нәтижелері туралы хаттама және сол негізге алынып жасалған шарт негізінде туындайды
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды. Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесілі орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен басқа адамға ауысады.
Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесілі орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдаетырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры — занды тұлғаға ауысады.
Орман пайдалану құқығы — орман пайдалану түрі сақталғанда ғана, құқық мирасқорында орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қажетті қаражат пен өндірістік қуаттар және облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиісті біліктілікке ие мамандар болған жағдайда, ал орман пайдалану жөніндегі қызметтің лицензияланатын түрі жүзеге асырылатын жағдайда лицензиясы бар болған кезде ғана ауысуы мүмкін.
Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетіне, орман билетіне өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді. Мемлекеттік орман қорында орман пайдаланудың:
сүрек дайындау;
шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбірлер, тамырлар, жапырақтар, бүршіктер) дайындау;
жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);
мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалану;
мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;
мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.
14-тақырып. Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі.
Жоспар:
1. Су қоры жерлерінің түсінігі.
2. Су қоры жерлерінің түрлері.
3. Су қоры жерлерінің құқықтық жағдайы.
Негізгі ұғымдар: су қоры жерлері, су қоры жерлерінің түрлері, су қоры жерлерін пайдалану.
1. Су қоры жерлерінін түсінігі, түрлері,олардың құқықтық жағдайы. Жағалаудағы жерлердің құқықтық жағдайы.
Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі мемлекеттік су кадастрына енгізілген немесе енгізілуге тиіс барлық су объектілерінің жиынтығын қамтиды. Шекарасы, көлемі мен су режимі бар құрлық беті бедерлеріндегі және жер койнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектілеріне жатады. Олар: теңіздер, өзендер, соларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үсті су объектілері, жер асты сулары бар жер койнауының бөліктері.
Қазақстан Республикасының су зандары мынадай қағидаларға негізделеді:
халыктың өмірі мен қызметінің негізі болып табылатын сулардың мемлекеттік маңызын мойындау;
халықты ауыз судыңқажетті мөлшерімен және кепілді сапасымен бірінші кезекте қамтамасыз ету;
халықтың суға әділ және теңдей кол жеткізуі;
су алуды азайтуға және судың зиянды әсерін кемітуге мүмкіндік беретін қазіргі замаңғы технологияларды игеріп, кешенді және ұтымды су пайдалану;
су объектілерін оларды қорғаумен коса кешенді пайдалану;
арнайы су пайдаланудың акылылығы;
7)Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзуданкелтірілгензалалды өтеу;
8)Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғандық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы;
9)су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі міндеттердішешудегіжариялылық және оларға жұртшылықты тарту;
Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйі туралы ақпараттың қолжетімділігі;
Халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың негізінде трансшекаралық суларды пайдалану.
Су объектілері, су шаруашылығы құрылыетары және су қорының жерлері су қатынастарының объектілері болып табылады.
Су объектілері келесі түрлерге бөлінеді:
1) жер үсті су өбъектілері. Олардың қатарына су айдындары -өзендер және соларға теңестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа ішкі су айдындары, аумақтық сулар, мұздықтар, батпақтар жатады. Жер үсті су объектілері жер үсті суларынан, олардың түбінен және жағалауынан тұрады.
2) жер асты су объектілері. Жер асты су объектілеріне мыналар жатады: су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектері мен кешендері, жер асты суларының бассейні, жер асты сулары орындары мен учаскелері, жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы, жер қойнауының суландырылған учаскелері.
3)Қазақстан Республикасының теңіз сулары. Қазақстан Республикасының теңіз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий және Арал теңіздерінің сулары жатады.
4)трансшекаралық сулар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгілейтін және (немесе) қиып өтетін жер үсті және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады. Трансшекаралық суларды пайдалану мен корғау тәртібі Су кодексімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңдарымен жене Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен белгіленеді.
Пайдалану түрлеріне қарай су объектілері:
ортақ пайдаланудагы су объектілері. Егер Қазақстан Республикасының заңдарыңда өзгеше көзделмесе, барлық су объектілері ортақ пайдаланудағы объектілер болып табылады.
бірлесіп пайдаланудағы су объектілері. Жеке немесе занды тұлғаларға толық немесе ішінара бірлесіп пайдалануға берілген су объектілері бірлесіп пайдаланудағы су объектілері болып табылады. Бірлесіп пайдаланудағы су объектілерін пайдаланған кезде ағын судыңтөменгі жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделері бірінші кезектеқанағаттандырылады. Бірлесіп пайдаланудағы су объектілерін пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделерді ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бір-біріне зиян келтірмеуге міндетті
оқшау пайдаланудағы су объектілері. Жеке немесе занды тұлғаларға толық немесе ішінара оқшау пайдалануға берілген су объектілері окшау пайдаланудағы су объектілері болып табылады.
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектілері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде орналасқан суобъектілерін құру тәртібі, қорғау және пайдалану режимі, сондай-ақоларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы зандарыменбелгіленеді.
ерекше мемлекеттік манызы бар су объектілері болып бөлінеді. Қоршаған орта мен аймак экономикасына басым ыкпал ететін және шаруашылық қызметті реттеудің ерекше күқықтык режимін талап ететін жаратылысы табиғи су объектілері ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері деп танылады.
Су объектілерінің, су қоры жерлерінің айналымына, сондай-ақ олар орналасқан су объектілері мен жерлердің иеліктен шығарылуына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін болатын сатып алуға, сатуға, кепілге беруге және басқа да мәмілелер жасасуға жол берілмейді. Су айдындары (өзендер және олармен теңдестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерінде орналасқан, ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер су қорының жері деп танылады. Су айдындары (өзендер және олармен тендестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жері, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер мемлекет меншігінде болады.
Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (суару және кәріз жүйелері) алып жатқан су коры жерінің құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші бір субъектінің жер учаскесіне қызмет ететін ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар жекешелендірілген жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде болуы мүмкін.
Жеке және занды түлғаларға су объектілерін пайдалану құқығын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісімі бойынша табыстайды.
Жеке және занды тұлғаларға су объектілері:
қысқа мерзімді пайдалану. Қысқа мерзімді пайдалану құқығы бес жылға дейінгі мерзімге табысталады.
ұзақ мерзімді пайдалану. Ұзақ мерзімді пайдалану құқығы бес жылдан қырықтоғыз жылға дейінгі мерзімге табысталады.
Су объектілері пайдалануына берілген жеке және занды тұлғалар су объектілерін пайдалану құқығына билік ете алмайды.
Су пайдалану ортақ, арнайы, оқшау, бірлескен, бастапқы, қайталама, тұрақты және уақытша болып бөлінеді.
Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе занды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады. Ортақ су пайдалану құқығы азамат үшін ол туған кезден бастап туындайды және қандай жағдайда болмасын оны одан айыруға болмайды. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Арнайы су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасыныңзаңдарында белгіленген тәртіппен берілген рұқсат алынған кезден бастап туындайды. Халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға деген қажеттіктерін қанағаттандыру үшін, сондай-акөнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды ағызу үшін мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:
суды жер үсті және теңіз суларылған механикалық және өз бетімен ағызу жолымен алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;
жер үсті және теңіз суларына өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, коллекторлық-сорғыту, нөсер және басқа да ағынды суларды ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;
ағынды суларды суармалау, булану, сүзгілеу алқаптарына және жергілікті рельефке бұруға арналған құрылыстарды;
бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (оның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);
гидравликалық электр станцияларын;
сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақсуды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;
суармалау, суландыру, суармалау-суландыру және құрғатужүйелерін;
жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар үшін, оныңішінде жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;
ағынды суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған суағызу құрылыстарын (ұңғылар, құдықтар, шахталар); шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кенқазындыларының су бұру кұрылыстарын;
су деңгейін мәжбүрлі төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алуға арналған өздігінен шығатын ұңғыларды, шахта кұдықтарын, шегендеу көздерін және басқа да шағын құрылыстарды;
өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық сорғыту және басқа да ағынды суларды, технологиялық ерітінділерді жер асты су тұтқыш жиектерге және тау-кен жыныстары қуыстарына ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;
көмірсутегі шикізатын өндіру кезінде қыртыс қысымын сақтауға және қатты пайдалы қазбалардың кен орнын игеру кезінде жер астын шаймалауға арналған айдауыш ұңғыларды;
судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тікелей су объектісінен алып немесе алмай, жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайысу пайдалануға жатады.
Оқшау су пайдалану. Су объектілерін немесе олардың бір бөлігін бір жеке немесе занды тұлғаға пайдалануға берген кезде окшау су пайдалану кұқығы туындайды. Оқшау су пайдалануға берілген су объектілерінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілеген шарттармен ортақ су пайдалануға рұқсат етіледі. Оқшау су пайдалануды жүзеғе асыратын су пайдаланушы, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілдіоргандарының шешімдерінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға міндетті.
Бірлесіп су пайдалану құқығы су объектілерін немесе олардың бір бөлігін бірнеше жеке және (немесе) занды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды. Бірлесіп су пайдалану кезінде бірінші кезекте халықты ауыз сумен жабдықтаумен айналысатын су пайдаланушылардың мүдделері, сондай-ақ су аяғында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделері қанағаттандырылады.
Бірлесіп су пайдалануға берілген су объектілерінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілеген жағдайлармен ортақ су пайдалануға рұқсат етіледі.
Бастапқы және қайталама су пайдалану. Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және занды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болыптабылады.
Бастапкы су пайдаланушыдан шарт негізінде су алатын жеке және занды түлғалардың су пайдалануы қайталама су пайдалану болып табылады. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су беру мақсаты және оны пайдаланудың негізгі талаптары көрсетіліп, бастапқы су пайдаланушы үшін белгіленген лимит шегінде қайталама су пайдаланушыға кесте бойынша су беруге кепілдік беріледі.
15 тақырып. Босалқы жерлердің құқықтық тәртібі.
Жоспар:
1.Босалқы жерлердің түсінігі мен құрамы.
2.Босалқы жерлерді мемлекеттік басқару.
3.Босалқы жерлердің құқықтық тәртібі.
4.Босалқы жерлерді пайдалану.
Негізгі ұғымдар: босалқы жерлер, босалқы жерлерді мемлекеттік басқару, босалқы жерлерді пайдалану.
1. Босалқы жерлердің түсінігі, жалпы сипаттамасы. Босалқы жерлерді беру және пайдалану тәртібі.
Меншікке немесе жер пайдалануға берілмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады.
Ядролық қару сынақтары жүргізілген жер учаскелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен босалқы жер құрамына ауыстырылады. Аталған жердің құқықтық режимі осы Кодекстің 143-бабына сәйкес айқындалады.
Босалқы жер оны басқа санаттарға ауыстырғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің қажеттері үшін және өзге де мақсаттар үшін меншікке немесе жер пайдалануға беріледі.

Қолданылатын әдебиеттердің тізімі:


1. Байдельдинов Д.М. Экологическое законодательство Республики Казахстан (проблемы совершенствования, перспективы развития). Алматы: Жеті жарғы, 1995. 188 бет.
2. Бектурганов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары.
Алматы: Жеті жарғы, 1997. 240 бет.
3. Еренов А.Е., Мухитдинов Н.Б., Шъяшенко М.Л Предмет и система советского земельного права. Алма-Ата: Наука, 1981. 207 бет.
4. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. Алматы, 2001.
5. Абдраимов Б.Ж. Земельное законодательства и судебная практика. Алматы, 2002.
6. Айгаринова Г.Т. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жер
төлемдері. Оқу құралы. Алматы: Юрист, 2008. 163 бет.
7. Вещные права в Республике Казахстан / Под ред. М.К.Сулейменова. Алматы: Жеті жарғы, 1999. 360 бет.
8. Дусипов Е.Ш. Жерге жеке меншік құқығының негіздері: Заң ғыл. канд. дне. автореф. Алматы, 2001. 25 бет.
9. Ерәли Ә. Жер меншігінін құқықтық негіздері. Алматы: Шартарап, 1996. 51 бет.
Негізгі нормативтік құқықтық актілер тізімі
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. 30 тамыз//Юрист анықтама жүйесі.
2.Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 2003, 20 маусым // Юрист анықтама жүйесі.
3.Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 2007 жылғы 9 каңтар // Ресми басылым.
4.Қазақстан Республикасының Орман кодексі. 2003 жылғы 8 шілде // Юрист анықтама жүйесі.
5.Қазақстан Республикасының Су кодексі. 2003 жылғы 9 шілде // Юрист анықтама жүйесі.
6.Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы // Егемен Қазақстан. 2006,21 шілде.
7.Қазақстан Республикасынын «Теміржол көлігі туралы» Заңы. 2001 жылғы 8 желтоқсан// Юрист анықтама жүйесі.
8.Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңы. 2001 жылғы 17 шілде //Юрист анықтама жүйесі.
9.Қазақстан Республикасының «Қорғаныс және Қарулы күштері туралы» Заңы. 1993 жыл, 9 сәуір // Юрист анықтама жүйесі.
10.Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңы. 1999, 18 мамыр // Юрист анықтама жүйесі.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Заңы
Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213 Заңы
"Жеке қосалқы шаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 желтоқсандағы N 1331 Қаулысы
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет