Перейти к файлу


Лекция. Экологиялық және жер құқығы негіздері - 2 сағат



бет7/8
Дата22.01.2020
өлшемі164.42 Kb.
#447855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Лекция ЖЕР құқығы

Лекция. Экологиялық және жер құқығы негіздері - 2 сағат


Мақсаты:Қоршаған орта мен жер қойнауына заңға сәйкес қатынасуды үйрету

Түйінді сөздер:Экология, табиғат, су көздері, жер қойнауы, ресурс

Қаралатын сұрақтар:

1. Экологиялық құқығының пәні, әдісі, жүйесі.

2. Экологиялық заңдардың жалпы сипаттамасы

3. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік

4. Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздері

 

1. Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелік салаларының негізгі тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар болып табылады. Мысалы экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысында «экология», «қоршаған орта», «қоршаған ортаны қорғау», «табиғи ресурстар», «табиғат пайдалану» т.б. осы сияқты атауларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың негізгілерінің мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады.

Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнест Геккель (1834-1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта – табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді. Қоршаған ортаның ластауы – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің, және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері. Сондықтан адамзаттан табиғатты барынша тиімді, сапалы, үнемділікпен пайдалану талап етіледі. Ал табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Табиғи ресурстар бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын өзге құрамдас бөліктері.

Экологиялық құқықтық нысаны (объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатын пәні: 1) қоршаған табиғи ортаны қорғау; 2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану; 3) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады. Экологиялық құқықтар әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалық және теориялық жағынан игерудің амал-айлаларының жиынтығы. Әдетте құқықтық нормалардың орындалуы үшін адамдардың мінез-құлығына әсер етудің әкімшілік-құқықтық және азаматтық құқықтық әдістері қолданылады. Аталған әдістер экологиялық құқық саласында да пайдаланылады.

Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады.

2. Экологиялық құқықтық нормативтік актілердің ішінде халықаралық құқықтық нормативтік актілер ерекше орын алады. Олар ҚР заңдарынан заңдық күші жағынан жоғары. ҚР Конституциясының 4-бабы 3-тармағында «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қоданылады» делінген. ҚР Конституциясының 6-бабы 3-тармағы: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін». ҚР Конституциясының 31-бабы 1-тармағы: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды». ҚР Конституциясының 38-бабы: «ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті». Адамдар өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяаттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Климаттың өзгеруі жөніндегі Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 1992 жылы 11 маусымда қол қойылған БҰҰ-ның Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылғы 12 наурыздағы ҚР Президенті Жарлығымен, 1997 жылы 11 желтоқсанда климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның Үлгілік конвенциясына қосымша Киото хаттамасына (Жапония) Қазақстан қол қойды. 1985 жылы 22 наурызда Венада (Австрия) озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қол қойылған еді. «ҚР озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қосылуы туралы» 1997 жылғы 30 қазандағы ҚР Заңына сәйкес Қазақстан осы конвенцияға қосылды. 1997 жылғы 30 қазандағы ҚР заңы бойынша Қазақстан «ОҚБ заттар туралы» Монреаль хаттамасына қол қойды. 2003 жылы 10 ақпанда Қазақстан «Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды бақылау туралы» Базель конвенциясына қосылды. 1991-2005 жылдар аралығында Қазақстан барлығы 20-ға тарта экологиялық сипаттағы әртүрлі халықаралық нормативтік құқықтық актілерге қол қойды. Бұл аталған халықаралық құқықтық нормалардың барлығы ҚР заңдарынан заң жағынан күші жоғары.

Егемендік пен Тәуелсіздік жарияланған уақыттан бастап ҚР-да қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды. Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптамалар туралы» Заңдар, ал 2002 жылы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы – ОрманСу және Жер кодекстері қабылданды. 2007 жылы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.

Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындату және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. ҚР 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдың ұлттық жоспарларын әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды.



3. Заңды жауаптылық дегеніміз құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін құқық бұзушыға қолданылатын, белгілі бір мүліктік және жеке сипаттағы зиян шектіретін мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық дегеніміз мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы құзыретті, құқық қорғау органдары және басқа да құзыретті субъектілер мен экологиялық құқық бұзушының арасындағы сол бұзушыға жаза қолдану жөніндегі қарым-қатынас.

Тәртіптік жауаптылық.Тәртіптік жауаптылық еңбек саласы, қызмет бабы, лауазым дәрежесімен тығыз байланысты. Экологиялық құқық бұзушылық немесе қоршаған ортаға бағытталған теріс қылығы үшін қызметкерге жаза түрінде қолданалатын санкцияны тәртіптік жауаптылық дейміз. Сондықтан тәртіптік теріс қылық деп қызметкердің кінәсінен оған жүктелген қызметтік міндеттердің дұрыс орындалмауын не мүлде орындалмауын айтамыз. Сондықтан, жұмыс беруші қызметкерге қызмет, шарт бойынша өзінің қоршаған ортаға байланысты қызметтік міндетін орындамағаны үшін оған тәртіптік жазалар қолданылады. ҚР 1999 жылғы 10 желтоқсандағы «Еңбек туралы» Заңының 94-бабына сәйкес тәртіптік жазалардың 4-түрі қоданылды: 1) ескерту жасау; 2) сөгіс беру; 2-1) қатаң сөгіс беру; 3) осы Заңның 26-бабының 9)-12) тармақшаларына сәйкес жеке еңбек шартын бұзу.

Егер экология саласында теріс қылық жасаушы мемлекттік қызметкер болса, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызметкер туралы» Заңның 28-бабына сәйкес төмендегідей тәртіптік жазалар қодланылады: 1) ескерту жасау; 2) сөгіс беру; 3) қатаң сөгіс беру; 4) қызметіне толық емес сәйкес келетіндігі туралы ескерту; 5) қызметінен босату.

Тәртіптік жаза қолдану үшін қызметкерден міндетті түрде жазбаша түсініктеме алнады. Жаза тағайындау туралы бұйрық қызметкерден қолхат алу арқылы жарияланады. Жаза 1 ай өтпей тағайындалады.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін материалды жауаптылық.Қоршаған ортаға келтірілген зиян, әсіресе мүліктік нұқсанды қызметкер белгіленген мөлшерде және тәртіп бойынша орнына толтыру керек. Материалды жауаптылықтың: толық және шектелген сияқты екі түрі бар. Толық материалды жауаптылық егер қызметкерге толық материалды жауаптылық міндеттелсе, ішімдіктің, нашаның әсерімен жасаса, тікелей оның кінәсі бойынша қоршаған ортаға зиян, нұқсан келтірілсе, егер кәсіпорын сотқа шағымданған жағдайда сот шешімімен тағайындалады.

Шектелген материалдық жауаптылық кәсіпорын басшысының шешуімен, айлық орташа еңбекақы көлемінен аспайды.

Ұжымдық материалдық жауаптылық әрбір қызметкердің материалды жауаптылығын анықтау мүмкін болмаған және жазбаша шарт ұжыммен жасалғанда қолданылады.

Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы әкімшілік жауаптылық. (ҚР ӘК, 30.01.01.) Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделеген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

Әкімшілік экологиялық құқық бұзушылық деп экологиялық құқықтық тәртіпке, халықтың өміріне, денсаулығына, экологиялық қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға нақты қауіп төндіретін, әкімшілік жауаптылық қарастырылған құқыққа қарсы, кінәлі әрекетті не әрекетсіздікті айтамыз. Әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылыққа 16 жасқа толған азаматтар тартылады. ҚР Әкімшілік кодексінің 45-бабына сәйкес экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның 10 түрі қолданылады: 1) ескерту жасау; 2) әкімшілік айыппұл салу; 3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою; 4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу; 5) арнаулы құқықтан айыру; 6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру немесе оған тыйым салу; 8) өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; 9) әкімшілік қамауға алу; 10) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР шегінен әкімшілік жолмен кетіру.

4. Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі. Жер құқығының қайнар көздері. Жер құқық қатынастары. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар. Жер санаттары. Жер ресурстарын басқару. Жер дауларын шешу. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Бақылау сұрақтары:

1.Экологиялық құқық дегеніміз не?

2.Экологиялық құқықтың жүйесі және пәні?

3.Экологиялық құқықтың қанша әдісі бар?

4. Экологиялық құқықтың қағидалары?

5. Экологиялық құқық саласының негізгі қызметтері қандай?

6. Экологиялық қатынастар дегеніміз не?

7. Экологиялық қатынастар объектілері дегеніміз не?

8.Экологиялық қатынастар субъектілеріне не жатады?

9. Экологиялық заңнама дегеніміз не?

10. Экологиялық құқықтың қайнар көздері

11. Экологиялық заңнаманың қандай қағидалары бар?

12. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы қандай?

13. Экологиялық Зиянның түсінігі мен түрлері?

14. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз не?

15. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің қандай түрлері бар?

16. Экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершіліктің қандай түрлері бар?

17. Экологиялық құқық бұзушылық үшін азаматтық жауапкершіліктің қандай түрлері бар?

18. Экологиялық құқық бұзушылық үшін қылмыстықжауапкершіліктің қандай түрлері бар?

19.Жер құқығының пайда болуының жалпы мінездемесі

20.Жер қатынастарының жер құқығының пәні ретіндегі түсінігі және ерекшеліктері

21.Жердің құқықтық реттеудің объектісі ретіндегі түсінігі және ерекшеліктері.

22.Жер құқығының түсінігі,қағидалары,әдістері

23. Жер құқығының азаматтық,экологиялық,аграрлық және басқа да құқық салаларымен байланысы.

24. Жер құқығының жүйесі

25. Жер құқығы құқық саласы,заң ғылымының саласы,оқу пәні ретінде.

26.Нарыққа өту кезіндегі жер құқығының даму үрдітері (тенденциясы)

27. Жер құқықтық нормаларының түсінігі және түрлері

28. Жер құқықтық нормаларының қолдану механизмі

29. Жер құқық қатынастарының түрлері

30.Жер құқық қатынастарының субъектілері,объектілері,мазмұны

31. Жер құқық қатынастарының пайд болуы, өзгеруі, жойылу негіздері

32. Жер құқық қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері,жүйесі

33.Қазақстан Республикасының Консититуция және заңдар жер құқығының қайнар көздері ретінде.

34.Заңға негіз нормативтік актілер жер құқығының қайнар көздері ретінде.

35 .Қазақстан Республикасының жер кодексі жер құқығының қайнар көзі ретінде

36Сот тәжірибесінің жер қатынастарын реттеудегі орны.

37 Жерге меншік құқығы және өзге де заттық құқықтардың түсінігі және ерекшеліктері

38.Жерге учаскесіне меншік құқығының және өзге де заттық құқықтарының объектісі ретінде.Жер учаскесінің түрлері.

39. Жер учаскесіне ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану.

40. Жер учаскесіне құқықтық және онда орналасқан жер учаскесіне құқықтық арақатынасы.

41.Бөлінетін және бөлінбейтін жер учаскесі

42. Жер учаскесіне кондоминиумның түсінігі

43. Жер учаскесін бөлудің тәртібі және жағдайлары

44.Жер учаскесіне келтірілген шығынды өтеудің негіздері

45.Жерге меншік құқығының және басқа да заттық құқықтардың түрлері,мазмұны,субъектілері,объектілері.

46.Жер учаскесіне меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың құқықтары мен мәіндеттерінің түсінігі мен жалпы мінездемесі.

47.Жер учаскесіне меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың құқықтаыры ман міндеттері.

48.Жерге жеке меншік шектері.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы, заң әдебиеті, 2009

2. Байділдинов Д. Л. ҚР экологиялық құқығы -Алматы: Қазақстандағы СҚЗҚҚ “Интерлигал” баспа орталығы, 2005 ж

3. Ашитов З.О. , Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері – Алматы: Жеті жарғы, 2003.

4. Қазақстан Республикасының “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңы, Алматы. Юрист, 2004 ж.

5. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері Алматы 2001 ж

6. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқу құралы. ҚазМСКА. Алматы. 2001 ж

7. Бродский А.К:Жалпы экология. –Алматы, Ғылым, 1997 ж.

8. ҚР экологиялық кодексі. Астана, 2007 ж

9. Қазқстан Республикасының Конституциясы 30. 08. 1995 ж (өзгертулер мен толықтырылулар) Астана:Елорда,2011

10 Экология және қоршаған ортаны қорғау Ұ.Б. Асқарова (Алматы, 2007 ж)

11.Үпішев Е.М.Табиғатты пайдалану.Оқулық.- Алматы, 2006

12. Иштаев Ф. Қ. Экология:оқу құралы.- Астана : Фолиант, 2008 ж

13. Қала мен Дала газеті, Экологияның өзекті мәселелері атты мақала, 2004 ж. 26 мамыр.

14. Мұқаұлы С. Қоршаған ортаны қорға. Оқулық. – Алаты, 2006

15. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин Құқықтану Алматы 2006ж

16. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері: оқу құралы- Алматы: Жеті жарғы, 2006

17. Стамқұлұлы Ә. ҚР Экологиялық құқық: Оқулық.- Алматы: Жеті жарғы , 1995.

18. ҚР қылмыстық кодексі. Астана, 2007 ж.

19. Степанов Ю.А. Экологическое право.- М.:2001г

20. Қала мен Дала газеті , Экологияың өзекті мәселелері атты мақала, 2004 ж. 26 мамыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет