Перейти к файлу



бет3/8
Дата22.01.2020
өлшемі164.42 Kb.
#447855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Лекция ЖЕР құқығы

Қауымдық сервитуттар:
- ортақ пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және өзге де ғибадат объектілеріне жер учаскесі аркылы жаяу немесе көлікпен өту;
- жер учаскесін коммуналдык, инженерліқ, электр және басқа да желілер мен тораптарды, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану;
- жер учаскесінде межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру;
- су алу және суат;
- жер учаскесі арқылы мал айдап өту;
- жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану;
- іздестіру, зерттеу және басқа да жұмыстар жүргізу мақсатында жер учаскесін уақытша пайдалану;
- жағалау белдеуіне еркін өту;
- мемлекеттік органдардың шешімімен жер учаскесін мәденикөпшілік іс-шаралар өткізуге пайдалану;
- қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге байланысты өзгеде жағдайлар үшін белгіленуі мүмкін.
Сервитуттың тоқтатылуы:
Құқык иесінің бас тартуы;
Ұзақ уақыт пайдаланылмауы, бұл мерзім 3 жылдан артық уақытқа белгілеген;
Оның белгіленген мерзімінің өтуі нәтижесінде;
Тараптар арасындағы келісім негізінде;
Сот шешімі негізінде;
Қазакстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатылады.
Қауымдық сервитут қоғамдық қажеттер үшін белгіленіп, ол қажеттер болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның сервитутты жою туралы шешім қабылдауы арқылы тоқтатылуы мүмкін. Сервитуттың қолданылуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде көзделген негіздер бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылады. Сервитут белгілі бір мерзімге белгіленген жағдайларда, егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, оның қолданылуы белгіленген мерзім аяқталған соң тоқтатылады. Сервитут шарт негізінде талап етілетін кезге дейін немесе белгісіз мерзімге белгіленген жағдайларда сервитуттың қолданылуы сервитутпен ауыртпалык салынған жылжымайтын мүлік иесінің сервитутты тоқтату туралы талап еткен кезінен бастап бір ай мерзім өткен соң тоқтатылады.
5-тақырып. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.
Жоспар:
1.Жер қатынастарын мемлекеттік бақылау ұғымы.
2.Жер қатынастарын мемлекеттік бақылау түрлері.
3.Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің қызметтері.
Негізгі ұғымдар: мемлекеттік бақылау, мемлекеттік реттеу, мемлекеттік реттеу қызметі.
1. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу дегеніміз – ҚР аумағының жер тұтастығын және қол сұғылмаушылығын жерді табиғат байлығы ретінде сақтау, оны нысаналы пайдаланудың жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған биліктік-атқарушылық қызмет түрі болып табылады. Бұл қызметтің келесідей ерекшеліктері бар:
Бұл қызмет мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Мемлекет атынан құзіретті мемлекеттік органдар қызмет жасауға құқылы.
Бұл қызмет әрқашанда билікті, себебі жер ерекше объект, ол жердің аумағы табиғат байлығы, меншік объектісі және кез-келген қызметтің аумақтық негізі.Мемлекет билігін тек заң ғана шектей алады, сонымен қатар, -нарықтық жағдайда мемлекет экономикалық ынталандыру әдістерін көбірек қолданады.
Мемлекеттік басқару функциялары – бұл басқару қызметінің мақсатымен анықталатын басқару қызметінің дербес және жеке бағыттары.
Атқарушы билік органдары атқарушы-бұйырушы қызметті жүзеге асырады. Оның мәні – мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларының орындалуын тікелей, күнделікті ұйымдастыру.
Мемлекеттік басқару функцияларының мынадай түрлері болады:
– жалпы;
– арнайы;
– қосалқы.
Жалпы функциялар кез келген әлеуметтік басқару субъектілері мен объектілері  арасындағы  басқарушылық сипаттағы өзара әрекет етуде орын алады және кез келген басқарушылық ықпал ету  процестерінде болады.
Оларға мыналар жатады:
болжау – алынған мәліметтер мен ғылыми жетістіктердің нәтижесінде  қандай да бір оқиғалар немесе процестердің дамуындағы өзгерістерді алдын ала көру. Бұл функцияның  басқарудағы барлық функциялардың табысты орындалуына  маңызы зор;
жоспарлау, алдын ала болжап жоспар жасауды айтуға болады;
ұйымдастыру – бұл басқаратын және басқарылатын жүйелерді қалыптастыру, олар бір басқару жүйесінің құрамды  бөліктері болып табылады. Басқару жүйесінің құрылымын құру, жұмысшыларды тағайындау, олардың  өзара қарым-қатынастарының тәртібін белгілеу, мысалы, ұйымдар мен органдарды құру, қысқарту, тарату, біріктіру және бөлу, олардың бағынушылық функцияларын, құқықтары мен міндеттерін, өзара қарым-қатынастарын, құрылымы мен штаттарын белгілеу,  материалды және ақшалай қаражаттар бөлу, кадрларды таңдау және орналастыру;
реттеу – қандай да бір қызметке тәртіп белгілеу, қандай да бір әрекеттерді жасаудың тәртібін белгілеу немесе оларға жанама жолмен ықпал ету;
ортақ басшылық, басқарушылардың қызметінің бағыты ретінде түсіндіруге болады, ол оның мазмұнынан туындайды, мысалы, нұсқаулар, жарлықтар беру,  ережелерді белгілеу, үйлестіру.
қолма-қол бұйыру – басқарылатын объектілердің қолма-қол қызметтерінде ықпал ететін ағымдағы нұсқауларды беру.
бақылау – басқарылатын объектінің оған алдын ала берілген жағдайына факт жүзіндегі жағдайы сай немесе сай еместігіне анықтау (мемлекеттік басқару органдары басқарылатын объектілерге тексеру жүргізеді, сөйтіп бақылаудағы объектінің қызметіндегі бұзушылықтарды анықтайды, кінәлілерді жауапкершілікке тартады, түзетулер енгізеді);
есепке алу – ресурстардың (адамдар, материалды, ақшалай, шешімді орындау бойынша қызметтердің нәтижелері туралы құжаттардың бары және қозғалысы туралы) бар болуы және шығындары туралы мәліметтерді сандық түрде көрсету.
Арнайы функциялар нақты бір мемлекеттік басқару органының ерекшеліктерін білдіреді, мысалы, техникалық және әдістік   басқару, техникалық бақылау, бақылаудың  ерекше түрлері және т.б.
Қосалқы функциялар басқару ықпалын тікелей көрсетпейді, тек жалпы және арнайы функциялар шегінде басқару процесінде  қызмет көрсетуге арналған, мысалы, ісқағаздар жүргізу, кадрларды дайындау, қайта даярлау,  қаражат бөлу және т.б.
2.Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің түрлері:
1.заң шығарушылық;
2.заң орындаушылық; заң орындалуын қамтамасыз ету қызметі;
3.құқық қорғау қызметі; яғни кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тарту;
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің әдістері дегеніміз – жер қатынастарын мемлекеттік реттеуде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Олар екі топқа бөліненді: әкімшілік және экономикалық. Экономикалық әдістердің өзі өз кезегінде келесі шараларды қамтиды:
- жерді қорғау шараларын жоспарлау және қаржыландыру;
- жерді ластағаны және пайдаланғаны үшін ақы төлеу;
- жер меншік иелерінің мүдделерін сақтандыру; 2004 жылы 09 желтоқсанда өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы заң қабылданды.
- жерді ұтымды нысаналы пайдаланғаны үшін экономикалық ынталандыру;
3.Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің қызметтері дегеніміз – мемлекет тарапынан жер саясатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі бағыттардың жиынтығы. Олар:
1.жер учаскелерін есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу;
2.жерді жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру немесе алып қою;
3.жердің санатын анықтау және жерді бір санаттан екінші санатқа ауыстыру;
4.жерді аймақтарға бөлу және жерге орналастыруды жүзеге асыру;
5.жер мониторингісін жүргізіу;
6.жер төлемдерін алу;
7.жерді қорғау шараларын жүргізу;
8.жерді пайдалану мен қорғау шараларына мемлекеттік бақылау жүргізу;
9.жер дауларын шешу;
10.жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тарту;
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу дегеніміз — Қазақстан Республикасы аумағының жер тұтастығын және қол сұғылмаушылығын жерді табиғат байлығы ретінде сақтау, оны нысаналы пайдаланудың жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың кұқықтары мен заңды мүдделерін жер қатынастары саласындағы зандылықты қамтамасыз етуге бағытталған биліктік атқарушылық қызмет түрі болып табылады. Бұл кызметтің келесідей ерекшеліктері бар:
- Бұл қызмет мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Мемлекет атынан құзыретті мемлекеттік органдар қызмет жасауға құқылы;
- Бұл қызмет әркашанда билікті, себебі жер ерекше объект, ол жердің аумағы табиғат байлығы, меншік объектісі және кез келген қызметтің аумақтық негізі;
- Мемлекет билігін тек заң ғана шектей алады;
- Нарықтық жағдайда мемлекет экономикалық ынталандыру әдістерін көбірек қолданады.
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің нысандары.
- заң шығарушылық жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын зандарды қабылдау кызметі;
- заң орындаушылык, заң орындалуын қамтамасыз ету қызметі;
- құқык қорғау кызметі, яғни кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тарту.
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің әдісі дегеніміз — жер қатынастарын мемлекеттік реттеуде қолданылатын амал - тәсілдердің жиынтығы. Олар екі топқа бөлінеді: әкімшілік және экономикалық.
Экономикалық әдістердің өзі өз кезегінде келесі шараларды камтиды:
- жерді қорғау шараларын жоспарлау және қаржыландыру;
- жерді ластағаны және пайдаланғаны үшін ақы төлеу;
- жер меншік иелерінің мүдделерін сактандыру (2004 жылы 9 желтоқсанда өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы заң қабылданды);
- жерді ұтымды нысаналы пайдаланғаны үшін экономикалық ынталандыру.
Жерді қорғау шараларын жоспарлау және каржыландыру. Экономикаға әсер етудің әдісі болып табылатын жоспарлау — әкімшілік қызмет, қаржылық ынталандыру элементтерін біріктіреді.
Жер реформасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарлық және бағдарламалық - мақсаттық құжаттар мен материалдарда ескеріледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының жоспарлануының жобаларына, ұлттық және мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамаларға қосылады. Мысалы, облыстардың дамуының әлеуметтік - экономикалық жоспарларында жер ресурстарын пайдалану және оларды қорғауға қатысты жағдайлар қарастырылған. Берілген саладағы жоспарлаудың ерекшелігі болып, жер реформасының шараларын жүзеге асыру бойынша арнайы бағдарламаларды әзірлеу табылады.
Жерді ластағаны және пайдаланғаны үшін ақы төлеу. Жерді қорғау үшін ақы төлеу жер төлемдерінің экологиялық құқықтық көрінісі болып танылады. Жердің қоршаған ортаның ажырамас бөлігі болып табылатын табиғи объект екендігін нақты анықтайды. Себебі, жоғарыда қарастырылған жер төлемдерінің түрлері экономикалық сипаттағы. жердің кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі, өндіріс құралы және азаматтық айналымның объектісі екендігін айқындайды. Жерді қорғау үшін төленетін төлемдердің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар: жерді ластағаны үшін ақы төлеу, яғни жерге эмиссияға ақы төлеу; жерді табиғи ресурс ретінде молықтырғаны үшін ақы төлеу; жерге келтірілген зиянның орнын толтыру т.б.
Жерді ластағаны үшін (эмиссия) үшін төлемақы. Жерді ластағаны үшін төлемақы жерге өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдар мен азаматтардан алынады. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу мәселесі анықталған. Жердің қоршаған ортаның бір бөлігі екенін ескере отырып, Экологиялық Кодекс нормаларының жерді ластағаны үшін ақы төлеуқатынастарын реттеуге таралатыны анық. Жерді ластағаны үшін ақы төлеу дегеніміз - арнайы уәкілетті органдармен берілген рұқсат шегінде ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету үшін төленетін есептеу әдістемесін қолдана отырып анықталатын төлемақы. Жерді ластау қоршаған ортаны корғау министрлігімен және оның аумақгық органдарымен берілетін экологиялык рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.
2. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарыныц жүйесі. Жер қатынастарын реттейтін мемлекеттік органды бірнеше топқа бөлуге болады:
Жалпы құзыреті бар органдар. Олардын қатарына: Президент, Парламент, Үкімет, жергілікті өкілді
Арнайы кұзыреті бар органдар. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіЭнергетика министрлігіЖер қойнауын пайдалану департаменті
Инвестициялар және даму министрлігіГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІ
Жер қойнауын пайдалану департаменті
Функционалды құзыреті бар органдар. Бұларға келесі органдар жатады:, құқық корғау органдары, Прокуратура органдары, Сот органдары, салықоргандары.
Атқарушы орган Жоғарғы, орталық және жергілікті болып бөлінеді
Жоғарғы атқарушы органға ҚР Үкіметі жатады
Орталық атқарушы орган 13 министрліктерден тұрады
Ішкі Істер министрлігіДенсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлігіСыртқы істер министрлігіМәдениет және спорт министрлігіҚорғаныс министрлігіБілім және ғылым министрлігіИнвестициялар және даму министрлігіҰлттық экономика министрлігіҚаржы министрлігіАуыл шаруашылығы министрлігіЭнергетика министрлігіӘділет министрлігіҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігіТікелей жер қатынастарын реттейтін министрліктерге
Инвестициялар және даму министрлігіГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІ
Жер қойнауын пайдалану департаменті
Ауыл шаруашылығы министрлігіВетеринарлық бақылау және қадағалау комитеті
АӨК мемлекеттік инспекция комитеті
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Су ресурстары комитеті
Су және биологиялық ресурстары департаменті
Энергетика министрлігіЖер қойнауын пайдалану департаменті
Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығы.
Комитет:      1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан;      2) Лицензиялау мен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасынан;      3) Жобалау жұмыстары басқармасынан;      4) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасынан;      5) Техникалық реттеу және нормалау басқармасынан;      6) Сәулет, қала құрылысы және қала құрылысы кадастры басқармасынан;      7) Тұрғын үй құрылысы және жаңа құрылысқа инженерлік- коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасынан;      8) Қаржы институттарымен жұмыс басқармасынан;      9) Тұрғын үй қорын дамыту және тұрғын үй қатынастары басқармасынан;      10) Сумен жабдықтау және су бұру басқармасынан;      11) Коммуналдық шаруашылық басқармасынан;      12) Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық қызметті мемлекеттік бақылау басқармасынан;      13) Мемлекеттік жер кадастры басқармасынан;      14) Жерге орналастыру, жер қатынастары мен геодезияны дамыту басқармасынан;      15) Геодезия және картография басқармасынан;      16) Ішкі әкімшілендіру басқармасынан;      17) Персоналды басқару қызметінен (кадр қызметі);      18) Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасынан;      19) Мемлекеттік сатып алу басқармасынан;      20) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасынан тұрады.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласында бақылау және іске асыру функцияларын, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау саласында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.     3. Комитет - ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры (бұдан әрі - Кадастр) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.      Кадастрды жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - кадастрды жүргізетін кәсіпорындар) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығы
      Кадастрды жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:      1) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгілеу;      2) жер пайдалануды қалыптастыру мен ретке келтіру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерді рекультивациялау жобаларынжасау, жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;      3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;      4) жерді түгендеуді жүргізу жатады. Жер мониторингін ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің жүзеге асырады.
6-тақырып. Жерге орналастыру, жер мониторингі мен жер кадастры.
Жоспар:
1.Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны және тәртібі.
2.Жер мониторингін жүргізу тәртібі мен мақсаты.
3.Жер кадастры.
Негізгі ұғымдар: кадастр, мониторинг, жер кадастры, жер мониторингі, жерге орналастыру.
1.Қазақстан Республикасы жер кодексінің 149-бабына сәйкес, жерге орналастырудың мақсаттары мен мазмұны:
- жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған, ҚР жер заңдарын сақталуаны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесі болып табылады.
- Жерге орналастыру меншік нысанына қарамастан және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан барлық санаттағы жерлерде жүргізіледі.Жерге орналастыру жер қорын басқаруға байланысты мемлекеттік қызметтің бағыттарының бірі. Жерге орналастыру құрамын жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жүйесін құрайды.Жерге орналастыру экономикалық аспект ретінде жер өндіріс құралы және халық шаруашылығының салаларының объектілер орналастыратын аумақтық базисі ретінде жерді ұйымдастыру.Жерге орналастыру құқықтық аспект ретінде - жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын жүзеге асырудың шарттарын анықтайды.Жерге орналастырудың техникалық аспектісі жобалау, іздестіру, зерттеу және түсіру т.б. ҚР жер ресурстарын басқару агенттілігі жүзеге асырады.
Жерге орналастыру жұмыстары 5 шілде 1997 жылы қабылданған ҚР Үкіметінің «ҚР Жерге орналастыру жүргізудің тәртібі туралы» ережеге сәйкес жүргізіледі.
Жерге орналастыру процессінің кезеңдері:
- Жерге орналастыру әрекеттері өндірісін қозғау;
- Дайындық жұмыстары;
- Болжауларды, сызбаларды, жерге орналастыру жобаларын өңдеу;
- Жобаны жерге көшіру;
- Жерге орналастыру құжаттарын рәсімдеу және беру;
- Жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге орналас-тыру жобаларының орындалуын бақылау.
Жер мониторигісі – жер қорын мемлекеттік басқарудың негізгі бастаушы элементі.Жер мониторигісі болып жатқан өзгерістерді уақытылы анықтау оларды бағалау одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процесстерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық жедел мерзімді байқау жүйесін білдіреді.Жер мониторигісі мақсаттары, міндеттері, құрылымы оның жүзеге асырылу тәртібі 19 қыркүйек 2003 жылғы ҚР Үкіметінің қаулысымен реттеледі.Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жер мониторингісін жүргізу бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылады.Мемлекетаралық және халықаралық жер мониторигісін қаржыландыру ҚР басқа мемлекетпен жасаған шарттармен келісімдерге сәйкес жүргізіледі.
2. Жер мониторингісінің міндеттері:
- жер жай-күйінің өзгерістерін уақытылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процесстерді болдырмаумен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпаратпен қамтамасыз ету.
Жер мониторигісін жүргізу барысында жердің сапалық жағдайына әсер ететін келесідей процесстер анықталады:
1.Эволюциялық (дамудың табиғи тарихи процестерімен байланысты);
2.Кезеңдік (күндік, мезгілдік және басқа да сипаттағы өзгерістер);
3.Антропогендік (адам қызметімен);
4.Төтенше жағдайлар (экологиялық апаттар);
Жер мониторингісі ақпараттық қайнар көзіне бақылаудың, зерттеудің, инвентаризациялаудың нәтижелері, архивтік мәліметтер және жер сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жатады. Жер мониторингісін объектісі – меншік нысанына, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық ҚР жері танылады.
3. Жер кадастры.
Жер мониторигісінің мәліметтері мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің қажетті ақпараттық негізін құрайды.
Мемлекеттік жер кадастры - ҚР жерінің табиғи шаруашылық жай-күйі, жер учаскесінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланушыларды есепке алу мен жер учаскесінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажеті мәліметтердің жиынтығы.
Жер кадастырың негізгі мақсаты – жер қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету. Жерге заттық құқықтардың азаматтық айналымы жерге меншік құқық жағдайында жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.
Жер туралы мәліметтер арнайы базалық құжаттармен реттеледі. Базалық құжаттарға келесілер жатады:
жер учаскесінің жер кадастрылқ ісі;
мемлекеттік жер кадастрының кітабы;
жер кадастрының картасы;
Жер учаскесінң жер кадастрылқ кітапқа жазба енгізілгеннен кейін оған жеке елдің аумағына қайталанбайтын нөмір беріледі. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері басқару, экологиялық шаруашылық және кәсіпкерлік қызмет саласында пайдаланылады. Кадастрлық мәлімет шынайы объективті болуы үшін келесі қағидалар сақталуы тиіс:
1.Мемлекеттің жер қорын түгелдей қамту;
2.Жер кадастрын жүргізудің үздіксіздігі;
3.Жер кадастрының әдістемелік негіз бірлігі;
4.Жер кадастрын жүргізу органдарының бірыңғай жүйесінің болуы;
Жер кадастрының мәліметтері келесі жағдайларда қолданылады:
1.Жер учаскелерін беру және алып қою;
2.Жер учаскесімен мәміле жасау;
3.Жерге төлем мөлшерін анықтау;
4.Құқықтық басқа кадастрды жүргізу үшін.
7-тақырып. Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері.
Жоспар:
Жер учаскелерін беру тәртібі
2.Жер даулары.
3. Жерді қорғау және оның мақсаттары.
Негізгі ұғымдар: аймақ, аймақтарға бөлу, дау, жер даулары, жерді қорғау.
 1. Мемлекеттік меншіктегі жерден, сондай-ақ 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерден жер учаскесіне құқық беру мынадай тәртіппен жүргiзiледi:      1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;      2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;      3) жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде);      4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындауы;      5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;      7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;      8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;      9) елді мекен шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет