Перейти к файлу


Дәріс. Тақырыбы: Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары



бет8/8
Дата22.01.2020
өлшемі164.42 Kb.
#447855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Лекция ЖЕР құқығы

Дәріс. Тақырыбы: Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары.


Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекеттің ел экономикасына қатысу формаларын әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді қарастырады, сөйтіп тиімді рыноктық қатынастар қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеудің мақсаты - қазіргі заманғы рынокты қалыптастыру, яғни әр-түрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып табылады.

Нарық үшін әкімшіл-әміршіл жүйенің қажеті жоқ, оған ерекше инфрақұрылым қажет. Ал мемлекеттік реттеу - осы инфрақұрылымды жасап, оның тиімді іс-әрекет етуіне қол жеткізуі қажет, яғни мемлекеттік реттеу рыноктық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыруы қажет.

Мемлекеттің экономикаға тікелей әсер етуіне мыналар әсер етеді:

- индикативті жоспарлар арқылы ел экономикасы дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтау;

- белгілі бір тауарды жеткізу үшін мемлекеттік тапсырыстар мен келісім-шарттар;

- бағдарламалар, тапсырыстар және шарттарды мемлекеттік қолдау;

- технология мен өнімнің сапасына нормативтік талаптар қою;

- белгілі бір тауарларға құқықтық және әкімшілік шектеулер қою;

- тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау.

Мемлекеттік реттеудің жанама әсер ету әдістері:

- салық салу және салық деңгейі, жеңілдіктер жүйесі;

- бағаны реттеу және оның деңгейімен арақатынасын анықтау;

- ресурстар үшін төлемдер, кредиттеге, пайыздық ставкаға жеңілдіктер беру;

- экспорт және импортты кедендік реттеу;

- валюта курстары, оларды айырбастау шарттарын реттеу.

Көптеген экономистер салықтық реформаны тиімді деп санайды, сонымен бірге қатаң реттеушіліктердің босаңсуы экономикаға тиімдірек жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ мұндай проблемалардың көпшілігі Паретто бойынша жақсы болып табылмайды. Жеңгендер немесе табысы жоғарлағандар саны көп болса, салықтық өзгерістерден кейін зардап шегетіндер табылады. Осы факт реформаны қиындатады. Ерекше мүдделі топтар сол салықтың режимді орнату үшін көптеген уақыт пен ақшаларын жұмсайды.

Барлық елдерде жүргізіліп отырған саясат елдің экономикасын дамытуға бағытталуы тиіс, яғни ол халықтың әл-ауқатын жоғарлатып, экономикалық тұрақтылыққа негізделуі тиіс. Сол себепті мемлекет әртүрлі экономикалық саясат жүргізеді, олар:

1. қаржы - несие саясаты

2. фискальді саясат

3. еңбек ақы және тариф саясаты

4. мемлекеттік инвестиция саясаты

әлеуметтік саясат т. б.

Ақша-несие саясаты- бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байлаысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1. Рестрикциялық ақша- несие саясаты;

2. Экспанциялық ақша- несие саясаты.

Рестрикциялық ақша- несие саясаты- екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша- несие саясаты- несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты сипатталады.

Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизм арқылы пайда болады. Ол өзі мекеменің әдістерін және түрінің нысанын, қаржылық басқару және жоспарлауды айқындайды. Қаржы жалпы экономикалық категория болғандықтан, ол жекеленген субкатегориялардан тұрады. Онда белгілі бір дәрежеде салық саясатының, бюджеттік саясаттың және оларға әйкес механизмдер - салықтық, бюджеттік, қаржылық жоспарлардың, қаржылық басқарудың, қаржылық-құқықтық өзбеттілігін бөліп көрсетуге болады.

Қаржылық механизм өз құрамына қоғамдық-экономикалық өмір деңгейіндегі және сферасындағы барлық қоғамдық өнім элементтерінің, материалдық емес игіліктер, қызметтердің құрамына кіретін кеңейтілген қаржылық ресурстар - нақты, адрестік, шын нәтижелер, яғни мемлекет арқылы белгіленген қаржылық шараларды жатқызады. Қаржылық саясат пен қаржылық механизм экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан кеңейтілген өқндіріс процесінің дұрыс ағымы осларға тәуелді болып келеді.

Қазақстан жағдайында қаржылық саясаттың міндеті - қаржылық механизм арқылы экономиканы кризистен шығару және оның жолдарын табу, халық шаруашылығының құрамын қайта құру мақсатында, шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттің үлесін азайтып, жекеменшік құру, ішкі экономикалық қызметті кеңейту және дамыту болып табылады. Республикада нарық экономикасына көшу бағдарламалары, қаржылық механизм және саясат жүргізілуде.
ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ

Табиғат пайдалану құқығының ұғымы, жалпы сипаттамасы мен принциптері

Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік күқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықган экологиялық. қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады.

Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық - эстетикалық қажеттерін) қана-. ғаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны қорғау туралы" За- ңына сәйкес табиғат пайдалану — адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану.

Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.

Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықгары мен міндеттерінің жиынтығы.

Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кэжеттерін кднағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықгама беруге болады.

Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызмет атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі — бүл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмепің жекелеген түрлерін жүзеге асыру.

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласыңда мына төменде аталған шаруашылық қызметінің эко- логиялық жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады:

Улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру;

Су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материаддарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорыңдар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;

1-3 -топтағы қауіптілігі бар өндірістің қауіпті қалдықгарын жағу, химиялық өндеуден өткізу, сақгау мен көму, Кдзақстан Республика- сының қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалы мен оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша міңдеттемелерін орыңдаумен байланысты трансшекаралық тасымал;

Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық түзілістерді сақтау;

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағы шегіндегі кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объекгілерді орналастыру, салу мен қайта құру;

Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін химиялықжәне биологиялық заттарды өндіру.

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге табиғат қорғау жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға тиіс.

Лицензиядан басқа табиғи ресурстар табиғат пайдалануға об- лыстың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қалалардың — Алматы, астана — Астана қалаларының әкімдіктерінің) табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келісім шарттар) негізіңде берілуі мүмкін.

Қазіргі уақытта табиғат пайдалану құқығы көптеген табиғи ресурстарға лимиттеледі және квотталады. Бұл мынадан туындап отыр: көптеген табиғи ресурстар сарқылатын ресурстарға жатады немесе жалпы жаңартылмайтын ресурстар болып табылады. ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес қоршаған ортаның ластануына лимиттер және табиғи ресурстарды альш қоюға лимитгер, сондай-ақ табиғи ресурстардың ластануына және оларды алып қоюға квота бар.

Қоршаған ортаны ластау лимиттері — бұл ластайтын заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықрының жалпы көлемінің түсу шекгері, сондай-ақ қолайлы қоршаған  орта сақталатын деңгейлердегі қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

Табиғи ресурстарды алып қою лимиттері — бұл табиғи ресурстарды ықтимал мөлшерде пайдалану шектері, бұл жағдайда био- логиялық ресурстарды табиғи молайту бүзылмайды және пайда- лы қазыңцыларды ұтымды пайдалануға кепілдік беріледі;

Ластануға берілетін квота — бұл белгілі бір мерзімге нақгы таби- ғат пайдаланушыға берілетін ластануға арналған лимиттің бір бөлігі;

Табиғи ресурстарды алып қою квотасы — бұл белгілі бір мерзімге нақты табиғат пайдаланушыға берілетін алып қою лимитінің бір бөлігі;

Қоршаған ортаның ластануына берілетін лимиттер мен квота- ларды жергілікті өкілді органдар (мәслихатгар) және облыстардың әкімдіктері (Астана және Алматы қ. әкімдіктері) Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметі облыстар (республикалықмаңызы бар қалалар, астана) үшін белгілейтін, ал табиғи ресурстарды альш қоюға - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгілейтін лимиттер мен квоталар шектеріңде анықгалады.

Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидаттары ұғыньшады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады:

Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру. Бүл табиғат пайдалану кезінде бірінші кезекте адамның экологиялық мүдделері және әрбір адамның өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы ескерілуге тиіс дегенді білдіреді;

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту. Табиғатты ұтымды пайдалану сонымен бір мезгілде адамның экологиялық, экономикалық, әлеуметгік және өзге де мүдделерін ескеру дегеңді білдіреді, онда табиғат пайдалану ақылға қонымды, ойластырылған, үнемді және өтемді болуға тиіс. Тек осындай көзқа- рас қана бүгінгі үрпақгың қажеттерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге болашақ ұрпақгар үшін табиғи ресурстарды сақтай алады.

Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу жөне қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу. Табиғатты жалпы пайдаланған кезде әрбір адамның қолайлы қоршаған ортаға табиғи құқығы жүзеге асады және өтеусіз болады. Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізумен байланысты қолайлы экологиялық жүйеге қолдау жасағаны үшін және табиғи ресурстарды қалпына келтіруге жауап береді.

Табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты. Осы мақсат үшін жер учаскесі беріледі, жер қойнауының учаскесі, су ресурстары, орман ресурстары учаскені пайдалануға беру туралы шешімде, жер қойнауын пайдалануға жасасылған келісім шарттарда, суды пайдалануға берілген рұқсатқа, орман билетіңде міндетті түрде белгіленеді. Табиғат объектілерін нысаналы мақсатында пайдаланбаған жағдайда бұл заңды бұзу ретінде қарастырылады және жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.

Қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақгарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

Ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар био- логиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның объектілерін сақгауды қамтамасыз ету;

Мемлекеттік ретгеу және мемлекеттік бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бүзғаны үшін жауапкершіліктің ымыра- сыздығы;

Қоршаған ортаға нұқсан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал ықпалды бағалау.
Нақты бір жер учаскесінің кадастрлық (бағалық) құны жер учаскелері үшін базалық төлем ставкаларына сәйкес, оларға түзету (көтеру және төмендету) коэффициенттерін қолданумен бірге анықталады. Елді мекендердегі жер учаскелерінің бағалық құнын анықтау кезінде түзету коэффициенттері бағалық аймақтау сұлбаларында (схемаларында) анықталған бағалық аймақтардың шекараларына сәйкес белгіленеді, әрі мұнда көтеру немесе төмендету коэффициенттерінің шекті (максималды) мөлшері екі еселенген мөлшерден аспауы тиіс. Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін мемлекет берген жер учаскелерінің бағалық құнын анықтау кезінде түзету коэффициенттері жер учаскесінің сапалық жағдайына, оның орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, қызмет көрсету орталықтарынан шалғайлығына қарай қолданылады. Мұнда бағалық құнның жалпы көтеру (төмендету) мөлшері базалық төлем ставкасының 50%-нан аспауы қажет. Жер учаскелерінің нарықтық құны тараптардың келісуімен анықталады және сұраныс пен ұсынысқа байланысты болып, көп жағдайда мемлекеттік кадастрлық құннан едәуір асып түседі.
* * * Разработаны рекомендации по совершенствованию и эффективность использования земельными ресурсами Казахстана
Recommendations about improvement to an effective using of land resources of Kazakhstan are development
ӘОЖ 631.18.22

АӨК-ДЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН ЖЕР ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ IMPROVEMENT OF LAND RELATIONS IN AGRO-INDUSTRIAL COMPLEX


Рахимбаева З.М., Кожахметов А.Т., Кошербаев Қ.Ж. Rahimbaeva Z.M., Kozhakhametov A.T., Kosherbayev K. Zh.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Авторлар ауыл шаруашылығында жер ресурстарын ұтымды пайдалануды анықтау әдістері мен әдістемелік негіздерін ұсынады. Алматы облысы шаруашылықтарының мысалында жер пайдалану тиімділігі көрсетіліп, жер қатынастарын мемлекеттік реттеу әдістері мен тетіктері (механизмдері) баяндалған. Жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігі – бұл өндіріс шығындарымен ара қатынасы белгіленген, заттай немесе құндық көрсеткіштермен белгіленген, ауыл шаруашылығы өнімінің түріндегі жер қайтарымы. Біздің пікірімізше, өнім өндіруді ұлғайтуға ресурстар мен шығындардың озық, бірдей және баяулатылған өсуі кезінде қол жеткізуге болады. Бірінші жағдайда өндіріс тиімділігі төмендейді, екіншісінде - өзгеріссіз қалады, ал үшіншісінде – ұлғаяды. Өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіштеріне жалпы өнімнің өсуі, жалпы және таза табыс, сондай-ақ пайда алу, яғни оларды пайдалануға жұмсалған шығындардың қайтарымдылығы жатады. Қолданылатын ресурстардың қайтарымдылығы (ресурстық қайтарым) – бұл ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін кешенді бағалаудың негізгі сатыларының бірі және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен тауар өндірушілердің табыстылығын қамтамасыз ету үшін оларды ұтымды пайдаланудың басты шарты. Кез келген кәсіпорын, сала және жалпы халық шаруашылығы өзінің билігіндегі барлық қолда 313 бар ресурстарды ең жоғары дәрежеде пайдалануға тырысуы қажет. Ол үшін бұларды теңестіріп, өндіріске максималды түрде араластыру керек. Бірінші кезекте еңбекке қабілетті тұрғындарды еңбекке тарту қажет: жұмыссыздықпен күрес – бұл экономикалық саясаттың маңызды басымдығы. Бұл мәселені шешу үшін бірінші кезекті шара ретінде ішкі нарықты ынталандыру керек. Ресурстық потенциалды пайдалану тиімділігінің жалпы көрсеткіші құраушы екі формулаға бөлінеді:
РП ОП ОП ЖО РП ЖО ЭРП = = × , (1)
мұнда ЖӨ - жалпы өнім, теңге; РП – ресурстық потенциал, теңге; ӨП - өндірістік потенциал, теңге. Ресурстық потенциалды (ЭРП) пайдалану тиімділігінің жалпы қорытылған көрсеткіші пайызбен көрсетілген, жалпы өндірістің нақты мәнінің (Ү) оның теориялық мәніне (ҮТ ) қатынасы түрінде болып келеді: = ×100% T РП Y Y Э , (2) Берілген тәсіл шаруашылықтар жұмысын, олардың ресурспен қамсыздандырылуын ескере отырып, объективті түрде қорытындылауға және ресурстарды пайдалануды жақсартудың нақты резервтерін анықтауға мүмкіндік береді. Жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау кезінде ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымы мен сапасын ескеру қажет. Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің шаруашылық қызметтерінің нәтижелерін әділ анықтауға көмектеседі. Жер құнының негізгі элементі дифференциалдық рента болып табылады, оның экономикалық негізі – неғұрлым өнімді немесе өткізу нарығы бойынша қолайлы орналасқан жер учаскелерінен алынатын І дифференциалдық рента, немесе жерге қосымша салымдар нәтижесінде алынатын қосымша табыс ІІ дифференциалдық рента. Жерді пайдалану тиімділігінің айырмашылықтары оның ренталық мүмкіндіктеріне ғана емес, шаруашылық жүргізу деңгейіне де байланысты болуы мүмкін. Ренталық табыстар есебі олардың әсерін шектеп, жұмыстың соңғы нәтижесінің көрсеткіштерінен ренталық жағдайлармен шартталатын үлесті бөліп тастауы қажет. Біздің пікірімізше, жерді экономикалық бағалау мәселелері жөніндегі дайындамалардың негізгі бағыттары әртүрлі санаттағы жерді бағалау үшін өзара келісімделген шешімдер жүйесін пайдалана отырып, бірыңғай әдістемелік негіз құру болып табылады. Жер алқаптарын қарқындандырудың (интенсификациялаудың) әртүрлі деңгейі әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық формалы шаруашылықтардағы жер пайдалану тиімділігінде көрсетіледі (1-кесте). 1-кесте. Алматы облысының шаруашылықтарындағы жер пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері Шаруашылық атауы А/ш жерінің 100 гектарынан алынғаны, ц Егістіктің 100 гектарынан алынғаны, ц ірі қара мал өсімі сүт шошқа өсімі, ц астық дақылдары қант қызылшасы АҚ 0,1 2,5 0,6 1807 25470 АШӨК 1,9 2,2 4,6 1953 20090 ЖШС 3,8 6,1 11,5 1620 23790 Шаруа (фермер) қожалықтары 2,7 2,9 3,4 1090 22120 Ескерту авторлармен дайындалған Облыстағы жерге қатысты процедураларды (мәмілелерді) жүзеге асырушы мекемелердің қызметін талдау, мемлекеттік реттеу жүйесінің жетілдірілмегендігін анықтауға мүмкіндік берді. 314 Ең алдымен оны, жер мәселелерін басқару және реттеумен айналысатын әртүрлі ұйымдардың көбіне құжаттарды есепке алу, тіркеу, рәсімдеу және беру бойынша бірдей өкілеттік пен қызметті орындайтындығынан байқауға болады. Біз жер қатынастарын тиімді басқаруды 1-суретке сәйкес келесі түрде шешуге болады деп санаймыз. Жер алқаптарының сапалық сипаттамаларының бағалық көрсеткіштеріне қарай, жерді пайдалану тиімділігі деңгейінің сандық мәні өзгергенімен, қорытынды бір мағынада қалады: белгілі бір ұйымдастырушы-құқықтық форма тауар өндірушілердің рентабелді жұмыс істеуі жағдайында ғана басымдылықты дамуға қол жеткізе алады. Біздің көзқарасымыз бойынша, заңдардан және әртүрлі деңгейдегі заңға қосымша актілерден тұратын жүйе, 2-суретке сәйкес жер қатынастарын құру, қызмет ету, бақылау және реттеудің ұйымдастырушы-экономикалық және құқықтық тетіктері (механизмдері) түрінде болуы тиіс. Ауыл шаруашылы ығ тауар ндірушілері ө Аудан әкімдігі Облыс әкімдігі А парат алушылар қ Әділет мекемелері Жер комитеті Салы органдары қ ТТБ (БТИ) М лік ү комитеттері Таби и ресурстарды ғ қ ғ ор ау комитеті С улет органы ә 1-сурет. Жер мәселелерін тиімді басқаруды ұйымдастыру Жер атынастарын реттеу ж йесі қ ү Құқ қ қ ы ты тетік (механизм) Ұйымдастыру тетігі (механизмі) Экономикалық тетік (механизм) Жергілікті де гей ң Республикалық де гей ң Жер туралы заң Жер кодексі Нормативтікқұқ қ қ ы ты акт Жер нарлы ын құ ғ қ ғ ә ор ау ж не жа ырту ңғ Жерді жекешелендіру Жерді пайдалануды ба ылау қ Жерге орналастыру Кадастрлы ба а қ ғ Жер туралы м ліме ә ттер банкін ру құ Салы тар қ Субсидия Же ілдіктер ң Айыпп лдар ұ Ынталандыру 2 сурет. Жер қатынастарын реттеу тетігін (механизмін) құру сұлбасы 315 Бұл тетіктерді (механизмдерді) бір бірінен ажыратқан дұрыс, себебі құқықтық шешімдер жиынтығы жер қатынастарының құқықтық тетігін (механизмін) немесе құқықтық базасын құрады, ал бұл құжаттардың нақты ұйымдастыру немесе экономикалық шешімдері көрсетілген мазмұнды бөлігі ұйымдастырушы-экономикалық тетікті құрады. Атап өту қажет, нарықтық экономикада жер қозғалысындағы негізгі көрсеткіштер болып, сұраныс пен ұсыныс табылады, 3-сурет. Жер алқ қ аптарын жа сарту ж не ә оларды сапалы жа дайын к теру ң қ ғ ө ж ніндегі шаралар ө Қ қ ұ олда бар жер ал аптарын тымды пайдалану (пайда а асыру ғ ) жолдары мен әдістері Жерге орналастыру Ландшафты егін қ шаруашылы ы ж йесі ғ ү Ал аптар рылымын ж не қ құ ә да ылдарды егістік қ ң аудандарын о тайландыру ң Т ым шаруашылы ы ж йесі ұқ ғ ү Таби и шабынды тар мен ғ қ жайылымдарды құнарландыру ж йесі ү Б лінген жерлерді айта ү қ қалпына келтіру Эрозиямен б лінген жерлерді ү мелиорациялау Қ қ қ ә ыш ыл топыра ты ктеу ж не т здан ан топыра ты ә ұ ғ қ гипстеу Ауыл шаруашылы ығ ма саттарына арнал ан жерді қ ғ айналымнан негізсіз шы арумен к рес ғ ү Ауыл тауар ндірушілеріні ө ң материалды м дделілігі мен қ ү жауапкершілігін к теру ө 3-сурет. Ауыл шаруашылығы мақсаттарына арналған жерді пайдалану тиімділігін көтеру жолдары Ауыл шаруашылығы мақсаттарына арналған жерге сұранысты құруда үш бағытты бөліп көрсетуге болады: - жерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдалану мақсатымен. Ірі кәсіпорындар жер үлестерін сатып алуды ұйымдастырады, соның ішінде оларды жарғы қорына енгізу тетігін (механизмін) пайдаланады, бұл жағдайға инвесторларды тартқан жеңіл. Шаруа (фермер) қожалықтары өздерін кеңейту үшін, әдетте жер үлестерін жалға алады; - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде олар елді мекендер жеріне ауыстыру мақсатымен, мұнда олар әртүрлі объектілер – тұрғын үйлердің немесе коммерциялық және өнеркәсіптік жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысы үшін пайдаланылады; - жерді қайта сату және қосымша табыс алу мақсатымен. Кәсіпорындардың жер ресурстарын тиімді пайдалануын реттеудің экономикалық тетігіне (механизміне) ынталандыру шаралары мен айыппұл шаралары, баға құру, несие беру, салық салу кіруі қажет. Бұған, сондай-ақ қол жеткізген нәтижелермен, жалпы табыс мөлшерімен ғана емес, жерді ұтымды пайдаланумен де байланыстыру қажет еңбек ақысын да жатқызуға болады. 316 Жоғары өндірістік көрсеткіштерге жерді қорғамай, оның құнарлылығын төмендете отырып, дұрыс пайдаланбай-ақ қол жеткізуге болатындығы баршаға мәлім. Ауыл шаруашылығында жерді ұтымды пайдаланудың негізгі жолдары мыналар: егін шаруашылығы құрылымын жақсарту, бұл ең алдымен өндірісті топырақ-климаттық жағдайларға қарай шоғырландыру және мамандандырумен байланысты жүреді; біртіндеп қарқындандыру (интенсификация), бұл қосымша табыс қана алып қоймай, өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын, технологиясын жетілдіруге ықпал етеді. ůрі жерді пайдалану тиімділігі қарқындандыру (интенсификация) деңгейімен, яғни жер ауданының бірлігіне шаққандағы өндіріс құралдары мен еңбек ресурстарының болуымен анықталады. Талдау көрсеткендей, облыста жерді пайдалану қарқындылығы деңгейінің төмендеу тенденциясы бар. Облыстың микроаймақтары бойынша есептеулер, Алматы облысының жеке базалық кәсіпорындары бойынша жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі кәсіпорындардың табиғат қорғау қызметтері мен экономикасына инвестициялық салымдар тартуға қатысты мәселелерді шешуді қажет ететіндігін көрсетеді. Диссертациялық жұмыста ауыл шаруашылығы мақсаттарына арналған жерді пайдалану тиімділігін көтерудің жолдары мен әдістері, 4-суретке сәйкес ұсынылған. Ауыл шаруашылығы мақсаттарына арналған жерді сақтау, жақсарту және тиімді пайдалану жөніндегі қандай да бір шараларды жүзеге асыру, тиісті материалдық және еңбек ресурстары болған жағдайларда, жүргізілетін шаралар қаржылай қамтамасыз етілгенде ғана мүмкін болады.
* * * Раскрывается основные направления совершенствования земельных отношений в АПК The basic directions of improvement of land relations in agro-industrial complex are considered УДК
631.19.06

ПРИОРИТЕТНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ УПРАВЛЕНИЯ ЗЕМЕЛЬНЫМИ РЕСУРСАМИ В УСЛОВИЯХ РЫНОЧНОЙ ЭКОНОМИКИ PRIORITY WAYS OF IMPROVE MANAGEMENT OF LAND RESOURCES IN THE CONDITIONS OF MARKET ECONOMY

Шалдарбеков К.Б., Кожахметов А.Т., Маханов Е. Shaldarbekov K.B., Kozhakhametov A.T., Makhanov E.

Казахский национальный аграрный университет



Земельный налог в республике, в соответствии с налоговым законодательством, устанавливается в виде ежегодных фиксированных платежей за единицу земельной площади. Базовые ставки земельного налога на земли сельскохозяйственного значения устанавливаются с учетом естественного плодородия почв, выраженного в баллах бонитета. За земли населенных пунктов они установлены в расчете на 1 кв. метр площади, с учетом нормативов затрат на создание инфраструктуры СНП. Для крестьянских хозяйств может применяться упрощенная система в виде единого земельного налога, основой исчисления которого является кадастровая (оценочная) стоимость земельного участка. Общая сумма поступления земельного налога, по данным Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан за 2007г., составила 10,0 млрд. тенге, в том числе от земель населенных пунктов – 8,8 млрд. тенге, земель сельскохозяйственного назначения – 0,1 млрд. тенге, земель несельскохозяйственного назначения (вне границ населенных пунктов) – 1,1 млрд. тенге. В республике наблюдается положительная тенденция увеличения поступления земельного налога в местные бюджеты. За период с 2002 по 2007 гг. общая сумма уплаты земельного налога выросла почти в два раза. Сведения о поступлении земельного налога за 2002-2007 годы по областям приведены в таблице 1.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет