Перейти к файлу



бет5/8
Дата22.01.2020
өлшемі164.42 Kb.
#447855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Лекция ЖЕР құқығы

      1. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiнiң меншiкке немесе жер пайдалануға берiлуiне мүдделi тұлғаның өтiнiшi негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып), сұралған жер учаскесiнiң жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттерiне сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылу мүмкiндiгiн анықтайды. Жер учаскесiн пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныстар осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес қарау және қорытынды әзiрлеу үшiн комиссияға берiледi.
      2. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешiмiнiң жобасы дайындалады.      
Оралмандарға жер учаскелерiн беру
      1. Оралмандарға өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру ауылдық елдi мекендердiң жерiнен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
      2. Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорының, иммиграциялық жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
      3. Берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда олардың жеке меншiгiне өтедi.
Жер даулары дегеніміз- жер қатынастары екі немесе бірнеше субъектілер белгілі бір жер құқықтары мен заңды мүдделерін иеленуге қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға байланысты келіспеушілік жер дауларын меншік құқығының және жер пайдалану құқығының, жерге өзге де құқықтардың өзгеруі тоқтатылуы және жүзеге асыру бойынша туындайды. Жер дауларын жіктеу әртүрлі негіздерге байланысты жүзеге асырылады:
Қарастыру тәртібі бойынша;
Сипаты бойынша;
Даудың субъектісі бойынша;
Пәні бойынша;
1. Қарастыру тәртібі мен сипаты бойынша:
- сот тәртібімен қарастырылатын жер даулары;
- сотқа дейін қаралуды талап ететін жер даулары;
- сотта қаралуды талап етпейтіе жер даулары:
2. Субъектісі бойынша:
- азаматтар арасындағы жер даулары;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы жер даулары;
- азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекеттік өкілетті органдар арасындағы жер даулары;
3. Объектісі бойынша:
- жер учаскелерімен байланысты жер даулары;
- жер учаскесіне құқықпен байланысты жер учаскелері;
- жерге басқа да құқықтармен байланысты жер даулары;
4. Жер дауының сипатына байланысты:
- жер учаскелерін берумен байланысты жер даулары;
- жер учаскесін беру процесінде пайда болатын жер даулары;
2. Жерді қорғау – қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға жерді ұтымды пайдалануға жерді орман және ауыцлшаруашылығы айналамынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, техникалық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.
Жердi қорғау мақсаттары:
1) өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;
3)жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады.
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жерді қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері:
1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға;
2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға;
3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;
4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының және жол берiлетiн шектегi әсер деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық ластанған, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi ұтымды пайдалану мен қорғауға мүдделiлiгiн арттыру мақсатында бюджет заңдарында және салық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жердi қорғау мен пайдалануға экономикалық ынталандыру жүзеге асырылуы мүмкiн.Топырақты ластайтын зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдердiң және басқа да биологиялық заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының нормативтерi топырақтың жай-күйiн адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiне сай бағалау үшiн белгiленедi.Аталған нормативтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртiппен бекiтiледi.Жердiң жай-күйiне керi әсер ететiн жаңа және қайта жаңғыртылатын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) әрi басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және пайдалануға беру, жаңа техника мен технологияларды енгiзу кезiнде жердi қорғау жөнiнде iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және басқа да арнайы талаптардың (нормалардың, ережелердiң, нормативтердiң) сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.Жердiң жай-күйiне керi әсердi бағалау және оларды қорғау жөнiнде көзделген iс-шаралардың тиiмдiлiгi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың, өзге де мемлекеттiк сараптамалардың нәтижелерi бойынша жүргiзiледi, олардың оң қорытындысы болмайынша жаңа техника мен технологияларды енгiзуге, жердi мелиорациялау бағдарламаларын жүзеге асыруға, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектiлер салуды (қайта жаңғыртуды) қаржыландыруға тыйым салынады.
8-тақырып. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік. Жер дауларын шешу.
Жоспар:
1. Жер құқық бұзушылықтарының түсінігі, түрлері және құрамы.
2. Жер құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің түсінігі.
3. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері.
Негізгі ұғымдар: құқық бұзушылық, жерқұқық бұзушылық, жер заңдары.
Жер құқық бұзушылык дегеніміз— жерқұқыктық тәртіпті жер меншік иелерінің жер пайдаланушылардың кұкығымен заң- ды мүдделерін заңсыз кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзу.
Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудың негізі — нақты құқық бұзушылықтың көрініс табуы.
Жер құқықбұзушылық ретіндетану үшін ол келесідей құрамға ие болуы керек
Объектісі, Жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың заңды мүдделері және құқықтық тәртібі.
Объективтік жағы, жер құқық бұзушылық негізі болған әрекет немесе әрекетсіздік.
Субъектісі, жеке және занды түлғалар.
Субъективтік жағы, кінәнің көрініс табуы. Кінәнің өзі екі нысанда жасалуы мүмкін: Қасақана және абайсыздық нысанда.
Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің келесі тұрлға көзделген:
әкімшілік;
тәртіптік;
қылмыстық;
азаматтық.
Жер құқық бұзушылык жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің негізі болып табылады. Жер құқық бұзушылық дегеніз- жер құкықтық тәртіпке және мемлекеттің жеке және зандыц тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне кайшы келетің кінәлі және заңсыз әрекет немесе әрекетсіздік.
Жер құқық бұзушылықтың келесі белгілерін қарастырамыз:
қоғамға кауіптілігі;
кінәлілігі;
әрекет немесе әрекетсіздік және туындаған салдарының арасындағы тікелей себепті байланыс;
жер зандарына қайшылығы;
жазаланушылық.
2. Жерқұқық бүзушылықтар үшін жауапкершіліктің түсінігі. Жер зандарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері.
Жер зандарын бұзғаны үшін әкімшілік құқықтық жауапкершілік.Жер құқық бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершіліктін кең тараған түрі және нақты жетілдірілген түрі әкімшілік жауапкершілік.
Жер құқық қатынастары аясында әкімшілік жауапкершілік келесідей артықшылықтарға ие:
Қолдану процедурасының (рәсімдерінің) салыстырмалы түрде оңай болуы.
Әкімшілік теріс кылыққа жедел әсер етуі.Қажетті деңгейдегі шығын орнын толтыру функциясынын көріністабуы.
Құқыққа карсы әрекет зардаптардыңтуындауын күтпей - ақ құқық бұзушылықты алдын алу мүмкіндігі.
Теріс қылықпен нақты жаза арасындағы уакыттың салыстырмалы қысқа болуы.
Әкімшілік құқық бұзушылыктын негізгі қолдану шаралары бұл айыппұл және ескерту жасау.
Әкімшілік құқық бұзушылыктар туралы істерді келесі органдар қарайды:
Соттар;
Ауыл шаруашылық министрлігі жанындағы өсімдік немесе карантин жөнінде мемлекеттік инспекция;
Жер ресурстарын басқару агентгілігі және жергілікті бөлімшелері;
Қоршаған ортаны корғау министрлігі және жергілікті бөлімшелері.
21-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 324-399 баптар арналған
337-бап. Жердi бүлдiру338-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы340-бап. Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау341-бап. Тұрғын үй құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру342-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн бұрмалау342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар343-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасын бұзу 337-бап. Жердi бүлдiру
      1. Топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны жою немесе заңсыз сыдырып алу –      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.      2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердi өсіру стимуляторларымен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты, бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған залалдануы –      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      338-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз                пайдалану немесе пайдаланбау
      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау –      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер                пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану                жөніндегі міндеттерді орындамауы
      1. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың:      1) жерді нысаналы мақсатта пайдаланбаудан;      2) жер қатынастары саласындағы заңнамалық актіде көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмаудан көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы –      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      340-бап. Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына                сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі                міндеттерді орындамау
      Уақытша иеленіп отырған жерді одан әрі мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау -      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      341-бап. Тұрғын үй құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер                учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты                жасыру
      Жеке тұрғын үйлер құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту –      жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      342-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және                бағалау мәлiметтерiн бұрмалау
      Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау –      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы                  бұзушылықтар      Мыналарға:      1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруға;      2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді қамтитын, жерлердің сапасын есепке алуға, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуге;      3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуға;      4) жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеуді; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын айқындауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауға;      5) қағаз жеткізгіштерде және электрондық нысанда жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтауға, өңдеуге және жүргізуге;      6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуге;      7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауға және жүргізуге;      8) жер кадастры кітабын және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуге;      9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауға және беруге;      10) жер-кадастрлық жоспарын дайындауға;      11) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруге;      12) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға байланысты мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылық –      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.      
      343-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және                картография саласындағы заңнамасын бұзу
      1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды:      геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы не зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарт;      штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру –      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қылмыстық құқықтық жауапкершілік. Кылмыстык жауапкершілік мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыкка істеген іс-әрекеттерінде кылмыстык заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Қылмыстық жауапкершілік бұл қылмыстық құкылык норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе, қылмыстық жауаптылыкта болмайды.
Қылмыстық жауаптылық — өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәселесі бар жауаптылыктың түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтың әлеуметгік мазмұнынын өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылыктың мазмұны (теріс қылыққа моральдык саяси баға беріп мінеу және мемлекет, коғам тарапынан) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).
Жер құқық бұзушылықты қылмыстық құқықтық жауапкершілік қоғамға қауіпті қылмыс белгілерін қамтитын іс - әрекет орын алғанда көрініс табады.
Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекет жср қатынастар аясына бір мезгілде жер немесе қылмыстық заң нормаларын бұзады.
Қылмыстық ж ауапкершілікке тартылу үшін қылмыстық құрал болу керек.
13-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
324-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу325-бап. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу326-бап. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу327-бап. Ветеринариялық қағидаларды немесе өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды бұзу328-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу329-бап. Атмосфераны ластау330-бап. Теңiз ортасын ластау331-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу332-бап. Жердi бүлдiру333-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану335-бап. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу336-бап. Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу337-бап. Заңсыз аңшылық338-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу340-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау341-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу343-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шаралар қолданбау
     332-бап. Жердi бүлдiру
      1. Жердi өнеркәсіптік, тұрмыстық немесе өзге де шығарындылармен немесе қалдықтармен қоқыстау, сол сияқты улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн ынталандырғыштарды немесе өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтi немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау немесе көму кезінде олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан жерді улау, ластау немесе шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен өзгеше бүлдіру, егер бұл іс-әрекеттер қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, –      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.      2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дәл сол іс-әрекеттер –      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      333-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын               бұзу
      1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жобалау және жүргізу кезiнде жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын, сол сияқты жер қойнауын пайдаланудың барлық сатысында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, –      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.      2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану
     1. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе, –      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.      2. Аса ірі залал келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер –      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –      бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет