Азаматтар мен заңды тұлғалар ға жеке меншiкте болмайтын жер учаскелерiн қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке берiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн. Шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде меншiк құқығы иелiктен алынуға немесе ЖК 66-бабының нормаларына сәйкес қайта ресiмделуге тиiс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу, орман өсiру үшiн, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.
Тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге және орман өсiруге арналған жердi қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін жер учаскелерi шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды (мемлекеттiк емес) тұлғалардың жеке меншiгiнде болуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға жеке меншікке беруге жол берілмейді.
1. Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және (немесе) жеке меншiк құқығымен берiлуi мүмкiн.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік заттай гранттар ретінде жеке меншікке беруге жол берілмейді.
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығымен ғана иелене алады.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншік құқығын табыстыру ақылы негiзде жүргiзiледi.
Шаруа немесе фермер қожалығын , тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін және орман өсіруді жүргiзу үшiн жер учаскесiне (жер учаскелерiне) жеке меншiк құқығының табысталуына мүдделi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың: 1) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын жер учаскесiнiң осы Кодекстiң 10 және 11-баптарына сәйкес анықталатын кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен сатып алуына;
2) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын оның кадастрлық (бағалау) құнына қарай айқындалатын жеңiлдiктi бағамен сатып алуына болады. Бұл ретте әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер бойынша жер учаскелерiне жеңiлдiктi бағаның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Мәмiлелер жасалған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығын (ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығын) мемлекеттен бұған дейiн сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалары, осы Кодекс қолданысқа енгiзiлген кезден бастап осы Кодексте белгiленген жер учаскелерi нормаларының шегiнде жеке меншiк құқығын сатып алуға қосымша төлемақы алынбай, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне айналады.
Аталған тұлғалардың жер учаскесiне жеке меншiк құқығын iске асыруы осы баптың 3-тармағында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алу ақысын толық төлеген тұлғаның: осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер учаскесiмен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мәмiлелердiң кез келген түрiн жасасуға құқығы бар; осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, жеңілдікті бағамен сатып алынған жер учаскесімен мәміле жасасуды шектеу мерзімі өткеннен кейін, жер учаскесімен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған мәмілелердің кез келген түрін жасасуға құқығы бар, шектеу мерзімі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын әрбір он процент төмендету үшін екі жылды құрайды. Бұл шектеу жер учаскесін кепілге салуға қолданылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерiн сатып алған кезде оның сомасын төлеу осы Кодекстің 49-бабында белгіленген тәртіппен төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде, азаматтықтан шыққан кезден бастап үш ай ішінде меншік иесінің таңдауы бойынша жер учаскесi иеліктен шығарылуға тиіс немесе жер учаскесiне құқық он жылға дейiнгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығына қайта ресiмделуге тиiс не жергiлiктi атқарушы органның келісімімен жер учаскесi осы учаскенi мемлекеттен (меншік иесінен) сатып алған баға бойынша жер учаскесiнiң бағасы төлене отырып, мемлекет меншiгiне қайтарылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының күзетiлетiн аймағына тікелей іргелесіп жатқан (үш шақырымдық аймақ) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi, егер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, оларды делимитацияланғанға және демаркацияланғанға дейiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына ғана уақытша жер пайдалану құқығымен берiледi.
25-бап. Жеке меншiк құқығын iске асыру
1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттiк органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады.
2. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады. Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi.
3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады.
2. Жерге мемлекеттік меншік құқығы, оның объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері. Жерге мемлекеттік меншік құкығы деп - мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағындағы өзіне тиесілі жер учаскелерін заңда көрсетілген талаптар мен шарттар негізінде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып танылады.
Мемлекеттік меншік құқығының объектілері болып жеке меншікке берілмеген жерлердіңбарлығы табылады. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шартты түрде екі түрге бөліп қарастыруға болады: Айналымнан алынып тасталған жер учаскелері және айналымда шектеулі жер учаскелері. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 26-бабы жеке меншікте бола алмайтын жер учаскелерінің түрлерін нақты белгілей отырып, жеке меншік кұкығының объектілерін шектеп отыр. Айналымнан алынып тасталған жер учаскелері жеке меншік құқығында бола алмайды, сәйкесінше, олармен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға тыйым салынған. Ал, айналымда шектелген жер учаскелері жеке меншікке берілмейді, дегенмен, занда көзделген шектер мен тәртіпте жеке меншікте болуы мүмкін. Мемлекеттік билік органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген, қорғаныс қажеттеріне пайдаланылатын, ерекше корғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның ішінде ар-найы жер қорының жер учаскелері, кенттер мен ауылдық елді мекендердің маңындағы жайылымдық және шабыңдық алқаптар, сондай-ак жеке меншікке берілмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттік меншікте болады.
Мынадай жер учаскелері:
қорғаныс жөне мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік меншіктегі қорғаныс өнеркөсібі кажеттеріне; Қазакстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік-техникалық кұрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
ормаин қорының жері;
су қорының жері;
магистралъдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;
жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналаскан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды.
Азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншігіне:
тұрғын халықтын қажетіне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындык алкаптар;
ортақ пайдаланудағы жолдар, оның ішінде шаруашылықаралык және мекенаралык маңызы бар, сондай-ак ортақ пайдаланудағы жер учаскелеріне етуге арналған жолдар;
жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері немесе жер пайдаланушылар бірлесіп пайдаланатын суландыру кұрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдыктар, суат пункттері) орналаскан жер учаскелері берілмейді.
Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi:
жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi;
1-1) ұлттық компания мәртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі;
2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi;
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда iске асырылуы мүмкiн.
Жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі, яғни меншік иелері республикалық меншіктегі жерлерге билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Ал, жергілікті меншіктегі жерлерге билікті жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
3. Жерге жеке меншік құқығы, оның объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері. Қазақстанда жерге жеке меншік құкығы шектеулі нысанда жүзеге асырылады:
1.Қазақстаннын азаматтарына алты жағдайда ғана беріледі. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер келесі жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін:
Шаруа/фермер/ қожалығын жүргізу үшін;
Өзіндік косалқы шаруашылық жүргізу үшін;
Орман өсіру үшін;
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін;
Саяжай құрылысы ушін;
Үйлерді/құрылыстар мен ғимараттарды/олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді коса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді және олардың кешендерін салу үшін немесе олар салынған жер учаскелері;
2. Казақстанның занды тұлғаларына үш жағдайда беріледі.
Ауылшаруашылық тауарлы өндірісін жүргізу үшін берілуі мүмкін
Орман өсіру үшін;
Үйлерді /құрылыстар мен ғимараттарды/олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді коса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді және олардын кешендерін салу үшін немесе олар салынған жер учаскелері.
3. Шетелдік тұлғаларға бір ғана жағдайда.Үйлерді /құрылыстар мен ғимараттарды/олардың максатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді коса алғанда, өндірістік және өндірістік емес,оның ішінде тұрғын үйлерді және олардың кешендерінсалу үшіннемесе олар салынған жер учаскелері.
4-тақырып. Жер пайдалану құқығы.
Жоспар:
1.Жер пайдалану құқығының түсінігі және оның түрлері.
2.Жер пайдалану құқығының субъектілері және олардың түрлері.
3.Жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалануға құқықтары мен міндеттері.
4.Сервитуттар түсінігі, түрлері, пайда болу және тоқтату шарттары.
Негізгі ұғымдар: сервитут, жер пайдалану, жер пайдалану құқығы, жер пайдалану құқығының субъектілері.
1. Жер пайдалану құқығының түсінігі және оның түрлері. Жер пайдалану құқығының анықтамасы. Жер кодексінің 12-бабында көрсетілген. Жер пайдалану кұкығы дегеніміз - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі немесе өтеусіз негізде мерзімсіз немесе белгілі бір мезгіл ішінде иелену және пайдалану құқығы.
Жер пайдалану құқығының келесідей ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
Пайдаланудағы жер әрқашан да мемлекеттің меншігінде болып калады;
Жер учаскесін пайдалануға мерзімсіз немесе бір мерзім ішінде беріліп отырады, ал, меншік құқығындабарлық пайдалану мерзімсіз болып табылады;
Жер учаскесін пайдалануға акылы түрде берілуі мүмкін, бул пайдаланудың түрі өтеулі деп аталады. Жер зандарында керсетілген түлғаларға жер тегін түрде беріледі, бұл пайдаланудың түрі өтеусіз деп аталады.
Жер пайдалану құқығының мынандай түрлері бар:
Тұрақты жер пайдалану құқығы;
Уақытша жер пайдалану құқығы;
Өтеулі жер пайдалану құқығы;
Өтеусіз жер пайдалану құқығы;
Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы;
Иеліктен шығарылмайтын жер пайдалану кұқығы.
Тұрақты жер пайдалану деп жерді алдын ала мерзімін белгілемей отырып пайдалану болып табылады. Тұракты пайдалануға тек мемлекеттік тұлғаларға ғана беріледі. Жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға бөлінеді:
кондоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылык жүргізу құқығымен немесе оралымды баскару кұқығымен иеленетін занды тұлғаларға;
ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
ерекше корғалатын табиғи аумактар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын занды тұлғаларға беріледі. Сонымен қатар, тұрақты жер пайдалану кұқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі болмайды.
Уақытша жер пайдалану құқығын алдын ала мерзімін белгілей отырып пайдалану. Уакытша жер пайдалану құқығы екі түрге бөлінеді:
Қысқа мерзімді, ол бес жылға дейін пайдалану;
Ұзақ мерзімді, ол бес жылдан қырық тоғыз жьілға дейін. Уакытша жер пайдалану құқығын табыстау мерзімдері жеручаскесіне берілетін құқықты, оның нысаналы мақсатын және аумақты аймақтарға бөлуді ескере отырып белгіленеді.
Өтеулі жер пайдалану құқығы дегеніміз - жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынатындығын білдіреді. Жер учаскесіне уақытша өтеулі (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) жерлер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкін. Жер кодексіне сәйкес, жер учаскесін жеке меншікке сатып алудың төрт түрлі жағдайы көрініс тапқан.
Өтеусіз жер пайдалану құқығы, керісінше мемлекеттен сатып алынбайтьінын білдіреді. Оларға мыналар жатады:
- шалғайдағы мал шаруашылығы, маусымдық жайылымдар үшін;
- тұрғын халықтың мал жаю мен шөп шабуы ушін;
- мемлекеттік жер пайдаланушыларға;
- бақша өсіру үшін;
- қызметтік жер телімі;
- ортақ пайдаланатын жолдарды салу, мемлекеттік меншігі жөне әлеуметтік мәдени максаттағы обьектілер кұрылысы кезеңіне;
- тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде;
-Қазакстан Республикасының заңдарында белгіленгентәртіппен үйлерді және ғимараттарды уақытша өтеусіз пайдалануға берілген кезде;
-Ғибадат объектілері үшін діни объектілер.
Қызметтік жер телімі ұзақ мерзімді уакытша өтеусіз жер пайдаланудың ерекше бір түрі болып табылады. Кызметтік жер телімі Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізімге сәйкес, осы телімге кұкығы бар адамдар жұмыс істейтін мемлекеттік заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлінеді. Ол қызметтік тұрғын үйді күтіпұстау, ауыл шаруашылығы да өсіру, шөп шабу және мал жаю үшін беріледі.
Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы дегеніміз -оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін занды тағдырын шешуге құқығы бар жағдайдағы пайдалану. Яғни, иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы деп оның иесі өзіне тиесілі жер пайдалану құқығың занда көрсетілген жағдайлар мен тәртіптер арқылы оқшаулауға құқылы екендерін білдіреді. Оқшаулау деп - азаматтык заңдармен реттелетін азаматтың жер учаскесімен кұкықтық мәмілелерді жасауға мүмкіндігі болып табылады. Бұл кұқық барлык жер пайдаланушыларға тиесілі емес.
Иеліктен шығарылмайтын жер пайдалану құқығы дегеніміз -оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін занды тағдырын шешуге құқығы болмайтын жағдайдағы пайдалану құқығы.
Жер пайдаланушылардың:
ортақ пайдаланудағы;
қорғаныс қажеттеріне берілген;
орман қорының;
- ерекше корғалатын табиғи аумақтар, сауыктыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы;
- қызметтік жер телімінің;
- уакытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану құкығымен берілген жер учаскелерінің;
- кепілге беруді қоспағанда, шаруа (фермер) кожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уакытша жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерінің;
- су корының жерінде жер пайдалану кұкығын иеліктен шығаруды қоса алғанда, жер пайдалану кұкығына қатысты мәмілелер жасасуына жол берілмейді.
Жер пайдалану кұқығын иеліктен шығару және оны беру кезінде жер пайдаланушылардың жер учаскесінін нысаналы мақсатын өз бетінше өзгертуге құқығы жоқ.
2. Жер пайдалану қүқьнының субъектілері және олардың түрлері. Жер пайдалану құқығының субъектілері бірнеше топқа бөлінеді:
жеке және заңды тұлғалар;
ұлттық және шетелдік тұлғалар.
Ұлттық жер пайдаланушыларға мыналаржатады: Қазақстан Республикасының азаматтары,Қазақстан Республикасының занды тұлғалары, шетелдік қатысуы бар Қазакстан Республикасының заңды тұлғалары; ал, енді шетелдік жер пайдаланушыларға келесі тұлғалар жатады: Шетел азаматтары, азаматтығы жок адамдар, шетелдік занды тұлғалар, шетел мемлекеттері, халыкаралық ұйымдар мен бірлестіктер.
Мемлекеттік жер пайдаланушылардың өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға, сондай-ак кепілге беруге құқығы жок.
кейінгі жер пайдалану туралы шарт жалдау шарты немесе уакытша етеусіз пайдалану туралы шарт нысанында жасалады.
Кейінгі жер пайдаланушы жер учаскесінде шарттық жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ кейінгі жер пайдалану туралышарттар,белгіленген шарттарды сақтай отырып жер пайдаланушының басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады. Мемлекеттік емес түлғаларға: азаматтар, мемлекеттік емес заңды тұлғалар, кәсіпкерлер жатады.
тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар;бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар. Бастапқы жер пайдаланушыларға: жерді тікелей мемлекеттен немесе баска бастапқы жер пайдаланушыдан тәртібі арқылы алған тұлғалар болып табылады. Кейінгі жер пайдалануда бастапқы жер пайдаланушы өзінің биліктік мәртебесін сақтап отырады. Ал, кейінгі жер пайдаланушылардың құқықтары бастапқы жер пайдаланушылармен шектеліп отыруы мүмкін.
3. Жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.Жер учаскесін оның нысанасынан туындайтын максатта пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргізу;ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен екпелер себу мен отырғызуға, өндірілген ауылшаруашылығы өнімі мен жер учаскесін пайдалану нәтижесінде алынған өзге де өнімге және оны өткізуден түскен табысқа меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару;өз шаруашылығының қажеттері үшін жер учаскесінде бар кұмды, сазды, қиыршықтасты және баска да кеңтаралған пайдалы қазбаларды, шымтезекті, екпелерді, жер үсті және жер асты суларын, кейіннен мәмілелер жасасу ниетін кездемей, белгіленген тәртіппен пайдалану, сондай-ақ жердің өзге де пайдалы касиеттерін пайдалану;жер учаскесі мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қойылған (сатып алынған) жағдайда келтірілген шығынды толық көлемінде өтетіп алу;жерді аймақтарға бөлуді ескере отырып, меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығымен жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкестікте тұрғын үйлер, өндірістік, тұрмыстық және өзге де үйлер (кұрылыстар, ғимараттар) салу.
4. Сервитуттар түсінігі, түрлері, пайда болу және тоқтату шарттары. Сервитут дегеніміз — бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы.
Сервитут белгілері:
Сервитут дегеніміз бөтеннің иелігіндегі жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы;
Сервитут құқық емес, міндет болып табылады;
Сервитуттыңобъектісі кез келген мүлік емес жер учаскесі;
Сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алу-сатудың және кепілге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етілуі үшін сервитут белгіленген құкықпен бірге ғана ауыса алады
Сервитут әрқашан да уақытша сипатта болады;
Сервитуттың пайда болуы шарты ретінде бөтенніңиелігіндегі жер учаскесініңболуы;
Нормативтік-құқықтықактілерден туындаған сервитуттар тіркелуге жатпайды;
Жер учаскесін шектеулі құқықпен пайдаланушы құқық субъектісі жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушы сервитутпен байланысты келтірілген барлық шығынды өтеуге тиіс;
Жер учаскесіне меншік құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесіне жер пайдалану құқығы баска тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады.
Жер учаскесіне меншік құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесіне жер пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады.
Сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алу-сатудын және кепілге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етілуі үшін сервитут белгіленген кұқықпен бірге ғана ауыса алады..
Сервитуттың пайда болу негіздері:
Бөтеннің жер учаскесін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы келесідей негіздер бойынша туындайды:
1.Тікелей нормативтік-кұқықтықактілері негізінде;
2.Мүделлі тұлғамен жер меншік иесі немесе жер пайдаланушы арасында жасалған шарт негізінде;
3.Тікелей сот шешімі негізінде;
4.Жергілікті аткарушы орган актісі негізінде.
5.Өзге де зандар негізінде туындауы мүмкін.
Жер кодексіне сәйкес, сервитуттың екі түрі қарастырылған.Олар жекеше сервитут және қауымдык сервитут. Жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы — көрші жер учаскесіне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектісінен, ал, кажет болған жағдайда өзге учаскеге де жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектілерінен осы учаскелерді шектеулі пайдалану құқығын (жекеше сервитут) табыстауды талап етуге құқылы.
Көрші немесе өзге де жер учаскесін шектеулі пайдалану кұқығы (жекеше сервитут):
- егер жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өз учаскесіне басқа жолмен өтуі мүмкін болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көрші немесе өзге де жер учаскесі арқылы жаяу және көлікпен жүріп өтуді;
- көрші немесе өзге де учаскеге сервитут белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажетті желілерін тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен,жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының, басқа да қажеттерін қамтамасыз ету үшін белгіленуі мүмкін.
Көрші немесе өзге де учаскеге жекеше сервитут осы учаскелерге жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы субъектілерімен жасалатын шарт бойынша белгіленеді. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жекеше сервитут ауыртпалығын көтеруші жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы со-лардың мүддесіне орай сервитут белгіленген тұлғалардан мелшерлес төлемақы талап етуге құқылы.
Қауымдық сервитут дегеніміз - мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда жергілікті аткарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің негізінде туындайтын жер учаскелерін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қоймай белгіленетін сервитут түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |