Периодты жүйедегі атомдық нөмірі



бет5/9
Дата13.03.2023
өлшемі318.38 Kb.
#470721
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Курсавой НУрбек

1.7 Өсімдік әлемі

Бүйіргін (Anabasis salsa) - алаботалар тұқымдасына жататын итсигектің бір түрі. Буйіргін-кушті бұтақты жартылай бұта, оның биіктігі 5-25 см болады, жапырақтары ұсак және пішіні жартылай цилиндрлі болып келеді. Төменгі Волга мен Монғолияның тұздалған жартылай шөлді және шөлейтті аймақтарында кездеседі. Онын өсінділері үлкен аумақтарды алып жатыр. Тау етектері мен жоталар аумағында ақ сексеул (H. Persicum), кейде теріскен (Eurotia ceratoides) өсімдіктері бар кейреуікті-жусанды кешендер таралған.


Ақ сексеуіл (H. Persicum) - алабұталар тұқымдасы, сексеуіл туысына жататын көп жылдыұ өсімдік. Қазақстанда шөл және шөлейтті аймақтарда өседі. Биіктігі 5 метрдей, кіндік тамыры топырақта ылғал аз болса, жер астына тереңдеп (11 метрге дейін) кете береді. Діңінің жуандығы 20 - 60 см, дің қабығы ақшыл сурғылт түсті, жылдан-жылға қарая береді. Гүлі төрт - төрттен қабыршақты гүл жапырағы колтығынан жетіледі.
Теріскен (Ceratoides) - алабұталар тұқмдасына жататын биік емес бұталар немесе жартылай бұталар болып табылады. Жапырақтары эллиптикалық немесе ланцентті, гүлдері ұсак, 4 мүшеге бөлінген. Оңтүстік Европа, Азия және Солтүстік Америкада, Солтүстік Африкадағы жазықтықтарында, жартылай шөлейттер мен шөлдерде, т.б. жерлерде таралған.
Жусан (Artemisia cina) - күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір немесе екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Казакстанның барлық жерінде-шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-60 см, кейде 1,5-2 м-дей болалы. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналаскан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бутін жиекті.
Аристида – (Aristida L.) - шығу тегі бойынша өсімдік астық тұқымдастар қатарына жатады. Тұқымы негізгі ерекшелігі негізгі тамырлы бұтақтан үш бөлініп шығуы болып табылады және кей жағдайларда жапырақтары 1-4 см жетеді.
Жүзгін (Calligonum) - тараңдар тұқымдасына жататын ағаш не тармақталған бұталар. Солтустік Африка, Азия және Еуропада кездесетін 80-ге жуық түрі белгілі. Биіктігі 40 см-ден 7 м-ге дейін болады. Жапырағы өте ұсак, ұзынша ине тәрізді. Гүлі қос жынысты, ак не қызғылт түсті, хош иісті. Жемісі - қатты қабықты ұсак жанғақша. Жүзгіннің негізгі тамырының ұзындығы 1,5 - 2 м, ал көлбеу өскен тамырының ұзындыны 12 - 20 м.
Жауылша (Aljssum desertórum) - жауылша тұқымдасының қырықжапырақ (Brassicaceae) отбасына жататын бір жылдык өсімдік. Сабағынын ұзындығы 10-20 см - ді құрайды. Жапырақтары сопақша, түбіне қарай созылынқы болып келеді. Сібір, Алтай, Онтустік Еуропада кездеседі.
Мортық біржылдық дәнді-дақылдар отбасына жатады. Сабақтары тік және 40-30 см биктікте болады. Тілшелерінің ұзындығы: 0,2-1,5 мм болады. Ал жапырақтары ланцентті-сызықты немесе сызықты, тегіс, ені -7 мм болады.
Тұздалған топырақтарда соран тұқымдастары таралған.
Соран ашышеп (Salsola) алаботалар туқымдасы, бұрынырақ гүлтәжі тұқмдасына жатқан болатын. Бұл түр өкілдері шөптер, жартылай бұталар мен ағаштар түрінде Еуропа, Азия және Африкада кездеседі. Көбінесе ашышөп так беткейлерінде, құрғак сортаң топырақтада өседі.
Бұл аймақ ауданында соңымен қатар жоғалып бара жатқан, «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер де кездеседі: эминиум Лемана, Альберт қызғалдағы, Шренка тобылғытүсі, т.б.


1.8 Жануарлар әлемі

Қарастырылатын аудан бай герпетафаунасымен сипатталады.


Әдеби мағлұматтарға қарағанда екі қосмекенді және 22 бауырымен жорғалаушылар түрлері таралған.
Құстар мен сүтқоректілер бұл аймақтың негізгі фаунасының көрсеткіштері болып табылады.
Сонымен қатар бул аймакта Қызыл кітапҚа енген бірнеше құстар бар. Соларға ақбауыр бұлдырық пен қарабауыр бұлдырықты жатқызуға болады.
Бұлдырық- бұлдырық тәрізділер отрядынын жалғыз тұқымдасы. Бұлдырық Қазақстаннын шөл-шөлейтті аудандарында кездеседі. Қанатының ұзындығы 19 - 27 мм, салмағы 200 - 500 г. Булдырыктын басы кептерге уқсас, тауық тұмсықты, сунқар төсті, қанаты ұзын әрі сүйір, құйрығы үшкір, аяғы қыска. Қаурсыны қалын, арқасы сарғыш, сұр, бауыры қара не ақшыл, Жусан, сораң өскен құмды, тасты, шөлді жерлерде мекендейді.
Құмтышкан - кеміргіштер отряды. Аламантәрізділер тұқымдасына жататын тышқандар туысы. Дене тұркы 15-19 см, салмағы 138-160 гр. Арқа жүнінің түсі қызғылт сұр, бауыры - ақ. Құйрығынын ұшында кара сұр шашағы болады. Күрек тістерінің алдынғы жағында 1-2 қатар сары жолағы болады.
Қарсақ – иттер тұқымдасының түлкі туысына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 46 – 56 см, құйрығының ұзындығы 25 – 35 см, терісі бағалы аң. Қысқы жүні қалың, жұмсақ әрі жібектей болып келеді. Жазғы жүні қысқа, ірі және түбітсіз келеді. Қарсақтың түлкіден айырмашылығы: құлағы ақ, үлкен тұмсығы сүйір болады. Қарсақ жылына екі рет түлейді (көктемде және күзде).
Қарақұйрық – сүтқоректілер класының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. Тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101 – 126, шоқтығының биіктігі 67 – 79 см. Текесінің салмағы 22,0 – 41,0 ешкісінікі – 20 – 34 кг. Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара-қоңыр түсті. Ұзындығы 33 – 43 см болады, ешкілері – тоқал. Құйрығы кішкентай, қара-қоңыр түсті. Тұяқтары кішкентай, қара түсті, сопақша әрі үшкір келеді. Тері жамылғысы құм тектес, сарғыш-сұр. Көз алды, шат, тұяқ аралық иіс бездері, көру және есту мүшелері жақсы жетілген, осылар арқылы бір-бірімен тез табысады.
Жалман тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстігі мен шығысында, Алакөл және Зайсан ойпаттарында қиыршықтасты, баялыш пен сораң өскен саз топырақты жерлерде, теріскен, қараған, сексеуіл арасында мекендейді. Дене тұрқы 75 – 95 мм, құйрығының ұзындығы 58 – 77 мм, салмағы 21 – 24 г. Сыртқы пішіні қарақасқа ұқсас. Түгі қалың, арқа жүні ақшыл сарғыш. Ін қазбайды, басқа кемірушілердің тастап кеткен інін пайдаланады. Секіріп жүреді, өсімдікке жақсы өрмелейді және бұталарда жақсы өрмелейді. Мамыр айының аяғынан бастап, жылына 1 рет 4 – 8-ден ұрпақ береді.
Ақбөкен, киік – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет