Периодты жүйедегі атомдық нөмірі



бет4/9
Дата13.03.2023
өлшемі318.38 Kb.
#470721
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Курсавой НУрбек

1.6 Гидрогеологиялық жағдайы

Жер үсті сулар


Осы аудандағы жербетілік сулар екі негізгі өзен желілерімен ерекшеленеді. Онын ішінде Шу өзені Уванас кенорнынан 60 км қашықтықта оңтүстік бөлігінде орналасқан және Сарысу өзені өз бастауын Орталық Қазақстандағы ұсақ, құмды аймақтардан алып, Жамен мен Жаксы - Сарысу өзендердін қосылуынан алады
Шу өзені - үлкен өзен алаптардын бірі болып табылады. Ол өз бастауын Тянь-Шань тауының етегінен басталатын Қоршық жоне Қарахорджур өзендерінің қосылуынан алады. Благовешен ауылынан бастап өзен Қазакстан аймағынан өтеді де Шу - Іле тауларын бастау алатын Қарақұнғыз және Қақпатас бастауларымен қосылады, құмды массив аймағынан өтеді де Қырғыз Алатау тауларынын бауларына дейін жалғасады. Шу өзенінің төменгі ағысы көктемгі су толасуларда үлкен аумақтарға таралып, көп белігі батпақтанып қалып, тығыз өсімдік қабатымен ерекшеленеді.
Шу өзенінің гидрогеологиялык жүйесі өте курделі болып келеді, өйткені оның әр аймағындағы су мөлшерінін толуы әртүрлі болып келеді және айтарлықтай айырмашылықты құрайды. Орташа жылдық Шу өзенінің су шығыны (м/с): жоғарғы ағысында - 55,9, Ташұтқұл бекетінде - 67,2, ал Ұланбел бекетінде - 31,4 м/с құрайды. Шу өзені аралас су көзін алатын типті өзендер қатарына жатады және екі айтарлыктай байқалатын су тасу периодтары бар. Көктемгі (жоғарғы - наурызда, ал төменгі - сәуірде) және өте үлкен күзгі, бірақ қысқа уақыт аралығын қамтиды ( жоғарғы - қазанда, ал төменгі - қарашада). Көктемгі су тасу қысқы қарларды тез еруімен, жауын - шашыннын пайда болуынан түзіледі. Осы өзеннін тасуы кейде Ашыкөл өзенінің тасуына әкеледі. Көктемгі судын тасуы оның таусылуы сияқты өте тез, ал күзгі су тасулар қыс айларында сақталады. Өзеннің жоғарғы ағынды су құрамдары тұщы гидрокорбанатты құраммен ерекшеленеді, бірак төменгі ағысындағы суларда тұз құрамы кейбір жағдайларда 3- 5 мг/л дейін жетіп, хлоридті курамға ие болады.
Сонғы уақыттарда Шу өзені аталған ауданға дейін жетпейді, тіпті су тасу уақыттарында да. Құрғақ су айдындары, еніс аймактарында ғана азын - аулақ судың жиналуымен ғана байқалады. Барлык су көздері жаз айларында тез буланып кетеді.
Сарысу өзені қазіргі танда Шу өзеніне бағынышты болып келеді. Су ағысы тұрақты емес, тек қысқы уақытта жиналған көктемде қарлардын еруінен ғана жиналады. Су тасу уақыты қысқа бірақ үлкен аумақтарды алады. Қыста және жазда су шығыны бірден азаяды, ал төменгі ағысы бірден таусылады, сонғы жылдардағы зерттеулер бойынша төменгі ағысына су коры мүлдем жиналмайды. Жоғарғы бөлігіндегі су тұщы гидрокорбанатты кальцийлі құрамды болып келеді, ал ортанны және төменгі ағысындағы сулар әлсіз тұзды болып келеді, кейбір жерлері тұзды болып келеді (3 - 8 г/л). Өзеннін узындығы 681 км, ал үлкен су тасу аймағында Қаракенгір енісі бар, ол 40 - 60 км курайды.
Орташа көпжылдық судын шығыны Қызыл - Жар бекетінде - 3,2 м/с, Қаракенгір еңісінен кейін - 7,2 м/с құрайды.
Жылдык жауын - шашын мөлшері 190 мм құрайды ұзақ жалғаспалы құрғакшылық периодын қоса есептегенде. Атмосфералық жауыншашын түскеннен кейін бірден борпылдак жыныстарға бірден сініп кетеді. Сулардын булану мөлшері 1244 мм құрайды.
Жерастылық сулар
«Мынқұдық» кенорны үшінші тәртіпті Созакқ артезиан бассейнінін шектерінде орналасқан. Ол екінші тәртіпті Батыс - Шу артезиан бассейнінін қатарына жатады.
Созақ бассейні шекарасы шығыска карай Уланбел - Талас еңісіне дейін, ал солтүстігінде Тастын көтерілімдеріне дейін, батысында. Бұғыджылға дейін, оңтүстігінде Қаратау тауларынын етегіне дейін созылып жатыр. «Мыңқұдық» кенорнындағы негізгі гидрогеолгиялық желілерге: Төрттік түзілімдердегі су горизонттары: Казіргі заманғы аллювиалды түзілімдер кен түзілім аймақтарына Мыңқұдык учаскесінін солтүстік - шығыс бөлігінде көп болып келеді.
Су өткізгіш көкжиектер құмдар мен құмдактармен ерекшеленеді, олардың қуаттылығы 2-3 м-ден аспайды. Грунт сулардын орналасу тереңдігі 4-5 м құрайды. Жерастылык сулардын минерализациялық деңгейі 5 г/л болып келеді. Қорек көзі болып атмосфералық жауын - шашындардың инфильтрациялануынан алады. Сулар сирек құдықтар түрінде ашылған.
Жоғарғы төрттік аллювиалды түзілімдер Мынқұдық учаскесінін солтүстік - батыс бөлігінде кездеседі. Бұл аудандары су көздері Шу алабына дейін жетеді және де көптеген құдықтар мен унғымалар түрінде ашылған. Сутірек жыныстарға әртүрлі түйіршікті құмдар мен тереңдігі 3 - 5 м болатын құмдактар жатады. Грунт суларының тереңдігі 15 м орналасқан, унғымалардағы су шығымы 7 м су тереңдігі жоғалғанда 1,08 м3/аг құрайды. Грунт суларынын минерализациялык көрсеткіштері 1,2 г/л шамасында болады. Горизоттардағы су көрек көзін атмосфералык жауын - шашындардан алады.
Неогендік түзілімдердегі су горизонттары
Неогендік плиоцендік түзілімдер жерасты сулары әртурлі тереңдіктерде саздардын араларында линза тәріздес сазды құмды аймақтарда кездеседі, кей жағдайларда құмтастардын косылыстары да кездеседі. Олардың тереңдіктері 3-24 м аралықтарын қамтуы мүмкін, ұзындықтары 3-8 км қамтиды. Ен көп мөлшерде су гроизонттарынын куаттылығы 32 м дейін жетуі мүмкін.
Мыңқұдық учаскесіндегі сутірек жыныстарына әсер етуші фактор ретінде жоғарғы қысымды сулар, олардың пьезометриялық тереңдіктегі деңгейі 7,0 - 21,5 м жер бетінен есептеген кезендегі мөлшерді қамтиды. Ұңғыма дебиті 1,44 - 10,44 м3/сағ қамтиды, егерде су деңгейі 7,6 - 10,5 м кем болғанда, жоғалған дебит мөлшері 0,18 -1,0 м3/сағ құрауы мүмкін. Сулардың минерализациялык мөлшері 1,8-4,0 г/л құрайды, сонымен қатар құрамы сульфатты - хлоридті болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет