Персоналды таңдау, іріктеу кезеңдері



бет5/16
Дата03.01.2022
өлшемі30.51 Kb.
#450923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2.5 Іріктеу критерийлері

Тиімді іріктеу үшін, бірінші кезекте, критерийлерді анықтау маңызды, осылар негізінде іздеушілердің артықшылығы туралы шешім қабылданады.

Әр мекеме іріктеу кезінде талаптардың өзіне тән жиынтығын қолданады, бұлар - жасы, жынысы, білімі, шетел тілін, компьютерді білуі және т.б.

Қабылданған критерийлерге сай келмеген үміткерлерді мекеме осылайша електен өткізеді: бүкіл талапқа сай келмейтін адамдар қызметке үміткер ретінде қаралмайды.



Іріктеу критерийлеріне қойылатын талаптар.

Іріктеу критерийлерін анықтағанда келесі талаптар орындалуы тиіс:

· валидность;

· толықтылығы;

· сенімділік;

· критерийлердің қажеттілігі мен жеткіліктілігі;

Іріктеу критерийлерінің валидтілігі. Критерийлер валидтілігі дегеніміз – іріктеу жүргізілетін қызметке деген талаптар мен жұмыстың мазмұны - іріктеу критерийлерімен үйлесуі.

Критерийлердің толықтылығы. Іріктеуде қолданылатын критерийлердің толықтылығын талап ету дегеніміз – осы қызметте табысты жұмыс істеуге керекті мінездемелерді есепке алуы. Іріктеу критерийлерінің толық болмауы мекеменің кейбір маңызды жұмыс көрсеткіштерін қанағаттандырмайтын кандидаттар таңдалуы мүмкін.

Критерийледің сенімділігі (надежность). Белгіленген критерийлерінің негізінде іріктеу нәтиженің тура және тұрақтылығын қамтамасыз ету керек. Іріктеу кезінде алынған нәтижелер кездейсоқ болмау керек.

Критерийлердің қажеттілігі мен жеткіліктілігі. Қызметте табысты жұмыс істеуі үшін онша қажетті немесе міндетті емес критерийлерді негізге алып, кандидаттарды таңдау процесін өте үстемелей бермей, үміткерлердің санын мүмкін болғанша орынсыз қысқарта беруге болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет