Персоналды таңдау, іріктеу кезеңдері



бет2/16
Дата03.01.2022
өлшемі30.51 Kb.
#450923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2.2 Персоналды бағалау

Бағалаудың түрлі әдіс-амалдық санының көп болғанына қарамастан, бұлардың бір ортақ кемшілігі – олардың субъективтілігінде, шешімнің қабылдануы – таңдаған адамның қандай әдісті қолданатынына немесе эксперт есебінде шақырылған адамға байланысты.

Бағалаудың объективті болу проблемасы бағалау технологиясына мынадай бөлек талаптар түрінде құруға болады. Персоналды дұрыс бағалау үшін бағалау технологиясын төмендегідей құру керек:

· Объективті – жеке біреулердің пікіріне немесе байымдауына қарамау;

· Сенімді (надежно) – кездейсоқ факторларға (көңіл-күй, ауа райы, өткен жетістіктер мен сәтсіздіктер, кездейсоқ) еліктемей, өзін еркін ұстау;

· Қызметіндегі күмәнсіз мәліметтер – нақты әдет-дағды деңгейі (навыки) – адам қаншалықты өз жұмысын табысты орындаушылығы;

· Болжай білу – берген баға адамның қандай қызметте және ол қызметін қандай деңгейде орындайтынын көрсету керек;

· Комплексті – мекеменің әрбір мүшесінің ғана емес, мекеменің байланысы мен ішкі қатынастарын және мүмкіншіліктерін толық бағалайды;

· Түсінуге оңай – бағалау процесі мен баға критерийлері нақты мамандарға ғана емес, бағалаушы мен бақылаушыларға да және бағаланушылардың өздеріне де түсінікті болуы керек.

Бағалау шараларын өткізу - коллективтің жұмысына кесел жасамау керек, қайта мекеменің кадр жұмысының жүйесіне ене отырып, оның дамуы мен жетілуіне нақты мүмкіндіктер жасауы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет