Персоналды таңдау, іріктеу кезеңдері



бет11/16
Дата03.01.2022
өлшемі30.51 Kb.
#450923
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
3.7 Сұхбат

Қызметкерді таңдау кезіндегі сұхбат – мәлімет алмасуды қажет етеді – ол мекеме қызметкері мен кандидат арасында өтеді. Сұхбаттасу кезінде екі жақ бір-бірімен ақпарат алмасады, мекеме қызметкері екі негізгі сұрақты қоя отырып, өз пікірін шығару керек:

осы кандидат мекемеде және берілген қызмете табысты жұмыс атқара ала ма? (кандидат қабілетін тексеру)

осы кандидат өз қызметінде және мекемеде табысты жұмыст істеуге дайын ба? (кандидат мотивациясы)

Сұхбат түрлері. Сұхбаттасудың кең тараған түрі “бірге бір” бұл кезде мекеме қызметкері бір кандидатпен кездеседі. Алайда бүгініг күні сұхбаттасудың түрлері өте көп, мысалы бір қызметкер бірнеше кандидаттармен, бірнеше қызметкерлер бір кандидатпен, бірнеше қызметкерлер бірнеше кандидаттармен кездесулер өткізеді. Бірінші жағдайда, сұхбат ұйымдастырушы кандидаттарға бір уақытта баға бере алады және олардың стрестік жағдайында (ваканттық орынға бірнеше кандидаттың сұхбатқа бір кезде қатысуы) өздерін қалай ұстайтынын көре алады, алайда бірнеше кандидаттармен сұхбаттасу сұхбат ұйымдастырушыға қиынға соғады. Мекеменің бірнеше өкілдерінің араласуы бағаның объективтілігін және сұхбат сапасын арттырады, бірақ кандидатқа қосымша стресс және ұйымның шығынын арттырады.

Сұхбаттасу типтері. Персоналды іріктеу мақсатымен өткізілетін сұхбаттасудың бірнеше классификациясы бар, олардың арасынан ең көп тарағаны:

биографиялық сұхбат,

ситуациялық сұхбат,

критерийлік сұхбат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет