Персоналды таңдау, іріктеу кезеңдері


Сұхбат аяқталуын шешетін адам сұхбатшы болуы тиіс



бет16/16
Дата03.01.2022
өлшемі30.51 Kb.
#450923
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Сұхбат аяқталуын шешетін адам сұхбатшы болуы тиіс. Ол сұхбатты аяқтау үшін өз кезегінде – сағатқа не есікке қарау, кандадатқа соңғы сұрақ қоюды ұсыну – сияқты іс-әрекеттерін қолдану керек. Ақыр аяғында сұхбатшы кандидатқа рахметін айтып, оның кандидаттылығын қарастыратын жолдармен таныстыру керек.

Кандидатты бағалау тура сұхбаттан кейін жасалынуы керек, әйтпесе сұхбат өткізген адам негізгі элементтерді өз қарамағынан өткізіп алуы мүмкін.



3.8 Медициналық тексеру

Ұсынылған қызмет үміткерлердің денсаулығына ерекше талаптар қойылса, олар медициналық тексерулерден өтеді.



3.9 Шешім қабылдау

Сұхбат нәтижелерін талдау негізінде бөлім басшысы үміткерді таңдайды. Ваканттық қызметтің қаншалықты маңыздылығына байланысты жұмысқа алу шешімі басшымен немесе бас директормен сұхбаттасу керек болу мүмкін. Соңғы кезде жұмысқа сынау мерзіммен алу кең қолданыс тапты. Бұл –тұрақты түрде жұмысқа алуды міндеттенбей, үміткерді тікелей жұмыс орнында бағалау мүмкіндігін береді, оның мерзімі заңдастырылған немесе компания дәстүріне байланысты үміткер қызмет міндеттемесін толық орындайды, еңбегі төленеді, бірақ та мерзім біткенде жұмыстан шығарылуы мүмкін. Ұйым ешқандай зардап шекпейді. Сынау мерзімінде бөлім басшысы үміткерге ерекше көңіл бөледі: ұжымда жұмыс істей білуіне, ұйым ішіндегі қалыптасқан дәстүрді қабылдауына және әртүрлі жағдайдағы өз-өзін көрсетуіне қарайды. Бұл тәсіл объективті шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет