Петров Григорий Финляндия ақ лала гүлдер мекені



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452350
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
inbound7245658799138671841

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

 

              1816  жылы  Финляндия  Ресейдің  құрамына  кірген  кезде, 



келісімшарт  бойынша,  Финляндия  мемлекеті  жаңадан  Ата  заңдарын 

қабылдап,  осы  заңға  сəйкес  Сейм,  яғни,  финдердің  Ұлт  Мəжілісі 

бірнеше құқыққа ие болды. І Александар өз баяндамасында Ресей қол

астына  кірген  финдерді  жаңадан  қабылданған  Ата  заң  щеңберінде

басқаратынына жəне өзінен кейінгі болатын Ресей басшылары да осы

атазаңмен əрқашан санасатынына сөз берді.

              Ұлт  мəжілісінің  ашылуына  орай,  мемлекеттік  қызметкерлердің 

конгресі  ұйымдастырылды.  Бұл  конгреске  Снелман  да  қатысып,  өз 

кезегінде  Финляндиядағы  шведтер  заманынан  бастау  алатын 

қызметкерлердің тарихнамасын түсіндіріп, баяндама жасады.

       Снелман аталған конгресте:

       «Шведтер өте намысқой, бақытты, керемет сұлу, терең ойлы жəне 

парасатты  халық.  Өз  басым  шведтерді  жақсы  көремін,  олардың 

арасында  менің  көңілімді  жықпай,  сыйласатын  достарым  баршылық. 

Швед азаматының кез келген салада жетістікке жеткенін шын көңілден 

қалаймын.  Əйтсе  де,  тағдыр  тəлкегіне  түсіп,  жетімсіреп  қалған  туған 

өлкеміздің  шведтерден  егемендік  алғанына,  өте  қуаныштымын. 

Шынымды  айтсам,  өз  басым,  ұлтымның  Швед  мемлекетінен  емес, 

Швед  қызметкерлерінен  құтылғаны  үшін  өзімді  бақытты  сезініп 

тұрмын.


        Себебі, Финляндиядағы швед қызметкерлері Финляндия үшін де, 

Швеция үшін де – екі жаққа бірдей кесірін тигізді.

              Швецияның  мемлекеттік  қызметкерлері  еңбекқор,  ақылды, 

тəрбиелі  адамдар.  Бірақ,  бұл  жердегілер  (финляндиядағы  шведтер)




мүлде  басқаша.  Швед  мемлекеті  деп  көптеген  басқа  мемлекеттердің

жасаған  қателіктерін  қайталап,  қызметкерлерді  жетілдіру  саласында

бірнеше  келеңсіздіктерге  жол  берді.  Олар  ең  сапалы,  тəжірибелі

қызметкерлерін  үлкен  қалалар  мен  орталықтарға  орналастырып,

шалғай  орналасқан  аудандар  мен  қыстақ,  елдімекендерде  тəжірибесіз

мамандарды жіберетін.

                Барлық  ұлттарда  кездесетіні  сияқты,  кейбір  бай  швед 

отбасыларында  да  жалқау,  қабілетсіз,  ешқандай  жұмысқа  жарамсыз, 

ішкілікке  құмар  жастардың  толқыны  пайда  болған.  Барлық  білім 

ордаларынан шеттетілген, ешбір қызметке қабылданбаған, саудамен де 

айналысуға  ебі  жоқ,  қара  басына  пайдасы  жоқ,  еңбек  етуді 

қаламайтын,  тіпті  талпынбайтын  мұндай  жастар  ата-аналарының 

жиып-тергенін оңды-солды шашып, ақыры болмағасын,  əке-шешелері

билікке сөздерінің өтімділігін пайдаланып, қолдарынан түк келмейтін

балаларын  таныс  арқылы  Финляндиядағы  жоғары  қызметтерге

орналастырып келді.

                Осындай  жолмен,  елімізде  қызмет  тізгінін  ұстап  отырған 

мыңдаған,  тіпті  одан  да  көп  мамансымақтардан  болашақта  қандай 

жетістік  пен  нəтиже  күтуге  болатынын  өздеріңіз  де  іштей  сезіп 

отырған боларсыздар?!

        Орта мектепті жартылай «əупірімдеп» жүріп бітірген надан жəне 

тəрбиесіз  мамандар  уақытының  көбісін  қызмет  орнында  емес, 

құмарханалар мен мейрамханаларда өткізетін.

        Бұл қызметкерлер жұмыс істеуге құлықсыз, тіпті жұмыс істегілері 

келсе  де,  оның  көзін  тауып  істей  алмайды.  Өздерінің  міндеттерін 

толық  түсінбегені  былай  тұрсын,  жауапкершілікті  сезінбейтін  мұндай 

адамдар  қарапайым  халықпен  бетпе-бет  келе  қалса,  тəкаппарланып, 

өздерін  халықтан  жоғары  ұстауды  ғана  біледі.  Күнделікті 

жұмыстарына  кеш  келіп,  ерте  кетеді.  Жұмыс  уақытында  достарымен 

бас  қосып,  кофе  ішіп,  шылым  шегіп,  газет  оқып,  өздерін 

қызықтыратын  бір  тақырыпты  тауып  алып,  бос  əңгімемен  уақыт 

өткізгенді жақсы көреді.

       Бір мəселенің шешімін іздеп келген адамдарды бірнеше сағат бойы 

есіктеріне  телміртіп  қояды.  Хатшылары  кезек  күтіп  отырған 

адамдарға:



       «Бастық қазір бос емес. Жиналыста. Күте тұрыңдар!» - деп, зекиді. 

Қарапайым  халық  күні  бойы  күтуден  əбден  жалығып,  мезі  болады. 

Олардың  сол  сəттегі  түрлеріне  қарасаңыз,  құтты  түйеқұс  сияқты, 

көздері қызарып, амалы құрып, жігерлері құм болған. Қойшы, əйтеуір 

не  керек,  бірнеше  сағатқа  созылған  телміруден  соң,  бастықтың 

қабылдауына кіреді. Дегенмен, бұл қабылдаудың осыншалық сарылып 

күтуге  татымайтынын  бастықтың  алдына  кірген  кезде  ғана  түйсінеді.

Себебі, кірген адам енді ғана келген себебін айта бастағанда, бастық:

-  Бүгін менің уақытым тығыз. Ертең кел, - деп қысқа қайырады.

            -  Өтінемін,  мен  алыстан  келіп  едім.  Мүмкін  өтінішіме  құлақ

асарсыз,- десе,

      - Не деген сөзге түсінбейтін адамсың. Айттым ғой, ертең кел! – деп

ашуланады.

Əлгі адам:

      - Шынымды айтсам, мен күнде келе беруге жолақысына төлейтін

ақшадан да қиналамын, көп күтетін уақытым да жоқ – деп, жағдайын

түсіндіруге тырысқанымен, бастықсымағымыз:

              -  Сізге  ертең  кел  дедім  ғой!  Неге  сөзге  түсінбейсіз?  Тезірек 

бөлмені босатыңыз! – деп, шығарып салады.

            Сонан  соң,  қызмет  бөлмесінен  шығып,  бір  жерге  көңіл  көтеруге 

барып,  қымбат  шараптарды  судай  сіміріп,  сұлу  əйелдермен  уақыт 

өткізеді.  Сөз  жоқ,  мұндай  қайғысыз-қамсыз  өмір  кешу  үшін  көп 

қаражат  қажет.  Осы  себепті  көптеген  мемлекетке  қатысты  маңызды 

мəселелер  құмарханалар  мен  көңіл  көтеретін  орындарда  жүрдім-

бардым қаралатын болды. Ел арасында билік басындағы қызметкерлер 

жайлы түрлі алып-қашпа əңгімелер тарап, халық болашағынан түңіліп, 

өз араларында:

      «Мұнай адамды Стокгольмнан мынадай жауапты қызметке қалай 

жіберген? Бұл масқара қанша уақытқа созылады?- деп, жоғары жаққа

шағымданады.  Жергілікті  басқарушыларға  көңілі  толмайды,  оларға

наразы. Бірақ, халықтың үнін еститін құлақ жоқ. Ақыр соңында халық

та мезі болып:

          «Мемлекет  қызметкерлерінің  өзі  түрлі  заңсыздықтарға  жол  беріп 

отырғанда, біздікі бос əурешілік қой. Ендеше, біз де мүмкіндікті қалт 

жібермей,  қара  басымызды  күйіттеп,  қандай  жолмен  болса  да,  өз



мақсатымызға  қол  жеткізуіміз  керек»,  -  деп,  осының  салдарынан

қоғамда түрлі заңсыздықтар белең ала бастайды.

      Снелман сөзін былайша сабақтады:

            Қазіргі  таңда,  салыстырмалы  түрде,  біз  –  бақытты  адамдармыз. 

Себебі, күн өткен сайын біртіндеп, жер-жерде өзіміздің фин ұлтының 

оқыған  өкілдері  түрлі  салада  қызмет  тізгінін  ұстап  отыр.  Мамандар 

жетіспеген  жағдайда  шведтердің  тəжірибелі,  сапалы  мамандарын

таңдап ала аламыз.

     Əрқайсысыңыз, маман ретінде, қызмет орындарыңызда мейлінше

жаңа  жүйемен  жұмыс  жасаңыздар,  ескі  жүйенің  сарқыншақтарын

тазалап, жаңа əдістерді енгізіп, іске асырыңыздар. Ескі жүйенің ешбір

ізі  қалмайтын  болсын.  Халқымыз  əрбір  маманның  өз  еліне,  туған

өлкесіне  адал  қызмет  ететінін  сезінетін  болсын.  Қандай  да  бір  істің

шешімін  табу  үшін  көмек  сұрай  келген  адамға  сізді  шағып  алатын

жəндікке  қарағандай,  үрке  қарамаңыздар.  Қолдарыңыздан  келгенше,

халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оларға жəрдем беріп, жылы жүзбен

қарсы  алып,  шығарып  салыңыздар.  Егер  бір  отандасымыздың  талап-

тілегі орындалмаса, ол сіздің көмек қолын созбағандығыңыздан емес,

заңға  қайшы  болғандықтан,  жүзеге  аспағандығына  халық  күмəнсіз

сенетін болсын.

            Болашақ  ұрпақ  тəрбиесінде  мұғалімдер  қаншалықты  жауапты 

болса,  мемлекет  қызметкерлері  де  халықты  тəрбиелеу  жолында 

соншалықты  жауапты  екендіктерін  түйсініп,  соған  сəйкес  қызмет 

атқару керек.»

          Осы  сөздерден  кейін,  Снелман  мысқылдай  күліп,  өзін  тыңдап 

отырған көпшілік қауымға:

    -  Елімізде  кең  етек  жайған  заңсыздықтың  ұстаздары  кім,  білесіздер 

ме? – деп сауал тастады.

      Артынша өз сұрағына өзі былай жауап береді:

          «Олар  –  заңды  шығарып,  оны  қабылдайтын  мемлекет 

қызметкерлері.  Халыққа  заңға  бағыну  керектігін  үйретушілер. 

Сондықтан,  құрметті  мемлекет  қызметкерлері,  жаң  Финляндия 

мемлекетінің  атынан  сіздерге  мынадай  өтінішім  бар:  Ұлтымыз  бен 

заңымызға құрмет көрсетудің үлгісі болыңыздар. Қарапайым халықпен 

мейлінше  шынайы  əрі  əділ  болып,  екіжақты  сенімге  қол

жеткізіңіздер.»




       Бұл Снелманның халық алдында алғашқы да соңғы да сөз емес еді. 

Ол  қай  жерге  барса  да,  сəті  түсе  қалса,  қызметкерлерге  осы  сынды 

тақырыптарда  сөз  қозғайтын.  Оның  бұл  еңбегі  нəтижесіз  қалған  жоқ. 

Біртіндеп,  халықтың  мемлекет  қызметкерлеріне  деген  сенімі  оянып,

оларға құрмет көрсетіле бастады.

       Арада біраз жылдар өткен соң, Фин қызметкерлерінің жалындаған 

жап-жас,  жаңа  буыны  пайда  болды.  Олар  білімі,  тəрбиесі,  терең 

түсініктері  мен  парасат  –  пайымдарымен  жан-жақты  дами  отырып, 

күллі  əлемге  өздерін  мойындатып,  өзгелерге  үлгі  бола  білді.  Қазіргі 

таңда Финляндия халқы өз мемлекет қызметкерлерін мақтан тұтады.

 

 

КАЗАРМА



 

          Финляндия  Швецияның  қоластында  болған  кезде,  Финдердің 

өздерінің  Атазаңы,  «Сейм»  деп  аталатын  Ұлттық  Мəжілісі  жəне 

ұлттық  валюталары  болған.  Сондай-ақ,  шектеулі  əскери  күшке  ие 

болған.

     Финдер Ресей қоластына өткеннен кейін де бұларды сақтап қалды. 

Шведтер басқарып тұрған кезде Ұлттық мəжіліс пен əскери күш жəне 

ұлттық  валюта  қорын  швед  ұлтының  өкілдері  басқарған.  Осы 

тұрғыдан  алғанда,  Финдер  Швед  мəдениетінің  өміршең  болып,  дами 

түсуі үшін қолданатын жанды құралы болған.

            Финляндия  Ресей  қоластына  кірген  күннен  бастап  –  ақ,  Финдер 

жоғарыда  аталған  бірлестіктері  мен  қорларын  өз  меншігіне  алып, 

туған өлкесінің шын мəніндегі иесі болу жолында күресті бастап кетті. 

Олар ең алдымен, бастауыш, орта жəне жоғары білім ошақтарындағы 

швед  мұғалімдері  алып,  орнына  фин  мұғалімдерін  тағайындады. 

Сонан  соң,  өз  ұлт  өкілдерінің  арасынан  дəрігерлер  мен  мемлекет 

қызметкерлерін  дайындауға  кірісті.  Кіші  Фин  əскерінің  құрамы  да 

жергілікті  ұлт  өкілдерінен  жасақтала  бастады.  Шведтер  заманында 

қатардағы  əскер  құрамында  бірең-сараң  фин  өкілдері  болғанымен,

қолбасшылық  шендегілер  барлығы  дерлік  швед  ұлтының  өкілдері

болатын.



        Шведтер – қаһарман халық. Реформа кезінде Густав Адольф жəне 

Үлкен  Петро  заманында  ХІІ  Шарль  Швед  əскерінің  даңқын  бүкіл 

Еуропаға  танытқан  болатын.  Десек  те,  ол  кезде  шведтердің  əскери

күші  ақсүйектердің  қолында  болған.  Олар  өзгелерді  (мемлекет

қызметкерлері  мен  саудагерлерді,  өзге  де  қоғамның  зиялы  қауым

өкілдерін) мұрындарын шүйіріп, менсінбейтін. Əскери күш құрамында

да  қарапайым  отбасынан  шыққан  əскерлерге  ерекше  қатал  тəртіп

орнатылған.

          Офицерлер болса, өз əскери міндеттерін өтеуге құлықсыз. Бар 

болғаны  əскерлерді  сапқа  түзеп,  əскери  жиындар  өткізіп,  казарма 

өмірімен  ғана  шектелетін.  Басқа  пайдалы  ешнəрсемен  айналыспай, 

есесіне  бос  уақыттарында  ішкілік  ішіп,  домино  ойнап  немесе  би 

билейтін болған. Олардың көбісінің əскери білімдері жеткіліксіз, орта 

мектептен  кейін,  білімдерін  жетілдірмеген.  Өздері  үлгі  тұтатын 

идеалдары  да  болмаған.  Бар  білгендері,  қылыштарын  айға  білеп,  бос 

əңгіме  айту.  Ақшаларын  оңды-солды  шашып,  шыттай  болып  киініп 

алып,  қыдырып,  би  билеуде  алдарына  жан  салмайтын,  ішкілік  пен 

құмар  ойындардың    жанкүйерлері  болған.  Əскерлерге  жекіп,  ауыр 

сөздер  айтып,  оларға  «казарманың  өгіздері»  деп,  келемеждеп, 

əлімжеттік жасайтын болған.

                Снелманның  бастамасымен,  Финляндияның  жас  зиялы  қауым 

өкілдері  мемлекеттің  əскери  күшіне  ерекше  көңіл  бөле  бастады. 

Əсіресе,  Отан  алдындағы  борыштарын  өтеп  жүрген  сарбаздардың 

білімі  мен  біліктілігіне,  тəрбиесіне  жан-жақты  назар  аударылған  соң,

күн  санап  ұлттық  армияның  да  деңгейі  өсе  бастады.  Нəтижесінде

лицейлердің  озат,  үлгілі  түлектері,  тіпті  университет  түлектерінің  өзі,

əскери  мектептерге  барып,  білімдерін  жетілдіретін  болды.  Олар  бір

жағынан əскери борыштарын өтеп, екінші жағынан өздерін ер азамат

ретінде  жан-жақты  дамыта  білді.  Снелман  əскер  құрамындағы

жастардың  үнін  халық  пен  билікке  жеткізуде  олардың  ең  жақсы

«аудармашысы» бола білді. Ол əрдайым өзі қатысқан жиналыстар мен

жазған мақалаларында төмендегі пікірлерді тілге тиек ететін:

                «Сырт  көзге  мəдениеттің  шыңына  қол  жеткізгендей  болып

көрінген ұлттар мен ұлыстардың өзі түсіністік пен бейбітшілікте өмір

сүру  үшін  қажетті  мəдениет  пен  парасаттың  жоғарғы  сатысына  қол

жеткізе  алмаған.  Мұның  айқын  дəлелі,  əлі  күнге  дейін  айуандық  пен




кек алу сияқты жабайылық адамзат қоғамында жалғасын тауып келеді.

Мұндай  қорқынышты  толқындарға  кеуделерін  тосқан  адамдар  өз

құқықтарын  қорғау  үшін  қарсы  шығып,  осылайша  қоғамда  түрлі

қақтығыстар белең алады. Отанды қорғау үшін жанын пида етуге даяр

тұратын əскери күшті басқару оңай емес. Ондай күш сөзсіз, аса қадірлі

əрі  қымбат.  Мемлекет  шекарасына  жүзін  бұрып,  кірпік  қақпастан

міндетін  орындайтын  əскерлеріміз  –  туған  халқының  тыныш  ұйқысы

мен бейбіт тіршілігінің кепілі.»

        Снелман, əскери күш жайында:

                «Əскерилер  өздерін  дін  жолында  құрбан  етуге  дейін  баратын 

дəруіштер  сынды.  Біз  əскер  емеспіз,  сол  себепті  Отанымызды  түрлі 

қауіптен қорғайтын «жанды қорғандар» - сарбаздарымыздың қадіріне 

жете  алмай  келеміз.  Бұл  «жанды  қорғанды»  тұрғызуда  қолданылған 

əрбір  кірпіш  пен  құмның  түйірі  бір-бір  адам  баласы.  Олар  –  біздің 

өмірімізге  қауіп  төне  қалған  жағдайда,  өз  бастарын  өлімге  тігуге 

дайын жандар.

        Көшеде, дүкендерде немесе шайханаларда əскерлерді кездестіре

қалсам, оларға:

       «Менің əзіз бауырларым! Сендер менің жəне туған халқымыздың 

азаттығын  қорғау  үшін,  осындай  ауыр  міндетті  арқаладыңдар.  Құдай 

сендерге жар болсын!» - деп айтқым келіп тұрады.

        Казармадағы əскердің  əрқайсысын жарқылдаған жанды алмасқа 

теңер  болсақ,  жыл  сайын  борыштарын  өтеп  болған  соң,  мыңдаған 

«алмас»  отбасына  жарқылынан  айырылып,  жүздері  сынық  болып 

қайтады.  Яғни,  мыңдаған  сарбаздарымыздың  əскери  борышын  өтеу 

кезінде  денсаулықтарына  зиян  келетіні  де  шындық.  Осылайша  бүтін

алмастарымызды өз қолымызбен сындырып алып жатамыз. Бұл біздің

мемлекетімізге үлкен сын,» - дегенді жиі айтатын.

         Снелманның бұл үндеуін естіп, оқыған офицерлер:

       «Біздің Ұлттық Қарулы Күшіміздің жаңаруы керек. Əрбір əскери 

борышын  өтеп  жүрген  сарбаз  казармада  бордақыланып  жатқан  мал 

емес!  Олар  біздің  өмірде  көргені  аз,  тəжірибесіз  інілеріміз, 

бауырларымыз  деп  қарауымыз  керек.  Отанымыз  оны  білімі  мен 

тəжірибесін  жинақтасын  деп,  əскер  қатарына  жіберген.  Бұл 

сарбаздарымыз  əскери  борыштарын  өтеп  болған  кезде,  Отанымыз 

бізге:  «Сарбаздарды  қалай  дайындадыңдар?  Сендерге  аманат  ретінде 




берілген жүз мыңдаған жас жеткіншекті қалай тəрбиеледіңдер?» - деп 

сұрайды.


         

                  Офицер  сарбаздар  оның  мұғалімі  əрі  тəрбиешісі,  қажет  болса, 

ақыл-кеңесін  аямайтын  арқа  сүйер  ағасындай  болуы  керек.  Олардың

əрқайсысы  –  офицерлерге  берілген  аманат.  Əрбір  офицер  –

қарамағындағы 

əскерлердің 

денсаулығы 

мен 


барлық

мұқтаждықтарына  жауапты  адам.  Сарбаздардың  ойлау  жүйесінің

дұрыс  қалыптасуына  ықпал  ететін  де,  жүрегінде  отансүйгіштік

қасиетті  оятатын  да,  олардың  биік  парасатты,  тəрбиелі  болып,  туған

халқына мейіріммен қарайтын сүйіспеншілік сезімін бойына сіңіретін

де  –  офицерлер»  -  деп,  осындай  жаңа  міндеттер  жүктелген  фин

халқының  жас  офицерлері  үлкен  жауапкершілік  талап  ететін  үлкен

міндеттемелерді орындауда жүрексінбей, керісінше:

            «Біз  тек  соғыста  ғана  емес,  бейбіт  күнде  де  туған  өлкемізге 

пайдалы бола аламыз,» - деп, жігерлене түсетін.

            Ертеректе  əскери  казарма  деген  кезде  халық  тіксініп  қалатын. 

Көпшілік жиналған жерде тəртіпсіздік орнай қалса, «Мырзалар, сіздер 

казармада  тұрған  жоқсыздар  ғой»,  «Мына  жерден  казарманың  иісі 

шығады»,  «Байғұс  казармада  болып  келіп,  бұзылып  кетіпті»  деген 

сияқты жағымсыз пікірлер жиі айтылатын. Жаңа жүйемен білім алып, 

тəрбиеленген жас офицерлер бұл сөздерді естіген сайын намыстанып,

өздерінің кəсіби деңгейлерін дəлелдеуге тырысып бақты. Олар:

            «Жаңа  əскери  казармалар  жаңалыққа  толы  болады!  Біз  барлық 

əскери  казармаларды  халықтың  ең  сенімді  білім  орнына 

айналдырамыз.  Тіпті,  бұл  казармалар,  əскерде  болған  əрбір  ер 

азаматтың  өмір  бойы  сағынышпен  еске  алатын,  жастық  шағының  ең 

жарқын  сəттеріне  айналатын  болады.  Уақыты  келгенде  ел  аузында 

казарма  туралы:  «Құдайға  шүкір,  əскерге  барып,  нағыз  азамат  болып

келіпті.»  «Ол  бұл  тəрбиені  казармадан  алған.»  «Əскерге  барып

намысқой,  еңбекқор,  жоғары  мəдениетті  болуды  үйреніпті»  деген

жылы лебіздер ғана еститін боламыз» - деп жігерлене түсетін.

     Осындай мақсатты ұстанған жас офицерлер оған қол жеткізу үшін 

түрлі  жаңа  əдістер  ойлап  тауып,  казармадағы  ескі  жүйені  түбегейлі 

өзгертуге білек сыбана кірісті.



      Финляндия Шведтердің қол астында болған кезде казармалардың 

іші өте лас, қолқаны қабатын қоңсыған иіс əбден сіңіп қалған, жағдайы 

өте  нашар  болатын.  Əскерлердің  киімі  жұпыны,  олардың  күнделікті 

ішіп-жем  тамақтары  да  тойымсыз,  дəрумендері  өте  аз  тағамдармен

қоректенетін  болған.  Татымы  жоқ  тағамға  тəбеттері  болмаған

сарбаздар  дұрыс  тамақтанбағандықтан,  түрлі  ауруға  шалдығатын

болған.  Офицерлер  мен  өзге  де  əскери  шенділер  курсанттардың  ішіп

жемі мен киім-кешектеріне бөлінген қаражатты үнемдеп, оларды адам

құрлы  көрмейтін.  Өз  араларында  ауыздарына  келгенді  айтып,  қалай

болса, солай сөйлеу сарбаздар үшін үйреншікті жағдайға айналған.

              Қазіргі  кезде  бұл  жайттар  түбегейлі  өзгеріп,  ең  алдымен, 

казарманың  дуалдары  боялып,  ауасы  тазарып,  бақшасына  гүл 

отырғызылып,  терезелеріне  перде  ілініп,  босағада  кіреберісте 

төсеніштер төселіп, сарбаздардың барлығы күн сайын мəжбүрлі түрде 

моншаға баратын болған.

      Жеке бас гигенасы мен қоршаған орта тазалығына үйренген соң, 

сарбаздардың  ішкі  рухани  тазалығы  қолға  алынды.  Шведтердің 

тұсында Финляндия қит етсе, «Швед сияқты маскүнем адам!» «Швед 

еркегі сияқты ұрысады!» деген сөздер халық арасында кең тараған еді.

Мұның  себебі  де  жоқ  емес.  Шведтер  заманында  көбінесе  маскүнем

еркектер,  əскрилер,  генералдар  –  барлығы  дерлік  қуанышын  да,

ренішін  де  жаман  сөзбен  жеткізу  əдетке  айналған.  Бүгінгі  жағдай

мүлде  басқаша.  Себебі,  фин  халқының  жаңадан  жасақталған  жас

сарбаздары  қолдарын  жуып,  адал  ас  ішіп,  күнделікті  тіс  тазалығына

мəн беретін болған. Тіс тазалығына əдеттенген соң, тілдерін де тиып,

былапыт сөздер қолданбай, өз араларында барынша мəдениетті болуға

талпынады. Ертеректе тек əскерлер ғана емес, офицерлердің өзі дауыс

көтеріп  сөйлеуді  қаһармандыққа  балап,  мұны  казарма  өмірінің  бір

бөлшегі  деп  қарап,  неғұрлым  боқауызды  көп  қолданса,  сонысын

өздерінше жетістік көретін.

      Қазіргі фин əскерлері болса, казармаға мүлде жаңа леп алып келді. 

Олар:


            «Казарма  -    біз  үшін  қасиетті  ұғым.  Поп  үшін  –  шіркеу,  мұғалім 

үшін мектеп қаншалықты қымбат əрі маңызды болса, біз үшін казарма 

соншалықты  қымбат.  Сондықтан  да,  біз  бұл  жерде  барынша  тəрбиелі 

болып, басқаларға үлгі болуға міндеттіміз!




      Казарманы маскүнемдер мекеніне немесе боқауыз сөз айтылатын 

жерге  айналдыруға  ешкімнің  қақысы  жоқ.  Казарманың  ішінде  кез 

келген  жерге  түкірмей,  төсек  жабдықтарына  зиян  тигізбей,  жаман 

сөздер  айтпай,  ауыздарыңа  ие  болып,  өзгелердің  де  құлақтарын

кірлетуші  болмаңдар.  Қалай  болса  солай  сөйлеу  иттің  үргенінен  де

жаман  естіледі.  Бұл  –  рухани  мəдениеттсіздіктің  белгісі!  Нағыз  жігіт

екендіктеріңді  дəлелдеудің  басқа  да  лайықты  жолдары  бар.  Мəселен,

жүзуді, күресті, т.б. үйреніп, спортпен шұғылданыңдар.

      Көпшілік жиналған жерде өздеріңді мəдениетті ұстаңдар, пайдалы 

кітаптарды көп оқыңдар. Оқығандарың мен тыңдағандарыңнан нəтиже 

шығарыңдар», - деп, сарбаздарды жақсылыққа баулитын.

          Осындай  тəрбие  мектебінен  сусындаған  жас  сарбаздардың 

əрқайсысы  уақыт  өте  келе,  бір-бір  білімді  ұстаз  болып  шықты. 

Күнделікті дəрістерден бөлек əрбір офицер қарамағындағы əскерлерді 

тəрбиелеу үшін күніне арнайы бір-екі сағат көңіл бөлетін. Оларға түрлі 

ойындар  мен  қызықты  курстарды,  түнгі  кітап  оқу  сағаттарын 

ұйымдастырды.

    Əскерлік борыштарын өтеп, елге оралған азаматтарға қандай іспен 

шұғылдануға  болатыны  жайында  кеңестер  беріліп,  осы  жайы 

баяндалған 

кітаптар 

оқытылып, 

сарбаздарды 

үлкен 


өмірге 

дайындайтын.

          Олар  əскерден  қайтқан  сарбаздар  үшін  қарапайым  өмірдің  мəнін 

ұғынуға жол ашатын пəлсапалық көқарастарын қалыптастыра білді:

            «Болашақта  барған  жерлеріңде  құдды  басын  топыраққа  тығып 

алған  түйеқұс  сияқты,  өзгені  тыңдауға  құлықсыз  адамдармен 

кездесесіңдер.  Олар  адам  сияқты  өмір  сүрудің  не  екенін  толық 

түйсінбеген, көргені тым аз, тіпті кітаптан да оқымаған болуы мүмкін.

Қайтадан олардың қасына барып, баяғы қалыптарыңа түсер болсаңдар,

өздеріңде де, бізді де ұятқа қалдырасыңдар. Ол жерлерге жаңа өмірдің

жаршысы  болып  барыңдар.  Шалғай  жерлерде  өмір  сүріп  жатқан

адамдардың  рухын  сілкіндіріп,  оятыңдар.  Онда  жаңа  түсіністік  пен

бейбіт өмірді мəдениет пен еңбекті ту еткен қоғам құрыңдар.

          Əр  қоғам  мен  буын  өкілдерінің  арасында  батырлығымен,

қайсарлығымен  ерекшеленген  тұлғалар  болған.  Қазір  де  олардың

ұрпақтары  арамызда  өмір  сүріп  жатыр.  Ондай  текті  жандар  қажет

болса, ел басына күн туған кезде қасық қандары қалғанша күресуге сөз



бере  алатын  қаһармандар.  Бейбіт  күнде  Отанымыздың  жарқын

болашағы  үшін  қызмет  ету  оның  азаттығы  үшін  соғысумен  пара-пар.

Сол себепті еліміздің келешегі үшін аянбай еңбек етуіміз керек.

      Топырақты қалай игересіңдер? 

      Дəнді-дақылдарды қалай егесіңдер?

            Жан-жануардың  еті  мен  сүтін,  орманның  ағашын  қалай 

пайдаланасыңдар?

      Ер азаматтар мен əйелдер қалай тіл табысады?

      Ата-аналар өз балаларын қалай тəрбиелейді?

            Өмір  сүру  салтын  жүйелі  түрде  қалыптастырған  ұлттар  мен

ұлыстарда  бұл  сұрақтар  қалай  шешім  тапқан?  Бір  байқап  көрейік.

Ағылшындардың  маталары,  чехтердің  əйнектері,  ирландияның

қойлары,  француз  шараптары,  Данияның  сары  майы,  Брюссельдің

қолөнер  туындылары,  орыстардың  тондары,  шведтердің  сіріңкесі

неліктен  дүниежүзінде  жоғары  сұранысқа  ие?  Себебі,  бұл

бұйымдардың  ең  сапалысы  осы  елдерде  шығарылады.  Біз  болып,  сіз

болып,  болашақта  əлем  мойындайтын  сапалы  бұйымдар  шығарып,

еліміздің даңқының шығуына үлес қосуға міндеттіміз.

      Əйтсе де, ондай жетістікке жету үшін халқымыздың көзін ашып, 

жол  көрсететін  адамдар  қажет-ақ.  Олар  кімдер  болмақ?  Ол  үшін

өлкеміздің  шалғайларында  батпаққа  батып  жатқан  ормандарға  дейін

барып, жанкештілік танытатын жандар бар ма?»

            Əскерлердің  көңілін  елең  еткізіп,  рухтарын  оятқан  бұл 

сауалдардың жауабын офицерлер өздері беретін:

      «Сіздер! Иə, бұл бастамаларды алғашқы болып сендер жасайтын 

боласыңдар!  Міне,  сол  кезде  ғана  отбасыларың,  ауыл-аймақ  пен 

Отанымыз  сендердің  ұзақ  уақыт  казармада  өткізген  уақыттарыңнан 

ұтпаса, 


ұтылмайтын 

болады. 


Керісінше, 

сенердің 

осында 

үйренгендеріңнен олар да үйреніп жатса, біздің кеңесіміздің бір кəдеге 

жарағаны.  Сіздер  казармаға  алғаш  келген  кезде  өңделмеген  темір 

сынды  болсаңдар,  қазір,  балқытылып,  белгілі  бір  қалыпқа  енген, 

жүрегінің жалыны бар жігерлі жас болып қайтасыңдар!»

            Табиғаттың  сыйынан  мақрұм  қалған  Финляндияның 

батпақдаласында  фин  халқының  жас  офицерлері  бар  ынта-

жігерлерімен туған өлкелеріне қалтқысыз қызмет ететін білімді, күшті 

де қайратты жастарды осылайша тəрбиелеп шығарды. 



          Əскерлер  өздерінен  жасы  үлкен  офицерлерді  мақтан  тұтып, 

құрметтейтін. Əскерлік борыштарын өтеу барысында оларды ренжітіп 

алмас үшін, барынша мұқият болуға тырысып-бағатын. 

              Олар  өздерінен  əлсіздердің  əрекеттерін  қадағалап,  өзгелерге  де

зияны тиіп кетпеуі үшін, бір-біріне қамқорлық көрсететін.

              Сарбаздар  борыштарын  өтеп,  елге  оралғаннан  кейін  де, 

офицерлерімен  хабарласып,  оларды  жиі  еске  алып,  хат  арқылы  елде 

болып жатқан жаңалықтармен бөлісіп отыратын.

              Туған  ауылдарындағы  жаңа,  жарқын  өмірдің  бастауы  жайлы 

айтып,  өздерінің  болашаққа  жоспарларымен  бөлісіп,  офицерлерден 

ақыл-кеңес алып отыратын.

       Шалғай жерлерге жете бермейтін жаңа басылымдарға жазылып, 

жаңа шыққан кітаптарды жіберулерін өтінетін.

      Офицерлер мен сарбаздардың бірігіп қолға алған жұмыстарының 

нəтижесінде  шалғай  жатқан  елдімекендер  мен  əскери  казармалардың 

арасында 

екіжақты 

шынайы 


байланыс 

орнады. 


Осылайша 

Финляндияның 

түкпір-түкпірінде 

денсаулық 

пен 

мəдениетке 



шақыратын жаңа өмір салты жан-жақты насихаттала бастады.

              Əскери  казарма  халықтың  түсінігінде  қорқынышты  жер  емес, 

керісінше,  мақтауға  лайық  жақсылықтың  жаршысына  айналды. 

Финляндияның  түкпір-түкпірінде  отбасында  бұзықтық  жасай  қалған 

балаларына ата-аналар:

              «Тезірек  əскерге  баратын  жасқа  жетсең,  казарманың  тəрбиесін 

алсаң, нағыз адам болар едің!» - дейтін болды.

       Мұны естіген көршілер де құптап:

        «Иə, əскерге барса, жақсы болары сөзсіз. Мұндай тəртіпсіздерді 

казарма адам қылып шығарады. Көрдің бе, Пеко Юксон, Руди Антонен 

де  əскерге  барып,  нағыз  азамат  болып  келді.  Олардың  бұрын  қандай 

болғанын  бəріміз  де  білетінбіз.  Тіпті  адам  болмайтын  шығар  деп 

ойлайтынбыз.  Сіздің  балаңыз  да  солар  сияқты  əскерге  барып,

жөнделіп, əлі – ақ нағыз азамат болады. Себебі, əскери казарма біздің

балаларымызды бізден жақсы тəрбиелейді.» - дейтін болды.

      Ауылдың ақсақалдары да осы пікірді қолдап:

      «Иə, иə, ол рас. Бұрындары біз қалай байқамағанбыз? Өмірде көп

қателіктерге  бой  алдырыппыз.  Қазіргі  жастарымызға  қарап,  шүкір

дейміз. Олар өмірдің мəнін жастайынан ұғынып өсіп келеді.



                Жастарымызды  осындай  тəрбиелі  əрі  білімді  етіп  шығарған 

əскери казармалар бұрынғыға қарғанда əлдеқайда өркендеп, дамыған» 

- дейтін.

      Түсініктеме: Қамырдың ашытқысы неғұрлым сапалы болса, қамыр 

да  соғұрлым  тез  көтеріледі.  Казармалар  да  құтты  ашытқы  тəрізді, 

неғұрлым əскери тəрбие сапалы болса, жастарымыз саналы болып, сол 

арқылы халықтың рухы тез сілкініп, көтерілетіні сөзсіз.

 

 



 

 

ФУТБОЛ

 

      Наполеон билік басына келген күннен бастап, Еуропада соғыс аз 



болған  жоқ.  Ол  Еуропа  мемлекеттерінің  барлығына  дерлік  соғыс 

жариялады. Əсіресе, Англияны жеңуді көздеді. Ағылшындар болса, өз 

кезектерінде  Наполеонды  биліктен  кетірудің  түрлі  жолдарын

ойластырып, бақты.

            Наполеон  Еуропамен  қатар,  Ресейге  де  қыр  көрсетті. 

Француздармен  соғыс  болуы  мүмкін  деп  қауіптенген  Ресей,  1808 

жылы  Швециямен  арада  болған  соғысты  тоқтатты.  Көп  ұзамай  –  ақ, 

тарихта  танымал  болған  Ресей  мен  Франция  арасындағы  қызыл  –

қырғын  соғыс    басталып  та  кетті.  Наполоен  бар  əскери  күшін 

біріктіріп,  Мəскеуге  дейін  келді.  Бірақ,  осы  тұста  орыстардан 

тойтарысқа ұшырап, кері шегінуге мəжбүр болып, Францияға қайтты. 

Францияға келісімен, қайта қол жинап, бұрынғы əскери күшті қалпына 

келтірудің  амалын  қылды.  Бірақ,  Наполоенның  ең  басты  қарсыласы 

ағылшындар  барлық  Еуропа  халқын  француздарға  қарсы  қойды.  Осы 

соғыста  Наполоен  тұтқынға  түсіп,  Сент  –  Элен  деп  аталатын  аралға 

жер аударылады. Ұзақ жылдар бойы Наполеонның жорықтарынан мезі 

болған  бүкіл  Еуропа  жұртшылығы  бұл  хабарды  ести  сала,  бөріктерін 

аспанға  атып,  қуанышқа  кенелді.  Осы  оқиғадан  соң,  барша 

еуропалықтар  ағылшындардың  күш  жігеріне  тəнті  болып,  олардың

əрбір ісін өздеріне үлгі ете бастады. Тіпті ағылшынның бар болмысы

сəнге айналды.

                Еуропалықтардың  кішкентай  балалары  мен  жас  жеткіншектері 

үлкендердің  қылықтарын  дұрыс  –  бұрысын  сараламай,  ішкілік  ішіп, 



шылым шегіп, жаман сөздер айтып, ағылшындар өмірінің күлкілі жəне 

зиянды тұстарын айны қатесіз көшіріп, қайталап, қысқа уақыт ішінде, 

ағылшындардың көшірмесіне айналды.

      Еуропаның байлары болса, ат жарыстарында қомақты ақша тігіп, 

виски  ішіп,  ағылшындардың  киім  үлгісімен  киініп,  шаш  үлгілерін 

ағылшынша  қысқартатын  болды.  Жастар  жағы  бар  ынтасымен 

ағылшынның  спорт  түрлеріне,  əсіресе,  футболға  беріле  бастады. 

Толыққанды  білім  алмаған  Еуропа  жастары  футбол  десе  ішкен 

астарын жерге қоятын болды.  Футболдан лəззат алып, оның қызығына

құныққан  байдың  балалары  оны  өнер  мен  білімнің  деңгейіне  дейін

көтеріп  жіберді.  Халықтың  футболға  деген  қызығушылығын  одан  əрі

қоздыра  түсу  үшін,  білімсіз  журналист  қауым  өкілдері  де  құдайдың

құтты күні футболдың жарнамасын жасаудан бір тынған жоқ.

     Бұл жайт Снелманның тұсында Финляндияда да етек жая бастады. 

Фин жастары əлі де болса бəрі бірдей жан-жақты терең ойлап, жақсы 

мен  жаманның  парқын  ажыратуға  қауқарсыз,  мəселенің  байыбына 

барып,  терең  ойлануды  білмейтін.  Финляндия  Ресейдің  қоластына 

өткен  соң,  фин  халқы  шведтерге  қарсы  кек  сақтап,  оларға  соғыс  ашу 

сынды  ойлардан  ада  болды.  Өздігінен  ойлануға  енжарлық  танытатын 

фин  жастары  бірі  қалмай,  футболға  құмарта  бастады.  Футбол  ойнау 

жұқпалы дерт сынды күннен-күнге жер-жерде, тіпті шалғай ауылдарда 

да сəнге айналды. Бүкіл бір буын өкілінің ойы мен ерік – жігерін, сана-

сезімін билеген футбол дауасыз дертке айналды. Барлық жерде футбол 

бірлестіктері  мен  ұйымдары  пайда  бола  бастады.  Снелман  мен  оның

жастақтары  болса,  елде  белең  алып  бара  жатқан  бұл  жайтқа  бей-жай

қарап отыра алмады. Себебі, жастардың ойлау қабілетін нашарлатып,

тек  екі  аяқтарына  күш  түсіретін  спорттың  бұл  түрі  рухани  тоқырауға

себеп  болуы  əбден  мүмкін  еді.  Ұлттың  жас  буын  өкілдерінің  мəдени

жəне рухани оянғанын қалайтын отансүйгіш азаматтар бір-біріне:

          «Мұндай  тек  аяқ  пен  қолдары  ғана  жұмыс  істейтін  жастар 

болашақта ұлтымыздың мəдениеті мен рухани дамуына қандай пайда 

келтірмек? Елімізге аяқ-қолдары емес, рухы мен сана-сезімі шыныққан 

адамдар  қажет.  Отанымыздың  дамуына  бұлар  қалай  қызмет  етеді?»  - 

деп күмандана сауал қоятын.

          Снелман  бір  кездері  Испанияда  көптеген  адамдардың 

фантастикалық  шығармаларды  оқып,  ақыр  соңында  əлгі  адамдар  сол 




кітаптардан  əсерленгендері  соншалық,  соған  еліктеп,  қиял  ғажайып 

əлемдегідей өмір сүреміз деп жұртышылыққа мазақ болғанын жəне ол 

жайында  Сервантес  өзінің  атақты  «Дон  Кихот»  атты  шығармасында 

сөз  етіп,  сол  адамдарды  күлкілі  кейіпкер  ретінде  суреттей  отырып, 

халықтың көзін ашуға талпынғанын есіне түсірді.

     Снелман мен оның достары:

          «Испанияның  атақты  жазуышысы  еліктегіштікті  шығармасының 

өзекті  тақырыбы  етіп  алып,  жазуға  мəжбүр  болғанына  қарағанда,

  кейбір  жастарымыздың  осындай  ақылға  сыймайтын  қияли  іс-

əрекеттерінің  өзі  көз  жұма  қарауға  болмайтын  жайт»  -  деген  ойға

келді.

                Сервантес  адамдардың  қиял-ғажайыпқа  негізделген



шығармаларға  қызығуының  себебі  олардың  ойлау  қабілеттерінің

төмендігі жəне өздері ойлауға ерінетін жалқаулықтарының белгісі деп

ұғынған  жəне  оны  өз  шығармасы  арқылы  халыққа  түсіндіруге

тырысқан.  Себебі,  Сервантес  мұндай  шығармаларын  жазған  кезде

испандықтар  өздерінің  артта  қалған  мемлекеттерін  дамытудың

жолдары  мен  ел  экономикасын,  мəдениетін,  сондай  –  ақ,  əлеуметтік

мəселелердің  оң  шешімін  тауып,  қажетті  шараларды  қолға  алуға

құлықсыз болатын.

       Осы тұрғыдан алғанда, олар ойлау қабілеттерін, өз мүмкіндіктерін 

толық  қолданбағандықтан,  рухани  жалаңаштанған  еді.  Сан  мыңдаған

адамдар  күні  бойы  қиял  ғажайыпқа  өрілген,  шындықтың  ауылынан

алыс фантастикалық романдарды оқып, уақытын босқа өткізетін жəне

сол  шығармаларды  оқығаны  үшін,  бір  істі  тындырғандай  өздеріне

көңілі толатын болған.

      Ол өлкеде мəдениет саласында еңбек етіп, зейнет жасына жеткен 

адамдарды да кездестеру мүмкін емес – ті. Халықтың сана-сезімі селт 

етпей,  қалың  ұйқының  құрсауында  қалған.  Күн  өткен  сайын

білімсіздік  пен  кедейлік  өрши  түскен.  Мемлекет  өз  күшін  жоғалта

бастаған. Қалың бұқараның мəдениеті мен экономикасы құрдымға бет

алған.  Осындай  сын  сағатта  халыққа  рухани  тоқыраудан  шығудың

жолын  көрсететін  бірілі-екілі  сауатты  адамдар  əлгі  қияли

шығармаларды  оқып,  бар  болмастарымен  сол  əлемге  еніп,  өздерін

бақытты сезінгесін, жай халық қайдан оңсын?

      Снелман іштей:




          «Дəл  қазіргі  таңда  жазушылардың  жазғандарын  біздің  халық 

түсініп,  олардың  лайықты  бағасын  беруге  өресі  жете  қоймасы  анық.

Бүгінгі  қоғамның  ергежейлі  рухты  адамдарының  жасап  жатқан

арзанқол  саясаты  мен  түкке  тұрғысыз  пікірлерін  ашық  айтып,

халықтың көзін ашатындай шығармалар туғызатын жазушылар қажет-

ақ.  Шынайы  өмірді  күлдіре  отырып,  түсіндіріп,  жеңіл  тілмен

халықтың жетесіне жеткізетін Сервантестей шебер жазушымызда жоқ.

Дегенмен, дəл Сервантес сияқты туындыны жаза алмасақ та, шамамыз

жеткенше  солардың  жасаған  үлкен  істерін  біз  де  жасай  аламыз.

Туберкулез,  холера  сияқты  жұқпалы  дерттерді  тасымалдаушы

микроптар  көзге  көрінбегенімен,  өте  қауіпті.  Олар  кішкентай

болғанымен,  бүкіл  бір  мемлекеттің  адамдарын  құртып  жібере  алады.

Ал  қоғамның  айықпас  дертіне  айналып  отырған  рухани  микроптар

болса,  осы  аурулардың  микроптарынан  бірнеше  есе  қауіпті.»  -  дей

ойлайтын.

                Финляндия  батпақты  жерде  орналасқандықтан,  туберкулез  бен 

безгек сынды жұқпалы дерттің ошағы ушығып тұрған еді. Қарапайым 

халық арасында безгекпен ауырғандардың саны күн санап артып, өкпе 

құртына шалдыққандардың көбісі өмірмен қош айтысып жататын. Бұл 

сырқаттарға қарсы күрес басталып та кеткен. Снелман:

     «Бұл күрес аздық етеді. Бізде бұдан басқа адамдардың сана-сезімін, 

ойлау  қабілетін  кеміріп  жатқан  жұқпалы  аурудың  рухани  түрі  де  кең 

етек  алып  барады.  Сырқаттың  бұл  түрі  күн  өткен  сайын 

жастарымызды  құрдымға  айдауда.  Бұған  қазір  тоқтау  қоймасақ,  бес, 

он, он бес жылдан кейін ұлтқа төнген қауіптің алдын алуға қауқарсыз 

боламыз.  Сол  себепті  бізге  тəн  сырқатымен  қатар,  жанның  жұқпалы 

ауруларымен де күресуге тура келеді.» - деген сөздерді жиі айтатын.

          Бір  күні  Финляндияда  ең  ірі  футбол  клубының  10  жылдық 

мерейтойын  тойлауға  арналған  мемлекеттік  деңгейде  жарыс

ұйымдастырылып, үлкен жиын өтетін болды. Бұл жиынға түрлі спорт

салаларының  мамандары  да  қатысты.  Снелман  да  достарымен  бірге

осы жиынға келген. Ол Финляндияның ең ірі спорт қауымдастығының

өкілі  болып  саналатын.  Бұл  жиында  да  Снелман  сөз  алып,  жиналған

жұртшылыққа өз ойын, көзқарасын ашық айтты:

          «Біздің  жастарымыздың  спортқа  қызығушылығы  мені  қуантады. 

Қандай  да  бір  ақылға  қонымды  əрекетке  өз  басым  қолдау  көрсетуден 




жалыққан  емеспін.  Пəлсапа  ілімінің  отаны  саналатын  Грекияда  да 

күрес, көркем гимнастика сияқты спорт түрлері қатар дамыған. Денені 

шынықтыру  адамның  физикалық  мүмкіндігін  арттырып,  дене  бітімін

сұлуландыра түсері сөзсіз.

            Қалалық  жерлерде  еш  қозғалыссыз  бірқалыпты  күн  кешкен 

адамның  бұлшықеттері  шау  тартып,  буындары  босап,  денсаулығы 

нашарлап, қанайналым жүйесі əлсіреп, күнделікті өмірде енжарлыққа 

бой ұрып, жалқау бола бастайды.

      Германияда мектеп жасындағы балалардың көбісі көзілдірік киеді. 

Демек,  олардың  көру  қабілеттері  нашарлаған.  Олардың  арасында 

бойлары  бүкірейген,  сүйектері  əлсіз,  қолдарының  күші  азайған,  бет-

əлпеттерінде  қан-сөл  жоқ,  солған  өсімдік  сияқтыларды  жиі 

кездестіруге  болады.  Олардың  солғын  жүздерін  көрген  сəтте,

  қолдарынан  жетектеп,  табиғат  аясына  апарып,  кең  далада  еркін

тыныстатып, жалаңаяқ жүгіртіп, таза ауада серуендеткің келеді.

            Ежелгі  гректердің  заманында  Сократтың  замандастары  үш 

қағиданы қатаң ұстанған.

      Бірінші, ешқашан ешнəрседе тым астамшылыққа бармау, екінші, 

кез  келген  жайтты  сыңаржақты  ойланудан  аулақ  болу,  үшіншіден, 

барлық  нəрсе  белгілі  бір  өлшеммен  дер  кезінде  жүзеге  асуы  керек 

деген принцип болған.

      Сократтың замандасы Аристофан философтардың тек ой еңбегімен 

шектеліп,  дене  шынықтыру  мен  еңбек  етуге  келгенде  енжарлық

танытатындарын  өткір  сын  садағына  алған.  Ол  өзінің  жазған

шығармаларында  бастары  білімге  толы  екі  аяқтылар  мен  құрғақ

теорияны талдаудың шеберлерін аяусыз сынап-мінеген.

            «Гуливердің  саяхаттарының»  авторы  Джонатан  Свифт  болса, 

құрбақалар  тəрізді  əдбен  ісініп,  алып  адам  боламыз  деп  ойлаған 

ергежейлілерді  мазақ  етеді.  Сондай  –  ақ,  Свифт  лапуттарды  да 

кекесінмен суреттейді.

       Лапуттар дегеніміз – бастары үлкен, мойындары арық, денелері 

ілмиген,  ебедейсіз  жаратылыс  иелері.    Олар  кітаптағы  қатып  қалған 

формулалар  мен  геометриялық  фигураларға  сүйеніп,  сол  шеңберде 

ғана  өмір  сүретін  болған.  Яғни  дене  бітімдері  қаншалықты  көзге 

қораш,  қалай  ыңғайсыз  көрінсе,  өмір  сүру  қағидалары  да  ақылға 

қонымсыз.




              Енді  өз  Отанымызға  оралсақ.  Осыншалық  жан-жүрегімізбен

сүйетін  туған  өлкеміздің  Лапуттар  мен  Лилипуттардың  мекеніне

айналуын  қалайсыздар  ма?  Бізге  ергежейлілер  де,  лапуттар  да  керек

емес.


              Біз,  финдердің  аяқтарының  күшті  болғанын  қалаймыз,  бірақ 

ақылдарының əлсіз болғанына қарсымыз. Тек аяқ күшіне ғана сенетін, 

жарым-жартылай  ойлайтын  адамдар  біздің  халқымызға  үлгі  бола 

алмайды. Біздің идеалымыздағы азаматтарымыз ондай емес.

          Сіздер  футболдың  Финляндияда  дамығанын  көріп  қуанып 

жатырсыздар.  «Күшті  аяқ»  атты  футбол  командамыздың  көршілес 

жатқан  Швеция,  Норвегия,  Данияда,  тіпті  сонау  Мажарстанда  өткен 

кездесулерде  жеңіске  жеткенін  мақтан  етесіздер.  Мен  сіздің  бұл 

қуанышыңызға қосыла алмаймын.

          Себебі,  мен  біздің  сүйікті  Суомиімізде  «Күшті  ақыл»,  «Үлкен

істер»,  «Үлкен  істердің  бастамасы,  «Ең  сапалы  жұмыртқа»,  «Ең

сапалы  дəнді  дақыл»,  «Кір  шалмаған  ар-ождан»,  «Жаңашыл  ойлар»,

«Өміріне 

риза 


халық» 

деген 


сияқты 

аттарды 


иемденген

қауымдастықтарың пайда болғанын қалаймын.

          Мен  жас  финдердің  тек  мажарларды  ғана  емес,  француздар  мен 

ағылшындарды  да  жеңгенін  қалаймын.  Бірақ,  біз  тек  футболда  ғана

емес, сапалы біліммен, жоғары өнер туындыларымызбен, сауда-саттық

саласында  жəне  мемлекеттің  өзге  де  салаларында  олардан  оқ  бойы

алда болуымыз керек.

          Мұндай  маңызды  даму  кезеңінде  тек  футболшыларымыздың  аяқ 

күштеріне сенетін болсақ, алысқа бара алмаймыз. Қарсымыздан допты 

қайтару  үшін  бас  керек,  бірақ  ең  мықты  бас,  біле-білсеңіздер,  ол  – 

қошқардың басы.

          Мен  фин  жастарының  бар-жоғы  қошқардың  басы  сияқты  мықты 

басқа ие болғанын мақтанатын жайт деп санаймын.

          Атақты  Сократ  Пен  Херкульдің  суретін  салып,  салыстырып 

көріңіздер.  Сократтың  маңдайы  кереқарыс,  нағыз  философтың 

бейнесін көруге болады. Кең маңдайлы адамдардың ойлау қабілеттері 

де өзгелерге қарағанда кең болады. Ондай адамдар терең ойлы болады. 

Сократ сондай адам болған.

     Енді салыстыру үшін Херкільдің суретіне қарасаңыз, ең алдымен 

ірі  денесі  көзге  ұрады.  Бұл  оның  батырлығы  мен  күшінің  белгісі. 




Əйтсе де, ондай адамдар күшті ақылға ие болмайды. Яғни, қара күштің 

иелері терең ой мен рухани байлыққа келгенде кедей болады.

      Əлбетте, мен бұл мысалды айтқанда, сіздерге Сократтың немесе 

Херкульдің  екеуінің  бірінің  басын  таңдаңдар  деп  тұрғаным  жоқ. 

Айтқым  келгені,  аяқтарыңды  жұмыс  істеткен  кезде,  Сократ  сияқты 

бастарыңды да жұмыс істетіңдер.

          Барлық  істер  дер  кезінде  орындау  қажет.    Десек  те  реті  келгенде 

көңіл  көтерген  де  дұрыс.  Финляндияға  тек  доп  ойнайтын  адамдар 

керек  емес.  Бізге  Фин  мемлекетін  экономикалық,  əлеуметтік,  мəдени 

жəне рухани тұрғыда дамытатын адамдар керек. 

      Мəдени тұрғыда артты қалған ұлттар мен ұлыстардың өмір сүру

салтына  еліктеп,  оларды  көшірмелеуден  аулақ  болыңдар.  Парижге

барғандар  кафелерді,  Германияға  барғандар  мейрамханаларды,

Анталияға  барғандар  футболды  үйреніп  келеді.  «Біреудің  сасығы

біреуге  таңсық»  демекші,  үйренгеннің  жөні  осы  екен  деп,  не  болса

соған  еліктеуші  болмаңдар.  Əр  нəрсені  ақыл  таразысына  салып,

екшеп,  ішінен  ең  пайдалысын  алуға  ұмтылған  жөн.  Еуропадан

ғылымды үйренуге талпыныңдар.

          Фин  жастары!  Сендердің  міндеттерің  аяқтарыңмен  допты 

аспандату емес. Сендердің басты міндеттерің – ұлтымыздың рухы мен 

намысын  аспандату!  Сол  арқылы  сүйікті  Отанымызды  барлық  салада 

дамытып, шын мəнінде бақытқа кенелту!

     Естеріңде болсын: Дені саудың – жаны сау. Ал жаны сау адамның 

рухы əрдайым асқақ болары сөзсіз!

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет