Петров Григорий Финляндия ақ лала гүлдер мекені



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452350
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
inbound7245658799138671841

ШІРКЕУ ЖƏНЕ ХАЛЫҚ

       Снелман поптарға былай дейтін:

              «Құрметті  Дінбасылар,  Шіркеу  поптары!  Дұшпандарың  емес,

сіздерден  бір  балаң  ретінде  өтінішім:  халықтың  шын  мəніндегі

дінбасылары болыңыздар. Дін адамының жай ғана шіркеу қызметкері

емес екендігін естен шығармаңыздар. Сіздердің міндеттеріңіз тек діни

мейрамдар  мен  қасиетті  күндерде  халықтың  алдына  шығып,  сөз

сөйлеумен  шектелмейді.  Иса  Пайғамбар,  ең  алдымен,  халыққа  адал,

таза,  жақсы  өмір  сүруді  үйретіп,  оларды  сүйіспеншілікке,  жақсылық

жасауға шақырған. Сіздер де күнделікті уағыз жасап, халықпен тығыз

байланыста  болыңыздар.  Тыңдаушыларын  мезі  етіп,  ұйықтатып

тастайтын кітаптың сөздерімен сөйлемеңіздер. Ойларыңызды жалпыға

түсінікті,  қарапайым  тілмен  жеткізіңіздер.  Егер,  Хазіреті  Иса  біздің

Суомиге  келген  болса,  халықпен  қалай  тіл  табысқан  болар  еді,  бір

сəтке соны ойлап, сіздер де солай тіл табысуға тырысыңыздар.

     Құрметті Дін Қызметкерлері! Екі миллион фин халқының болашағы 

үшін  сіздерден  өтінішім:  Қатып  қалған  сколастикалық  философиядан 

(түбірі лат. тіл. енген «мектеп философиясы» деген мағынаны береді – 

ауд.  Ə.Ө)  бойларыңызды  аулақ  ұстап,  халыққа  шынайы  дінді 

насихаттаңыздар.  Інжілдегі  көрсетілген  өмір  сүру  ережелерін  жас

демей,  кəрі  демей,  барлығына  бірдей  түсіндіріп,  олардың  бойында

дінге құрмет, Інжіл заңымен өмір сүру мұқтаждығын оятыңыздар!»

        Бірде Финляндияның астанасы – Хельсинкиде халық арасында 

діни  наным-сенімнің  азаюы  мен  шіркеуге,  дінбасыларға  құрмет 

көрсетілмеуінің 

себептерін 

талқылау 

үшін, 


епископтардың 

басқосатынын  естісімен,  Снелман  аталмыш  жиында  сөз  сөйлеуге 




рұқсат  сұрайды.  Епископтар  болса,  Снелманның  сөз  сөйлеуіне  қарсы 

шығып:


            «Бұл  –  епископтардың  жиыны.  Рухбан  (христиандықта  бір  діни 

ортада  дін  адамының  қызметін  атқарушылар  –  ауд.  Ə.Ө)  санатына 

кірмейтін адамға бұл жерде орын жоқ. Оның үстіне, Снелман сияқты 

шіркеумен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын біреу шіркеудің жоғарғы 

өкілдеріне не айтып жарытпақшы?!» - дейді.

       Снелман бұған жауабын жазбаша түрде жібереді. Ол хатта былай 

делінген:

              Құрметті  дінбасылары!  Өз  басым  сіздерге  бір  нəрсе  үйретуден 

аулақпын.  Мен  сіздердің  қараса  көз  тоятын,  нақышталған,  үлкен,  бай 

шіркеулеріңіздің  іші  неліктен  суық  болатынын  айтқым  келген.  Сіздер 

өздеріңіз  халықтың  діннен,  шіркеуден  күн  өткен  сайын  алыстап  бара 

жатқанын  мойындап  отырсыздар,  мен  мұның  себебін  түсіндіргім 

келеді. 

Менің 


дауысымды 

халықтың 

жанайқайы 

ретінде


қабылдаңыздар. Сіздер мені жиналысқа қатыстырғыларыңыз келмейді.

Бірақ,  науқастың  шағымын  тыңдамай  оны  қалай  емдемексіздер?!

Осыны ойладыңыздар ма?!

              Снелманның  хатын  алғаннан  кейін,  оған  жиналысқа  қатысуына 

рұқсат берілді. Ол жиында өз кезегінде былайша баяндама жасады:

       «Құрметті жиынға қатысушы Дін қызметкерлері! Менің мақсатым 

– Сіздерді кінəлап, қате-кемшіліктеріңізді жұртшылыққа паш ету емес.

Менсіз  де  дін  адамдарын  жамандап,  кінə  тағатындар  толып  жатыр.

Мен поптарды кінəламаймын. Керісінше, ең алдымен, өзімді, қоғамды,

халықты кəналаймын. Себебі, поптар көктен түскен жоқ немесе басқа

жақтан  желмен  ұшып,  теңізбен  жүзіп  келген  жоқ.  Дін  адамдары  –

жақсы  адамдар  болсын,  жаман  болсын,  біздің  қанымызбен  қаны,

жанымызбен  жаны  бір  бауырларымыз.  Сондықтан,  дін  адамдарын

жамандап, қарайлайтындарға мен былай дер едім:

            Біздің  саудагерлеріміз  мəдениетті  ме?  Аспазшыларымыз,  ағаш 

шеберлері  мен  темір  ұсталарымыз  намысты  ма?  Жалпы,  қай 

мамандықтың 

иесі 


жоғары 

мəдениетімен 

мақтана 

алады? 


Адвокаттарымыз  бен  парламент  мүшелерін,  журналисттерімізді  өз 

туған  өлкесінің  тұғыры  болады  деп  айта  аламыз  ба?  Бұл  сауалдарға

қарсы сенімді түрде жауап бере алмай, жер шұқып қалатынымыз өтірік

емес.  Олай  болса,  басқаларынан  не  сұрайсыңдар?  Өз  арамызда




доңызды  сеніп  баққызатын  сенімді  бақташы  таба  алмай  отырып,

шіркеуде  құрметке  лайық  поп  жоқ  деп,  неменеге  дінбасыларын

қаралайсыңдар?

                Мен  бұл  жиынға  дін  адамдарына  кінə  артуға  келген  жоқпын. 

Дертіне  дауа  іздеп,  дəрігерге  жүгінген  науқас  адам  сияқты,  ем  іздеп 

келдім.  Сіздерге  айтарым:  Халық  мəдениетсіз,  жүрексіз,  жалқау, 

ашкөз.  Халықтың  ешкімге,  ешнəрсеге  құрметі  қалған  жоқ.  Халықтың 

сенімі  жоғалған.  Барлығына  күдікпен,  сақтықпен  қарайды.  Осындай 

қоғамда дінге орын бар ма? Қандай дін болуы мүмкін бұл жерде? Ол 

аздай  халық  арасында  ескі  бос  наным-сенімге  сену  əлі  күнге  дейін 

кездеседі.

            Десек  те,  осы  үшін  халықты  кінəлауға  бола  ма?  Дін  жайында

халыққа  кім,  қашан  жəне  қалай  түсіндірді?  Хазіреті  Иса  мен  оның

жақтастары  халық  арасына  сіңісіп,  оған  сағаттар  бойы  Тəңірді,

сүйіспеншілікті түсіндіретін. Сөйтіп олар қарапайым, түсінікті тілмен

халықтың  рухын  жаулайтын.  Мыңдаған  адам  Исаның  артынан  еріп,

Яхияны  іздейтін.  Қазір  болса,  шіркеулер  қаңырап,  бос  тұр.  Халық

уағыздарға  бармақ  түгілі,  қашады.  Неге?  Себебі,  уағыздар  халыққа

түсініксіз,  жүректеріне  жетпейді,  ақылға  қонымсыз,  рухты  оятып,

көңілді  көншітпейді.  Бұл  қорқыныштың  алдын  алуды  сіздер

ойластыруларыңыз  керек.  Бұл  –  сіздердің  міндеттеріңіз,  құрметті

дінбасылар!

              Сіздерге  біздің  халықтың  рухани  ауруға  шалдыққанын  айтқым 

келеді. Халық – ауыр науқас. Халықтың діни наным-сенімінің əлсіреуі 

тек бір ғана шіркеудің проблемасы емес, əрине. Бұл – мемлекет үшін

де  үлкен  қауіп.  Жаратқан  Тəңірге  сенбеген  көңіл  кедейлігі  –  рухтың

семгендігі.  Дінсіздік  халық  үшін  қасиетті  саналатын  барлық  нəрсені

өлтіріп,  жоқ  етеді.  Мұның  соңы  хайуан  тəрізді  өмір  сүруге,

ождансыздыққа,  менмендікке,  жағымпаздық  пен  жалтақтыққа,  адам

тəрбиесінің ең төменгі дəрежесіне əкеп соқтыруы бек мүмкін.

            Сіздерге  –  шіркеудің  тізгінін  ұстап  отырғандарға  айтарым:

халықтың  көңілінде  Тəңірге  деген  сенім  күннен-күнге  азайып  бара

жатыр.  Бұдан  қорқынышты  не  болуы  мүмкін?  Өздеріңізге,  Тəңірге,

туған  өлкелеріңізге  таза  жүректі,  адал  болғыларыңыз  келсе,  кінəліні

басқа жақтан іздемеңіздер. Білімге, пəлсапаға немесе зиялы қауымға да

кінə артпаңыздар. Барлық дін өкілдері мен мəзһабтардың екіжүзділері




əрдайым  кінə  артқан  жəне  əлі  күнге  дейін  бұдан  бас  тартқан  емес.

Өзгеге кінə артқанша, өзіңізді кінəлап, рухани ем іздеңіз. Тəңірді өзіңіз

іздеп,  табыңыз.  Содан  кейін  халыққа  жақсы  өмір  сүрудің  жолын

көрсетіңіз!

            Тағы  да  қайталаймын,  жүректерде  Тəңірге  деген  сүйіспеншілік 

болмаған  халықтың  күні  қараң!  Сол  себепті,  сөзімді  сіздерден  – 

епископтардан 

көмек 


сұрап 

аяқтамақшымын. 

Халықты 

құтқарыңыздар!  Жүректерге  тəңірге  деген  шынайы  сүйіспеншілікті 

енгізудің  жолын  қарастырыңыздар!  Сол  үшін  күн-түн  демей,  еңбек 

етіңіздер!»

      Снелман сөзін аяқтап, құрылтайға қатысушыларға сəлем берді.

            Оның  сөздері  жиынға  қатсыушыларға  қатты  əсер  етті.  Кейбір

реніш білдіргендер бар дауыстарымен айқайлап:

      «Бұл шіркеуге қара күйе жақты. Екіжүзді!!!» - деп айқай салды.

            Епископтар  болса,  Снелманның  айтқандарына  қосылып,  үнсіз 

бастарын  изеген.  Снелманның  əрбір  сөзі  олардың  көңілінде  өткенге 

салауат айтып, келер күнге деген сенім мен қуаныш ұялатты.

            Құрылтайға  қатысушы  қарт  епископтардың  бірі  Снелманның 

оқыған мектебінде көптеген жылдар бойы поп қызметін атқарған екен. 

Ол орнынан тұрып, Снелманға жақындап, маңдайынан сүйіп:

            «Рахмет  саған.  Сен  бүгін  өзіңнің  қарт  мұғаліміңді  бір  қуантып 

тастадың.  Сені  көріп,  сөздеріңді  тыңдап,  халқымыздың  жарқын 

келешегін көргендей əсерде қалдым. Туған халқыңның болашағы үшін 

басыңды  бəйгеге  тігіпсің.  Осындай  қиын  да,  жауапты  міндетті 

орындауда Тəңірім саған жар болсын!» - деп ризалығын білдірді.

      Осы оқиғадан соң, епископтар өз қарамағындағы елдімекендерде 

поптарды  жинап,  халықты  шіркеу  уағыздарына  қалай  тартып, 

қызықтыруға  болатынын  талқылады.  Дін  адамдары  мен  халықтың 

арасын  жақындатудың  жолдарын  қарастырды.  Көптеген  жерлерде 

поптар  бірігіп,  Інжілді  оқып,  оны  тереңнен  талдап,  өз  араларында 

тəжірибе  алмасты.  Күн  өткен  сайын  мұндай  сұхбаттар  мен  уағыз, 

басқосулардың  саны  артып,  оған  келуші  халық  та  көбейе  бастады. 

Жастар  мен  жасамыстарды  бөлек-бөлек  топтастырып,  балаларға 

жастарына  сай  тілмен  түсіндіретін  арнайы  уағыз-насихаттар  пайда 

болды. 



     Осылайша халықтың саны да, сапасы да күн өткен сайын жақсарып

семген  рухтар  жібіп,  жүректерге  жылылық  ұялай  бастады.  Снелман 

мен  достары  халықтың  рухани  серпілісіне  куə  болып:  «Біз  туған 

халымызды  рухани  тəрбиелеу  жолында  қызмет  ететін  ең  тамаша, 

нағыз көмекшілерді таптық!» - деп сүйсінді.

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет