Петров Григорий Финляндия ақ лала гүлдер мекені


ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТƏРБИЕСІ



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452350
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
inbound7245658799138671841

ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТƏРБИЕСІ

 

     Снелман мен достары Финляндияның халқын рухани ояту үшін жас 



ұрпақты  тəрбиелеуге  бар  күш-жігерлерін  сарқа  жұмсады.  Жастар 

мəселесі Снелманның ең жақсы көріп, ерекше көңіл бөлетін тақырыбы 

еді.    

            Снелман  кейде  жастарға  ренжіп,  ашуланғанымен,  үлкендер 

жастарға  кінə  арта  қалған  жағдайда  үнемі  жастарды  жақтайтын.  Ол 

үлкендерге қарата:




          «Кінə  жастарда  емес,  сіздерде!  Сіздер  жастарды  қалай 

тəрбиелесеңіздер, олар солай өсіп-жетіледі. Олардың əрбір іс-əрекеті - 

(жағымды-жағымсыз)  сіздердің  берген  тəрбиелеріңіздің  нəтижесі. 

Жастарға  қандай  тəрбие  бердіңіздер?»  -  деп,  олардың  өздерін 

тығырыққа тірейтін.

          Аналар  күнделікті  ыдыс-аяқ  пен  балаларының  кір-қоңын  жуып, 

тазалық  жасап,  ас  əзірлеуден  қолдары  тимей,  əкелер  болса,  сауда-

саттықпен,  фабриканың  жұмыстарымен  шұғылданатын.  Олар

жұмыстан қолдары қалт ете қалса, түннің бір уағына дейін шайханалар

мен  түнгі  клубтарда  карта  ойнап,  балаларының  тəрбиесін  соңғы

кезекке қалдыратын.

    Олар үшін туған балаларының тəрбиесімен айналысу зеріктіретін іс 

тəрізді  болып  көрінетін.  Балаларымен  оңаша  отырып  сөйлеспейді, 

олардың не нəрсемен айналысып жүргенінен бейхабар. Бар білгендері, 

өздерінің көңілдері қалаған сəтте балаларының басынан сипап, оларға 

тəтті мен ойыншықтар алып беріп:

          «Ал,  енді  бір  шетте  дыбыстарыңды  шығармай,  үлкендердің 

мазасын алмай, ойнаңдар» - дейтін.




            Басқаша  айтқанда:  «Не  істесеңдер  оны  істеңдер,  əйтеуір  біздің 

басымызды ауыртпаңдар» - дегені.

            Өңделмеген  егіс  алқабының  құнарсыз  болатыны  сияқты,

толыққанды  тəрбие  мен  мейірімге  бөленбеген  баланың  да  өсе  келе

рухани  сана-сезімі  кемелдікке  жете  алмай,  адамзатқа  да  пайдасы

шамалы болады.

            Отбасында  сирек  те  болса,  жақсылық,  əдемілік,  сүйіспеншілік 

сияқты тақырыптар сөз болғанымен, мейірімге бөленбей өскен балалар 

болашақта  қоғамнан  өз  орнына  таба  алмай,  қиналады.  Көбінесе  ата-

аналар туған балаларының рухына азық болар мейірімге толы сөздерді 

айтуда  сараңдық  танытып  жатады.  Олардың  күнделікті  қайталай

беретін  жаттанды  сөздері  болса,  балаларының  рухына  əсер  етуден

қалған.

        Шынтуайтында,  толыққанды  отбасы  мен  көкелері,  тəтелері, 

нағашылары  сияқты  жақын  туыстары  болса  да,  тəрбиелері 

қадағалаусыз  қалған  бала  рухани  жетімдікке  ұшырайды.  Көбінесе 

отбасы үлкендері балаларына ішіп-жемі мен киім-кешегін қамтамасыз 

етсек, сол да жетер деп ойлап, балалардың рухани тəрбиесін, назардан 

тыс қалдырады.

          Мұндай  мейірімге  қанбай  өскен  балалардың  ержеткен  де  жаман 

əдеттерге тез бой ұрулары таң қаларлық жайт емес. Ол аздай, ес біліп, 

етек жия бастаған кезде отбасында түрлі кикілжіңдерге куə болады.

        Үлкен  қалалар  мен  аудан  орталықтарында  жас  жеткіншектердің 

істеген бұзақылық əрекеттеріне куə болған үлкендер: «Бұл не масқара? 

Мына  жүгермектер  бізге  күн  көрсетпейтін  болды  ғой»  -  деп  зар 

қағады.


     Құрметті ата-аналар! Бір сəтке ар-ождандарыңызға есеп беріңіздер. 

Бұл бұзақылар қайдан шықты? Олардың отбасыларында жақсы тəрбие

алып, өнегелі адам болып шығуы үшін қандай жағдай жасадыңыздар?

    Үлкендер балаларға: «Өтірік айтпа, адамдарды алдау күнə болады» - 

деп,  өздері  бір-бірін  алдап  күн  кешеді.  Яғни,  олардың  сөздері  мен 

істері қабыспай жатады.

    Балалар ондай өтірікті тез аңғарады. Алғашқыда ата-анасының неге 

бұлай  өтірікке  жол  беретінін  түсіне  алмай,  дал  болады.  Кейіннен 

мұндай жағдай бірнеше рет қайталанғанын көрген соң, ата-анасының 

сөзі  мен  ісі  əрдайым  сəйкес  келе  бермейтініне  көздері  жетеді. 




Осылайша,  ержеткен  кезде  бала  мен  ата-аналарының  арасында 

сенімсіздік  пайда  болады  да,  ата-аналарының  айтқанына  құлақ 

аспайтын болады.

      Ата-аналар болса, туған балаларына сөзі өтпей, дымдары құрып,

шарасыз  халге  түседі.  Өздерінің  мұндай  халге  түсулеріне  кінəліні

басқа  жақтан  іздейді.  Шын  мəнінде  мұндай  жағдайдың  орын  алуына

бір кездері өздері үлес қосқанын ойламайды да.

          Балаларды  ұрысып,  жазалаумен  тəртіпке  бағындырам  деу  бос 

əурешілік.  Олардың  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  көрсететін  азамат 

болып  шыққанын  қаласаңыздар,  айтқан  сөздеріңіз  бен  істеріңіз 

қабысатын болсын.

            Кейбір  ата-аналар  отбасында  киген  киімдеріне,  аяқ-қолдарының 

тазалықтарына  мəн  бермейді.  Балаларының  көзінше  жыртық,  кір 

киімдермен қалай болса, солай жүре береді. Тіпті кейбірі балалардың 

көзінше  ұрысып,  жанжалдасып,  ауыздарына  келгенді  айтады.  Бір-

біріне құрметпен қарау дегенді ұмытқан. Ол аздай, анасы балаларына:

      «Көрдіңдер ме, сендердің əкелерің қандай оңбаған адам екенін» - 

десе, əкесі де қалыспай: «Сендердің шешелеріңнің түрі мынау!» - деп, 

бір-бірін жерден алып, жерге салады.

      Балалардың көзінше басқаларды ғайбаттап немесе өз пайдаларын 

көздеп,  қызметте  жоғарылау  үшін  т.б.  кімдерге  қанша  сыйлық  жасау 

керек деген сынды тақырыптағы əңгімелерді айтпау керек. 

       Отбасында осы сынды жайттарға куə болып өскен балаңыздан он 

бес, жиырма жылдан соң мақтан тұтарлық азамат шықпаса, түк те таң 

қалмаңыз. Бір сөзбен айтқанда, «Ұяда не көрсе, ұшқанды соны іледі». 

Осыны əрдайым естен шығармаңыздар!

            Ата-аналар  ойланыңыздар,  сіздер  балаларыңыздың  тəрбиесімен 

бірге  болашақта  самғап  ұшар  қанатын  қомдап,  баптадыңыздар  ма? 

Əлде  керісінше,  олардың  қанатын  түбінен  өз  қолдарыңызбен  қырқып 

тастадыңыздар ма?

      Балалары есейген сайын əрбір ата-ана олардың болашағынан үлкен 

үміт,  өмірінен  тек  жақсылықтар  күтеді.  Ұлдарының  жоғары  білімді 

инженер,  дəрігер  немесе  заң  қызметкері  болғанын  қалайды.  Қыздары

бай,  ауқатты  жерге  келін  болып,  қайғысыз-қамсыз  өмір  сүрсе  деп

тілейді.  Олар  балаларының  бақытты  болуының  кілті  –  жоғары

қызметтің  тізгінін  ұстау  немесе  бай  жерге  келін  болуда  деп  есептеп,




сол мақсатқа жетудің түрлі жолдарын қарастырады. Осылайша ата-ана

балаларының  болшақта  рахат  өмір  сүрулері  үшін  ең  дұрыс  шешімді

қабылдадық деп ойлайды.

       Лев Толстой бұл жайында былай дейді:

          «Өмірдегі  келеңсіздіктердің  ең  басты  себептерінің  бірі  мынау:

Əрбір  адам  материалды  жəне  рухани  тұрғыда  қайғысыз-қамсыз  өмір

сүргісі  келеді,  бірақ,  өкінішке  орай,  оған  қол  жеткізу  үшін  еңбек  ету

керектігін естен шығарып жатады.»

            Кім  де  болса,  саналы  ғұмырында  жақсылықтарға  кенелсем  деп

ойлайды,  бірақ  өзі  басқаға  жақсылық  жасау  керектігін  ұмытады.

Кейбірі  жағымпаздықпен  өзі  аңсаған  байлыққа,  жақсылыққа  қол

жеткізсем  деп  ойлайды.  Осындай  оймен  əркімге  бір  жағымпазданып,

жалтақтаумен өмірдің соңына қалай келгенін білмей қалады.

            Ондай  ата-анасы  болған  бала  да  өскенде  соны  қайталайды.

Олардың  бойында  ашкөздік,  тойымсыздық,  қолда  барына  қанағат

етпеу  сынды  қасиеттер  көрініс  табады.  Мұндай  қасиеттерді

балалардың бойына сіңірген кім? Əрине ата-анасы!

      Бұндай жастар өздерінен басқа ешкімге сенбейтін, өзімшіл болып 

өседі.  Олардың  бойында  Отанға,  ұлтқа  деген  сүйіспеншілік  сезімі  де 

көрініс  табуы  екіталай.  Өзге  түгілі  өз  туғандарына  да  қайыры  жоқ 

қатыгез жандар осындай жастардан шығады.

            Не  ексең,  соны  орасың!  Егер  жастардың  рухани  тəрбиесін  дəнді 

дақыл  себілмеген  егістік  сияқты  өз  еркіне  қалдыратын  болсаңыз,

болашақта ол жерде жеміс орнына тікен өсіп шығары сөзсіз.

            Ата-аналардың  балаларының  жүрегін  жақсылыққа  құштар  етіп 

тəрбиелеудің орнына, оларды өз еріктеріне қалдыруы ешқандай ақылға 

сыймайтын,  ар-ождан  алдында  да  кешірілмейтін  жайт.  Тіпті  бұл  – 

балалардың болашағына жасалған қиянат. Десек те, балаларымыздың 

дұрыс тəрбие алуы тек ата-анамен шектелмеуі керек. Мұндай маңызды 

мəселе мемлекеттік деңгейде қолдау тауып отыруы қажет. 

          Заң  шығарушы  органдар  ондаған  заң  шығарғанымен,  халық 

қалаулылары  сайлау  кезінде  халыққа  қалағанынша  уəде  бергенімен, 

үйдегі  балаларымыз  дұрыс  тəрбие  алмай,  үлкен  өмірге  өз 

білгендерімен  қадам  басатын  болса,  парламент  пен  барлық  жоғары

мекемелердің  ешбір  проблемасы  ешқашан  дұрыс  шешімін  таппайды,

қабылданған  заңның  да  еш  пайдасы  болмайды.  Себебі,  тəрбиелері




солқылдақ  жас  мамандар  болашақта  саясатта  да  солқылдақтық

танытатын  болады.  Мектептер  жастарымызға  білім  берудің  орнына

олардың  ой-санасын,  жүрегін  жасандылыққа  баулитын  болады.

Баспасөз қызметі болса, көшеге шығып тəнін саудалаған жөзекшелерді

еске  түсіретін  болады.  «Аш  бала  тоқ  баламен  ойнамайдының»  кері

келіп,  қарапайым  халық  ұлттың  элитасы  саналатын  жоғарғы  санат

өкілдеріне жек көріп, жиіркенішпен қарайтын болады.

              Біздің  жас  мемлекетіміз  сіздерден  болашақта  мұндай  нəтижені 

күтпейді.  Финляндияның  болашағы  жарқын  болады.  Еліміздің  əрбір 

азаматының қарыны тоқ, көйлегі көк өз өмірлеріне риза болып ғұмыр 

кешетін  болады.  Ол  үшін  осы  бастан  отбасылық  өміріміз  бен 

ұлтымыздың өмірін айырылмас бір бүтін деп санап, сол жолда күресе 

білуіміз керек.»

      Снелман мен достары ауыл-аймақтар мен қалаларда осыған ұқсас 

жүздеген  жиындар  жасап,  халықты  жақсылыққа  үндеді.  Мұндай 

жүректен  шыққан  жалынды  сөздерді  тыңдаған  ата-аналар  балалары

мен  жастардың  тəрбиесіне  жіті  мəн  беріп,  олардың  алдындағы  ата-

аналық  парыздарын  барынша  орындауға  тырысып  бақты.  Олар

көптеген  жерде  ата-аналар  қауымдастығын  құрып,  үлгерімі  мен

тəрбиесі нашар балаларға қамқорлық көрсетіп, көмек қолдарын созды.

Тəжірибелі  педагогтар  мен  психологтарды  шақырып,  бірлесіп

балалардың  проблемаларын  екі  жақтап  шешуге  жұмыла  кірісті.  Бала

тəрбиесіне  осыншалықты  жауапкершілікпен  қараған  соң,  көп  ұзамай-

ақ, ата-аналардың еңбегі нəтижесін беріп, көптеген мəселелер шешіле

бастады.

      Финляндияға аты шыққан тəжірибелі педагогтар мен психологтар 

туған  өлкелерінің  түпкір-түпкірін  аралап,  бала  тəрбиесіне  қатысты 

семинарлар  беріп,  халықтың  сауатын  ашты.  Олар  бұқара  халыққа 

баланың жан дүниесінің ерекшеліктері мен нəзік тұстарын түсіндіріп, 

олармен тіл табысудың жолдарын көрсетті.

          Осындай  жанкештілердің  арқасында,  əрбір  Фин  отбасы  жылдар

бойғы  ұйқысынан  оянып,  ұлттық  рухтары  сілкініп,  дамудың  жаңа  əрі

жарқын жолына бет алды.

     Олардың бұл əрекеттері құтты бағбанның егіннің бітік шығуы үшін 

бақшаны баптаудың жолын көрсеткені сынды, барша халыққа пайдалы 

болды.



     Мейірім мен сүйіспеншілікке бөленген бақша ағаштарының берері 

мол, берекесі көл-көсір болары даусыз.

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет