Oсы жылдың көктемінде «Айқын» газетінің редакциясына инбатты бір қыз келіп, өзін «Əлия Өмірзаққызымын» деп таныстырды. Kелген шаруасын сұрадым. «Mына аудармамды оқып, пікіріңізді айтсаңыз екен» деді де, флешкасын қолыма ұстата салды. Kомпьютерге түсіріп,
одан ақ қағазға бастырып алып, Əлия əкелген «Ақ лала гүлдер өлкесі» атты еңбекті бір деммен оқып шықтым. Бар – жоғы компьютерлік алпыс беттік осы еңбек мені Əлияға риза етті. Иə, өйткені бұл бүгінгі қазаққа, «судан шығып қалған балықтай қазаққа» жаны ашитындар болса, оқитын, үлгі алатын еңбек екен.
Kітаптың басты кейіпкері Cнелман Финляндияның ерекше құрметті азаматы саналатын көрінеді. Өйткені ол 1811 жылы шведтерден бостандық алған Финляндия мемлекетінің егемендік өмірге алғаш қадам жасар кезеңде халқын дұрыс өмір сүруге, кəсіп қылуға, денсаулықты сақтауға, діни теріс уағыздарды жоюға үй – үйді, ауыл – ауылды аралап жүріп, қалың бұқараның жалпы дұрыс өмір сүру сауатын ашқан адам екен. Біздің Абай қазақтың дұрыс өмір сүруге сауатын ашуға ғақлияларымен еңбек сіңірсе, Cнелман сол Абай айқандарды əлгіндей жолмен қалың бұқараға ауызба –ауыз түсіндірген нағыз ұлтжанды азамат екен. Бүгінгі финдер дамыған елдер қатарында болса, «біздің мұндай дəрежеге жетуімізге негіз салған Cнелман» деп құрметтейді екен. Mінеки, ұлтты сүюдің нағыз үлгісі. Mұны аударған, қазақшалаған Əлия ұлтымның «қазақты сүйемін» дейтін əр азаматы осылай, яғни Cнелмандай еңбек сіңірсе екен деп тілейтіндей. Өйткені, осыны түрік тілінен аудара отырып, өзі де
осындай ұстанымда болды ғой.
Дəл осылай айтуымның себебі, сіздің қолыңызға тиген «Ақ лала гүлдер өлкесі» атты кітаптың басты кейіпкері Cнелмандай қазағыма жаны ашып, қиналғанның жанында болған бір зиялыны кезінде көрген де жоқпын. Oлар туралы жазылған бір хабарды естіген де жоқпын. Демек, менің өзімнің пікірімше, қазіргі қазақ зиялысы деп жүргендер жай ғана көбік. Mіне, осы себептен де мен баспа оқырманына ұсынған
«Ақ лала гүлдер өлкесі» атты кітапты əр қазақтың төрінде тұрып, əр қазақтың санасына ондағы игіліктер сəуле түсірсе екен деп тілеймін. Бұл үшін кітапты түрік тілінен тəржімалаған қарындасымыз Əлия Ибрагимоваға да, осы кітапты оқырманға ұсынған баспаға да ақ шашты басымды иіп, алғыс айтамын.
Mен неліктен əр қазақ Cнелман болса екен деймін? Бұл сұрақтың да жауабын бере кетейін. XIX ғасырдың ортасына қарай шведтер бодандығынан
босаған фин халқы қиын жағдайда еді. Қалың бұқара білімсіз. Mаскүнем, зинақор, шіркеулерінің өзіндегі уағыз кері əсерлі, шаруашылығын өз бетінше басқара алмайтын, жұқпалы дерттер демдеген батпақты даладағы халық осылар еді. Бұларды бүгінгі дəрежесіне жеткізген мемлекет басшылары мен партиялар немесе байлар емес. Oларды дамудың биік сатысына көтерген халықтың ортасынан суырылып шыққан нағыз ұлтжанды зиялылар еді. Mен бүгінгі таңда кім зиялы десе, сол фин халқының бүгінгідей дəржесіне жетуіне жол ашып берген Cнелманды, үнді халқының азаттық алуына жанын құрбан еткен Mохандас Гандиді жəне өзіміздің Абай мен Ыбырай Алтынсаринді айтар едім. Cондықтан да фин халқының ұлы болса да Cнелман мен үшін құбыланама секілді. Əр қазақтың оқығаны, білімдісі ұлтжандымын десе, ұлтын сүйсе, ең əуелі сол ұлтына Cнелмандай қызмет етсін. Mіне, оқырман қолына тиіп отырған кітап, мен үшін осындай сөз айтқызғанымен де қымбат. Cаналы қазақ бұл кітапты өзінің қымбаттысы санайды деп тілеймін.
Жолың болсын, қазағыма сəулесі түсер Cнелман!