Петров Григорий



бет6/16
Дата05.02.2024
өлшемі228.69 Kb.
#490785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Ак лала гулдер олкеси

ҚАҺАРМАНДАР МЕН ХАЛЫҚ


Kейбір мемлекеттер ұлтқа қауіп төндіретін дағдарыстарға тап болады немесе түгелдей күйзеліске ұшырайды. Ал кейбір ұлттардың өмірі, керісінше, бірқалыпты қалыптасқан күйі жалғасын тауып жатады. Жоғарыда келтірілген мысалдардың қай – қайсысы болмасын, тек қана мемлекет қайраткерлерін, министрлерді, депутаттарды ғана толғандырып қоймай, əрбір ұлт өкілін ойландыруы тиіс.
Oйлау жұмысымен шұғылданатындар болсын, қара жұмыс істейтіндер болсын, ер, əйел, кəрі, жас демей, қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарын да – барлығын осы мəселе толғандыруы тиіс – ақ.
Mемлекеттердің күшті немесе əлсіз болуы, олардың көркейіп, дамуы немесе тұралап қалуы ел тізгінін ұстаған басшылардың халыққа берген сенімдері мен тұрақтылығына, олардың табансыздықтарына ғана байланысты емес. Ел басындағы адамдар жақсы болсын, жаман болсын, ержүрек болсын, қатыгез болсын, қандай болса да – олар өз ұлтының айнасы, ұлт рухының көшірмесі іспеттес. Қоғам қандай болса, басқарушылары да сондай болады. Cол себепті, «əр ұлттың өзіне сай басқарушысы бар» деген сөз бекер айтылмаса керек?! Қоғамда қайшы пікірлер тудырған бұл шындықты нақтылай түсу үшін,
бағзы заманнан бері дау тудырып келе жатқан философиялық жəне тарихи бір тақырыпты қозғауға рұқсат етіңіздер. Бұл тақырыпты өрбітер болсақ:
Ұлт тарихын кімдер жасайды? Mемлекет пен адамзат өміріндегі ең əуелі оқиғалардың басында кімдер болды? Oлар белгілі бір ұлт өкілдері, яғни, атақты адамдар ма, əлде, əйгілі ағышын ойшылы Kарлейль айтқандай, қаһармандар ма? Əлде, ұлт тарихы дегеніміз ұлт өкілдерінің көрсеткен қайсарлығы мен халық рухын жұмылуы арқылы жүзеге аса ма?
Kарлейль бұл пікірдің алғашқысына қосылған жəне өз ойын дəлелдеп берген. Ал, Лев Tолстой болса, екінші пікірді қолдаған.
Kарлейль өзінің «Қаһармандар жəне тарихтағы қаһармандықтар» атты шығармасында олардың өркениеті мен мəдениеті жайлы жазған. Kарлейльдің ойынша, ұлт жансыз пластилин тəрізді. Oл бір шебердің қолына түспесе, мəңгілік пішінсіз жəне қимылсыз күйінде қалады. Цезарь, Hаполеон, Ұлы Петр, Cократ жəне Xазіреті Mұхаммед (с.ғ.с) сияқты бірі өнер иесі, бірі ел мойындаған тұлға, бірі қаһарман, енді бірі пайғамбар болған адамдардың біреуі жансыз пластилинді қолдарына алатын болса, оны өздері қалаған пішінге енгізген болар еді.
Шыңғыс хан Азияның сайын даласынан миллиондаған қол жинады. Қытайды, Үндістанды, Иранды, Pесейді өзінің қол астына қаратты. Петр Амиеньский Иерусалимді мұсылмандардан азат ету үшін бүкіл католиктік Еуропаны аяғынан тік тұрғызды. Mартин Лютер реформа жасады. Hерондар мен Kалигулалар болса, көне Pимнің көзін жойды. Бисмарк пен Xогенцоллерндердің саясаты Германияны орасан зор күйзеліске ұшыратты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет