П.ғ. к., доцент А. Ш. Танирбергенова



бет8/8
Дата17.02.2020
өлшемі1.38 Mb.
#447995
1   2   3   4   5   6   7   8
Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектелген балаларға психологиялық көмек көрсету2


Қорытынды
Мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселесі бүгінгі күнге ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі, ерекше қамқорлықты қажет ететін осы санаттағы балаларға Президент пен Үкімет көп көңіл бөлуде. Облыста кемтар балаларды оңалтудың бағдарламасы жасалынып бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және психикалық кемістігі бар 18 жасқа дейінгі кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы олардың тұрмыс – тіршілігіндегі шектеуді жою және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатынасу жағдайларын жасау.

Бүгінгі күнге Астана қаласы №64 «Асыл-Бөбек» балабақшасы жанынан құралған «Үміт» сауықтыру орталығы. Мектепке дейінгі мүмкіндігі шектелген балалар. 227 мүмкіндігі шектеулі кемтар балалар есепке алынған. Олардың ішіндегі 3 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 14,3 – 6 жас аралығында – 23, - 6 жастағы мүгедектер саны – 9,7 – 16 жас аралығындағылар – 181, қалғандары 16 – 18 жас аралығындағы мүгедек балалар. Балалардың психикалық ауытқуы барлары – 28, жүйке жүйесі ауыратындары – 16, есту және көру қабілеттері бұзылғаны – 19, туа біткен кемісі барлары – 50, эндокринді, ас қорыту аурулары барлары – 9, сөйлесу қабілеті бұзылғандары – 14, жүріп – тұру мүшелерінің функциялары бұзылғандары – 50, ақыл – ойы кенжелеп қалғаны – 50 бала.

Бағдарламаны орындау мақсатында аурудың түрлері мен ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың ақыл – ой жағынан даму ерекшеліктері мен ойынға қабілетін, білім алу мен қарым – қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіншіліктерін анықтай отырып, іс- шаралар жасалынған болатын.

Оны жүзеге асыру бағытында ауданда біршама жұмыстар атқарылды. Мәселен, ауылды жердегі 18 жасқа дейінгі кемтар балалар толық тексеруден өткізілді. Олардың даму ерекшеліктері анықталып, диагноздары белгіленген. Тексеруден өткен барлық балалар жергілікті емханаларда дәрігерлердің бақылауына алынып, диспансерлік есепте қадағаланып тұратын болды. Соның нәтижесінде 12 бала аудандық деңгейде, 49 бала облыстық деңгейде, 19 бала республикалық деңгейде ем қабылдады. 41 бала медициналық эксперттік сараптау комиссиясына жіберіліп, 2012 жылы 10 бала, 2013 жылы 12 бала, ал 2011 жылы 25 бала алғашқы рет мүгедектік топқа ілінді.

Реаблитациялық еммен қамтамасыз ету мәселесі де жылдан – жылға өсіп келеді. 2014 жылы бір бала реаблитациялық ем қабылдаса, 2015 жылы 11 бала реаблитациялық ем қабылдаған. Сол сияқты 2004 жылы бір мүгедек бала облыстың мүгедектер үйіне орналастырылса, бір мүгедек бала медициналық құрал – жабдықтар алды.

Эндокринологиялық (қант диабеті) аурумен ауырған 9 бала тегін дәрі – дәрмекпен емделеді.

Мүгедек балалардың республикалық деңгейде квота бойынша емделуіне ешқандай кедергі жоқ. Өткен 3 жылда республикалық ғылыми орталықта, «Ақсай» балалар клиникасында және республикалық «Балбұлақ» емдеу сауықтыру орталығында 50 кемтар бала квота арқылы емделсе, облыстық «Ана мен баланы» аялау орталығында 11 мүгедек бала дем алып қайтты.

Ауданда үйде оқитын оқушылар саны жылдан – жылға өсуде. Мәселен, 2010 – 2011 оқу жылдары 94 бала болса, 2012 – 2013 жылдары 104 балаға дейін өскен, ал 2014 – 2015 жылдары үйде оқитын балалар саны 142 балаға дейін жеткен. Психикалық дамуы тежеулі балалар циклюзивті оқу бағдарламасымен жалпы білім беретін мектептерде оқып жатыр. Аудан мектептерінде оқитын мүгедек оқушылардың бәрі тегін оқылықпен қамтамасыз етілген. Жылдан – жылға үйде оқитын балаларға бөлінетін қаржы да көбеюде. Мысалы, былтырғы оқу жылында үйде оқитын балаларға бөлінген қаржы 12400000 теңге болса, биылғы оқу жылында бөлінген қаржы 19284000 теңгені құрайды. Сонымен қатар, былтырғы оқу жылымен салыстырғанда мектептерде Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылдың 20 тамызындағы № 696 бұйрығының негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту жоспары бойынша сағат саны артты және бастауыш мектепте кемтар балаларға түзету сағаттары енгізіліді.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мемлекеттік сараптау комиссисының қорытынды шешіміне байланысты 7 мүгедек баланы қозғалыс арбасымен, 9 мүгедек баланы ортопедиялық бұйымдарымен қамтамасыз етті. Кемтар балаларды әлеуметтік жағынан қолдау жөнінде олардың ата-аналарының біріне әр тоқсан сайын алты есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы төленіп отырды. Мәселен, өткен жылы мұндай жәрдемақы аудан бойынша 159 мүгедек балалардың ата-аналарына 2628300 теңге көлемінде тағайындалып, оның 2347800 теңгесі сол жылы төленіп берді. Кемтар балаларға арналған арнайы мекемелер Тараз қаласында да жұмыс істейді. Қазір облыс орталығында да, елді мекендер де психологиялық, медициналық, педагогикалық кеңес беру орталықтары жұмыс істейді. Кейбір бала бақшалар мен орта мектептерде логопедтік топтар, түзету кабинеттері ашылды.



Ұсыныстар:

1.Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру жүйесі ретінде бейімдік арнайы балалар бақшасы жұмыс істеуі тиіс.

2.Қазіргі уақытта арнайы топтағы негізгі континент 2-ші дәрежедегі жалпы сөйлеу қабілеті төмен балаларға рационалдық тәсілдер қолдану үшін сөйлеу пәндеріндегі қателіктерді дұрыс анықтау басты мақсат болуы тиіс.

3.Ата-аналармен мектепке дейінгі мекемелердің арасындағы жан-жақты қарым-қатынас баланың психологиялық және физиологиялық денсаулығына, толыққанды дамуына әсер ету үшін ата-аналардың келісулері арқылы әр түрлі қарым-қатынас формасын құру керек.

4.Әр түрлі ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу існде бір мезгілде болып отыратын процестерді жете түсініп, олардың ауытқуының орынын неғұрлым еселеп толықтыруға мүмкіндік тудыру қажет.

5.Дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық даму жолындағы қиыншылықтарды мүмкіндігінше жеңіп шығуларына психологтар тарапынан қолайлы жағдай тудырып отыруы тиіс.

6.Психикалық кеміс балалардың ертеден қалыптасқан табандылық көрсету мен шыдамдылық жасауына ешқандай шек қоймау керек.

7.Керең-мылқауды оқыту, оның жаратылысына қарама-қарсы, соған қарамастан баланы тілге үйрету үшін оның табиғатын үйрету қажет.


Осы жағдайдың барлығы дамуы ауытқыған балалардың эмоциясы мен сезімдерінің жақсы дамуына әкеліп соғады.









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Власова Т.А, Певзнер М.С. Учителю о детях с откланениями в развитий. – М.. Просвещение, 1967.140c

  2. Коррекционное обучение как основа развития аномальных дошкольников. Под. ред. Л.П. Носковой – М, Педагогика, 1989.

  3. Обучение и воспитание детей во вспомагательной школе. Под. ред. В.В Боронковой. – М, Школа- Пресс, 1994.101c

  4. И.А. Соколянский. Нәрестенің психикалық дамуы. М, 1985. 14c

  5. В.М. Бехтерев. Психологиялық таным . М, 1977.16c

  6. Л.С. Выгодский. Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы. А. 1999.130-140c

  7. С.Г. Шевченко. Коррекционно – развевающее обучение. Организационно – педагогические аспекты. М, Гуманитарный издательский центр «Владос», 1999

  8. А.Р. Маллер. Состояние и тенденции развивающего обучения и воспитания глубоко умственно отсталых детей. Деффектология – 1994.150c

  9. Н.Я. Семаго. Новые подходы к построению коррекционной работы с детьми с различными видами отклоняющегося развития. Деффектология. 1995.37c

  10. В.А. Запорожец. Психологическое развитие ребенка. Избранные психологические труды в 2-х томах. М., 1986.168c

  11. М.И. Лысина. Проблемы онтогенезообщения. М., 1986

  12. Е. В. Суботский. Ребенок открывает мир. М., 1991

  13. С.Я. Рубенштейн. Психология умственно отсталого школьника – М., Просвишение, 1979г.

  14. П.Лич. Младенец и ребенок. М., 1989.28c

  15. Р.С. Немов. Психология. М 1995

  16. Л.Ф. Обухова. Детская психология: теории, факты, проблемы. М., 1996

  17. А. Бертин. Возможности рзвития. МНПО «Жизнь» 1992

  18. Н.С. Лейтес. Умственные способности и возрост. М., Педагогика, 1971.150c

  19. Т. Бауэр.Психологические развитие младенца. М., 1985

  20. Р.С. Немов. Психология. Книга 3 . 1999.98c

  21. Т.А. Власова, М.С. Певзнер. Учителю о детях с откланениями в развитии. – М., Просвещение, 1967

  22. С.Я. Рубенштейн. Психология умственно отсталого школьника – М. Гуманитарный издательский центр Владос, 1999

  23. Р.А. Маллер. Состояние и тенденции развивающего обучения и воспитания глубоко умственно отсталых детей. Деффектология. 1994

  24. Н.Я. Семаго. Новые подходы к построению корреционной работы с детьми с различными видами откланяющегося развития. Деффектология. 2000

  25. Н.С. Лейтес. Умственные способности и возраст. М. Педагогика. 1971

  26. И.М. Багжанокова. Корреционные задачи и основные направления в организации воспитательного процесса в детском доме для детей с недостатками интелекта.

  27. Л.Ф. Обухова. Детская психология: теории, факты, проблемы. – М. 1996

  28. Е.В. Суботский. Ребенок открывает мир. – М 1991

  29. Дж. Брунер. Психология познания. М. 1999

  30. .Ж. Пиаже. Избранные психологические труды. М 1998

  31. В. Г. Петрова.И. В. Белякова. Кто они дети с откланениями в развити. Московский психолого-социальный институт, 1998.

  32. А. Валлон. Психическое развитие ребенка. М. 1998.

  33. С.Ю. Бардулина. Корреционная педагогика. М. 1995.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет