189
Климаттық шарттардың комфорттылығы (дискомфорттылығы)
дегеніміз – адамның тіршілік және шаруашылық әрекеттерінің жағымды (жа-
ғымсыз) шарттарының кешені.
Климатотерапия адам ағзасына түрліше
әсер ететін климаттың алуан
түрімен сипатталады. Климатотерапия нақты бір ауру түрін емдеу қасиетіне
ие. Олар: ауамен емдеу (аэротерапия), күнмен емдеу (гелиотерапия, грек. helis
– Күн), теңіз суы және климатпен емдеу (талассотерапия), төменгі қысыммен
және таудағы таза ауамен емдеу (табиғи баротерапия), жасанды немесе табиғи
үңгірлердегі микроклиматпен емдеу (спелеотерапия).
Ландшафт – фаунаның,
флораның, топырақтың, планкто-климаттық
факторлардың үйлесімді байланыстарының кешенді экологиялық-эстетикалық
жүйесі.
Ландшафтотерапия. Ландшафтотерапия (нем.
landschaft – пейзаж) –
ауруларды табиғат сұлулығы, теңіз шуы және орман шуымен емдеу. Көптеген
ғалымдардың,
философтардың, психологтардың пікірі бойынша, адам мен
табиғат аясында ерекше байланыс бар. Мұндай психоэкологиялық факт жаңа
қоныс орнын таңдауда үнемі
назарға алынады, сондықтан демалыс орнын
таңдауда да бұл факторлар маңызды орын алады. Ландшафтотерапия – курор-
тологияның, эстетотерапияның және психосоматикалық ауруларды профилак-
тикалаудың негізгі элементтерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: