Пікір жазған химия ғылымдарының кандидаты А. Р. Керимкулова



Pdf көрінісі
бет72/76
Дата19.02.2024
өлшемі2.82 Mb.
#492364
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
erdavletov rekreatsiyalyk turizm

Дәрігерлік емдеу әртүрлі ауруларды емдеуге арналған, кең таралған 
дәстүрлі емдеудің бірі болып табылады. 
Аудандық білім беру – обьективті процесс. Ол аумақтық дамудың бегілі 
бір әлеуметтік-мәдени нормалары аясында ғасырлар бойы қалыптасқан. Да-
мудың техникалық негізі өзгеріп, көлік жүйесі дамып келеді, бірақ аумақтарды 
дамытуда үздіксіздік сақталып отырады. 
Рекреациялық аудандастыру аясында рекреациялық пайдалану сипаты 
негізіндегі территорияны біртекті белгілердің қағидалары бойынша жіктеу 
түсіндіріледі. Рекреациялық аудандастырудың ең басты белгілері – террито-
рияның және рекреациялық қызметтер құрылымының (туристік, экскурсия-
лық, емдік, сауықтыру) игерілу деңгейі.
Рекреациялық туризм адамның рекреациялық қажеттіліктерін қанағат-
тандыратын тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Рекреациялық туризм 
тек демалыс пен сауықтыру ғана емес, сондай-ақ мәдени-танымдылық іс-әре-
кетті және тілдесімді біріктіреді.
Рекреациялық туризм дегеніміз – адамдардың физикалық және рухани 
күштерін қалпына келтіру үшін қажетті демалыс мақсатында жүзеге асатын
адамдардың бос уақытындағы қозғалысы. Басқаша айтқанда, рекреациялық 
туризм – демалыс және көңіл көтеру мақсатындағы саяхат. Рекреациялық 
туризмнің дамуы үшін рекреациялық ресурстардың болуы маңызды.
Рекреациялық ресурстар – рекреациялық қажеттіліктер мен техника-
экономикалық мүмкіндіктердің заманауи және болашақтағы құрылымында 
тікелей әрі жанама қолданылуға арналған, адамның физикалық күші мен ру-
хани күшін, оның еңбекке қабілеттілігін, денсаулығын қалпына келті- 
руге ықпал ететін табиғи мәдени-тарихи кешендер және олардың элемент- 
тері. 


190 
Рекреативті залалсыздандыру – жекеменшік, индустриалдық рейд, тек 
бір аспектіні (демалыс) бейнелейді, ол физикалық негізде дұрыс сипатталуы 
мүмкін. 
Субкомфорт – қоршаған ортаның аз тітіркендіретін табиғат ортасы, мұн-
да адамның оптималды психофизиологиялық жағдайына жақындататын ағза-
ның бейімделу механизмін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет