29
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
29
жиі қайталанып қолданылуы. Бірақ айта кететін тағы бір жайт, фраземаның
даяр қалпында жұмсалуы тек фраземаларға тән қасиет деп қарасақ, онда бұл
біржақты сипат болған болар еді. Себебі тілімізде фраземалардан да басқа
бірліктер, мәселен, құрамды терминдер (
ит бүлдірген), номенклатуралық
атаулар (
аяқ киім, бас киім)
, мақал-мәтелдер (
айдағаны бес ешкі,
ысқырығы
жер жарады), қанатты сөздер мен афоризмдер (
Ғылым таппай мақтанба)
және т.б. сөйлеу кезінде жасалынбай, тілде даяр қалпында қолданылады.
Сонымен қатар фраземалар белгілі тілдік модельдер негізінде, олардың
синтаксистік және морфологиялық шектеулі нормаларына сүйеніп жаса-
лады. Мысалы:
ақылға жеңдіру, көңілге қонымды, басқа шығару және т.б.
фраземалар барыс септігін меңгертетін етістікті сөз тіркесі (
қалаға барды,
университетке келді) негізінде,
басты қатыру, көзді жұму, желкені қасу
фраземалары табыс септігін меңгеретін етістікті сөз тіркестері (
үйді жи-
нау, баланы жуындыру) модельдерімен жасалынған. Бұл шектеулік қасиет
барлық тұрақты сөз тіркестеріне (даяр қалпында қолданылатын) тән емес.
Фраземалардың келесі қасиеті – тұрақтылық. Көптеген ғалымдар даяр
қалпында жұмсалу қасиеті мен тұрақтылық қасиеттерін синоним, яғни бір-
бірін алмастыра алатын ерекшелік ретінде қарастырады.
Даяр қалпында жұмсалу қасиетінің негізгі
көрінісі тұрақтылық бола
тұрса да, біз екеуінің арасын ажыратамыз. Фраземаларда тұрақтылық,
абсолюттік, көбінесе өзгермейтін, әрқашан бірқалыпты қолданылатын
қасиет негізінде қарастырылады. Бірақ фраземаларға мұндай тұрақтылық
тән емес.
Фраземалар туралы сөз қозғағанда оларға тән салыстырмалы (от-
носительный) тұрақтылық туралы айта аламыз. Себебі, фраземаларға
варианттылық тән (
басы / төбесі / көкке / аспанға /жету)
және олар
қолданылу барысында морфологиялық өзгерістерге де ұшырайды.
Ал фраземалардағы тұрақтылық дегеніміз – олардың қолданыстағы
тұрақтылығы, бір бүтін тілдік бірлік ретінде қолданылу мағынасы,
құрылымы, компоненттер саны мен синтаксистік тұрақтылығы.
Сонымен фразема шектес тілдік жасалымдардан төмендегідей қасиет-
терімен ерекшеленеді:
•
ерекше экспрессивті-бейнелі мағынасымен;
•
фразеологиялық номинация тұтастығымен;
•
компонент
құрамының жекелігімен;
•
даяр қалпында жұмсалудың ерекшелігімен;
•
ерекше (фразеологиялық) тұрақтылығымен.
Аталған қасиеттердің фразема үшін маңыздылығы көбінесе олардың
құрылымдық-семантикалық ерекшеліктерімен сараланады.