63
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
63
Сонымен қатар мұндай тіркес басқа түркі тілдерінде сақталмаған. Қазақ
тілінде мағынасы бұзылмай, оның тұлғасының өзгеруі кездеседі.
Қазіргі
тілдік қорда
тіл мен жағына сүйену фраземасы «әр нәрсені желеу ету, істің
бабына, сөздің орайына көнбеу» мағынасында қолданылады. Ертедегі
қазақтар сөйлеуге тек қана тілдің ғана емес, жақтың да қатысы барлығын
ескеріп, алғашқы кезде
тілдағ сөзін қос сөз деп қабылдай келіп, дәстүрмен
тіл-жақ деп ұғынған. Осыған тәуелдік және септік жалғаулары қосылу
нәтижесінде
тіл-жағына сүйену фраземасы пайда болған.
Тілге тиек ету,
тіл мен жағына сүйену фраземалары – ертедегі түркі тіліндегі «тылдағ»
тұлғасын тілімізде ежелден бар сөздерге ұқсату, сәйкестендіру нәтижесінде
туған [Ә.Нұрмағамбетов, 1994; 284 б.].
Адам – табиғаттың жаратқан күрделі де, айрықша феномені. Жер
бетіндегі қоғамдық өмірдің негізгі тұлғасы бола тұра,
адам өз өмірінде
небір ғаламат күйлерді басынан кешіріп, өзінің табиғи қасиетіне орай
жан-дүниесімен тебірене сезіне алады. Адам басынан түрлі оқиғаларды
өткізеді:
олар қуанады, сүйсінеді, күледі, шаттанады, рахаттанады, со-
нымен қатар ренжиді, ашуланады, ашынады, күйінеді, сүйінеді, алдана-
ды, алдайды, біреуді немесе бір нәрсені ерекше жақсы көреді, жек көреді,
түңіледі, бір нәрсеге қызығады, әуестенеді, құмартады немесе жиіркенеді.
Адам бойындағы қасиеттер алуан түрлі. Осы қасиеттердің басым көпшілігі
қазақ тілінде соматикалық фраземалардан мол көрініс табатынына көзіміз
жетті.
ана
ТІЛ
жеткісіз
жүйрік
қайыру
шешен
қату
майда
сындыру
Қызыл
тигізу
қағыстыру
Қазақ тілінде фраземалардың ұлттық-мәдени аспектілеріне синонимдік
қатарлар тұрғысынан зерттеген профессор Г.Н.
Смағұлова мағыналас
қатарлардың топтарын антропо-центристік және тілдегі адамдық фак-
тор тұрғысынан семантикалық өрістерге жіктеп, мынандай пікір айтады:
«Адам бойындағы сезім саласындағы айырмашылықтар түрліше. Тұрмыс
жағдайы, білім деңгейі, жас мөлшері, қоршаған
орта әсері де ықпалын
тигізеді. Қалыпты, күнде көріп жүрген, болып жатқан дүние құбылыстарын
әркім әр түрлі қабылдайды, бағалайды» [Г.Н. Смағұлова, 1998; 56 б.].
Авакова Р.А. Фразеосемантика
64
Одан әрі фраземаларды адамның
жағымды-жағымсыз қимыл әрекеті,
сезім әрекеті, сезім жағдайы немесе жоғары эмоциялық фраземалар, адамның
физикалық қалпы, сөйлеу дағдысы, жеке басына тән қасиеттері, қоғамдық-
әлеуметтік жағдайы, түр-әлпеті және т.б. семантикалық топтарға бөледі
[Г.Н. Смағұлова, 1998; 57-58 бб.]. Көріп тұрғанымыздай фраземалардың ба-
сым көпшілігі адаммен, оның сезімдерімен, қасиеттерімен байланысты пай-
да болған. Осы типтес фраземаларды жасауға негіз болған фраземалардың
көпшілігі соматикалық үлесіне тиеді.
Ауыз – адамның, жан-жануардың тамақ қабылдайтын мүшесі [Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі, 1974-1986; 476 б.].
Ауыз соматизмі ұйытқы
болған алдау-алдану мағынасында жұмсалатын фраземалар:
ақ ауыз қылу-
Достарыңызбен бөлісу: