Авакова Р.А. Фразеосемантика
62
луымен қатар кейбір экстралингвистикалық
факторлардың нәтижесі деп
түсіндіріп, төмендегідей пікір айтады: «Письменные свидетельства чело-
веческой речи и более поздние литературные источники содержат отно-
сительно большое количество несвободных словосочетаний, способных, с
одной стороны, служить названием новых понятий и предметов и высту-
пать в качестве составных терминов, с другой стороны – описать ситуацию
с помощью слов, утративших прямую
соотнесенность с тем предметом,
обозначением которого они могли являться, и выступать в качестве фразе-
ологических единиц» [Т.З. Черданцева, 2000; 179 б.].
Қазақ тілінің фраземалары құрамында мағынасы қазіргі сөйлеушіге
түсініксіз сыңарлар кездеседі. Ол сыңарлар «дайын материал» болып та-
былатын фраземалардың тұтас мағынасын сол күйінде қабылдағанда ғана
сөйлеушіге түсінікті. Мысалы:
тілге тиек ету «сөзіне сүйеніш, ойына тая-
ныш, себеп». Мен де өз айтарымды айтып болған соң,
тілге тиек таппай,
амалсыздан үнсіз отырмын (С. Байжанов).
Фраземаға негізгі ұйытқы болып тұрған компонент –
тіл. Ет көмекші
етістігі процессуалдық
(тіл ет < тілде <тілдес) қызмет атқарып тұр. Фра-
зема құрамындағы
тиек сөзіне келетін болсақ, ол сөздіктегі мағынасынан
(«домбыра шегін көтеріп тұратын құрал») басқа, не тура, не
ауыспалы
мағыналары көрсетілмеген. Фраземадағы
тиек сөзінің мағынасы – «се-
беп». «Себеп» тұлғасы араб тілінен ауысқан сөз. Оның түркілік баламасы
«сылау». М. Қашқаридің «Диуанында»
тылдығ сөзі «сылтау, себеп, негіз»
мағынасын береді [Древнетюрский словарь, 1961; 567 б.]. X ғасырдың
туындысы «Алтун йаруқ»
ескерткішінде тылтағ «себеп, сылтау, негіз»
мағынасында түсіндірілген [Древнетюрский словарь, 1961; 567 б.].
«Бес жүз бес» сөздігінің авторы Ә. Нұрмағамбетов
тілге тиек ету
фраземасына этимологиялық талдау жасай
келіп төмендегідей ғылыми
тұжырым айтады; «… бүгінгі таңда қолданылып жүрген сөзіміз «сылтау»
– ертедегі түркі тілдеріндегі «тылдағ, тылтағ» тұлғаларының дыбыстық
өзгерістерге душар болған түрі. Мұны түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестігі
заңдылықтары дәлелдейді» [Ә.Нұрмағамбетов, 1994; 282 б.].
Қырғыз тіліндегі
чылтак [К.К. Юдахин, 1965; 886 б.]; тува тілінде
чыл-
Достарыңызбен бөлісу: