Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет36/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   119
Авакова фразеосемантика

Авакова Р.А. Фразеосемантика
70
Негізгі өмірі мал шаруашылығымен тікелей байланысты болған қазақ 
халқы үшін төрт түлік малдың орны ерекше. Қазақта түйе, жылқы, қой, 
сиыр малын қосып төрт түлік деп атайды. Ертеде дәулетті, ауқатты адам-
ды төрт түлігі сай екен дегеніне қарағанда, байлық мал санымен есептел-
ген болу керек. Төрт түлікті жеке-жеке атағанда түйе малы, жылқы малы, 
қой малы (ешкі малы), сиыр малы дейді, ал бұлардың бәрін қосып тұяқты 
мал деп атаған да, әрқайсысының иесі, пірі бар деп есептеген.
Төрт түлік малға қатысты фраземаларды сөз еткенде, жануарлар 
әлемін қоғамға ауыстырудың өзіндік тәсілі алдыңғы қатарға шығады. 
Қазақ тілінде фраземалар төрт түлік малдың сыртқы пішіні, мінез құлқы, 
әдеттеріне сәйкес адамның ерекшеліктерімен бейнелі және визуалды са-
лыстыру, қатар қою негізінде пайда болған. Бір жағынан, жануарлар 
әлемін бақылау негізінде, екінші жағынан, адамдардың қоғамдағы қарым-
қатынастары мен әр түрлі өмірлік жағдайлардағы іс-әрекеттеріне байла-
нысты туған ассоциациялық параллельдер тілде көптеген ортақ немесе 
ұқсас көріністерді тауып фраземалардың бейнелі-реңктік негізінің тууына 
қызмет етеді.
Қазақ тілінде сиыр сипағанды білмейді деген фразема жақсылықты, ізгі 
сезімдерді түсінбейтін, бағаламайтын адамдарға қатысты қолданылады. 
Бұл жағдайда сиырдың физиологиялық қасиеті соған ұқсас адамның мінезі 
немесе психологиясына ауысқан. Мысалы: жылқы мінезді фраземасы 
адамды жағымды жағынан көрсетеді, яғни бұл жерде төзімді, кеселсіз, 
күшті адам сөз етіледі. Көшпелі халқымыз жылқыға тән бұл қасиеттерді 
өте жақсы сезініп, түсінген және адам бойына бағалы қасиет ретінде 
ауыстырған.
Мал шаруашылығына байланысты фраземалардың ортақтығы мен 
ауыспалылығы түркі тілдерінің синхрондық дамуында байқалады. 
Қазіргі түркі тілдерінің әр алуан топтары мен аймақтарында ортақ неме-
се фраземалық варианттар арқылы көрініс табады. Бұл фраземалардың 
фономорфо-семантикалық ауытқулары мен кейбір құрылымдық моди-
фикациялар – халықтардың бір генетикалық типтен таратылғандығын, 
тұрмыстық-салтындағы ұқсастығын немесе тарихи дамудың әр алуан 
кезеңіндегі тіларалық ауысулар мен саяси-экономикалық қатынастардың 
айғағы. 
Мысалы: қазақ тілінде ат жалын тартып міну, қырғыз тілінде ат жо-
лын тартып минү «есею, жігіт болу», қазақ тілінде қой үстінде бозторғай 
жұмыртқалаған кез, қарақалпақ тілінде қой үстінде торғай жұмыртқалау 
«тыныштық кез, жанға жайлы кез» мағыналарын береді. 
Түркі тілдерінде ортақ фраземалардың сақталуы олардың ұқсас, ортақ 
бейнелі-реңктік негізін көрсетеді. Төрт түлік малдың қатысуымен жасалған 
фраземалар адамның әр түрлі көңіл-күйін, мінезін, әлеуметтік және саяси 
қатынастарын және т.б. қасиеттерін білдіреді. Мысалы:


71
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
71
– бәр нәрсенің түр-түсі мен пішінін айқындау адамға тікелей салысты-
рып ауыстыру тәсілімен жасалған фраземалар: қойдан қоңыр, жылқыдан 
торы, көк ала қойдай, нар атандай және т.б.;
– уақытты, көлемді, қашықтықты, биіктікті т.б. анықтаудың халықтық 
қарапайым әдістері ретінде қолданылатын, салыстыру не салғастыру 
негізінде туған фраземалар: қой өрісіндей жер – 5-6 шақырым; тай шап-
тырым жер, қозы көш жер – 6-7 шықырым; құнан шаптырым жер – 8-10 
шақырым; бір көш жер – 10-15 шақырым; ат шаптырым жер – 20-35 
шақырым; түйенің табаны түсер жер; Мекке қажылыққа барар өте 
алыс жер; ат басындай алтын; ат бойы; сиыр бәсеке; бес биенің саба-
сындай; бие бауырындай жер, бие сауымдай уақыт; бұзау салмағындай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет