Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова


Түркі тіліндегі «қызыл» сөзінің лексикографиялық



Pdf көрінісі
бет88/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   119
Авакова фразеосемантика

Түркі тіліндегі «қызыл» сөзінің лексикографиялық
деректер бойынша мағыналары

р/с
Қызыл, алтын, алтынданған, алтын 
сөзінің мағынасы
Мағынаның түркі тілдерінде 
қолданылуы/қолданылмауы
1
Түс
Барлық түркі тілдерінде
2
алқызыл
түркімен, кабардин-балқар, құмық, 
татар, башқұрт, ноғай, қарақалпақ, 
қазақ, қырғыз, 
өзбек, ұйғыр, сары ұйғыр, хакас, якут, 
долған, чуваш
3
алтын (түс)
әзірбайжан, түрікмен
4
шабдар (жылқы)
хакас
5
көк
қырғыз
6
қоңыр, құба
салар, хакас
7
а) шамадан тыс, шектен тыс, өлшеусіз; 
түкті (гүлге қатысты), жауыз, қара 
ниет; ашулы, тасқын-ды, нағыз, шын, 
ашынған (бірдеме-ге шын көңілден 
берілген); дөңге-лек (надан, білімсіз);
ә) мықты (шайға қатысты);
б) есі-түсін білмейтіндей мас
в) ыждағатты, тырысу;
г) ашық, бұлтсыз, жайма шуақ;
ғ) піскен, жетілген, толысқан
түрік
қырғыз
қырғыз
тува
чуваш
чуваш
8
а) қызылдық, қызарушылдық;
ә) мед. (көбінесе балаларда бола-тын 
өте жұқпалы тамақ ауруы);
б) мед. қызылша (ауру)
якут
түрік
ұйғыр
9
алтын
әзірбайжан, түркімен
10
таза астықты бастыру
қарақалпақ, қырғыз
11
шөлді жер
Қарақалпақ
12
ет
Қырғыз
Қазақ тілінің сөздігінде қызыл сөзінің негізгі жеті мағынасы берілген 
[Қазақ тілінің сөздігі, 1999; 431-432 бб.].
1. Қанның түсіндей түс, қырмызы;
2. Жылқыдан басқа малда болатын ашық-қоңыр түс;
3. Жылқы малында болатын ағы басым көкшіл түс;
4. Малдың, аңның еті;
5. Адам жүзіндегі қызғылт рең, шырай;


Авакова Р.А. Фразеосемантика
174
6. Қырмандағы ұшырылған, тазартылған астық, дән;
7. Шайдың күрең түсті қою шығымы.
Қалған тіркес ішіндегі мағыналары сөздікте идиома белгісімен (♦) 
берілген.
Қызыл сөзінің Орхан-Енисей, көне ұйғыр, Қараханид, орта ғасырлық 
қыпшақ, оғыз, шағатай ескерткіштерінде, түркі тілдерінің басым көпші-
лігіндегі тұлғасы – qyzyl, хакас тілінде хyzyl, якут тілінде qyhyl, чуваш 
тілінде хerle.
Қызыл түстің мағыналық қолданыс шеңбері кең. Ауыс мағынада 
фраземалық тіркестерде символдық қолданысқа түседі. Қызыл түсі о баста 
күннің, оттың түсіне байланысты олардың символы ретінде қабылданған. 
Қызыл іңір, қызыл арай, қызыл аяз, қызыл жел, қызыл су фраземала-
ры күн мен отқа қатысты қалыптасқан. Қызыл түсінің ауыс мағынада 
қолданылатын символикалық мәні төмендегідей:
– малдың, хайуанаттардың, құстардың еті – қызылға отырғызу, қызыл 
жегізу, қызыл көрген қырандай;
– қырманда үйілген астық – қырман толы қызыл, қызыл тазалау, қызыл 
қырман қылу;
– жас нәресте – қызыл шақа, қызыл қарын жас бала, қызыл қарын бұты 
шыт;
– революционер – қызыл әскер, қызыл сақшы, қызыл армия;
–кеңестік өмірді бейнелейтін әлеуметтік-маңызды құбылыстар – қызыл 
отау, қызыл мүйіз, қызыл тақта, қызыл бұрыш, қызыл кітап;
– табиғат құбылыстары – қызыл іңір, қызыл шұнақ аяз, қызыл жер, 
қызыл арай;
– шебер, көркем – қызыл тіл, қызыл сөз;
– адамның іс-әрекеті, мінез-құлқы – қызыл көз, қызыл ауыз, қызыл өңеш, 
қызыл шеке болу, қызыл кеңірдек болу және т.б.

табиғатқа байланысты фраземалар: қызыл іңір «күн батып, қараңғы 
түсе бастаған мезгіл», қызыл арай «таңертеңгі және кешкі мезгіл», қызыл 
шұнақ аяз «бетті қарып жіберетін шытырлақ аяз», қызыл еспе (жел) 
«аңызақ, ыстық»;

адамның сыртқы келбеті, түр-тұлғасын, портретін сипаттайтын 
фразема лар: қызыл шырайлы «бетінен қаны тамған өңді», қызыл жүз 
«әдемі, сұлу бет, жастық жалын»;

адамның жеке басына тән қасиеттерді, ішкі жан дүниесін айқын-
дайтын фраземалар: қызыл көз пәле «барып тұрған пәлеқор, жемқор адам», 
қызыл ауыз «көп сөйлейтін, мылжың адам»;

адамның физикалық қалпын, физиологиялық ерекшеліктерін айғақ-
тайтын фраземалар: қызыл кеңірдек «таласып дауласты, жанжалдасты», қызыл 
табан қылды «табанынан таусылды, көп жүріп көрді», қызыл шақа «шыр етіп 
жаңа туған бала», қызыл жоса болу «қызыл ала қан болу, төбелесу»;

адамның психикалық ерекшеліктеріне, моральдық қалпын ой-
лау, сөйлеу қабілетіне, іс-әрекетіне, адамдар арасындағы өзара қарым-


175
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
175
қатынасына тән қажеттіліктеріне байланысты фраземалар: қызыл дән 
«піскен дән», қызыл диплом «үздік диплом», қызыл қырман «қырманда 
үйілген астық», қызыл тіл «шешен, орамды, жүйрік», қызыл сөз «құр бос 
сөз, тиянақтағы, байлауы жоқ, ойсыз, жылтыр сөз»;

қоғамдық тұрмыс-тіршілікке, адамның әлеуметтік жағдайына бала-
нысты фраземалар: қызыл отау «көпшілік мәдени-ағарту мекемесі», қызыл 
әскер «елімізде болған төңкеріске, жаңа өмір құру ісіне белсене қатысушы 
революционер», қызыл қыран «қоғам қайраткері, төңкеріс қаһарманы» 
қызыл қырғын «қан майдан»;

зергерлік өнерге байланысты фраземалар: қызыл моншақ «бірыңғай 
қызыл түсті асыл тастардан тізілген моншақ», қызыл аяқ «қызыл ала кілем 
түрі», қызыл алтын «саф алтын, таза алтын» және т.б.
Көк фраземасының таңбалық-символдық мағынасы. Жиналған лекси-
ко графиялық деректер бойынша көк сөзінің 11 мағынасы анықталды. Оны 
төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады:
9-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет