Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова



бет38/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
УМК Шарипова

13.3.Ақан сері — өзінің артына көптеген ән қалдырған аса талантты халық композиторларының бірі. Оның ән шығармашылығы — жанрлық жағынан да, такырыбы жағынан да ерекше назар аударатын асыл мұра. Өмірдегі сұлулык атаулының каңдай түрін болса да өзінін жырлары мен әндерінде әдемі сезіммен суреттей білген. Поэзиялык шығармашылығында ғашыктық, ынтызарлық, махаббат лирикасы, әсіресе оның ән шығармашьшығында өзгеше өріс табады. Ол небір нәзік сезім иірімдерін әсем әндерінін сыршыл сазымен, домбыраның сиқырлы қоңыржай үнімен жеткізген. «Сырымбет», «Шәмсі Қамар», «Мақпал», «Қаранар», «Ақ көйлек», «Ақтоты», «Іңкәр-ай», «Үш тоты», «Ақсаусақ», «Перизат», «Кепсер» әндері оның жастық шағында шығарған терең тебіреністі лирикалық туындылары. «Еркем», «Көкшетаудың биігі», «Әйкөк», «Кеткенің бе, Ақтоқты» әндерінде махаббат мұңын табиғат сұлулығымен шебер ұштастырса, «Көкжендет», «Қараторғай», «Манмаңгер» сиякты әндерде аңшылық пен саятшылықты, алғыр қыраңды, жел жетпес жүйрікті, тайпалган жорганы сипаттап көз алдыңа елестетеді. Оның ән шығармашылығына трагедиялық үн, қайғы-мұң сарынын әкелген әндерінің бірі — белгілі «Құлагер» әні. Бұл шығарма — мал ашуының ғана емес, жан ашуының, жан күйзелісінің әні. Ақан сал–серіліктің салтанатын аңшылық–саятшылық, құсбегілік мергеншілікпен ұштастырып, бір уақыт осыларды қызықтаған. Құс салып, ит жүгіртіп көңілін көтеріп, жанын жадыратқан. Сондықтан бір қатар туындылары осы тақырыпқа арналған. Солардың ішінде қалың елге кең тарағаны «Құлагер» ән өлеңі. Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлгер 1876 жылы Сағынайдың асынд қастандықпен өлтірілгені белгілі. Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қосылады. Осынша аттың алдына қара үзіп келе жатқан қанатты жүйрік Құлагерді Ақмолның алпуыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық жасап, айбалтамен басынан ұрып өлтіреді. Осы бір қарабет–қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Өйткені ер қанатына айналған атқа халық ерекше мән берген. Сондықтан бұл өлең ақынның ауыр жан күйзелісі, терең тебіренісінен туған. Өлеңде озбырлықтан зәбір көрген ақынның көкірегін кернеген қайғы–мұңы бар. Сондай–ақ ақынның көңіл–күйіндегі сан түрлі психологиялық өзгерістер де айқын байқалып отырады. Құлагерді қарап тұрған Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін байқап мазасыздана бастайды. Бір жамандықты сезгендей болады. Жел соқса қамыс басы майда деймін, Атыңды, ат айдаушы қайда деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса Құлагер қайда деймін?! Деген жолдарда бір үміт, бір күдік тай–таласқа түскендей болады. Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде есі ауысқандай басқа күйге түседі. Оның ой –сезімін бір сәт шарасыздық билегендей болады. Өлді деп Құлагерді естігенде, Бір тұрып, бір отырып ойбайлдым, – дейді. Ақанның өкінішінде шек жоқ. Өлеңнің әр шумағы оның жан күйігіне толы. Құлагер дүбірлі бәйгеге қосылғн сайын Ақан серінің де, елінің де намысын асқақтата түседі. Сондықтан оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүйрік ретінде жоқтайды. Ердің де, елдің де даңқын асырған тұлпардың қапияда мерт болуы жалпақ жұртқа да оңай болмаған. Ор болып қалушы еді шапқан жерің, Шаттанып тұрушы еді қосқан елің. Атығай, Қарауылға олжа салған, Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім. Құлагер құнанында керім еді, Нағашым сұрағанда беріп еді. Ат қоса Ерейменге барғанымда, Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді. «Құлагер» өлеңін оқып отырғанда Ақан серінің жанына жара салған күйзелісі, мұң мұнары басып тығырыққа тірілген ауыр да, азапты сәттерінің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Ақынның азалы үнінен сырт қалу мүмкін де емес. Қызғаныштың қызыл итін жүгіртіп, әділдікке жымысқылық пен қол көтерген қараниет қарақшылардың зұлымдығына басылған лағынет таңбасы. Құлагерді өлтіргенде алдым несін, Әркімнің тәңірім берген несібесін. Қас қылған жануарым Құлагерге, Жауызға бар тілегім өлім берсін, – деген жолдар Ақан серінің ғана тілегі емес, қара ниет жауға деген бүкіл халық қарғысы деп ұқсақ болады. «Құлагер» өлеңі бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда әділетсіздікке деген Ақан серінің жан ашуы жатыр. Ат өлімі жүрегіндегі ашу–ыза, кекті тұтандырып, намысын жани түскен. Сондықтан Ақан сері сол тұстағы заманның ащы шындығын ашып, қанды қол қарақшыны да, кеудесіне нан піскен озбырларды да өлтіре сынап, оларға қарсы үн көтереді, өлім тілейді. 

Ақан серінің ән шығармашылығы, үздік композиторлык таланты, асқақ әншілік-орындаушылык өнері халыққа кеңінен танылды. Ақан серінің ән шығармашылығы кезінде Арқаның әншілік-орындаушылық өнерінің дами түсуіне ғана әсер етіп қойған жоқ, сондай-ақ біздің заманымыздағы кәсіби әнші-артистердің репертуарынан орын алып, олардың әншілік өнерінің жетіле шыңдала түсуіне ыкпал етгі. Ә. Кашаубаев, Ж. Елебеков, Қ. Бабаков, М. Ержанов, К. Лекеров сиякты әншілер А. с. әндерінің шебер орындаушы-интерпретаторлары болумен бірге оларды ұрпактан-ұрпақка жеткізген қажымас насихаттаушылары да еді. Ақан серінің сыршыл сезімге толы әндерінің бірі – «Маңмаңгер». Ақанның ат баптағаны туралы жоғарыда айтып өттік. Ақан қашанда астындағы атымен сырлас, мұңдас болған. Адам баласына айтпаған ішкі сырын астындағы Құлагеріне айтқан. Сол атымен сырласа отырып, ғашық болған қалқасына бара жатқанда шығарған әні. Бұл әннің мән-маңызы өте зор. Өлеңдегі өткір жолдар, тамаша теңеулер Ақанның адами сезімін, қасиеттерін білдіріп тұр. Кейінгі ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі де мол. Әннің алғашқы орындаушысы - Қайрат Байбосынов. Тағы да бір тамаша әнінің бірі – Ләйлім шырақ. Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ?   Жаңа таптым аулыңды көптен сұрап.   Жел тимесе жан тимес деп жүргенде,   Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ. Аққу едің таранған айдындағы, Ұштың ұзап қанатың жайдың-дағы.   Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың, Қол алысқан сертіңнен тайдың-дағы. Осылай ма еді, ей, қалқа, айтқан сертің,   Жүрегімді жандырды ғашық дертің!   Мұнша неге сен мені әуреледің, Болмаған соң әуелде баста еркің?! Бұл өлеңі нақыш-ырғағы жағынан да, тақырып өресі тұрғысынан да қазақтың классикалық ән өнерінің үздік үлгісі болып табылады. Ақан сері өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа,сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отыр. «Ләйлім шырақ» әні өзіндік бітім-тұлғасын, мазмұнын, түп-төркінін, көркемділік мәнерін әлі күнге жойған жоқ. Әсем ән тәлім-тәрбиесімен, азаматтық идеяларының мүмкіндіктерімен, әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен көрермен көңілінен шықты.  «Сырымбет» өлеңінде ақын Жамалды "Ақ жамбы", "Аққу" "Қоңырқыз" сияқты небір теңеулермен аспандата суреттеп эмоциялық әсерін күшейте түседі. Осындай  сұлу  жанның  өзіне  тең  келмейтін сүймеген адамына баруына мүлде қарсылық білдіреді. Жамалды мүлде ұмыта алмаған Ақан сері оның өзі ұнатпаған адамына ұзатылу кезінде іштегі мұң-шерін өлеңнің, музыканың тілімен сыртқы шығарған әйгілі "Сырымбет" әні дүниеге келеді. Бұл ән кімнің болса да жүрегін қозғайтын, ішкі жан ашуының, сезімінің адамшылық, азаматтық сырларын паш еткен шығарма.   Аулым қонған Сырымбет саласына, Болдым ғашық ақсұңқар баласына. Бидайыққа лайық қарағым-ай, Бөктеріге қор болып барасың ба? "Қарындасым, енді есен бол! – деген жолдардың өзінен ақын жаны қанша қиналса да, азаматтық ағалық көңілмен сүйген адамына аман-саулық тілейді. "Сырымбет" әні – Ақан шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік туындысы. Бұл әнді білмейтін кісі аз. Ақан суреттеген бейнелер Шығыс поэзиясында кездесетін қыздардың романтикалық сипатымен ұқсас келуі, оның шығыс әдебиетін жақсы білгенін көрсетеді. Ақан сері қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов секілді дарынды әншілер ел игілігіне айналдырды.

 Өзін-өзі бағалау сұрақтары:

1.Ақан қайдан, қандай білім , тәрбие алған?

2.Ақанның бойында қандай өнерлері тоғысқан?

3.Ақанды ел неліктен «сері» атаған?

4.Ақан өнері бүгінде жалғасты ма?

5.Ақан сері туралы қандай әдеби шығарма,өнер туындыларын білесіңдер?

6.Ақанның атбегілік, құсбегілік, саятшылық, аңшылық, әншілік,

сазгерлік,домбырашылық, өнерлеріне жеке-жеке анықтама беріңдер.
Дәріс 2.14.Біржан сал Қожағұлұлы.Өмірі мен шығармашылығы. Лирикасы мен

айтыстары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет