Өзін-өзі бағалау сұрақтары:
1.Шәңгерей Бөкеев өмірі мен қызметі
2.Жастарға кімді үлгі етті?
3.Жаңашылдықты қалай қабылдады?
4. Туған жер тақырыбына арнаған шығармасы
5. «Қашқын» поэмасының идеясы
6. Һарунның іс әрекетіне қандай баға бересің?
Дәріс 2.12. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Хал-ахуал», «Шайтанның саудасы», «Сарыарқа кіндігі», «Тірлікте көп жасағандықтан,көрген бір тамашамыз» өлеңдері-1 сағат
Дәріс жоспары:
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмір жолы
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы
«Шайтанның саудасы» шығармасы
12.1.Қазақтың белгілі ақыны, фольклоршы, тарихшы, этнограф Мәшһүр-Жүсіп әкесі Көпейдің 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында, Баянауылдың Қызылтау деген жерінде 1858 жылы дүниеге келген. Туғанда азан шақырып койылған есімі – Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса-дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде, жиынға шақырып отырған М.Шорманұлы Адам Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халқына Мәшһүр болатын бала екен» деп, лепес қылуымен Мәшһүр-Жүсіп атанып кетеді.
1861 жылы Адам Жүсіп 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, «ақ сирақ» болып шығады. Сонда Көпей Сермұхаммедұлы: «Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас» деп, ұлы Адам Жүсіпті оқуға беріп, ол Баянауыл медресесінде Қамар (Хамариддин) хазіреттен білім алып, оқуын жалғастырып, 1872-1874 жылдары Бұһарадағы «Көкілташ» медресесінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгереді. Еліне оралған соң екі жылдай (1833-1835 жж.) өз ауылында балаларды оқытып табыс табады. Тұрмысы түзелген Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы 1885, 1887, 1907 жылдары үш мәрте Түркістан, Ташкент, Бұхара, Самарқанд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтады.
Орта Азия қалаларына шеккен сапарларының тағы бір құнды нәтижесі – сол өңірлердегі тарихи әңгіме, аңыз, шежіре сөздерінің жазылып алынуы. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өзі дерек жинастыру қызметін ерте кезден бастаған. Әлкей Марғұлан хаты бойынша, «Ер Олжабай батыр» жырын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы 7 жасар бала кезінде 1865 жылы Сақау ақынның айтуымен жазып алған.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы патша манифесінің арқасында үш бірдей кітабын («Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» ) 1907 жылы жарыққа шығарды.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларының 20 томдығы 2013 жылдың 21-қарашасында ақынның 155 жылдық мерейтойына орай жарық көрген болатын.Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын бастырудың неге кешеуілдеп қолға алынғаны да белгілі. Алдымен ақынның 1907 жылы Қазан қаласында басылған үш кітабы: «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» деп аталатын кітаптары 1912-1913 жылдары Ресей патшасы цензурасының назарына іліккені, сол кезде ақын шығармаларын жариялауға тыйым салынып, өзі қуғынға ұшырағаны мәлім. Патша заманында теперіш көрген ақын кейінгі Кеңес билігі кезінде де қысымнан босаған жоқ. Рас, 1940-1950 жылдар аралығында ақын шығармалары мектепте оқытыла бастады. Әйтсе де, 50-жылдар басындағы «Ұлтшылдықпен күрес» науқаны Мәшһүр-Жүсіпке де салқынын тигізді. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының мектеп оқулығынан шығарылуымен бірге, оның өзі көзі тірісінде салдыртқан кесенесінің үкімет нұсқауы бойынша қиратылғаны мәлім. Әйтсе де, И.В.Сталиннің жеке басына табынудың 1956 жылы СОКП ХХ съезінде сыналуы, 1957 жылы С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин және т.б. ұлт зиялыларының ақталуы – бәрі ақын шығармаларының алдымен жоғары оқу орны хрестоматиясында (1959 ж.), кейін газет-журнал беттерінде жариялана бастауына жол ашты.
12.2.Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының артына мол мұра қалдырғаны белгілі.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейүлының 1907 жылы Қазан қаласында басылған «Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз» кітабына енген шығармаларында қазақ халқының бостандық алуы, тәуелсіздікке ие болуы, ел ішінде мектеп, медреселер ашу, жер мәселесі,сөз бостандығы сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Халық арасында өнер-білімді тарату, халықты алдыңғы қатарлы озық елдер қатарына көтеруді көксеп, ел ішіндегі парақорлық пен пайдакүнемдік секілді келеңсіз жайларды өткір сынға алды.
Биге пара, байларға өсім болды,
Бой тартқан, адамдықтан бар ма қашқан?
«Сен кімнен қорқасың?» деп жел береді,
Кісі жоқ қой дейтұғын, жұртты басқан,- дейді ақын «Хал-ахуал» өлеңінде.
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» «Сарыарқаның кімдікі екендігі» атты еңбегінде қазақтың жер-суынан айрылып, патшаның отаршылық талауына түскенін жазады. Алдымен қазақтың кең жер, ата- қонысы жайында, бұдан арғы 500–600 жылғы қазақ тарихынан әңгіме қозғайды. Сарыарқа – қазақтың Ноғайлы заманынан бері қарай мекендеп, туып-өсіп келе жатқан жері. Арқадағы жер аттарының аталу тарихын «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырымен байланыстырады. Бұл жер – Қытайдың, Жоңғар қалмақтарының Орта Азия хандығының шабуылынан 24сан рет қорғап алып қалған, осы жер үшін қазақ халқы, оның талай ерлері, талай батырлары қанын төгіп еді дейді: «Бұл қазақ иесіз жатқан жерге текке ие болған жоқ. «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында жаннан көшіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, «жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға басылып», шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз жау қолында оққа ұшып, өліп, сөйтіп алған жері еді. Ата-бабамыз не үшін қырылды? Кейінгі үрім-бұтағына жер-су алып беремін деп қырылды. Жалғыз менің ата-бабам емес, жер-суға таласып көп қазақ қырғын тапты. Сол себепті бұл Сарыарқа біздің қазаққа атасының құны болып, олжа болып еді» «Сөйтіп, ата-бабамыз қан төгіп алған Сарыарқа таланып жатыр»-, деп ақын қатты күйінеді. Бұдан соң ол қазақ халқының Ресей патшасының қол астына қарау тарихына тоқталады. Қазақ жері Ресей патшалығына қараған кездегі халықтың Сарыарқа үшін қалай күрескенін айтады.Патшаның қол астына бағынбай, туған жерді, ата-баба қонысын аман сақтау жолындағы күресте басшылық еткен Кенесары, Наурызбай сында ерлердің қимыл –әрекетін баяндайды.
Ақын қазақ даласындағы жер мәселелсін, жергілікті халықтың қоныстан қысым көру жайын кең әлеуметтік-саяси мәні бар мәселе ретінде көтереді.Мұны халықтың азаттық, Отан үшін, ел үшін күресімен, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, саяси-әлеуметтік теңсіздігімен байланысты мәселе тұрғысында түсіндіреді.
Бірлік қыл, басыңды қос, пайдаңды ойла,
Қазағым, қайран халқым, бауырларым!
Халық қылып атандырды бізді қазақ,
Іргелі көп жұрт емес, өзі де аз-ақ.
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,
Барасың көрінгенге болып мазақ.
Орынсыз мал шашасың сасқаныңнан,
Қасқырға қарай үркіп, қашқаныңнан.
Құдайдың жақсылығын көтере алмай,
Кез болдың да бір асып, тасқаныңнан.
Бұл Мәшһүр-Жүсіптің ғана емес, ХХ ғасыр басындағы қазақ жазба әдебиетінің қомақты табысы. Қазақ оқығандары үшін сол кездің басты мәселесі – отаршылдықты жою еді. Сол жолда күрескендерді Мәшһүр Жүсіп былай деп жырлайды:
Бар құдай бізге жарық таңыңды атыр,
Болар ек, атса таңың біз де батыр.
Қазаққа құлақ пен көз болған ерлер,
Тұтқында білесіз бе, неден жатыр.
Бұл жерде Мәшһүр Жүсіптің айтып отырған ерлері кімдер еді? Патша езушілеріне қарсы үн көтерген адамдар қазақтың ақсүйектері арасында да аз болмаған. Үкімет саясатына қарсы шығып, ұлт мүддесін көздегендерді патша чиновниктері қызметтен аластатып, қуғынға түсірген. Сондай қуғын көрген азаматтар қазақ жерінде де болған. Сталиндік репрессия, кейінгі тоқырау жылдары тұсында ақсүйек әулеттерінен шыққандар қуғын көріп, баспасөз бетінен орын ала алмады. Сөйтіп, олардың есімдері архивтерде шаң басып жатып қалды. Сондай басты тұлғалардың бірі – Поштаевтар әулетінен шыққан азамат. Мәшһүр ол туралы «Сәлем хат» өлеңінде былай деп жазады:
Қарадан хан боп өткен бабаң Поштай,
Қолына жұрт билігін туған ұстай.
Халқына бақташы боп болған қорған,
Шарықтап ағып түскен қыран құстай.
Поштаймен қатар шығып Шоң мен Шорман,
Сонда бір түзу заман болып тұрған.
Наурызбай, Кенесары толқынында,
Поштай еді көп жұртқа болған қорған.
Сөйтіп, Мәшһүр Жүсіп қазақ қоғамының жан айқайын түсіне білді. Оны ашына жырлады. Қазақтар босқа даурығысып, құр мансапқа таласып жүргенде, ел мен жерді орыстар басып алып, қоныстанып жатқандығын айтты. Ол қазақтың ата қонысының қолдан кете бастағанына күйінеді. Жұрттың күйзелген қамын ұлт ынтымағы арқылы түзетуге болады деп ұғынады.
12.3.Енді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақтың шариғатының ертеден қалыптасқанынан ғибратнама жазып кетіпті. «Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай, Шақылдап көзге түстім сауысқандай. Түлкінің қызылдығы өзіне сор, Болғандай, болдың маған өнер-білім!.. Бір нақыл, жұрқа таңсық, жәдігер сөз, Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан;.. Базарға жұрт жиналған келе жатқан, Лағына (шайтан) жол үстінде ұшырапты кез..Ол малғұн келеді екен жолмен айдап, Он қашыр, бес есекке жүгін артып. –Жаныңа шын сөйлесең пайда,-дейді. Дінің қатты, құр тілің майда,-дейді. Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып; «Барасың,-Лағынға айтты,-қайда?»-дейді. –*Сен шықтың тура жолдан асып,-дейді. Біздерге жол қисығы нәсіп,-дейді. «Жалпақ жұрт бара жатқан ду базарға, Барамын мен де қыла кәсіп»,-дейді. -Топыраққа бас ұрмаймын деп қылап ар, Бұрынғы дәуреніңе (періштелік) сен болдың зар. Басқа жұрт тері-терсек, жүн сатады, Сататтын, малғұн, сенің, не пұлың бар? –*Жүгім бар көрмеймісің он бескөлік, Келемін айуанға артып екі түлік. Жұртта тыныштық, бүтінін ойламаймын, Саламын көп бас қосқан жерге бүлік. жалған, күншілдік, зорлық,тәккәпарлық, мікір-хайла, (қулық-айла, ит мінездік) қылығымды. Бұл ғибраттан ұқанымыз шайтан адам баласын аздыру үшін 15-түрлі жүкпен жүректі кірлетеді екен. Оның төртеуі надандық есекктік мінез болып; жалғандық, күншілдік, тәккәпарлық, зорлық болып, ал бесіншісі қатындық қулық-айла, сатқындық қазіргі таңдағы ерккектерге де тән иттік мінез екен. Шайтан жүгінің екі түлікке бөлінуінің өзі бірі надандық, сауатсыздықпен, екіншісі көп оқып, артын тексермеген дәреже қуған, мақтанға айналдырып, халықты аздырған пайдасыз іліммен байланысты. Сондықтан он қашырлық жүк; жаратылыста ақ пен қараның 10 ғана жұбы болып, осы ақпен қараның өлшемін жоғалтқан, ала жіпті атаудан пайда болатын; тектік, гендік азудың ұлт болмысын, жыныстық, кәсіптік жоғалтуға бағыталған адамның жалған білімінен және ой жорудан пайда болған дәмелендіру, билікке құмарлық, өзге елдің әдетіне, жылтырына еліктеушілік, «жұлдыздық», мақтаншақтық жүктер екен. Оның бірін надандар тобы яғни қол жайып тілегіштікті «намазхандар», пірәдарлар, бел ауыртып жұмыс істемей, жұртың есебінен күн көретін, ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүруге құмарлар және атақ дәреже арқылы қызметке құмарлар мен түрлі дәрежедегі ет ауыртып жұмыс істемейтін, тек дайынға құмар сыпайы қайыршылар алады екен. Осы бес түрлі жаман қылықтан арылу үшін де Абай атамыз; « Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол!» деп сақтану жолын да көрсеткен.Және шайтанның саудасын ел болып жабылып жүргізетін заманның келе жатқанын болжап; «Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай, телміріп, көзін сатып, Теп-тегіс жұртың бәрі болды аларман.» «Саудасы-ар мен иманы, Қайрат жоқ бойын тыйғалы. Еңбекпен етті ауыртпай, Құр тілмен жиғаны (намазхан, әнші)... Сиырша, тойса-мас болып, Өреге келіп сүйкенер. Күлмеңдеп келер көздері, Қалжыңбас келер өздері. Кекектеп, секек етем деп, Шошқа туар сөздері.» деп, еңбектің қадірі кетіп дәме мен тіленшілік дертінің жастарды меңдеп келе жатқанын ескерте отыра; «Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште (рух) төменшіктеп, қайғы жемек, Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болды көмек. Сыртсынбақ, қусынбақ, өршілденбек, Сыбырмен топ жасап бөлек-бөлек. Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ, Өзімен-өзі бір күн болмай әлек?» Өзін түземей ел түзегіш, топтарға бөлінген, діншілдер, партияшыл, түрлі гендіршілдерді де осы шайтанның қызметшілері дейді атамыз. Осындай қоғам дертінің асқынып; «Уайым аз, үміт көп, Ет ауырмас бейнетке, Бүгін-ертең жетем деп Көңілге алған дәулетке... Құйрығы шаян, беті адам, Байқамай сенбе құрбыға! Жылманы сырта, іші арам Кез болар қайда сорлыға.» деп адамзатың, дәме босқа үміт мастық дертінің белең алуымен, үлкендердің де әсіре әйел затының шайтанға айналған кейпі құйрыққа май жинап, шаянға ұқсағандардан және жалпы қайқы құйрықтардан абай бол деп ескертеді. Шыңғысқан атамыз кезінде қайқы құйрық адамдарды кім болса да, «бұдан тек азғын құл туады»-деп таңба басып, қара жұмыс, бейнет істейтін құлдардың қатарына қосып, «құйрығын жегіздіріп» қан тазаруын қалыптастырған екен. Абай атамыз болашақта шайтанның саудасының үстемдігімен сөз қадірінің кетіп, халықты надандықтың түнегі басатынын, діннің азатынын да ескертіпті.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының «Шайтанның саудасы» өлеңін ақынның жиені Қасенғали Жүсіповтен белгілі жазушы Зейтін Ақышевтің 1937 жылы жазып алып, оны мектеп оқулығын құрастырушылар – Қ.Бекхожин мен Е.Смайыловқа ұсынғаны белгілі. Содан бастап ақынның осы өлеңі алдымен мектеп оқулықтарына (1940-1946), кейін жоғары оқу орнына арналған хрестоматияға (1959, 1983) енді. Сонымен қатар бұл туынды орысшаға аударылып, 1978 жылы Ленинградтан шыққан «Поэты Казахстана» антологиясында (құрастырушы М.Мағауин)
Достарыңызбен бөлісу: |