Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова



бет37/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
УМК Шарипова

АҚАН СЕРІ (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913 жж.), ақын, әнші, композитор. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдар болған. Ақан сері жас шағынан халықтың ән-күй шалқарынан сусындап, өзіне дейінгі әншілік өнерді еркін меңгерген зерделі жан болды. Бертін келе өзі де ән шығаруға талаптанады. Маңына өзі сияқты өнерпаз жастарды жинап, ел аралап ән салады. Сәнді киініп, жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы ұстап серілік құрады. Осындай сегіз қырлы өнерпаздығы үшін «Ақан сері» атанады. Ол әншілік, композиторлык өнерде атақты Біржан салды аға тұтып, ұстаз санаса, Балуан Шолақ, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты әнші-композиторлар оның өнер жолындағы ең жакын достары болады. Бұлар бір-бірінің әнші-орындаушылык әрі композиторлык, дамуына игі әсер етеді. Ақан сері — өмір шындығын терең жырлаған өз заманының асқақ ақыны. Оның ақындық мұрасы идеялық-тақырыптык жағынан 2 топқа бөлінеді. Алғашқысы жастық, шак, махаббат, аңшылық, саятшылық такырыбы болса, екіншісі өзі өмір сүрген заманның ащы шындығын жырлаған шығармалары еді. Әншілігі мен композиторлығы өз алдына, өнер мен өлеңге бүкіл өмірін арнаған Ақан шығармаларының шоқтығы биік. Оның жырлары, туындылары халық жадында жақсы жатталған. «Асыл мен жасық» және «Жақсы мен жаман» өлеңдері де ақыл-нақылға бай. Сонымен қатар, психологиялық паралеллизммен өрнектелген бұл екі өлеңнің жалпы айтар ойы бір.

Аққудың астығы жоқ шайнағанмен,

Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен.

Көнбейді жаман адам ынтымаққа,

Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.

Алтынды қорлағанмен жез болмайды,

Жібекті жуғанменен бөз болмайды.

Мысалы, әр нәрсенің бәрі сондай,

Жаманның көкейінде көз болмайды.

Мысалы, «Асыл мен жасық» өлеңінің осы бір екі шумағы толық психологиялық паралеллизмге құрылған. Жаманды дұрыс жолға салуға тырысу шошқаны жөнге айдағанмен тең дейді.

Шірімес алтын жерде жатқанменен.

Оқ жетпес ажалсызға атқанменен.

Жалқауға – сөз, жаманға – таяқ өтпес,

Тас жетпес дарияға атқанменен.

Мына жолдар да «Ақымаққа айтқан сөз – құмға сіңген сумен тең» деген аталы сөзді еске салады. Құдды бір өлеңнің өзегі де осы аталы сөзде жатқан секілді.

Ие қызыл болғанмен түлкі болмас,

Ойнақтап сиыр үркіп жылқы болмас,

Ел көркі дәулет екендігі ежелден-ақ,

Дәулетсіз ел болса да, көркі болмас.

Бұл жолдардың «болмас» деп анафоралық қайталаумен берілуі оқырманның назарын аудартады. Және өз ойына өзгені сендіреді.

Жақсыға бітсе дәулет бағы айналар,

Жаманға бітсе дәулет әуәйланар.

Басына ер жігіттің бір іс түссе,

Арасы қас пен достың абайланар.

Ақын қарсы мәндес сөздерді қолдана отырып, ақ-қараны ажыратып береді. Бұл жерде «Жалқау», «жаман» деген сын есімдер заттанып, метонимияның қызметін атқарып тұр. Ал «Жақсы мен жаман» өлеңі де дәл осындай негізге құрылған.

Көкқұтан мойнын созып қаз болмайды,

Шөл қумай көк шалғынды саз болмайды.

Пысықтың пиғылы лас,

Қараңғылық тұрса шілде туып жаз болмайды.

Жиылып қарға-құзғын шулағанмен,

Артылып сол қалпына мәз болмайды.

Жамандар жауда жәрдем бермек түгіл,

Тар жерде басын бақса аз болмайды.

Тағы да «болмайды» сөзін өлеңнің тармағының соңында қолданып, басты ой екпінін түсіріп тұрған жайы бар.

Ит үрер жақсыға да, жаманға да,

Сары алтын жамандаумен жез болмайды... ...

Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,

Жаманнан үлгі аларлық із қалмайды.



Бұл жолдарда да алдыңғы өлеңдегідей антонимдерді қатар қолданып, ойдың ара-жігін ажыратып береді. «Көк шалғын», «сары алтын» сынды эпитеттер, «жақсы», «жаман» сынды метонимиялар, «шілде», «қарға-құзғын» тәрізді синекдохалармен өлеңнің ажары кіріп тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет