Пікір жазғандар: Торланбаева К. У


Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата21.12.2023
өлшемі2.83 Mb.
#487499
1   2   3
Kazakstan tarihi 2014 Imanbaeva (3)

Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалары:
«Қазақстан тарихы» курсы бойынша өз бетінше жүмыс тапсырмалары 
келесі түрде берілген:
1. Реферат бойынша (рефераттар 
тақырыбы берілген) студент 1 
тақырыпты таңдап алып, деректер жинап, реферат дайындап, оны қорғауға 
міндетті.
Рефератты жазып, қорғау әдісі: Студент өзі таңдаған тақырыбына 
байланысты кітапханадан қажетті әдебиет іздестіруі, табылған әдебиетпен 
жүмыс істеуі, реферат жоспарын қүрастыруы және конспект дайындауы 
қажет.
Рефераттың қүрылымы:
Бастапқы бет
Мазмүны
Кіріспе
Негізгі бөлімге арналған тараулар мен бөлімдер
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша
Студент аталған әдебиеттерге ғана талдау жасап қоймай, өзінің ғылыми 
түжырымдарын көрсету керек. Зерттеу барысында ашылған жаңалықтарды 
көрсетіп, өз бетімен талдау жасап, бағалау керек. Студент пайдаланылған 
әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, 
еңбекпен өз бетінше жүмыс 
жасайды.Көлемі 8-20 баспа бет, 1,5 интервал арқылы ( 6,0 немесе, 14 шрифт) 
сыртқы 
беті 
үлгі 
бойынша.Студент 
жүмысының 
әрбір 
бөліміне 
тоқталып,жоспарын 
жасауы, 
рефератты 
жазу 
барысындағы 
ізденіс 
жүмыстарына тоқталып, пайдаланылған әдебиеттерді көрсетуі қажет.
2. Терминдермен және 
ұғымдармен жұмыс Қазақ және орыс 
тілдеріндегі терминдердің қысқа түсіндірілуі (шетел тілге аударылуы 
мүмкін); тапсырылған тақырып бойынша орындалады.
(студенттер назарына Қазақстан тарихы курсы бойынша терминдер мен 
үғымдар берілген, студент оларды жазып тапсыруы міндетті.)
3. Л огикалы қ тапсы рмалар мен 
ж атты ғулар 
тақырыпқа 
байланысты студент назарына үсынылады. Тапсырмалар жазбаша түрде 
орындалуы міндетті.Студент қалауы бойынша 3 тақырыпты таңдап жазуы 
тиіс.
4. Коллоквиум берілген пән бойынша білім деңгейін және дайындылық 
деңгейін 
анықтау 
үшін 
көмектеседі, 
ол 
сүхбат 
түрінде 
болады.
4. Эссе жазу. Эссе - белгілі бір мәселеге немесе тақырыпқа байланысты 
студенттің өз ойы, көзқарасы бойынша еркін 
түрдегі ойлары, очерктік 
пайымдаулары. Эссе тақырыбы әр студент өзі таңдап алады.
135


Эссе жазуға қойылатын талаптар көлемі 5-7 баспа бет, қажетіне қарай 
әдебиет тізімі көрсетіледі. Эссені тексергенде тақырыптың толық әрі терең 
талдануына, пайымдаулардың нақтылығына, жүйелілігі мен реттілігіне 
ерекше көңіл бөлінеді. Әссе жазғанда 
белгілі фактілермен тексті ретсіз 
үлғайтып, жекелеген сүрақтарды талғамсыз мазмүндай берудің қажеті 
шамалы.
Рефераттар тақы ры бы
1. 
Қазақстан территориясындағы тас дәуіріне жататын археология- 
лық ескерткішткер.
2. 
Андронов тайпасының өнері және діні.
3. 
Арқайым-ежелгі қалалардың прототипі.
4. 
Қола дәуірінде Жетісуды мекендеген тайпалардың мәдениеті.
5. 
Ежелгі 
авторлардың темір 
дәуіріндегі тайпалар жөніндегі 
деректері.
6. 
Сақтардың мәдениеті мен мифологиясы.
7. 
Есік қорғанынан табылған «Алтын адам».
8. 
Орта Азия тарихындағы ғүндар.
9. 
Үйсіндердің материалдық мәдениеті.
10. «Тюрк яғни түркі» терминінің семантикасы.
11. Түрік қағанаты - «аттылар патшалығы империясы».
12. Түргеш 
қағанатының 
әлеуметтік-экономикалық 
және 
саяси 
дамуының ерекшеліктері.
13. Қарахан 
мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық 
және 
саяси 
дамуының ерекшеліктері.
14. Ахмет Яссауидің түркі тілдес халықтардың арасында ислам дінін 
таратудағы ролі.
15. Қимақтардың этникалық және саяси тарихы.
16. Қимақтардың этникалық тарихы.
17. «Игор полкі туралы жыр» қимақтар өмірінің дерек көзі ретінде.
18. Қимақтардың саяси тарихы.
19. Білге 
қаған мен Күлтегін - ежелгі 
түріктердің негізгі жазба 
ескерткіштері.
20. Жібек жолы: Евразия мәдениетінің диалогы.
21. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы ортағасырлық 
қалалар мәдениетінің ерекшеліктері.
22. Ежелгі түріктердің діни наным-сенімдері (Жәңгір, Умай, Жер-су 
анаға табыну).
23. Махмуд Қашқаридың «Диуани лүғат ат-түрік» еңбегі - түркі тілдес 
халықтардың энциклопедиясы.
24. Орта Азия халықтарының тарихындағы Шыңғыс ханның рөлі.
136


25. «Отырар ойраны»-моңғол шапқыншылығы тарихында.
26. Отырар қаласын ерлікпен қорғау. Қайырханның рөлі.
27. «¥лы Ясы»-Шыңғыс ханның заңдар жинағы.
28. Өзбек пен Жәнібек хандар түсындағы - Алтын Орда.
29. ХІІғ. Плано Карпинидің «Монғолдар тарихы» еңбегі. Орта Азия 
халықтарының әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы жөніндегі 
дерек көзі.
30. ХІІғ. Гильом де Рубруктың «Шығыс елдеріне сапары» атты еңбегі- 
Орта Азия халықтарының әлеуметтік-экономикалық 
және саяси тарихы 
жөніндегі дерек көзі.
31. Ақ Орданың мемлекеттік-әкімшілік қүрылымы.
32. Әбілхайыр хан (көшпелі өзбек) мемлекетінің әкімшілік қүрылымы.
33. Орта Азия халықтарының тарихындағы Әмір Темірдің рөлі.
34. Мүхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегі-Моғолстан 
тарихының негізгі дерек көзі.
35. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі қалалардың дамуы.
36. Орта ғасырдағы Отырар қаласының маңызы.
37. ХІҮ-ХҮғ.ғ. керуен жолы, сауда және ақша айналымы.
38. ХІІІ-ХҮғ.ғ. батырлар жырының үлгісі.
39. Асан Қайғы Дешті Қыпшақтың атақты жырауы.
40. Алтын Орда дәуіріндегі жазба 
әдебиетінің үлгілері (Кодекс 
Куманикус, Хүсырау мен Шырын т.б.).
41. Қазақстан территориясындағы суфистік ағым. Ахмет Яссауи.
42. ХІІІ-ХҮғ.ғ. монументальды архитектуралық өнердің үлгілері (Қожа 
Ахмет Яссауи мавзолейі, Алаша хан, Рабиға Сүлтан Бегім және т.б.).
43. Қазақ халқының этногенезінің негізгі кезеңдері.
44. «Қазақ» этнонимінің келіп шығуы.
45. Қазақ жүздері және қазіргі уақыт.
46. Қасым хан - тарихи портрет.
47. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары.
48. Қазақ мемлекетінің қалыптасу проблемалары.
49. ХҮІ-ХҮІІғ. Қазақтардың мәдениеті және түрмысы.
50. Қазақ қоғамындағы билердің ролі.
51. ХҮІ-ХҮІІғ. Қазақстандағы қалар мен қоныстар.
52. Қазақтардың рухани мәдениеті және діни наным-сенімдері.
53. Қазақтардың діні, тілі, жазуы және ауыз әдебиеті.
54. Абылай хан қайраткерлік түлғасы
55. Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі қазақ жүздерінің жағдайы.
56. ХҮІІІғ. 2 жартысы Кіші жүзде хан билігінің дағдарысы. Әбілқайыр 
ханның саясаты.
57. А.Тевкелев елшілігі.
58. Абылай хандығы (1771-1781) Бір түтас қазақ мемлекетін қүру 
жөнінде шаралары.
137


59. Абылай ханның Ресей және Қытай саяси әкімшіліктері мен өзара 
қатынастары.
60. Қазақ 
хандарының Хиуа, Қоқан, Бүхара хандары мен өзара 
қатынастары.
61. 1773-1775 ж. Пугачев Е. бастаған 
шаруалар 
соғысына 
қазақтардың қатысуы.
62. Бөкей хандығының қүрылуы және оның экономикалық, саяси, 
әлеуметтік жағдайы.
63. Жәңгір ханның саяси портреті (1823-1845).
64. Махамбет Өтемісүлы - күрескер, дауылпаз ақын.
65. Кеңесары Қасым үлының қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудегі 
рөлі..
66. 1857 жылы ¥лы Жүз қазақтарының Қоқан хандығына 
қарсы 
көтерілісі.
67. Жаңқожа батыр Нүрмүхаммед үлының Хиуа және Қоқанға қарсы 
бас көтеруі.
68. Есет батыр (Көтібар үлы) басшылығындағы Ресей патшалығына 
қарсы көтеріліс.
69. Игельстром реформасы.
70. Сібір және Орынбор қырғыздарын басқару туралы жарғы.
71. Сот реформасы.
72. 1886-1891 ж. Қазақстанды басқару туралы Ереже.
73. «Зар-заман» әдеби мектебі және қоғамдық ой (Шортанбай, Мүрат, 
Дулат шығармашылығы).
74. Қазақстанды зерттеу. Левшин А.И., Радлов В.В., Семенов-Тян- 
Шанский еңбектері.
75. Қазақстандағы Орыс географиялық қоғамының қызметі.
76. ХІХғ.-ХХғ. басындағы қазақтардың шаруашылығы.
77. Щербин Ф. экспедициясын үйымдастыру (1896-1902).
78. Қоныстанушылар деревнясы (мекені).
79. Қазақстан қалаларының орналасуы, әлеуметтік-демографиялық 
және үлттық қүрамы.
80. 1854 ж. Верный бекінісінің салынуы.
81. Қазақстандағы Өнеркәсіп акционерлік қоғамының және алғашқы 
банктерінің қүрылуы.
82. Қазақстандағы жүмысшы табының қүрылымы.
83. Алғашқы орыс революциясы және оның Қазақстанға ықпалы, 1905
ж. 17 қазандағы Манифест.
84. 1905 ж. Қарқалы петициясы.
85. Мемлекеттік думадағы мүсылмандар фракциясы жүмысына Қазақ 
депутаттарының қатысуы.
138


86. Қазақ халқында Үлттық өзіндік сананың оянуы. «Айқап» журналы, 
«Қазақ» газеті, А.Байтүрсыновтың «Маса» шығармасы, М.Дулатов «Оян, 
қазақ».
87. Мемлекеттік тәуелсіздікке 
үмтылу жолында 
қүрылған қазақ 
комитеттерінің ролі. Қазақ интеллегенциясының 
еңбектерінде үлттық 
автономия 
мәселелері. Қазақ интеллигенциясының өкілдері жаңа билік 
үйымы қүрамында. Бөкейханов Ә., Байтүрсынов А., Дулатов М., Тынышпаев 
М. қызметтері.
88. Азамат соғысы жылдарындағы «Алаш» партиясының үстанған 
саясаты.
89. Қазақстандағы үлттық мемлекет 
қүрылымындағы 
деформация 
және қарама-қайшылық.
90. 1920 ж. алфавит реформасы. А. Байтүрсыновтың алфавитті 
өзгертуге қарсы күресі.
91. М.Шоқай - эмиграциядағы саяси қызметтің негізін қалаушы.
92. Әдебиет және өнердегі социалистік реализм. М.Әуезов, С.Мүқанов. 
Ғ.Мүстафин, А.Затаевич, М.Төлебаев.
93. Қазақстанға 
корейлер мен (Еділ бойы) Поволжье 
немістерін 
күштеп көшірілуі.
94. Қазақстан территориясындағы Сталиндік лагерлер. Карлаг және 
АЛЖИР.
95. Голощекинның «Кіші Қазан» теориясы және оның маңызы.
96. Қазақстандағы жер-су реформалары.
97. Т.Рысқүлов 
С.Асфендияров, 
С.Ходжанов, 
Ж.Мыңбаев 
т.б. 
қызметтері.
98. Бірыңғай коллективтендірудің екпенді формасы, әдістері.
99. Күштеп коллективтендіруге қарсы жаппай халық толқулары.
100. Индустрияландырудың ерекшеліктері.
101. Индустрияландырудың негізгі 
мәселелері: нәтижелері және 
қиындықтары.
102. Қазақстанда қүрылған әскери бөлімдер.
103. Түркістан легионының қүрылуы, әскери түтқындардың қайғылы 
тағдыры.
104. 8. Қазақстанға 
халықтар депортациясы (күштеп қоныстандыру) 
неміс, шешен, қарашай т.б.
105. Соғыс жылдарындағы ауыл еңбеккерлерінің тылдағы ерлігі. Ыбрай 
Жақаев, Шығанақ Берсиев.
106. 1940-1950 ж.ж. Қазақстандағы «үлтшылдыққа» қарсы күрес 
науқаны.
107. СОКП ХХ сьезі, Сталиндік жеке басқа табынуды әшкерелеу,
Н.Хрущевтың «жылымық жылдары».
108. ¥лы Отан соғысынан, 
азат етілген 
аудандардың халық 
шаруашылығына Қазақстандықтардың көмегі.
139


109. ¥лы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйе.
110. ҚазКСР Ғылым Академиясының қүрылуы.
111. Жалпыға бірдей 7 жылдық білім берудің енгізілуі.
112. 1960-70 жж. 
мемлекетті басқару жүйесіндегі авторитарлық- 
бюрократиялық жүйенің күшеюі.
113. Хрущев Н.С., 
Брежнев Л.И., Қонаев Д.А. 
қоғамдық-саяси 
қызметтері.
114. Қазақстан КСРО-ның ең ірі өнеркәсіп базасы.
115. Арал трагедиясы (қасіреті).
116. Семейдегі ядролық полигон сынақтарының зардаптары.
117. Қазақстандағы үлттық сананың ерекшелігі.
118. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ребилитациялау (ақтау). 
Ә.Бөкейханов, А. Байтүрсынов, М.Дулатов және т.б.
119. Жаңа саяси партиялардың және қоғамдық қозғалыстардың қызметі 
(Желтоқсан, Азат, Семей-Невада).
120. Білім беру және мәдениетті дамытудың реформа жағдайындағы 
мәселелері.
121. 1986 
ж. 
Желтоқсан 
оқиғасы 
тарихи 
тағылымы 
(Қайрат 
Рысқүлбеков, Ләззат Асанова т.б.).
122. КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның қүрылуы.
123. Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
124. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
125. 1995 жылғы Қазақстан Респубилкасының Конституциясы.
126. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым саласындағы 
реформалары.
127. Үлттық мейрамдардың қайта жаңғыруы.
128. «Қазақстан-2050» даму стратегиясы.
129. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Респубилкасының сыртқы саясаты
140


Л огикалы қ тапсы рмалар мен ж атты ғулар
1. Ежелгі дәуірде алғашқы әлеуметтік топтардың бірігуі үзақ уақытқа 
созылды. Осы топтардың негізгілерін атап көрсетіп, сипаттама беріңіздер. 
Алғашқы қауымдық қүрылыстың әлеуметтік қүрылымының күрделенуін 
ашып көрсетіңіз.
2. Қазақстан территориясын 
мекендеген 
ежелгі 
тайпалардың 
мекендерінің шаруашылығы мен мәдениеті арасында байланыс болған ба?
3. Адамзат қоғамы ылғи да яғни үздіксіз дамып отырады деген тезис 
бар. Сіздің дәлеліңіз, қолдайсыз ба, әлде қарсысыз ба?
4. Қазақстан 
территориясында 
андронов мәдениетіне 
сипаттама 
беріңіздер (кезеңі, ерекшелігі, археологиялық ескерткіштер).
5. Ежелгі сақ тайпаларының 
тарихына байланысты негізгі жазба 
деректерге егжей-тегжелі талдау жасау (антикалық, ежелгі парсы және т.б.).
6. Үйсін қаңлы және ғүн 
тайпаларының 
әлеуметтік-саяси және 
шаруашылық дамуын салыстыра отырып талдау жасау.
7. Б.э.д. ҮІІ-ҮІ ғ.ғ Орта Азия, Қазақстан және Сібірдің қолданбалы 
өнерінде «аңдық бейне» деген атаудың пайда болуы. Ол неліктен бүлай 
аталады, мәні неде?
8. Біздің дәуіріміздің басында жаппай қоныс аудару басталды. «¥лы 
Қоныс аударудың себебі неде?», Қазақстанға қандай халық пен тайпалар 
келді.
9. Жетісу 
жеріндегі 
сақтар мен үйсіндер заманының байларын 
жерлеген қорғандарының көлемі әртүрлі. Диаметрі 50-80 м, биіктігі 8-12 м 
болатын. Өте үлкен қорғандар, орташа, кішірек және кішігірімдері кездеседі. 
Ойланыңыздар неліктен бүлай жасады? Әлде заңдылық па?
10. Ғүн мемлекеті әскери-административтік негізде бөлінген. Олардың 
барлық үлкен елді мекендері ондық, жүздік, мыңдыққа бірікті. Жалпы 
мемлекет әскер сияқты екіге бөлінді: оң және сол қанат болып, олар 
түмендерге бөлінді онда оң мыңнан адам болды. Мемлекетті Шанью 
басқарды, ол айналасындағы лауазымды 
адамдардың 
көмегі арқылы 
басқарды. Ойланып көріңіздер мүндай мемлекеттік жүйе не үшін қажет 
болды. Осындай елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыты жөнінде 
салыстырмалы түрде шамамен өз ойларыңызды айтыңыздар. Мысалдар 
арқылы дәлелдеңіздер.
11. Түргеш 
қағанаты Сүлу қаған түсында өте 
күшті мемлекет 
дәрежесіне жетті. Осы қағанның ішкі саясаттағы жетістіктерін сипаттаңдар, 
оның жетістіктерінің себебі неде, сіздің көзқарасыңыз, оның күштілігі мен 
тапқырлығына қарап ат арба қандай ат берді.
12. 751 жылғы қытайлар мен түргештер арасындағы Атлах шайқасының 
Орта Азия халқының тағдырында тарихи маңызы қандай болды.
13. Қарахан 
мемлекетінің (940-1210) ішкі және сыртқы жағдайын 
сипаттаңыздар. Осы кезеңдегі экономикалық өрлеуі, мәдениеттің гүлденуі 
неден көрінеді?
141


14. ІХ-Хғ. Евразияның саяси және әскери өмірінде оғыздардың негізгі 
рол ойнағанын нақты мысалдар арқылы дәлелдеңдер.
15. Қазақстан территориясында қыпшақтардың этикалық қоғамдық 
қүрылысы үзақ 
күрделі үш кезеңнен өтті. Әр кезеңге анық талдау 
жасаңыздар.
16. Наймандардың шыққан тегі мен 
ертедегі тарихы өте 
күрделі. 
«Найман» сөзінің мағынасы жөнінде 
әртүрлі 
көзқарастар бар. Соның 
ішіндегі негізгісіне тоқталып талдау жасаңдар.
17. Ортағасырлық қандай авторлардың мәліметіне сәйкес қимақтардың 
саяси, экономикалық жағдайы туралы білеміз?
18. ҮІ-Хғғ. қазақ жерінде қарқынды түрде әлеуметтік саяси өрлеу 
болып, қалалар өркендеді, бүған не себеп болды? Қазақ жерінде қалалар 
қалай пайда болды, 
архитектурасының ерекшелігі неде, 
қалалардың 
қазақтардың экономикалық өмірінде қандай ролі болды?
19. Неліктен 
ежелгі түркі жазуы тарихта «руналық» деген атпен 
енгізілді? Ежелгі түркі жазулар тарихына егжей-тегжейлі тоқталыңыздар 
(ашылуы, негізгі ескерткіштері).
20. Археологиялық қазба жүмысы кезінде Оңтүстік және Оңтүстік- 
Шығыс Қазақстан территориясында будда храмының, христиан шіркеуінің, 
мүсылман мешітінің орны табылды. Сол кезеңнен әлі күнге дейін түркі 
халқы өз діндеріне табынады. Түрік қағанаты мен түркілердің дінге сенуде 
еріктілігі болғанын немен байланысты деп ойлайсыздар?
21. Махмуд Қашқаридың «Диуани лүғат ат түрік» атты еңбегі түркі 
тілді халықтардың энциклопедиясы болып табылады. Осыған сіздің 
көзқарасыңыз қандай?
22. ХІІғ. басында Орталық Азияда монғол мемлекеті пайда болды. Олар 
1203ж. керейттерді, сосын 1207ж. Найман хандығын, сосын Сібір халықтары 
мен Шығыс Түркістанды жаулап алды. 1215ж. Пекинді алды, 1217ж. Хуанхэ 
өзенінен солтүстікке қарай барлық жерін басып алды. Монғолдар жеңісінің 
себебі неде?
23. Монғолдармен шайқаста Отырардың жеңуі мүмкін бе еді? Оның 
қүлауының себебі неде?
24. Алтын Орданың ыдырауының себебі неде?
25. Әбілхайыр хандығы қашан қүрылды. Бүл оқиға қалай жүрді?
26. Алтын Орда мен Моғолстан тарихында Әмір Темірдің рөлі қандай 
болды?
27. Ақ Орда, Моғолстан, «Көшпелі өзбек мемлекетінің» мемлекеттік 
қүрылымындағы ерекшеліктерін сипаттаңыздар
28. Тақырыпқа 
үсынылған тарихи қүжаттарды пайдаланып қазақ 
этнонимінің әлеуметтік, саяси-этникалық мәнін анықтандар.
29. Қазақ хандарының династиялық шежіресін жасаңдар.
30. Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихындағы басты кезеңдерді 
атаңыздар.
142


40. Мазмүны жақын «мемлекет» және «мемлекеттілік» түсініктерін 
салыстырыңыздар. Оның үқсастығын және айырмасын табыңыздар.
41. Қазақ қоғамындағы билердің алатын орны.
42. Қазақ хандығының қүрылған уақыты және қүрылған территориясы 
туралы пікірталастар.
43. Қазақ хандығының көшпелі мемлекет ретіндегі ерекшеліктері мен 
негізгі белгілерін атап көрсетіңіздер.
44. Қазақ 
хандығының саяси қүрылысы және басқару 
формасына 
сипаттама беріңіздер.
45. «ХҮІ-ХҮІІ ғ. Қазақтар ресми түрде ислам дініне сиынды»-тезисіне 
жауап аргумент табыңыздар. Бірақ қазақтардың нағыз мүсылман болмағаны 
жөнінде пікір бар. Бүл жөнінде өз көзқарастарыңызды айтыңыздар.
46. Қытай деректерінде «олот» деген халық туралы айтылады. 
Мүсылман халықтары оларды қалмақтар деп атаған. 
Бүл қай халықты 
білдіреді.
47. «Алқакөл 
сүлама», «қайың сауған», «Ақтабан шүбырынды» 
атауларының қазақ тілінде пайда болуы қандай уақиғаларға байланысты.
48. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. Қазақ 
хандығының 
ішкі және 
сыртқы саяси 
проблемаларын атаңыз.
49. Қазақ жоңғар 
қатынастарына ықпал 
еткен 
батырлар, 
билер, 
сүлтандар және хандардың тарихи портретін жасаңыздар
50. «Барлық Азия елдеріне және басқа да жерлерге бүл орда кілт және 
қақпа. Сондықтан бүл орда Ресей 
протекциясында болуы керек» - деп 
мәлімдеді Петр-І Қазақ хандығы туралы. Ресей императорының пікіріне баға 
беріңіздер. Патша Үкіметі қандай мақсат үстанды?
51.Петр І. Сыртқы істер коллегиясының аудармашысы М. Тевкелевті 
ақпараттандырды. «Ресейге Кіші жүздің қосылуының үлкен маңызын айта 
келіп, ол орда біздің қол астымызға кіруді қаласа, қанша үлы шығындар 
жүмсалатынына қарамастан-«миллион» шығын жүмсалса да, 
Ресей 
протекциясына қабылдауға міндеттеме алуымыз керек».
52.1620 ж. Жайық қалашығының салынуы (Қазір Орал) 1645ж. Гурьев.
1741ж. 
Шығыс Қазақстанда полковник Бухгольц Экспедициясы 
үйымдастырылды. 1716ж. Омбы; 1717ж. Жезқазған; 1718ж. Семей; 1720 ж. 
Өскемен салынды. Сол уақытта Бекович-Черкасский Каспии және Аралдың 
Шығыс жағалауына келіп зерттеу жүргізді. Ресей саясаты туралы түжырым 
жасаңыздар.
53.1732 жылы 5 қаңтарда қазақтарды Ресей қол астына алу жобасы 
туралы мәлімдемесінде сыртқы істер 
коллегиясының 
аудармашысы 
М.Тевкелев: «Әбілқайыр хан Империя протекциясын қабылдауды және 
оның баспаларының хан тағына мүрагерлігінің сақталуын қалайды»-деп 
жазды. Сіздер қалай ойлайсыздар? Тевкелев мүнымен не айтқысы келді. 
Әбілхайыр ханның қандай мақсаттары болды?
54.Абылай ханның саясатын ашып 
көрсетіңіз. Ресей және 
Қытай 
арасында оған дербес саясат жүргізу қалайша мүмкін болды?
143


55.Арнайы Қазақ әскерін Орынборда қүру қазақтардың 
жағдайына 
қалай әсер етті?
56.1743 ж. 28 қыркүйектегі қалмақтардың қазақ жеріне «Әскери жорық» 
үйымдастыруына рүқсат беруі туралы 
патша үкіметінің жарлығының 
мақсатын қалай түсінуге болады. Жайық және Орынбор казактарына да 
рүқсат берілді. Оның зардаптары қандай болды?
57.«Бөліп ал да, билей бер» саясаты нені білдіреді. Қазақстанда бүл 
саясат қолданылды ма?
58.Қазақ даласына орыс әкімшілігінің белсенді түрде басып кіруі 
неден көрінді. Қазақ қоғамының қандай бөліктері отарлаушы аппаратқа 
арқа сүйеді.
59. Қазақ жүздерінің Ресей империясы қүрамына кіруінің қандай 
тиімді және тиімсіз жақтары болды? Өз көзқарасыңызды баяндаңыз.
60. Не үшін Кіші жүз қазақтары Е.Пугачев 
басқарған шаруалар 
соғысына қатысты?
61. Е.Пугачевтың шаруалар соғысына неліктен қазақ шонжарлары, ру 
жетекшілері Досалы сүлтан, Сейдалы сүлтан, Сырым Датүлы қатысты?
62. Игельстром 
реформалары туралы айтып беріңіздер. Қай 
кезде 
қабылданды, қандай мақсаты болды, зардаптары қандай болды?
63. Сырым Датүлының отарлауға қарсы күресінің маңызы неде?
64. Сібір қырғыздары туралы жарғы не үшін қабылданды. Оның 
мақсаты және зардаптары қандай болды?
65. Кеңесары Қасымүлының көтерілісінің басқа көтерілістерден 
айырмашылығы неде?
66. ХІХ ғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік қүрылымында қандай өзгерістер 
болды?
67. Әлеуметтік дифференциация (жікке бөлу) және қазақтардың жаппай 
жерінен айырылуы жаңа таптардың шығуына алып келді. «Қоңсы және 
байғүс» деп кімдерді атады?
68. 1789 ж. 
Омбыда «азиаттық мектеп» ашылып, онда 
жергілікті 
әкімшіліктерге, аудармашы және хатшы дайындалды. Мақсаты неде?
69. 1867-68 ж. реформалар қандай өзгеріс алып келді?
70. ХІХғ. 60-70 ж. Патша үкіметінің әкімшілік саясаты қандай болды? 
Қоныстандырудың саяси зардаптары.
71. ХІХ ғ. 60 жылдар ортасында Қазақстан Ресей отарына айналды. 
Мүны қалай түсіндіре аласыздар?
72. П.А. Столыпинның реформаларының әлеуметтік мәні неде?
73. П.А. Столыпинның қоныстандыру саясатының мақсаты неде?
74. Азамат соғысының шығу себептерін анықтаңыздар.
75. Азамат соғысындағы большевиктердің жеңісі қандай факторларға 
байланысты болды?
76. 1917 ж. 25 қазан оқиғалары тарихи әдебиетте әр түрлі баяндалады, 
қайсысы шындыққа сәйкес?
144


77. Азамат соғысындағы Алаш партиясының 
үстанған позициясы 
қандай болды?
78. Не үшін шаруалар ақтарға да, қызылдарға да қарсы соғысты?
79.ЖЭС-Лениннің 
болжамы бойынша, жаңа экономикалық саясат 
(ЖЭС) түрақты, үзақ мерзімге енгізілді. Не себепті бүл саясат одан әрі 
дамытылмады?
80.ЖЭС-ке көшу Ресейде 
дағдарыс 
тудырды, маңызы неде? 
Қазақстанда қандай көрініс берді?
81.«Әскери Коммунизм» саясаты мен ЖЭС-ті салыстырыңыздар.
82.Тарихымыздың 
пікірінше ЖЭС (НЭП) принципиялизмі жаңаша 
түрғыдан проблемаларды шешуді үсынды. Сіздің көз қарасыңыз?
83.ЖЭСА өзіне қарсы шабуылды өзі дүниеге әкелді. Себебі неде 
аргумент келтіріңіз.
84.1920 ж. 1 жартысындағы тарихи процеске саясатқа анализ жасаңыз.
85.Қосшы Одағы не үшін қүрылды?
86.Индустриализацияның Қазақстандағы ерекшеліктерін атаңыз.
87.1920 жылдардағы индустриаландырудың сипатын атқару.
88. 
ЖЭС-тен коллективтендіруге 
көшу не үшін жасалды, 
өз 
позицияңыздан аргумент келтіріңіз.
89. Кеңес өкіметінің мәдениет саласындағы саясатының жетістіктері мен 
кемшіліктерін ашып көрсетіңіз.
90.Сталиннің жеке басқа табынушылық саясаты түсында жаппай саяси 
репрессияның орын алуы не себепті болды? Өз үстанымыңызды айтыңыз.
91. ¥лы Отан соғысы қарсаңында Кавказ халықтарын (неміс, корей, 
поляқ) жаппай қудалаудың себебін ашып көрсетіңіз.
92. 
Қазан төңкерісінен 
кейін 
большевиктердің үлт мәселесіне 
байланысты үстанған саяскаты қандай болды?
93. 1940-1950 жылдары Қазақстандағы интеллигенцияны және өнер 
қайраткерлерін қудалау саясаты неліктен орын алды?
94.1950-жылдардың 
басында 
Кеңестер 
Одағының 
ауыл 
шаруашылығының қүлдырау себептері неде? Тың және тыңайған жерлерді 
игеру бастамасы дағдарыстан шығудың жолы болды ма, пікіріңізді 
айтыңыз№
95. Соғыстан кейнгі жылдары КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда 
бірнеше экономикалық реформалар жүргізілді. Бүл реформалар неліктен 
сәтсіздікке үшырады?
96. 1970-1980 жылдардағы мемлекеттің әлеуметтік саясатына және 
халықтың әл-ауқат түрмысына сипаттама беріңіз.
97. 1982 жылы Кеңестер Одағы азық-түлік бағдарламасын қабылдады. 
70-80 
жылдары 
Қазақстандағы 
ауыл-шаруашылығы 
қалай 
дамыды? 
Шаруашылық 
саласының 
дамуындағы 
мәселелерді 
шешуде 
қандай 
кемшіліктер орын алды?
145


Терминологиялық сөздік
А варлар (өздерінше атауы-обр) - негізінен түрік тілді тайпалардан түратын 
көшпелілердің тайпалық одағы. Славяндарға, франкілерге, Византияға 
шапқыншылықтар жасап отырған. 6-ғасырда Қара теңізі маңы мен Азов 
теңізі маңындағы жерлерін сақтай отыра Дунай бассейнінде Авар қағанатын 
қүрады. Бағындырған дулебтерге қатыгездікпен қараған. Оларды 8-ғасырда 
франкілер талқандады, ал 10-ғасырдың басында венгрлер жаулап алды.
Авеста - ежелгі замандарда және ерте орта ғасырда Иранда, Орталық 
Азияда, Әзірбайжанда және Ауғанстанда кең тараған зороастризм дінінің 
қасиетті кітаптар жинағы. «А.» көне иран тілдерінің бірінде жазылған.
Автохондық тұрғынар (грек сөзі) - белгілі бір жердің, территорияның
елдің алғашқы, ежелгі түрғындары.
А қсақал - 1) сыйлы адам, қауым басшысы; 2) ру, отбасы басшысы, ықпалды 
адам. 3) қазақ қауымының қарт ер адамдары.
Аландар - сармат текті иран тілді тайпалар. Б. з. д. 1 ғасырынан бастап Азов 
маңы мен Кавказ бөктерінде өмір сүрген. А. Бір бөлігі Халықтардың үлы 
көшіне қатысты (2-7 ғғ.). Хазар қағанатының 
(мемлекетінің) қүрамына 
енген. 4 ғасырың аяғында Солтүстік Кавказдың орталық бөлігінде мемлекет 
қүрады. Бүл мемлекет 7 ғасырдағы монғол шапқыншылығының барысында 
ыдырайды. Кавказдық аландар (орысша ясырлар) өсетиндердің ата-тегі 
болып табылады.
Алаш - қауымдық даму сатысындағы көне қазақ тайпалары бірлестігі. 
«Қазақ» түсінігіне пара-пар.
А лтын Орда («Жошы ұлысы») - 1240 жылы Батай хан негізін салдған 
монғол-татар феодалдық мемлекеті. Алтын Орда 1312 жылы ислам дінін 
қабылдады. 
Оның қүрамына Батыс Сібір, Солтүстік Хорезм, Еділ 
Бүлғариясы, Солтүстік Кавказ, Қырым, Еділден Дунайға дейінгі дала 
аралығы енді. Орыс княздіктері Алтын Ордаға вассалдық тәуелділікте болды.
15 ғасырда Әбілқайыр хандығы, Үлкен Орда, Қазақ, Сібір, Қазан, Астрахан 
және т.б. хандықтарға ыдырап кетті.
Арыс - сайланбалы би басқаратын бірнеше рулар бірлестігі.
А ймақ - тайпа, ру деген мағынаны беретін «омақ», «обақ» деген сөзбен 
теңдес; ХУ-ХУШ ғасырлардағы мүсылман шығармаларында да осылай 
қолданылады (МИКХ. С. 494). (246 бет)
146


Ауыл - қазақ халқының ең бірінші қоғамдық үйымы.Ол туыстас, қандас 
жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан қүралған.
Ата - айм ақ - жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан қүралады.
А йттыру құдалы ғы - қыз бой жеткенде айттырылады.
Айыр қалпақ - аса қымбат матамен тысталып, ішіне жүқа киіз немесе қалың 
мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі.
А рқан - мықтылық үшін арнайы қыл қосылып жүннен есілетін үзын жіп.
Ассимиляция (лат. аззітіІаИо - еліктеу, үқсау, үқсастық сөзінен) бір 
мәдениеттің, этникалық үқсастықтың басқа мәдениеттің, әдетте үстем 
мәдениеттің пайдасына қарай этникалық, жартылай немесе толықтай 
жоғалуы: әлсіз пассионарлы этнос көршілеріне сіңіп кетеді.
Атабек - хан-сүлтандар балаларының тәрбиеші-тәлімгері.
Ауылбасы - ауылды басқарушы билік өкілі.
Анохронизм (грек.апасһтпі§то8 - кері уақыт) - 1) жыл санаудағы уақытқа 
сәйкессіздік (хронологиялық қателіктер); 2)бір дәуірдің оқиғалары мен 
сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу.
А нтикалы қ мәдениет (лат.апіідиш ежелгі) - ежелгі Грек және Рим 
мәдениеттерінің б.з.д. ХІІ-І ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, қүндылықтарының, 
идеяларының, өнерінің, мүраттарының түтас жүйесі.
Анторопоморфизм (грек.апШгороз адам, тогрһе - форма, пішін) -
адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (қүдайды, 
періштелерді, 
мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді 
(ғарыштық, 
геогр.объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға үқсату 
қүбылысы, өнердегі көркемдік әдіс.
Архитектура (сәулет өнері) - қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық 
қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері.
Автономия (грек. өзін-өзі басқару) - 1) мемлекеттің белгілі бір 
аймағындағы кең көлемді ішкі басқару; 2) біріңғай Конституцияның 
негізінде басқарылатын мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі.
147


Авторитаризм (лат.билік) - қоғамның барлық жақтарын өзіне бағындырған, 
демократиялық қағидаларды жоятын, жеке адамның шексіз билігі орнаған 
саяси билік жүйесі.
Азық-түлік салғы рты - «әскери комунизм» (1918-1920) кезеңіндегі ауыл 
шаруашылық өнімдерін дайындау жүйесі, азық-түлік диктатурасы орнаған 
соң енгізілді. Шаруалардың күн көрісі мен шаруашылық мүқтаждықтарына 
қажет азық-түлік, астық пен басқа да өнімдердің артық бөлігін нақты бағамен 
мемлекетке міндетті түрде өткізуі.
Азық-түлік салы ғы - азық-түлік салғыртының орнына 1921 жылға 
енгізілген жаңа экономикалық саясат негізін қалаған салық. Мөлшері 
көктемгі егін себуге дейін шаруашылықтың әл-ауқатына байланысты 
белгіленді. Азық-түлік салғыртынан анағүрлым аз болып, артық өнімдерді 
сатуға рүқсат етілді Бүл шаруаларда өнім көлемін арттыруға ынталылық 
тудырды. 1923 жылға дейін қолданылды.
Ақ гвардия - Қазан Революциясынан кейін Кеңес республикасына, 
большевиктерге қарсы күштердің әскекри қүрамалары.
Анархия - (грек.) - өкімет билігінің жоқтығы, үйымдаспағандық, 
берекесіздік.
Ә
Әскери коммунизм - 
Кеңес мемлекетінің Азамат соғысы (1918-1920) 
жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық саясаты. Тез арада капиталистік 
элементтерді күшпен ығыстырып шығару жолымен социалистік қоғамды 
қүру мүмкіндігі жөніндегі түсінікті бейнеледі.
Әлеумет (лат.зосіит - ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың 
өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын түрақты да үлкен қауым.
Әлеуметтік позиция - әлеуметтік қүрылымдар, топтар мен үйымдардың 
қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны.
Б
Баж - өңделетін жерге салынатын салық түрі.
Балбал - түрік қоғамындағы белгілі, сыйлы адамды жерлеген жерге 
орнатылатын тас мүсіні.
148


Б аты р - (түрік сөзі) - 1) түрік халықтарының үрыста ерекше көзге түскен 
түлғаларға берілетін атақ, 2) түрік халықтарының түрмысында және 
фольклорында батыр, алып дегенді білдіреді.
Бек (түрік сөзі - билеуші, әмірші, әкім) - 1) түрік халықтарындағы рулық- 
тайпалық, 
одан әрі Таяу және Орта Шығыс 
елдеріндегі 
феодал 
ақсүйектерінің титулы. Иранда тайпа билеушісі. Орта Азия мен Кавказ 
сырты елдері халықтарының орта ғасырлардағы және қазіргі кездегі жер 
иеленуші феодол титулы; 2) кең мағынасында - мырза («бек» сөзі кісі 
есімінен кейін қойылады, мысалы Рүстем бек, кісі есімдерінің қүрамдас 
бөлігіне айналды, мысалы Қылышбек).
Бектер бегі - хан жарғысымен тағайындалған белгілі бір аумықты (өлкені), 
ірі тайпаны немесе түрғындар тобын басқаруға тағайындалған әскери 
билеуші.
Бескил - түрік тілді тайпалық одақ.
Би - халық салт-дәстүрлерін, салт жораларын түп-түрғылы білетін адамдарға 
берілетін лауазым. Бүл лауазым оларға қазақ қоғамындағы даулы 
мәселелерді әділ және түпкілікті шешуге өкілеттік береді.
Үлкен Орда, Үлық Үлыс - Алтын орда, кейін 1430-шы жылдардың басында 
Алтын Орда тарағаннан соң Қара теңіздің солтүстік маңы мен Еділдің 
төменгі сағасы аумағында пайда болған хандық осылай аталды. Астанасы 
Жаңа 
сарай 
қаласы. 
Түрғындарының 
негізгі 
кәсібі 
көшпелі 
мал 
шаруашылығы болды. Билеушісі Ахмет ханның Мәскеугке жасаған жорығы 
(1480 ж.) сәтсіз аяқталды. Алтын Орданы 1502 ж. Қырым хандығы 
талқандады. Жерінің бір бөлігінде Астрахан хандығы қүрылды.
Б ұлақ - түркітілдес тайпалық одақ.
Бесік құда - бала бесікте жатқанда уәделеседі.
Бәдізші - тас безеуші, мүсін тас жасаушылар.
Бұйда - түйенің мүрындығына тағылатын бас жіп.
Б илік - адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер 
ететін, идеологияға ықпалының негізінде және үйымдастырушы қүқықтар 
арқылы жүзеге астын механизм.
Босқындар - қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, 
этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы түруға, төзуге
149


шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған 
адамдар.
Б осқы нш ы лы қ - қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи
- климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың 
атақоныстарынан, түрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері.
Бизнесмен - пайда табу мақсатында өз ісін жүргізуші кәсіпкер.
Биржа - сүраныс пен үсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, қүнды 
қағаздарды, жүмыс күшін көтерме бағамен сатуды үйымдастырудың түрі; 
қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылар 
жиналатын орны.
БОАК - Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті, РКФСР-дің мемлекеттік 
өкіметінің 1917-1938 жылдарындағы жоғарғы заңдық, бөлу және бақылау 
органы.
Большевиктер-Ресей социал-демократиялық жүмысшыпартиясы.
Больш евизм -В.И.Ленин бастаған саяси қозғалыс пен саяси ойдың ағымы. 
РСДЖП 2 сьезінде (1903 ж.) басқарушы органдарды сайлау кезінде
В.И.Лениннің жақтастары көпшілік дауысқа ие болып, большевиктер деп 
атала бастады.
Бюджет - орталықтандырылған ақша қорының қүралуы мен жүмсалу 
бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория; ақшалай кіріс пен шығыс 
балансы.
Бю рократия - қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет 
аппараттарының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеуніктердің 
билігі. 
Бүл 
авторитарлық 
жүйелерде 
ерекше 
көрініс 
табады; 
артықшылықтары бар шенеуніктік-әкімшілік шағын топ.
В
Вакф (вакуф) (араб сөзі, аудармасы- үстап қалу) - мемлекеттің немесе жеке 
түлғалардың мүсылман шартына сәйкес діни немесе қайырымдылық 
мақсаттарға берген мүліктері. Вакф институты 7-8 ғғ. Халифатта пайда 
болды.
150


Ұлы жібек жолы - ежелгі және орта ғасырларда Қытайдан Орта және 
Алдыңғы Азияға созылып жатқан керуен жолы.
Вице - президент - президенттен кейінгі өкілетті кісі.
Г
Гүрхан - қарақытайлардың, жалайырлардың жоғары билеуші титулы.
ГУЛАГ-Лагерьлердің Бас басқармасы(главное управление лагерей).
Ғұндар - үндар, хундар - ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі 
халықтарының арғы тегі. Біздің заманымыздан бүрынғы 1 -мыңжылдықта 
қалыптасқан. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал 
өңірінде қоныстанып, Қытай жылнамаларында «гуй фаң», «гун руң», «хун 
ю», «шиан ю», «шиүң ну» секілді атаулармен берілген. Біздің заманымыздан 
бүрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғүндар өздерінің мемлекетін қүрды. 24 
руға бөлінді. Жоғары билеушісі «тәңірқүт» қытай деректерінде «шаньюй» 
деп аталды. Жылқының асыл түқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік 
меңгерген ғүндардың ішінде отырықшы түрмыс кешіп, егіншілікпен 
шүғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен 
бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі 
қүқық жүйесін қалыптастырды. Ғүндар (грекше Ниппоі, латынша Сһиппі, 
Ниппі) әскерінің негізі атты әскерден түрды. Ғүндардың жауынгерлік 
қүдыретінен сескенген қытайлықтар ¥лы Қытай қорғанын салдырды. Біздің 
заманымыздан бүрынғы 209 жылдан ғүндарды Модэ (Мөде) басқарды. Модэ 
билік 
еткен 
алғашқы 
жылдардың 
өзінде-ақ 
Қытайдың 
шекаралық 
аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы берді. Қазіргі Кореядан 
Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып 
жатқан аумақ ғүндардың қол астына көшті. Біздің заманымыздан бүрынғы 
177 жылға қарай Тынық мүхиттан Каспий теңізіне дейінгі жерлерді өздеріне 
қаратты. Біздің заманымыздан бүрынғы 1 ғасырдың орта шеніне қарай 
ғүндар мемлекеті толассыз қанды соғыстан, орталыққа бағынғысы келмеген 
күштердің әсерінен әлсірей бастады. Біздің заманымыздан бүрынғы 56 ж. 
ғүндар Хуханье бастаған оңтүстік және Чжичжи (Шөже) басшылық еткен 
солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік ғүндар Ордос өңірінде қоныстанып 
қалды да, солтүстік ғүндар өз тайпаластарының қысымымен Саян және 
Байкал өңіріне ығысты. Солтүстік ғүндардың бір бөлігі 5 ғасырда Оңтүстік 
Қазақстан мен Орталық Азияда өз мемлекетін қүрып, Ауғанстан мен Иранды, 
Үндістанның 
біраз 
бөлігін 
жаулап 
алды. 
Хань 
империясының 
бодандығындағы оңтүстік ғүндар 304 ж. Лю-хан атты өз мемлекетін қүрды. 
Оңтүстік ғүндар 4 ғасырдың соңына қарай қайта күшейді. 5 ғасырдың бас 
кезінде олардың әйгілі қолбасшысы Хэлян Баба Ся патшалығын, ал Мэн Сун
151


көсем Бэй Лян патшалығын қүрды. Ордос пен Наньшан (қазіргі Қытай Халық 
Республикасының Г аньсу провинциясы) өңірінде қүрылған осы екі мемлекет 
439 ж. табғаштардың (тоба) шабуылы нәтижесінде қирады. Солтүстік 
ғүндардың Еділ - Жайықтағы үлкен бөлігі 4 ғасырдың 2-жартысында Қара 
теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Сарматтарды тізе 
бүктірген соң, аландармен күрес жүргізді. 375 ж. остгот, герул, генид 
тайпаларын бағындырып, Еуропада өз империясын қүрды. Ғүндардың 
Батысқа жорығы «Халықтардың үлы қоныс аударуына» түрткі болды.
Д
Даруға - моңғол билеушісі, ханның қаладағы орынбасары; даруғаның 
міндеті: 
жалпы 
басқару, 
алым-салықтың 
дүрыс 
түсуін 
және 
міндеткерліктердің уақтылы орындалуын бақылау. XV - XVI ғасырларда 
«даруға» терминінің мағынасы әлдеқайда кеңейіп, билеуші, басқарушы, 
жалпы меңгеруші, қазынаның пайдасына міндеткерлікті өндіріп алу бастығы, 
губернатор дегенді білдірген (Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и 
еёпадение.М.;Л.,1950.С.471).
Дешті Қ ы пш ақ - Қыпшақ даласы. Бүл географиялық термин 11-16 
ғасырларда қыпшақ тайпаларының бірлестігі атауы ретінде қолданылған.
Джабгу - оғыздардың жоғарғы билеушісінің титулы.
Диуан - бірқатар мүсылман мемлекеттерінің басқару істері және сот жүйесі 
жөніндегі әкімшілік мекеме.
Дулулар - түрік тілді тайпалық одақ.
Дуруттар - қыпшақ тайпалары бірлестігінің қүрамына енген тайпа.
Дәстүр - үзақ уақыт бойы белгілі бір қоғамдар мен әлеуметтік топтарда 
сақталып,үрпақтан үрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мүралардың 
элементтері.
Демография - халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген үғымды білдіреді. 
Оның зерттеу объектісіне халықтың жыныстық, этикалық қүрылымы, туу, 
өлу, қоныс аудару процесінің барысы жатады.
Демографиялық болжам - әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы 
Д.б. аумақтардағы халықтың, үлт пен үлыстың саны және қүрамы туралы 
болжамдық есеп.
152


Демографиялық саясат - халықтың үдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан 
жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және қүқықтық 
шаралар жүйесі.
Дискуссия - топ ішінде шешім қабылдау үрдісін үйымдастыру әдісі. 
Деградация-біртіндеп әлсіреу, қүлау.
Декларация-мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялар 
мен халықаралық үйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми 
мәлімдеме.
Декрет-мемлекеттік жоғары органдардың заңдық күші бар қүжаты.
Депортация-1920-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезеңінде КСРО- 
ның бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерін қуу.
Диктатура-жеке адамның топтардың, таптардың ешқандай шектеусіз 
үстемдік етуі. Көсем бастаған белгілі бір адамдар тобының бәрін қамтитын 
саяси, экономикалық, идеологиялық билікті жүзеге асыруы.
Диссидент-басқаша 
ойлаушы. 
Біздің 
елімізде 
70-жылдардан 
бастап 
диссиденттік кең тарай бастады. Кеңес мемлекетінің саясаты мен 
идеологиясын сын көзбен қабылдап, оны өз шығармашылығы мен 
қызметінде бейнеленгендер диссиденттерге жатқызылды. Диссиденттер 
қуғынға үшыратылды.
Дискредитация-әлдекімге, әлденәрсеге деген сенімге, әлдекімнің атақ- 
аброй, беделіне нүқсан келтіру.
Е
Еуразия - Жер материгінің солтүстік жарты шарындағы ең ірі материк 
(бірқатар аралдары оңтүстік жарты шарда жатыр). Көлемі 53,4 млн кв. Км-ге 
жуық. Халқы 4,1 млрд. адам. Халқы неғүрлым тығыз орналасқан елдер- 
Қытай, Үндістан, Ресей, Индонезия және басқалар. Еуразияға Еуропа мен 
Азия елдеріниң бөліктері енеді. Жағалауын Солтүстік мүзды мүхит, Атлант 
және Үнді мүхиттары мен олардың теңіздері жуып жатыр; аралдарының 
көлемі 2,75 млн кв. км-ге жуық. Еуразияның 2/3 бөлігін тауарлар мен таулы 
үстірттер алып жатыр.
153


Еврейлер 
(араб.: 
Ліб. 
- яһуди дінін қабылдаған Израиль пайғамбар 
үрпақтары) — бастапқы атауы және көне еврей халықтарынан тарайтын 
әртүрлі елдерде түратын халықтардың жалпы этностық атауы. Еуропа мен 
Америкада түратын еврейлердің көпшілігі индоеуропалық тілдер әулетінің 
герман тобына жататын идиш тілінде сөйлейді. Израильде еврейлердің көп 
бөлігі семит әулетіне жататын иврит тілінде сөйлейді. Балкан мен Таяу 
шығыстағы еврейлердің бір бөлігі роман тобына жататын испаноль (ладино) 
тілінде сөйлейди.
Елтебер -
түрік қағанаттарында қағанның ақсүйектерге беретин титулы.
Елбөрілі, бөрі -
қыпшақ тайпалары бірлестігі қүрамына енген тайпа.
Енисей жазуы -
түрік тайпалары 6-8 ғғ. Қолданған түрік жазуы; бүл жазуға 
тас ескерткуштерге жазылған Орхон-енисей жазулары да жатады.
Ерулік 
- жаңадан көшіп келген үйді дәмге шақыру.
Ертұрман 
- салт атқа міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық атауы
Ж
Жарапазан 
- діни дәстүрлермен байланысты болып келетін түрмыстық өлең 
формасы.
Жужандар -
4 ғасырда Монғолия мен Батыс Манчьурияда қүрылған көшпелі 
тайпалар одағы.
Жүз 
— орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ 
атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден түрады: Үлы жүз, Орта жүз, Кіші 
жүз.
Жылнама -
тарихи шығарма, Ресейдің 11-17 ғғ. Баяндау әдебиетінің түрі. 
Жылнамада елде, қалада, белгілі бір жерлерде өткен оқиғаларды жылдар 
бойынша жазу түрінде жүргізілді. Мысалы, Никонов жылнамасы, Новгород 
жылнамасы және т.б.
Желі 
- қүлын байлауға арнап әдейі керілген арқан.
Жүз - 
бірнеше үлыстың тайпалар одағы негізінде бірігуі.
154


Ж айлау - селеулі жазық дала мен биік таулардың аралығындағы шалғынды
Ж екешелендіру -жеке азаматтар мен заңды түлғалардың мемлекеттік 
меншік нысандарын немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың 
акцияларын мемлекеттен сатып алуы.
Ж арлы қ (түрік сөзі-бүйыру, бүйрық)- 1) монғол хандықтарында-ханның 
жазбаша өкімі; 2) монғол-татар езгісі кезінде Солтүстік-Шығыс Русьтің 
зайырлы және дін ақсүйектеріне берілетін жеңілдік грамотасы.
Ж еке басқа табынушылық-КСРО-дағы И.В.Сталинге табыну ретінде 
қалыптасқан, тоталитарлық тәртіптің жеке билігі. Бір адамның рөлін 
дәріптеу, оған көзінің тірісінде тарихи дамудың барысына шешуші ықпал 
жасауды телу, жеке адамның демократияны жойып, диктаторлық тәртіп 
орнатуы.
Ж ұмысш ы 
депутаттардың 
Кеңестері-халықтың 
өзін-өзі 
басқару 
үйымдарын қүрудың нәтижесінде пайда болған сайланбалы саясип жүмысшы 
органдар.
З
Зороастриялы қ фавн - парсылардың, түріктердің түрлі жануарлардан 
таралғандығы жайлы ежелгі діни сенімдерімен (Бөрі, Үкі және т.б. сенімдер) 
байланысты болып келетін тотем (табыну, қадір түту нысаны).
Зеңгі баба - сиыр малының пірі.
Заң жобасы - заңның алғашқы мәтіні.
И
И қта - феодалдарға шартты түрде бөліп берілетін жер иелігі (үлесі).
И ман - қүдайға шүбәсіз сену, Алла тағала қүдіретіне иман келтіруге 
негізделген ислам діні принциптерінің бірі.
И нақ - монғол ханының кеңесшісі.
Инал - Оғыз мемлекетінің жоғарғы билеушісі жабғудың мүрагері.
155


Инжу - Монғол империясының хандар негізіндегі мемлекеттік жерлер 
(«инжу» сөзі - жасау деген мағына береді).
Ислам - әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін 
дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», 
(Аллаһтың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат 
терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында 
парыздарды орындау, одан басқа қүдайларға табынбау болып есептеледі. 
Ислам дінін үстанушы жан мүсылман деп аталады. Мүсылмандардың негізгі 
діни кітабы Қүран Кәрім— классикалық әдеби араб тілінде Аллаһ тарапынан 
түсірілген. Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат 
баласын тура жолға салып түру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. 
Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мүса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар. 
Мүсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі 
Мүхаммед.
Инагурация-мемлекет басшысымен мен басқа да сайланып қойылатын 
басшылардың өз қызметіне кірісуінің салтанатты рәсімі.
К
Кесене - түрік қоғамындағы атақты, сыйлы адамның жерленген жеріне 
салынатын кесенелік қүрылыс.
Көк бөрі - ежелгі түрік тайпаларының төтемі.
Көгілташ - хан мүрагерінің үстаз-тәлімгері.
Куликов ш айқасы - 1380 жылдың 8-қыркүйегінде Куликов жазығында 
(Донның оң жағалауында )
Киіз үй - жайылымнан-жайылымға көшіп отыру жағдайында қолайлы жеңіл 
қүрама үй.
Кереге - киіз үйдің қабырғасы.
Кимешек - жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім.
Көкірекше - жейденің немесе көйлектің сыртынан киетін жеңсіз, жеңіл киім 
Кебеже - азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық.
Келі - тары, бидай т.б.дәнді дақылдарды түйетін үнтайтын қатты ағаштан
156


жасалған қүрал.
Кесене - діни қүрылыс, белгілі адамдардың қүрметіне қабір басына 
түрғызылған.
Көген - қозы-лақ байлайтын ағытылмалы бүршағы бар, қыл арқанға тағылған 
қысқа жіптер.
Кеңестер-1905-1917 жылдардағы революциялар кезінде пайда болған 
жүмысшылар мен қызметшілердің кеңестері, шаруа депутаттарының 
кеңестері, солдат депутаттарының кеңестері тәрізді сайланбалы саяси 
үйымдар.
Коммунизм-18-19 
ғасырдағы 
утопистердің 
доктринасы, 
К.Макстің 
қоғамдық-экономикалық формация жөніндегі ілімі. Бүл формация өндіріс 
қүрал-жабдықтарына деген қоғамдық меншікке негізделіп, қоғамның барлық 
мүшелерінің толық әлеуметтік теңдігі болатын тапсыз қоғам орнатуды, 
«әркімнің қабілетіне қарай, әркімге қажетіне қарай» қағидасын жүзеге 
асыруды мақсат етті.
Консалидация-қандай да нәрсені нығайту, бекіту; жеке адамдардың, 
үйымдардың өз қызметін күшейту үшін бірігу; ортақ мақсаттар үшін күрес.
Конститутция-мемлекеттің қүрылысын, оның билік етуші органдарының 
қүрылымы мен үйымдастыру қағидасын, азаматтардың қүқықтары мен 
міндеттерін, сайлау жүйесін анықтайтын негізгі заң.
Консерватизм-әлеуметтік және мәдени өмірдің дәстүрлері мен жалғастығын 
қорғайтын әр түрлі идеялық-саяси және мәдени ағымдарды білдіру. 
Консерватизмге өмір сүріп отырған және орныққан әлеуметтік қағидалар мен 
өлшемдерді жақтау, революция мен батыл реформаларды қабылдамау, 
эволюциялық дамуды қорғау тән. Әлеуметтік өзгерістер жағдайына 
консерватизм ескі тәртіптерді қалпына келтіруді талап етуден көрініп, 
өткенді мадақтаумен қатар жүреді.
Контрреволюция-әлеуметтік 
революцияның 
нәтижесінде 
қүлатылған 
таптың немесе басқа да әлеуметтік топтардың күні біткен қоғамдық және 
мемлекеттік қүрылысты қалпына келтіру немесе сақтап қалуға бағытталған 
күрес.
Концепция-қандай да бір қүбылыстың сипатталуын түсіну тәсілі, негізгі 
көзқарас, оны баяндаудағы жетекші идея, жетекші ой; әр түрлі қызмет 
түрлерінің сындарлы қағидасы.
157


Коньюктура-дәл сол уақыт үшін қалыптасқан нақты жағдайлар, нақты 
шартта кез келген салада уақытша қалыптасқан хал-ахуал.
Кооперация-шаруашылықты бірігіп жүргізу, кәсіпкерлікті үсақ өндіріс пен 
маусымдық еңбек қызметін үйымдастыру жөніндегі ерікті серіктестік.
Коррупция-заңдылықты бүзу жолымен лауазымды адамның өзінің қызмет 
жағдайын жеке басының баюы мақсатында тікелей пайдалануы.
Космополитизм-дүниежүзі азаматтық идеологиясы. Қазіргі жағдайларда 
космополитизм халықтар мен мемлекеттердің өзара әсері мен халықтардың 
жақындасуынан үлттық мәдениет пен дәстүрлерге нигилистік көзқарасқа 
дейінгі әр түрлі әлеуметтік-саяси бағдарлар түрінде көрінеді. 
Қосөкімет-Ақпан революциясынан соң Ресейдегі екі өкімет билігінің өзіндік 
қатар өмір сүруі. Екі диктатураның жеке-дара билік үшін күрес кезеңі. 
Уақытша үкімет-буржуазия мен помещиктердің бір бөлігінің диктатурасын 
жүзеге асыратын билік.
Қ
Қ ағанат (түрік сөзі) - басшысы қаған деп аталатын мемлекет.
Қ азақтар - соңғы деректер бойынша ел түрғындарының 60 %-ына жуығын 
қүрайтын Қазақстан Республикасы территориясының байырғы халқы. 2 мың 
жыл бойы созылған этникалық процестер 15 ғасырда қазақ халқының 
қүрылуымен аяқталды.
Қ азақ хандығы. Ортағасырлық автор Мүхаммед Хайдар Дулатидің 
мәліметтері бойынша қазақ хандығы хижра жыл санауы бойынша 870 жылы 
(1465-1466 жж.) пайда болды. Оның негізін салған Жәнібек пен Керей 
хандар.
Қ алм ақтар - (өздерінше атауы - хальмг) Ресей Федерациясының 
түрғындары (166мың адам), байырғы түрғындары Қалмақстанда түрады (146 
мың адамнан астам). Монғол тілдері тобының қалмақ тілінде сөйлейді. 
Діндері - біддизм, православие дінін үстанатындары да бар.
Қ ара бұдындар - түрік қағанаттарындағы қарапайым шаруалар, «қара 
халық», қалың бүқара.
158


Қ арақы тайлар - 12 ғасырда Орта Азияға қоныс аударған қидандардың бір 
бөлігінің атауы. 12 ғасырдың ортасы - 13 ғасырдың басында Қарақытайлар 
мемлекетінің қүрамында болды. Кейінірек түрік халықтарына сіңісіп кетеді.
Қ ы пш ақтар - половецтерді қараңыз.
Қ ы ры м хандығы - Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қырым түбегінде 
қүрылған мемлекет (1430 — 1783). 13 ғасырдың аяғында Қырым түбегінде 
Алтын Ордаға тәуелді ерекше аймақ қүрылды. Оның орт. — Солхат қаласы 
болды. Алтын Орда билеушілерінің өзара күрес-тартыстарынан кейін Меңлі 
Гирей хан (1428 — 1515) 1443 жылы тәуелсіз Қырым Хандығының негізін 
қалады. Оған Қырым түбегінен басқа Днепрдің төменгі бөлігі да кірді. Ол 
хандықтың астанасын Бахшасарайға көшірді. 1475 жылы Қырымға түрік 
әскерлері басып кіріп, хандық Түркияға тәуелді болды. Қырым Хандығы 
Ресей, Украина жерлеріне бірнеше жорықтар жасады. Қырым әскерлерінің 
орыс жеріне жорықтары әсіресе Ливон соғысы (1558 — 83) кезінде жиіледі.
16 — 17 ғасырларда Ресей өкіметі оңтүстік шекарасын Қырым татарларынан 
қорғау үшін шекара бекініс шептерін қүрды. Орыстардың 1687 — 89 
жылдары Қырымға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды. 18 ғасырдағы 
орыс-түрік соғысында Ресей жеңіске жетіп, Қырым Хандығы әлсірей 
бастады. 
1774 
жылы 
Күшік-Қайнарджа 
бітімі 
бойынша 
Қырым 
ХандығыТүркияның қол астынан шығып, Ресейдің қарамағындағы тәуелсіз 
ел болып танылды. 1783 жылы Қырым Хандығы Ресей империясының 
қүрамына кірді.
Қ ы пш ақтар — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының 
негізін қүраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс 
Еуропаны мекендеген аса ірі үлыстардың бірі. Қыпшақ атауы ежелгі түркінің 
Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Махмүт 
Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың қүрамына имақ, субар, 
қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі, т.б. рулар мен тайпалар енген. 
Қыпшақ 
Түрік 
қағандығы 
ыдырағаннан 
кейін 
алғашында 
Қимақ 
қағандығының қүрамында болып, 11 ғасырдада бөлініп шықты. Қыпшақ 
хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала 
бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы үлысын 
(Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13 — 14 ғасырларда 
Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” үғымын алмастырып, Алтын Ордадағы 
саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын 
Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген үлыстарға бөлініп кетті. Бір 
бөлігі Қазақ хандығының қүрамына кірді.
159


Қ ұры лтай - дала халықтары басшылығының жоғарғы органы, билеуші 
ақсүйектер, билер мен батырлардың қүрылтайшылық жиыны, мүнда 
мемлекеттің маңызды мәселелері шешілген.
Қоналға - қызмет бабымен келе жатқан әкімшілік шенділерді жеткізіп салу, 
қарсы алу және азықтандыру жөніндегі міндеткерлік.
Қ алан - монғол жаулап алушылары мен олардың мүрагерлерінің билігі 
орнаған территориялар түрғындарынан жер үлесінің көлеміне байланысты 
алынатын салық түрі.
Қ анқаш - Оғыз мемлекетіндегі ақсүйектер кеңесі.
Қамбар ата - жылқы малының пірі.
Құйысқан- ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Қ ұры қ - жылқышының мал баққанда үстайтын қүралы.
Қ ары н құда - бала анасының қүрсағында жатқанда атастырылады.
Қозы күзем - қозылардың күзгі жүнін қырқатын мезгіл.
Қ айта құру - бүрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке 
келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік -
экономикалық салаларға реформа жүргізу.
Қосөкімет-Ақпан революциясынан соң Ресейдегі екі өкімет билігінің өзіндік 
қатар өмір сүруі. Екі диктатураның жеке-дара билік үшін күрес кезеңі. 
Уақытша үкімет-буржуазия мен помещиктердің бір бөлігінің диктатурасын 
жүзеге асыратын билік.
М
Мезолит [өңдеу]Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту 
кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.
М ауараннахр - Самарқанд, Бүқара және т.б. қалаларды қоса алғандағы 
амудария мен Сырдария өзендері аралығының арабша атауы (7 ғасырдан 
бастап).
М әмлүктер (арабша-қүлдар) - Айюбиттер әулетінің гвардиясын қүрайтын 
еріксіз қүл-сарбаздар, олар түрік және кавказ халықтаының түтқын
160


сарбаздарынан 
қүралған, 
1250 
жылы 
қыпшақ 
текті 
мамлюктердің 
басшылығы Айзобидтер әулетін тақтан аударып, Мысыр мен Сирияны 1517 
жылға дейін билеп келген мәмлүк сүлтандары әулетін қүрады.
Мешіт (араб сөзі масджид - табыну орны) - мүсылман діні ғимараты, 
мүсылман ғибадатханасы.
Монғол империясы - Шыңғысхан мен оның мүрагерлерінің 13 ғасырдың 
бірінші жартысындағы жаулап алушылығы нәижесінде қүрылған мемлекет. 
Мөңке хан (251-1259) басқарған кезде М.и. қүрамына Монғолия, Солтүстік 
Қытай, Орталық және Орта Азия, Кавказ сырты мен басқа да жерлер енді. 
Орыс жерлерінің басым бөлігін тәуелділікте үстады. Шыңғыс тірі кезінде 
М.и. базаларына үлыстарғабөліп берді. М. и. 14 ғасырдың соңғы ширегінде 
ыдырады.
М ұсылман діні - неғүрлым кең тараған діндердің бірі. Исламды қараңыз.
М ыңбасы - қарамағында мың сарбазы бар монғол-татар әскербасының 
титулы.
Мес - қымыз т.б. сусын қүюға арналған ешкі терісінен жасалған ыдыс.
Мәсі - ешкі терісінен тігілетін жүмсақ аяқ киім
Мәдениет- материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін адам- 
ның өмірі мен әрекетін үйымдастыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи 
даму деңгейі
М атериалды қ мәдениет- адам өмірінің материалдық аяда қол жеткізген 
жетістіктерінің жиынтығынан түрады. игеруін, әлеуметтік - психологиялық 
біліктілігін білдіреді.
Н
Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай 
археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық 
белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен 
неолит - голоценге жатады.
Н айза - қазақ жауынгерлерінің негізгі бес қаруының бірі. Үзын ағаш сапқа 
орнатылған үшкір темір басы бар шаншу қаруы. Найзаны әсемдеп ат 
қылынан шашақ байлаған.
161


Несториандық - негізін Византияда 428-431 жылдары константинопольдік 
патриарх Нестор қаланған христиандық ағым, ол Исус Христос адамнан 
туған, тек кейін тек кейіннен ғана қүдайдың үлы болды деген сенімнің 
негізін қалаған. Несториандық ағым 13 ғасырға дейін Иранда және Орта 
Азиядан Қытайға дейін ықпалға ие болып келеді.
Ноғайлар - Ресей федерациясының халқы (75 мың адам), негізінен 
Дағыстанда (28 мың), Ставрополь өлкесінде, сонымен қатар Чечня мен 
Ингушияда түрады. Түрік тілдерінің қыпшақ тобының ноғай тілінде 
сөйлейді. Мүсылман дінінің сүннет бағытын үстанады.
Нушеби - түрік тілді тайпа.
О
Оғыздар - Орталық және Орта Азиядағы 7-11 ғасырлардағы түрік тілді 
тайпалар. 
11 ғасырдың ортасында оғыздар оңтүстік орыс даласына 
қоныстанды.
Орхон-Енесей жазбас ескерткіштері — Орхон және Енесай өзен 
бойларында табылған көнетүркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде 
әйгілі Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк қүлпытастарындағы жазбалар.Орхон- 
Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп 
уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып 
келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды 
(Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "қүпия" 
деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен қүпия 
жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы
В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық 
оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей 
өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
П
Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.
а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл. 
ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.
б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.
в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д.Ю-мыңжылдық.
П арадарайя - парсының §ака рагаёага^а, т.с. теңіздің арғы жағындағы сақтар 
деген сөзі.
162


Половецтер - 11 ғасырдан бастап Еділ маңынан Қаратеңіз жағалауын мекен 
еткен түрік тілді тайпалардың орысша атауы.
Пост - тоталитаризм - коммунизмнен кейінгі дәуір. Мемлекет билік 
жүргізуге жарамсыз.
Плюрализм - бүқараға рүқсат етілген пікірлердің ашық айтылуы.
Партия-идеялары, көздеген мақсаттарының ортақтығы негізінде біріккен 
адамдар тобы.
Пролетариат-капиталистік қоғамдағы негізгі тараптардың бірі, өндіріс қүрал 
жабдықтарын менжіктеу қүқығынан айырылған жалдамалы жүмысшылар 
табы.
Президент - президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі 
мемлекет басшысы.
Л
Легализация-кандай да бір үйымның қызметіне рүқсат беру, оны 
заңдастыру, қандай да бір іске, әрекетке заңдық күш беру.
Легитимация-мемлекеттік 
биліктің, 
қандай 
да 
бір 
әлеуметтік 
қүрылымдардың мәртебесі мен өкілеттілігінің заңдылығын мойындау немесе 
растау.
Лизинг-кейін сатып алу мүмкіндігімен қымбат қүрал-жабдықты жалға алу.
Р
Рабад - ортағасырлық қала түбіндегі қолөнерлік саудалық елді мекен, 
қаланың ішкі және сыртқы түрғындық бөлігі.
Рамазан (араб.) - мүсылман күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бүл айдың өту 
барысында мүсылмандар күннің шығуынан батуына дейін ораза үстайды.
Рубасы - рудың басшысы.
Р уникалы қ жазу - соғды жазуының негізінде 5-6 ғасырлардағы түрік 
халықтары мен тайпаларының жазуы.
163


Репрессия - [лат. репрессіо - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу 
мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіп- 
терді). Үкімет басшыларрының зан орындары арқылы өз халқын, оның 
жекелеген өкілдерін қуғынға үшыратып, жазалау шаралары.
Референдум 
- Конституцияға 
өзгерістер 
мен 
қосымшалар 
енгізу. 
С
С ақтар - б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан 
аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары 
массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан түрған. Бүл 
халық өзін өзі сака, сақа деп атаған, Оларды көне юнандар скифтер (гр. 
скутһаі) деп атаған. Ол туралы юнан тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» 
деген еңбегінде, 5 томында, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып 
қалдырған. Б.з. б.ы мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта 
Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта 
жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Г еродот 
(б. з. б. В ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп 
атаған.
С арматтар - көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал 
алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара 
т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” 
сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген 
тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама үғым болып 
табылады.
Салжұқтар - түрік-оғыздар тайпаларының тармағы, атауы Салжүқ оғыздар 
тайпалық одағының (10-11 ғғ. басы) шыққан.
Сібір хандығы - Батыс сібірдегі мемлекет. Алтын Орда таралғаннан кейін 
15 ғасырдың аяғында пайда болды. Орталығы Чимги-Тура, Қашлық, 1555 
жылы Жәдігер хан Мәскеудің вассалдық бостандығын мойындады; бүл 
антты Көшім хан 1572 ж. бүзды. Ермак (1542-1585) 1580-ші жылдардың 
басында Сібір хандығына басып кіріп, Ресей 16 ғасырдың аяғында бүл 
жерлерді қарамағына қосып алады.
Скифтер— Қара теңіздің солтүстік жағалауын мекендеген ежелгі тайпалар 
бірлестігі. Олар сарматтар мен сақтарға туыстас еді. Б.з.б. 5 ғасырда скифтер 
қоғамында алғашқы қауымдық қүрылыс ыдырап, егіншілік пен мал 
шаруашылығы дами түсті. Гередоттың мәлімдеуінше Днепрдің батысында 
егінші скифтер, ал шығысында малшы скифтер қоныстанды. Сонымен қатар
164


олар Азов түбегі маңында “патшалық” скифтер болғанын, олардың көшпелі 
түрмыс кешетіндігін, доңғалақты киіз үйлерде түратындығын мәлімдейді. 
Ежелгі грек авторларының жазбаларына қарағанда, скифтер арасында қүл 
иеленушілік орын алған. Қүлдар негізінен көршілес елдерге жасалған 
жорықтар кезінде қолға түскен түтқындардан түрған. Әлеуметтік өзгерістер 
нәтижесінде Днепр жағалауында скиф ақсүйектерінің алып қорғандары 
пайда болды. Олардың биікт. 20 м-ден асты. Бүларға патшалар мен 
жасақшылар жерленді. Ақсүйектер қабіріне олардың әйелдері немесе күтуші 
қызметкерлері мен аттары бірге жерленді. Жауынгерлер жанына қару 
жарақтары қойылды. Ауқатты адамдардың зираттарынан мыс, алтын, күміс 
ыдыстар, шарап қүйылған грек көзелері, әр түрлі заттар жиі табылды.
Орта жүз - Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы қазақ тайпалық 
бірлестігі тобы 1740 жж. Ресей қүрамына енді.
Орта Азия - 1)Батысы Каспий теңізінен шығысы Қытай шекарасына дейінгі 
және солтүстігі Арал-Ертіс су айрығынан оңтүстігі Иран мен Ауған 
шекарасына дейінгі аралықтағы Азия территориясының бір бөлігі; 2) 
Шегінде Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан мемлекеттері 
және Қазақстанның оңтүстік бөлігі орналасқан географиялық аумақ. Қазіргі 
заманғы әдебиетте «Орта азия» мен «Орталық Азия» үғымдары бір болып 
табылады.
Сұлтан - мүсылман елдеріндегі биліктегі ақсүйектер титулы, билік иесі, 
билеуші.
Суфизм - ислам дінінің 8-9 ғғ. Пайда болған мистикалық ағымы. 10-12 ғғ. 
Түбегейлі қалыптасты, мистикалық махаббат арқылы біртіндеп «көз 
ашылып» қүдайды тану және діни рухпен ораласу жөніндегі ілім.
С ы ралғы - аңшылар үстаған аң-қүстарын жолда кездескен сыйлы адамдарға 
достарына байлап кететін дәстүр.
Сүйек ж аңғырту құдалы ғы - ескі жекжаттардың қыз алысуы.
Сәукеле - қыздың үзатылғанда киетін бас киімі.
Сәулет өнері- адамның өнері мен күнкөріс тіршілігі үшін 
қажетті,материалды түрғыда үйымдасқан қүрылым.
Саба - қымыз ашытуға арнап, жылқының терісінен жасалатын 
сыйымдылығы мол ыдыс.
165


Совхоз-мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорны, КСРО-дағы алғашқы 
совхоздар 1918 жылы қүрылды. Олардың дүние-мүлкі мемлекеттік меншік 
болып саналып, ол совхоздарга шаруашылық жүргізу қүқығымен бекітіліп 
берілді.
Т
Тайпа - қандас туыстардан түратын әлеуметтік және этникалық бірлестік. 
Ол рулар мен аталарға бөлінеді. Көшпелі халықтарда тайпалық бірлестіктері 
үзақ уақытқа дейін сақталады.
Тайпа — 1) алғашқы қауымдық қоғамдағы бір жерде түратын, тілі бірдей, 
бірнеше рулардан қүралған, өзара туыстық байланыстары бар адамдар тобы. 
Тайпада ортақ әдет-ғүрып, мәдениет болды. Тайпаны басқару, маңызды 
істерді және туыстар арасындағы даулы істерді шешу ақсақалдар кеңесінің 
билігінде болды. 2) Тайпа үрпақ, халық
Тас ғасы ры - адамзат тарихындағы ең үзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге 
(ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың - 8/7 
мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық 
аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, 
әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы 
қауымдық қүрылыс дәуірінен басталады. Бүл кезде, яғни тас дәуірінде 
ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы 
мен алғашқы дамуы орын алған. Қазақстанның тас дәуірі мына кезеңдерге 
(мәдениеттерге) бөлінеді:Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.а) Олдувай (ертедегі 
немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.ә) Ашель - 700 - 150 -200 
мың жыл.б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.в) Кейінгі 
немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық.Мезолит 
(орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7- 
мыңжылдықтар.Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. 
Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық 
атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал 
мезолит пен неолит - голоценге жатады.
Темір ғасы ры - адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды 
әлеуметтік-экономикалық, 
саяси, 
демографиялық, 
технологиялық 
өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен 
және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бүл кезеңді ғылым тарихында 
«темір дәуірі» деген түрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың 
ортасында К. Томсен (Дания) үсынды. Біздің заманымыздан бүрын 1- 
мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір 
адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология
166


саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. 
Дегенмен, темір үзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала 
берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа 
кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек қүралдары 
жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір 
де 
темір 
ғасырына 
жатады. 
Осы 
себептен, 
тарихи-археологиялық 
кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар 
дәуірі» деген атаулар қолданылады. Ерте темір дәуірі біздің заманымыздан 
бүрын 8-7 ғасырлардан бастап, ерте орта ғасырлар дәуіріне дейінгі кезеңді, 
яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды.
Тегін - хан үрпағы.
Теле - көпеген түрік тайпаларының ортақ атауы.
Тиграхауда - парсы §ака іідгаһаиёа сөзі, яғни үшы үшкіл бас киімді сақтар 
дегенді білдіреді.
Тоны көк 
жазуы - 
тас тақталарда, мүсіндердегі жазбалар түріндегі 8 
ғасырдағы түрік жазба ескерткіштері.
Торктар (ғүздар, уздар) - көшпелі түрік тайпасы. 11 ғ. Ортасынан бастап 
оңтүстік 
орыс 
жазығында 
мекендейді. 
Русь 
пен 
Византияға 
шапқыншылықтар жасап түрған. 12 ғасырдан бастап қара клобуктардың 
қүрамына енген.
Торсық - қымыз т.б.сусын қүюға ешкі немесе жылқы терісінен жасалған 
ыдыс.
Тоғыту - маусым айында тоқтыларды суға түсіріп жуындырады.
Т уы рлы қ - керегені жабатын киіз.
Түндік - шаңырақты жабатын киіз.
Т асатты қ - қүрғақшылық кезінде жаңбыр тілеп, қүдайға қүрбандық шалу 
салты.
Тотем - (үндістер тілінде «оның тегі» дегенді білдіретін сөз) - әулеттік 
топтардың қан туыстығы сеніміне байланысты болып келетін діни сенім 
нысаны болған жануар, өсімдік, зат немесе табиғат қүбылысы. Тотем 
әулеттің негізін қалаушы болып саналды, оның қорғаушысы болып 
есептелді.
167


Түріктер - тілдері бойынша туысқан болып келетін татар, әзірбайжан, өзбек, 
қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ, түрік және т.б. халықтардың үлкен 
тобы.
У
Уәзір - мүсылман елдерінегі мемлекеттік биліктің жоғарғы лауазым иесі. 
Уәзір мемлекеттегі азаматтық билікті атқарады; ханның бас кеңесшісі.
Ұлыс - 1) Орталық Азия, Қазақстан Орта Азия , Сібір халықтарының ханға 
немесе көсеміне бағынышты белгілі бір территорияға ие.
Ұмай ана - тотем, түрік тайпаларының сақтаушысы, қорғаушысы.
Х
Хазарлар - ортағасырлық түркі тілді халық. Мамандардың есептеуінше 
Шығыс Еуропада 4 ғ-да ғүн шапқыншылығынан кейін пайда болған. 6 ғ-дың 
60-жылдары Батыс 
Түрік 
қағандығына 
бағынды. 
Түрік 
қағандығы 
ыдырағаннан кейін Солт. Кавказ бен Қара т. жағалауында 7 ғ-дың ортасына 
қарай Хазар қағандығын қүрды. 8 — 9 ғ-ларда Шығыс Еуропада жетекші 
мемлекет қүрған Хазарлар 10 ғ-дан бастап өз ішінде жікшілдікке үшырап, 
әлсіреп кетті. Осыны пайдаланған көршілес Киев Русі мен басқа да түркі 
тілдес үлыстар (оғыз, печенег, т.б.) тарапынан шапқыншылыққа үшырап, 10 
ғ-дың соңына қарай, тарих сахнасынан мүлдем жойылды. Мемлекеттілік 
жойылғаннан кейін жергілікті тайпалар басқа көшпелі түркі халықтарына 
сіңіп кетті. Хазарлар қүрамында түркі тектес халықтардың, әсіресе, Кіші жүз 
тайпаларының аты (мыс., керейт, беріш, т.б.) жиі үшырасады. Араб жиһангезі 
әл-Масуди Х-дың мүсылман, христиан, иудей дінін қатар үстанғанын жазған.
Хаомоварга - парсының §ака һаита^агда яғни «хаома» сусынын 
дайындайтын сақтар деген сөзі.
Харадж - алынған өнім көлеміне байланысты алынатын мемлекеттік жер 
салығы.
Ц
Цитадель - ортағасырлық қаланың күшейтілген қорғаныс ғимараттары.
168


Ш
Ш ы ңғыс ұрпақтары - Шыңғыс хан, оның үлдары Жошы, Шағатай, Үгедей, 
Төле, немерелері Қүлағу хан және басқалары негізін қалаған билеуші 
әулеттің үрпақтары.
«Ш ыңғыснама» - ортағасырлық автор Өтеміс қожаның Дешті Қыпшақ 
көшпелі халықтарының 16 ғ. Саяси өмірі, әлеуметтік-экономикалық өмірі 
туралы мағлүмат берген шығармасы.
Ш ал - түрік қағанаттарындағы қағанның ақсүйектерге беретін титулы. 
Ш ахристан - ортағасырлық қаланың қорғанмен қоршаған орталық бөлігі. 
Ш екпен - түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім.
Ш аңы рақ - киіз үйдің күмбезді төбесін қүрайтын ең жоғарғы бөлігі 
Ш екш ек ата - ешкі түлігінің пірі.
Ш опан ата - қой түлігінің пірі.
Э
Этнос (гректің-тайпа, халық сөзінен) - шығу тегі, тарихы, тілі және 
мәдениеті 
ортақ 
адамдардың 
түрақты 
тобы. 
Саясатта 
этникалық 
қоғамдастық, оның өкілдері шын мәніндегі немесе қолдан жасап алған жауға 
қарсы күреске жүмылдыру үшін, үлттық қозғалыс қалыптастыру үшін, 
сонымен қатар басқа да саяси мақсаттарға жиі қолданылады.
Я
Яса - Монғол империясының негізгі заңдар жинағы, Шыңғысханның 
мемлекет басқару жөніндегі сөзсіз орындалып отырған тәлім сөздерінен және 
әскери және азаматтық істер жөніндегі жалпы заңдардан, әр түрлі 
ережелерден, бүл заңдарды бүзушыларға қолданылатын жазалар тізбесінен 
түрған.
169


«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ НЕН 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ 
АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН С¥РАҚТАРЫ
1. «Қазақстан тарихы» пәні және оның міндеттері
2. Ежелгі Қазақстан. Тас дәуірі:палеолит және мезолит
3. Қазақстан неолит дәуірінде
4. Қазақстан 
қола 
дәуірінде. 
Андронов 
және 
Беғазы-Дәндібай 
мәдениеттері
5. Көшпелі қоғамның пайда болуы мен табиғаты
6. Сақтар: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық қүрылымы
7. Үйсіндер: әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы
8. Қаңлылар: әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы
9. Ғүндар (хунну): әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы
10. Оғыздар: әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы
11. Ерте темір 
дәуірінің тайпалары мен тайпалық одақтардың 
материалдық және рухани мәдениеті (сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғүндар)
12. Түріктер Евразия тарихында. Ертедегі түркілердің мәдениеті
13. Түрік және Батыс-Түрік қағанаттары
14. Түркештер Қазақстан тарихында
15. Қарлүқтар Қазақстан тарихында
16. Оғыздар Қазақстан тарихында
17. Қазақстан территориясындағы УІ-УШ ғғ. қалалалар және қала 
мәдениеті
18. Көне түркілердің жазба ескерткіштері
19. Қарахан мемлекеті
20. Қарақытай мемлекеті
21. Қимақтар Қазақстан тарихында
22. Қыпшақтар Қазақстан тарихында
23. Наймандар мен керейттер үлысы
24. Қазақстан территориясындағы кейінгі ортағасырлық қалалалар және 
қала мәдениеті (ІХ-ХШ ғғ.)
25. Түрік халықтарының арасында ислам дінінің таралуы. Ахмет Яссауи
26. ¥лы Жібек жолы Қазақстан территориясында
27. Шыңғыс-ханның 
Қазақстан 
территориясына 
шапқыншылығы. 
«Отырар апаты»
28. Отырар қаласының ерлік қорғанысы. Қайыр-хан
29. Моңғол 
шапқыншылығының 
зардаптары 
(саяси, 
әлеуметтік- 
экономикалық)
30. Алтын Орданың қүрылуы
31. Ақ Орда мемлекеті. Орыс-хан
32. Моғолстан мемлекеті
33. Ноғай Ордасы және Сібір хандығы
34. Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбек мемлекеті)
170


35. Түркі тайпаларынан шыққан ойшылдар мен ғалымдар: аль-Фараби, 
Махмүд Қашғари, Жүсіп Баласағүн (ІХ-ХІІ ғғ.)
36. Қазақ халқының шығу тегі. «Қазақ» этнонимі
37. Қазақ хандығының қүрылуы. Түңғыш қазақ хандары
38. Қазақ хандығы XVI ғ. (Қасым-хан, Хакназар-хан, Тәуекел-хан)
39. Қазақ хандығы XVII ғ. (Есім-хан, Жәңгір-хан, Тәуке-хан)
40. XVI-XVII ғғ. қазақтардың шаруашылығы мен қоғамдық қүрылысы
41. XVI-XVII ғғ. қазақ халқының салт-дәстүрлері
42. Тәуке-ханның «Жеті-Жарғы» заңы
43. Қазақ жүздері: шығу тегі, территориясы, рулық қүрамы
44. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі 
(1643-1748 жж.)
45. Қазақстан тарихындағы Абылай-ханның орны
46. Жоңғарларға 
қарсы 
азаттық 
күрестегі 
Қабанбай, 
Бөгенбай, 
Наурызбай, Раимбек т.б. батырлардың ерлік еңбегі
47. Қазақ қоғамындағы Төле, Айтеке, Қазыбек билердің рөлі
48. Қазақстанның Ресей империясының қүрамына қосылуы: себептері, 
негізгі кезеңдері (XVIII ғ. бірінші жартысы - XIX ғ. екінші жартысы)
49. Кіші жүз қазақтарының батыр Сырым Датүлы басқарған көтерілісі 
(1783-1797 жж.)
50. Қазақстанның Ресей империясы қүрамында болуы, XIX ғ. 1-ші 
жартысы (экономикасы, 1822-1824 жж. әкімшілік реформалар)
51. Исатай Тайманүлы мен Махамбет Өтемісүлы басқарған Кіші жүз 
қазақтарының көтерілісі (1836-1838 жж.)
52. Қазақ халқының Кеңесары Қасымүлы басқарған үлт-азаттық 
қозғалысы (1837-1847 жж.)
53. Қазақ 
халқының 
батыр 
Есет 
Қөтебаров 
және 
Жанқожа 
Нүрмүхамедов басқарған XIX ғ. 50-жж. көтерілісі
54. Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясының қол астына қарауы. 
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы (XIX ғ. 60-жж.)
55. Қазақ халқын отарлық егізде үстау үшін патшаның орыс-казак 
әскерлерін қолдануы (Сібір, Орал, Орынбор Жетісу казак әскерлері)
56. 1867-1868 жж. әкімшілік реформалар және оның отарлық сипаты
57. Патша өкіметінің 
аграрлық саясаты. 
Қазақ даласына орыс 
шаруаларының қоныс аударуы
58. XIX ғ. екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың 
дамуы
59. XIX ғ. Қазақстанды ғылыми зерттеу. Шоқан Уәлиханов
60. Абай Қүнанбаев - ойшыл, сыншыл гуманисі, ағартушы-ақын
61. XIX ғ. Қазақстандағы халыққа білім беру. Ыбырай Алтынсарин
62. Қазақстан 1905-1907 жж. ресейлік революция жылдарында
63. П.Столыпиннің қоныс аудару саясаты
64. 1916 ж. үлт-азаттық көтеріліс
171


65. Үлттық-демократиялық кауымның қүрылуы және оның өлкенің 
саяси өміріндегі рөлі (Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев, 
Ж.Ақбаев т.б.)
66. «Алаш» партиясы (программасы, қызметі, басшылары)
67. Қазақстан 1917 ж. Ақпан төңкерісі кезінде
68. Қазан төңкерісінің жеңісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
69. 1918-1920 жж. Қазақстандағы азамат соғысы
70. «Әскери коммунизм» саясаты (1918-1921 жж.)
71. 1920 ж. Қазақ АССР-нің қүрылуы
72. Қазақстандағы ЖЭС-нің ерекшеліктері (1921-1925 жж.)
73. 1921-1940 жж. Қазақстандағы индустрияның дамуы
74. Қазақстандағы XX ғ. 20-жж. Кеңес өкіметінің аграрлық саясаты 
(1921 ж. жер-су реформасы, 1928 ж. - ірі байларды тәркілеу)
75. XX ғ. 30-жж. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын үжымдастыру 
және оның зардаптары. 1932-1933 жж. аштық
76. 1920-1930 
жж.Қазақстандағы 
Кеңес 
өкіметінің 
мәдениет 
саласындағы саясаты: жетістіктері мен кемшіліктері
77. Сталиндік-тоталитарлық жүйенің Қазақстандағы қылмысы: 1920­
1930 жж. жаппай жазалау
78. ¥лы Отан соғысы қарсанындағы жылдары және соғыс кезеңіндегі 
репрессияға үшыраған халықтардың Қазақстанға қоңыс аударуы
79. ¥лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы 
қаһарман ерліктері (1941-1945 жж.)
80. ¥лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы 
ерлік еңбегі (1941-1945 жж.)
81. Қазақстанның 1950-1960 жж. саяси жағдайы
82. Қазақстанның 1946-1960 жж. индустриялық дамуы
83. Тың және тыңайған жерлерді игеру: жоспарлар мен нәтижелері
84. 1970-1980 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі 
қарама-қайшылықтардың тереңдеуі
85. 1970-1980 жж. Қазақстанның ауыл шаруашылығы
86. 1970-1980 жж. қоғамды басқарудың авторитарлық-бюрократиялық 
жүйесінің күшеюі (1979 ж. Ақмоладағы оқиға)
87. Д.А. Қонаевтың қоғамдық-саяси қызметі
88. Қазақстанның мәдени өмірі (1950-1980 жж.)
89. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы
90. Қазақстандағы қайта қүру саясаты: басты кезеңдері және сипаты 
(1985-1991 жж.)
91. Қазақстанның экологиялық проблемалары
92. КСРО-ның ыдырауы: себептері мен салдары. ТМД-ның қүрылуы
93. 1990 ж. 25 қазандағы «Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация», 
1991 
ж.16желтоқсандағы 
«Қазақстан 
Республикасының 
мемлекеттік 
тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы»
172


94. 1995 ж. 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы
95. Нарық 
жағдайына 
өтудегі 
Қазақстанның 
экономикасы: 
қиыншылықтар, проблемалар мен шешімдер
96. Егеменді 
Қазақстандағы 
әлеуметтік-саяси 
реформалар 
(1991- 
2013жж.)
97. Егеменді Қазақстандағы мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуы 
(1991-2013 жж.)
98. Егеменді Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар мен партиялар 
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.)
100.«Қазақстан - 2030» даму стратегиясы
101.Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабы
102.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
104.Қазақ ¥лттық Аграрлық университетінің тарихы
105.«Қазақстан - 2050»-«Мәңгілік ел» идеясы.
173


Кісі есімдері туралы мәліметтер
Аймауытов Жүсіпбек (1895-1930) - аса көрнекті қазақ жазушысы, 
драматург, аудармашы, әдебиеттанушы және педагог.
Ақбаев Ж ақы п (1876-1934) - Қазақстандағы үлт-азаттық қозғалыстың 
көрнекті өкілі, Қазақстанның қоғам қайраткері, қүқық магистрі. Қарағанды 
облысының Қарқаралы ауданында туған. Санк-Петербург университетінің 
заң факультетін алтын медальмен бітірген(1903).
Асфендияров Санжар (1889-1938) - мемлекет және қоғам қайраткері, 
көрнекті тарихшы ғалым. Ташкенттегі реалдық училище мен Петербургтегі 
әскери-дәрігерлік академияны бітірген.
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) - қазақ жазушысы, ғалым, 
қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, философия ғылымдарының 
докторы, профессор, Қазақ КСР ғылымында еңбегі сіңген қайраткер, 
Лениндік, КСРО Мемлекттік сыйлығының лауреаты.
Бигелдинов Талғат Ж ақы пбекұлы (1922 жылы туған) - екі мәрте 
Кеңес Одағының Батыры (1944-1945), әскери-үшқыш, авиация генерал- 
майоры (1993).
Бөкейханов 
Әлихан 
(1866-1937) 
-
үлт-азаттық 
және 
Алаш 
қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, аса көрнекті қоғам 
және 
мемлекет 
қайраткері, 
ғылым, 
публицист, 
аудармашы. 
Санк- 
Петербургтегі орман техникалық институтының экономика факультетін 
бітірген.
Диваев Әубекір Ахметжанұлы (1856-1932) - фальклоршы, этнограф, 
Орынбор Неплюев корпусының Азия бөлімін бітірген (1876).
Досмұхамедов Халел (1883-1939) - Алашорда көсемдерінің бірі, 
дәрігері, ғалым, публицист.
Ж ангелдин Әліби (1884-1953) - қоғам және мемлекет қайраткері, 
Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсенді қатысушы, 
Азамат соғысының ардагері.
Жандосов Ораз (1889-1938) - мемлекет және қоғам қайраткері, 
Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсенді қатысушы.
Ж анбосынов Әбдіғапар (1870-1919) -1916 жылғы үлт-азаттық 
көтерілісі басшыларының бірі.
Ж ұмабаев М ағжан (1893-1938) - Алаш қозғалысының қайраткері, 
ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, аудармашы, педагог.
Затаевич Александр Викторович (1869-1936) - музыка сыншысы, 
этнограф, композитор. Қазақстанда Затаевияті «қазақ әнінің атасы» деп 
атайды.
Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) - әнші, Қазақ КСР халық әртисі.
Иманов Амангелді (1873-1919) - 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілісі 
басшыларының бірі.
174


Қ аратаев Бақы тж ан (1860-1934) - көрнекті заңгер, мемлекет және 
қоғам қайраткері. Әбілқайыр ханның шөбересі. Петербург университетінің 
заң факультетін бітірген (1980).
Қастеев Әбілхан (1904-1973) - Қазақстандағы түңғыш кәсіби суретші, 
қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, живописші, график.
Қаш аубаев Әміре (1888-1934) - шет елдерде концерт берген (1925 
жылы Парижде, 1927 жылы Майндағы Франкфуртта) түңғыш қазақ әншісі.
Қожанов Сұлтанбек (1894-1938) - көрнекті мемлекет қайраткері, 
Ташкенттегі мүғалімдер семинариясын үздік бітірген (1918). С.Қожанов орта 
Азия 
мен 
Қазақстандағы 
халық 
ағарту, 
мәдениет 
ісінің 
білікті 
үйымдастырушысы. «Бірлік туы», «Ақ жол» газеттері мен «Шолпан» 
журналының негізін салды.
Құдайбердиев Ш әкерім (1858-1931) - ақын, жазушы, философ, 
тарихшы, композитор, аудармашы.
Құрманғалиев Ғарифолла (1909-1993) - әнші, Қазақстан халық 
артисі.
Ленин (Ульянов) Владимир И льич (1870-1924) - ресейлік саяси 
қайраткер. Кеңестік жүйенің негізін қалаушы.
Мендешев Сейтқали (1882-1937) - мемлекет қайраткері. Қазан 
мүғалімдер семинариясын бітірген(1903).
М омыш ұлы Бауырж ан (1910-1982) - әскери қайраткер, ержүрек 
қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры (12.12.1990), Қазақстанның 
Халық Қаһарманы (1995).
Мүсірепов Ғабит (1902-1985) - көрнекті жазушы.
М ұқанов Сәбит (1900-1973) - жазушы, қоғам қайраткері.
Мұстафин Ғабиден (1902-1985) - жазушы, журналист.
М ыңбаев Ж алау (1892-1929) - партия және кеңес қайраткері. 
Ж.Мыңбаев 
«қайта 
қүрудың» 
голощекин-сталиндік 
үлгісіне 
өзінің 
келіспейтінін білдірді.
Ры сқұлов Тұрар (1894-1943) - пария және мемлекет қайраткері.
Рысқұлбеков Қ айрат Ноғайбайұлы - Алматыдағы 1986 жылғы 
желтоқсан оқиғасына белсене қатысушы. Жамбыл облысының мойынқүм 
ауданында туған.
Сәдуақасов Смағұл (1900-1933) - көрнекті мемлекет қайраткері, 
жастардың жетекшісі, публицист, жазушы. Кооперативтік қозғалыстың 
үйымдастырушысы, мәдениет қайраткері, қазақ театрын үйымдастырушы 
ретінде де көрсете білді.
Сәтбаев Қ аны ш И мантайұлы (1899-1964) - геолог, қоғам қайраткері, 
Қазақ КСР Ғылым академиясын үйымдастырушы және түңғыш президенті 
(1946), КСРО ҒА-ның академигі (1946).
Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920) - ақын.
Төлебаев М ұқан (1913-1960) - белгілі композитор, КСРО халық әртісі.
175


Тыныш баев М ұхаметжан (1838-1879) - Алаш қайраткері, түңғыш 
кәсіби-техникалық маман, тарихшы-ғалым.
Ш оқай М ұстафа (1890-1941) - аса көрнекті саяси, қоғам және 
мемлекет қайраткері, публицист, журналист, гуманист, демократ, ХХ 
ғасырдың басындағы еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы 
күрескерлердің бір өкілі.
Қ азақстан Компартиясы О рталы қ Комитетінің бірінші хатш ы лары :
Пестковский Станислав Станиславович (1882-1943) - 1920 жылдың 
мамыры қыркүйегі аралығы РК(б)П Қырғыз (қазақ) облыстық бюросы 
жауапты хатшысы.
Акулов И ван Алексеевич (1888-1938)- 1920 жылдың қыркүйегінен 
1921 жылдың қаңтары РК(б)П Қырғыз (қазақ) облыстық бюросы жауапты 
хатшысы.
М ы рзағалиев Мұхамед Кафи (1887-1938) - 1921 жылдың қаңтары 
мен шілдесі РК(б)П Қырғыз (қазақ) облыстық бюросы жауапты хатшысы.
Костеловская М ария М ихайловна (1878-1964)- 1921 жылдың шілдесі 
мен тамызы РК(б)П Қырғыз (қазақ) облыстық бюросы жауапты хатшысы.
Коростелев 
Георгий 
Алексеевич 
(1885-1932)- 
1921 
жылдың 
қыркүйегінен 1924 жылдың қазаны аралығында РК(б)П Қырғыз (қазақ) 
облыстық бюросы жауапты хатшысы. 1922 жылдың тамызынан 1924 
жылдың қазаны аралығында РК(б)П Қырғыз (қазақ) облыстық бюросы 
Орталық Комитетінің хатшысы.
Нанейш вили Виктор И ванович (1878-1940) -
1924 жылдыі 
қыркүйегінен 1925 жылдың маусымы аралығында РК(б)П Қырғыз (қазақ) 
облыстық комитетінің- Қазақ өлкелік комитетінің жауапты хатшысы.
Голощекин Ф илип Исаевич (1876-1941) жылдың шілдесінен 1933 
жылғы қаңтар аралығында РК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің 1- хатшысы.
М ирзоян Левон Исаевич (1897-1937)- 1933 жылдың қаңтарынан 1938 
жылдың соңына дейін Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Скворцов Николай Александрович (1899- 1974)- 1938-1945 жылдары 
Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Борков Геннадий Андреевич (1905 жылы туған)- 1945 жылдың 
мамырынан 1946 жылдың маусымы аралығында Қазақстан Компартиясы ОК 
бірінші хатшысы.
Ш аяхметов Ж ұмабай (1902-1966) - 1946-1954 жылдары Қазақстан 
Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Пономаренко Пантелеймон Кондратьевич (1902-1984) -1954-1955 
жылдары Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Брежнев Леонид И льич (1903-1966)- 1957 жылдың желтоқсанынан 
1960 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Компартиясы ОК бірінші 
хатшысы.
176


Қонаев Дінмұхамет Ахметұлы (1912-1993) -1960-1962 жылдары және 
1964-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы.
Ю супов Ы см айы л (1914 жылы туған) -1962 жылдың желтоқсанынан 
1964 жылы желтоқсан аралығында Қазақстан Компартиясы ОК бірінші 
хатшысы.
Колбин 
Геннадий 
Васильевич 
(1927-1997)- 
1986 
жылдың 
желтоқсанынан 1989 жылғы маусым аралығында Қазақстан Компартиясы ОК 
бірінші хатшысы.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940 жылы туған) -1989 жылдың 
маусымынан 1991 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Компартиясы ОК 
бірінші хатшысы. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
H.Ә.Назарбевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республиканың президенттігіне 
сайлады.
Әдебиеттер: 
I. Деректер:
1. Геродот. История в девяти книгах. Перевод и примечания Г.И. 
Стратановского. Л., 1972.
2. Прошлое Казахстана в источниках и материалах (V в. До н.э. - XVIII 
вв.). Сборник 1. / Под ред. Проф. С.Д.Асфендиярова и проф. П.А.Кунте. 
Алматы, 1997. - 2 изд.
3. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, 1991.
4. Йоллығтегін. Күлтегін. Көне түркі жазба ескерткіші. Көне түркі 
тілінен аударған және алғы сөзін жазған М.Жолдасбеков. Алматы, 1986.
5. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани Хикмет (Ақыл кітабы). Алматы, 1993.
6. Қорқыт ата кітабы. Аударған, алғы сөзін жазған Ә.Қоңыратбаев. 
Алматы, 1986.
7. Махмүд Қашғари. Түркі тілдерінің сөздігі. 1,2-т. Алматы, 1996.
8. Моңғолдың қүпия шежіресі. Өлгий, 1979.
9. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы, 1997.
10. Утемыш Хаджи. Чингиз-наме. / Перевод пред. В.П.Юдина. Алматы,
1992.
11. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, 1991.
12. Қүрбанғали Халит. Тауарих хамса (Бес тарих). Алматы, 1992.
13. Қүдайбердиев Ш. Қазақ, қырғыз, түрік һәм хандар шежіресі. Алматы,
1990.
14. Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв. (Извлечения 
из персидских тюркских сочинений). Сост.: С.К.Ибрагимов, Н.Н.Мингулов, 
К.А.Пищулина, В.П.Юдин. Алматы, 1969.
1 5. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Алматы, 1989.
Мүхаммед Хайдар Мырза. Тарихи Рашиди. Т., 1996.
177


16. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы, 1997.
17. Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVШ вв.: Сборник документов и 
материалов. Алма-Ата, 1961
18. Казахско-русские отношения в ХVШ-XIX вв.: Сборник документов и 
материалов. Алма-Ата, 1964.
19. Народно-освободительное движение казахов в 1836-1838 гг. / 
Документы, материалы, статьи. Алматы, 1992.
20. Әлихан Бөкейхан. Шығармалары. Алматы, 1994.
21. Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы. Избранное. Алматы, 1995.
22. Байтүрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.
23. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991.
24. «Дала уәлаяты» газеті: Адам. Қоғам. Табиғат.
25. Уәлиханов Ш.Ш. Таңдамалы. Алматы, 1985
26.Мүстафа Шоқай. Таңдамалы. Т.1-2. Алматы,1998.
27. Алматы. 1986. Желтоқсан. 2-3 кітап. Алматы, 1992.
28. 
Назарбаев 
Н. 
«Тәуелсіздігіміздің 
бес 
жылы.» 
Қазақстан 
Республикасы
Президентінің 
баяндамаларынан, 
сөйлеген 
сөздері 
мен 
мақалаларынан.
Алматы, 1996.
29. Базарбаев М. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1997.
30. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы,1997.
31. Омарбеков Т. XX ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. 
Алматы, 2001.
32. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.
33. Қойгелдиев М.Қ., Омарбеков Т.О. Тарих тағылымы не дейді? 
Алматы, 1993.
34. Қойгелдиев М. Түтас Түркістан идеясы және Мүстафа Шоқай. 
Алматы,
1997.
35. Қоңыратбаев О. Түрар Рысқүлов Қоғамдық саяси және мемлекеттік. 
Алматы, 1994.
36. Қонаев Д. Өтті дәурен осылай. Алматы, 1995.
37. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. Алматы, 1991.
38. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.
39. Шаймерденов Е. Қазақ елінің рәміздері. Алматы, 1993.
40. Рысбайүлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы, 1999.
41. Жүгенбаева Г.С. Түркістан - Сібір теміржолының тарихы. Алматы,
2002.
Зерттеулер:
1. 
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 1,2,3,4,5-ші 
том. Алматы, 1996,2002, 2010 жж.
178


2. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне 
дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең. Алматы, 1996.
3. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины р. 
Или. Алма-Ата, 1963.
4. Акишев К.А. Курган Иссык. Искусство саков Казахстана. М., 1978.
5. Артамонов М.И. Сокровища саков. М., 1973.
6. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы, 1986.
7.Байпаков 
К.М., 
Подушкин 
А.М. 
Археологические 
памятники 
древнеземледельческой культуры Казахстана. Алма-Ата, 1988.
8. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. 
Древние культуры Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.
9. Миняев С.С. Исчезнувшие народы. Сюнну. М., 1988.
10. Черников С.С. Загадка Золотого кургана. М., 1965.
11. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.
12. Қүрышжанүлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. Алматы, 2001.
13. Сыздықова Р., Қойгелдиеғв М. Кадыргали би Қосымүлы және оның 
жылнамалар жинағы. Алматы, 1991.
14. Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. М.-Л.,
1950.
15. Кычанов Е. Жизнь Темучжина, думавшего покорить мир. Издание 2­
е, с изменениями. Алматы, 1992.
16. Тынышпаев М. История казахского народа. Алматы, 1993.
17. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2-ші том. 
Алматы, 1997.
18. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменный состав и расселения 
казахов (конец XIX - нач.ХХ вв.). Алма-Ата, 1968.
19. Тынышпаев М. История казахского народа. Алматы, 1993.
20. Арғынбаев Қ. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1987.
21 . Арғынбаев Қ. Қазақ отбасы. Алматы, 1996.
22. Дәуренбеков Ж., Түрсынов Е. Қазақ бақсы-балгерлері. Алматы, 1993.
23. Марғүлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы, 1985.
24. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (XV-XVШ ғғ.). 
Үшінші кітап. Алматы, 1992.
25. Тоқтабаева Ш. Қазақтың зергерлік әшекейлері. Алматы, 1985.
26. Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы (XV-XVШ ғғ.). 
2-бөлім. Алматы, 1988.
27. Златкин И.Я. История джунгарского ханства 1635-1758 гг. М., 1983.
28. Едилханова С.А. Казахско-джунгарские отношения в XVI-XVШ вв. 
Алматы, 2005.
29. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в XVП-XVШ вв. Алма- 
Ата, 1992.
30. Тынышпаев М. Великие бедствия (Актабан-шубырынды). Алма-Ата, 
1992.
179


МАЗМҮНЫ
Алғы сөз.................................................................................................
3
Дәрістер тезисі........................................................................................ 
5
Семинар сабақтарының жоспары....................................................... .... 120
1. Студенттің өзіндік жүмыстарына арналған тапсырмалары....... .....135
Терминологиялық сөздік.......................................................................... 146
Емтихан сүрақтары................................................................................ .....170
Кісі есімдері туралы мәліметтер......................................................... ..... 1 7 4
Әдебиеттер................................................................................................... 177


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет