Пікір жазғандар


Электр тогының адам ағзасын зақымдайтын əсері



бет31/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Электр тогының адам ағзасын зақымдайтын əсері


Электр тогы тірі тіндер арқылы өте отырып, термиялық, электролиттік жəне биологиялық əсер береді. Бұл тіндер мен ағзалардың зақымдануына əкеледі.


5 мА-ге дейінгі аз токтар тек жағымсыз əсер қалдырады. Көп 10-15 мА токтарда адам өз бетімен ток өткізетін бөлшек- терден босатыла алмайды жəне токтың əсері ұзақ болады (жібермейтін ток). Мұндай токтардың ұзақ уақыт əсер етуі кезінде адам əр түрлі электр жарақаттарын алуы мүмкін.
Ең ауыр электр жарақаты – электрдің соғуы – бұл адамның ішкі органдарын зақымдау.
Бірнеше ондаған миллиампер шамамен токтардың ұзақ уақыт əсер етуі кезінде жəне 15-20 секунд əсер ету уақытында тыныс алу дəрменсіздігі мен өлім жағдайы болуы мүмкін.
50-80 мА шамамен токтар жүрек фибрилляциясына əкеледі, ол жүректің бұлшық ет талшықтарының ретсіз жиырылуы мен босаңсуынан тұрады, нəтижесінде қан айналымы тоқтатылады жəне жүрек тоқтап қалады.
Тыныс алу дəрменсізігінде де, жүрек дəрменсіздігінде де ор- гандардың қызметі өз бетімен қалпына келмейді, бұл жағдайда алғашқы көмек көрсету қажет (жасанды тыныс алдыру жəне жүрек массажы).
Үлкен токтардың қысқа уақытқа əсер етуі тыныс алу дəр- менсіздігін де, жүрек фибрилляциясын да тудырмайды. Жүрек бұлшық еттері бұл кезде күрт жиырылады жəне токты ажырат- қанға дейін осы күйде қалады, содан кейін жұмысын жалғас- тырады.
100 мА шамамен токтың 2-3 секунд ішінде əсер етуі өлім жағдайына əкеледі (өлімге əкелетін ток).
Күюлер адамның денесі арқылы өтетін токты жылу əсері- нен немесе электр жабдығының қатты қызған бөлшектері- не тиіп кету кезінде, сондай-ақ электр доғасының əсерінен бо- лады. Неғұрлым қатты күюлер электр доғасының əсерінен бо- лады.
Электр белгілері – бұл дөңгелек немесе эллиптік пішіндегі электродтармен жанасқан жерлердегі терінің зақымдануы, сұр немесе ақшыл сары түсті қатты сызылған шектерімен болады (Д = 5-10 мм). Олар токтың механикалық жəне химиялық əсерінен болады. Кейде электр тогынан зақымданудан кейін бір- ден көрінбейді. Белгілер ауырмайды, олардың айналасында қа- быну үдерістері байқалмайды. Зақымданған жерлерде дом- бығулар пайда болады. Шағын белгілер жақсы жазылып кетеді, белгілердің көлемі үлкен болған кезде дененің жиі жансыздануы болады (қолдардың).
Терінің электр металдануы – бұл теріге токтың əсерінен шашырауы жəне булануы салдарынан металдың майда бөлшек-
терінің теріге сіңуі, мысалы, доғаның жануы кезінде. Терінің зақымданған жерінің үстіңгі беті қатты бұдырлы болады, ал зардап шегуші зақымданған жерде бөтен заттың болуын сезі- неді. Зақымдану салдары күю кезіндегідей, токтың зақымдану көлеміне байланысты болады. Көп жағдайларда металданған тері түсіп қалады жəне іздері қалмайды.
Қарастырылғандардан басқа келесі жарақаттар да болуы мүмкін: доғаның əсерінен көздердің зақымдануы; токтың əсері- нен құлау кезінде соғып алулар мен сынықтар жəне т.б.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет