Пікір жазғандар


Электр тогының соғу қаупінің дəрежесі бойынша жайларды жіктеу жəне электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру



бет32/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Электр тогының соғу қаупінің дəрежесі бойынша жайларды жіктеу жəне электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру


ЭОЕ-ге сəйкес адамдарды электр тогымен зақымдау қаупі- нің дəрежесі бойынша жайлар келесі түрлерге бөлінеді:


  1. Жоғары қауіпті жайлар


Шарттардың біреуінің болуымен сипатталады:

  • ток өткізетін шаң;

  • ток өткізетін едендер (металл, топырақ жəне т.б.);

  • жоғары температура (1 тəуліктен астам 35°С-ден жо- ғары);

  • қатысты ылғалдылықта (1 тəуліктен астам 75 % жоғары);

  • адамның бір жағынан жерге қосылған ғимараттың ме- талл конструкцияларына, технологиялық жабдыққа жəне екінші жағынан, электр жабдығының металл корпус- тарына бірмезгілде жанасу ықтималдылығы.
  1. Аса қауіпті жайлар


Аса қауіпті электр тогынан зақымдануларды болдыратын төменде аталған жағдайлардың біреуінің болуымен сипатта- лады:

  • ерекше дымқылдық (ылғалдылық шамамен 100 %);

  • оқшаулауға əсер ететін химиялық белсенді немесе ор- ганикалық орта (қышқылдардың, сілтілердің булары, көгерулер, зеңдер жəне т.б.);

  • жоғары қауіптілікпен жайлар үшін екі жəне одан көп аталған жағдайлардың бірмезгілде болуы.
  1. Жоғары қауіпсіз жайлар


Оларда жоғары немесе аса қауіптілікті тудыратын жағдай- лар болмайды.
Ұйымда басшының бұйрығымен барлық электр қондыр- ғылардың жалпы жағдайы үшін жауапты тұлға тағайындалуы тиіс, ол барлық нормативтік құжат талаптарының орындалуын ұйымдастыруға жəне қамтамасыз етуге міндетті: электр қон- дырғыларының тиісті жолмен пайдаланылуын жəне қауіпсіз жұмысын; аппаратура мен желілердің электр жабдықтарын жос- парлы, алдын ала жөндеулер мен алдын ала сынақтарын ұйым- дастыруды жəне жүргізуді; электр қондырғыларға қызмет көр- сетумен байланысты қызметкерлерді оқытуды, нұсқама беруді жəне мерзімді білімін тексеруді; қорғаныс құралдарының жəне өртке қарсы құралдардың болуын, уақытылы тексерілуін; электр қондырғыларын пайдалану кезінде қолданылатын ереже талап- тарының бұзылуын жəне апаттарды тексеруді; техникалық құжаттаманы жүргізуді, нұсқауларды, ережелерді жасауды жəне т.б. [16].
Қолданыстағы электр қондырғыларында жүргізілетін бар- лық жұмысқауіпсіздік шараларына қатысты келесі санаттарға бөлінеді:

  1. кернеуді алып тастаумен орындалатын жұмыстар;

  2. кернеумен ток өткізетін бөлшектерде немесе оларға жақын орындалатын жұмыстар.

Кернеумен ток өткізетін бөлшектердегі жұмыстарға тікелей осы бөлшектерде қорғаныс құралдарын қолдана отырып, орын- далатын жұмыстар жатады.
Қолданыстағы электр қондырғыларына қызмет көрсетуге кəсіби даярлылығы бар жəне жұмысқа қабылдау кезінде меди- циналық тексеруден өткен тұлғаларға рұқсат етіледі. Қызмет- керлерді қайталап медициналық тексеруден өткізу 2 жылда 1 реттен сирек емес жүргізіледі.
Қызмет көрсетуші электр техникалық қызметкерлер қолда- ныстағы электр қондырғыларын орнату ережелерін (ЭОЕ), тұ- тынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану
ережелерін, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі басқа еңбекті қорғау ережелерін, сондай-ақ зардап шегушіні электр тогының əсерінен босату жəне алғашқы көмек көрсету тəсіл- дерін білулері тиіс.
Электр техникалық қызметкерлер электр қондырғыларын пайдалану кезінде еңбекті қорғау бойынша салааралық ереже- лері (қауіпсіздік ережелері), техникалық пайдалану бойынша ережелер мен нұсқаулар, тиісті лауазым немесе мамандыққа қойылатын талаптардың шегінде қорғаныс құралдарын пайда- лану, электр қондырғыларын орнату, сондай-ақ зардап шегушіні электр тогының əсерінен босату тəсілдерін жəне алғашқы көмек көрсету тəсілдері бойынша білімін тексеруден өтулері тиіс, жəне II-V электр қауіпсіздігі бойынша тиісті біліктілік тобы болуы тиіс.
Электр қондырғыларын пайдалануды ұйымдастыру қажетті техникалық құжаттаманы жүргізуді қарастырады.
Құжаттамаға кіреді:

  • оперативтік журнал, онда ауысымды қабылдау жəне тапсыру, цех бастығының жұмыс режімдерін өзгерту туралы нұсқаулары жəне т.б. белгіленеді;

  • нарядтар мен нұсқаулар бойынша жұмыстарды есепке алу журналы;

  • электр жабдығындағы ақаулар мен кемшіліктер жур- налы;

  • бақылау-өлшеу аспаптарының жəне электр есептеуіш- тердің көрсеткіштерінің журналы немесе тізбесі, сондай- ақ қорғаныс құралдарының болуын, күйін жəне есепке алуды бақылау журналы;

  • 1000 В жоғары кернеумен электр қондырғыларында жөндеу жəне іске қосу жұмыстарын жүргізуге наряд- тардың бланкілері мен жұмысты жүргізу журналы;

  • электр қондырғылардың кілттерін беруді жəне қайта- руды есепке алу журналы;

  • электр қондырғыларда жұмыс нормалары мен ереже- лері бойынша білімін тексеруді есепке алу журналы;

  • электр техникалық емес қызметкерлерге электр қауіп- сіздігі бойынша І топты беруді есепке алу журналы;

  • жұмыс орнында өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқауды тір- кеу журналы;

  • қолданыстағы жəне жабылған нарядтар папкасы жəне т.б.

Электр қондырғыларда жұмысты жүргізуді қамтамасыз ете- тін ұйымдастыру шаралары жұмыстарды рұқсат-нарядтары немесе өкім бойынша ресімдеу; жұмысқа рұқсатты ресімдеу; жұмыс кезіндегі қадағалау; жұмыстағы үзілістерді жəне басқа жұмыс орнына ауысуды ресімдеу; жұмыстың аяқталуын ресім- деу болып табылады.
Кернеуді түсірумен байланысты жұмысты жүргізу кезінде орындалатын ұйымдық-техникалық шаралар электр жабдығын өшіру жəне оның қателесіп қосылуына немесе өздігінен қосы- луына қарсы шараларды қабылдау; ажыратқыштардың тұтқала- рына «Қоспаңыз, адамдар жұмыс істеп жатыр», «Қоспау керек, желіде жұмыс жүріп жатыр» жəне т.б. тыйым салу плакаттарын ілу; өшірілген электр қондырғысында кернеудің жоқтығын жəне тұйықтаудың қосылғанын тексеру; жұмыс орнын қоршау жəне
«Осында жұмыс істе», «Тоқта, жоғары кернеу» плакаттарын ілу болып табылады.
Электр қондырғыларына қызмет көрсету жəне пайдалану тек арнайы даярланған, медициналық куəландырудан, оқудан жəне білімін тексеруден өткен электр техникалық қызметкер- лермен ғана жүргізілуі керектігін еске саламыз.
    1. тарау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет