Пікір жазғандар


Өрттің шығу жағдайлары жəне өрт пен жарылыстың қауіпті факторлары



бет34/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Өрттің шығу жағдайлары жəне өрт пен жарылыстың қауіпті факторлары


Өрттің басталуы үшін жанғыш заттардың жануы басталуы тиіс.


Жану деп жылу мен жарық түріндегі энергияны бөлумен бірге жүретін тотығу реакциясы аталады. Бұл реакция газ фаза- сында жүреді. Əр түрлі заттардың əр түрлі жану қабілеті болады; бұл қабілет, біріншіден, олардың тотығу қабілетімен, екіншіден, газ фазасында болуымен (сұйықтықтар үшін – бұл булану қабілеті, ал қатты заттар үшін – cублимациялану) анықталады.
Неғұрлым кең тараған тотықтандырушы ауа оттегі болып табылады, ол қалыпты жағдайларда ауа кіретін барлық жерде болады. Сол себепті өрт қауіпсіздігінің маңызды шарасы жан- ғыш заттардың, əсіресе ұшпа жанғыш сұйықтықтардың ауамен байланысының, яғни жанғыш ортаның түзілуінің алдын алу бойынша шаралар болып табылады.
Жанудың басталуы үшін белгілі бір энергиямен тұтандыру көзі қажет. Сол себепті өрттің алдын алу тек жанғыш ортаның түзілуінің алдын алумен ғана емес, жанғыш ортада (немесе оған енгізу) тұтандыру көздерінің түзілуінің алдын алумен қол жет- кізілуі тиіс. Тұтану көздері ашық отқа, жылыту элементтері мен аспаптарының жылуына, электр энергиясына, механикалық ұш- қындар энергиясына, статикалық электр жəне найзағай заряд- тарына, заттар мен материалдардың өздігінен қызу үдерістерінің энергиясына (өздігінен жану) жəне т.б. бөлінеді.
Кез келген өндірісте жəне кез келген ұйымда бар жəне ық- тимал тұтану көздерін анықтауға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Неғұрлым жиі тұтану көзі ретінде ашық от қабылданады, мы- салы, дəнекерлеу жұмыстары немесе ақаулы электр сымының қызып кетуі кезінде.
Сыртқы көздердің əсерінен тұтанудан басқа, өздігінен тұтану болуы мүмкін. Өздігінен тұтану жылулық, химиялық жəне микробиологиялық болуы мүмкін. Жылулық өздігінен тұ- тану материалмен жылуды аккумуляциялаудан көрінеді, оның барысында материалдардың өздігінен тұтануы орын алады.
Заттың өздігінен қызу температурасы өрт қауіптілігінің көрсет- кіші болып табылады. Көптеген жанғыш материалдар үшін бұл көрсеткіш 80-нен 150°С-ге дейін шегінде болады: қағаз үшін – 100°С; құрылыс киізі үшін – 80°С; қарағай ағашы үшін
– 80°С.
Химиялық өздігінен тұтану бірден жалындап жанумен пайда болады. Органикалық заттар үшін өздігінен тұтанудың бұл түрі қышқылдармен байланысқа түскен көзде болады. Кейбір бейор- ганикалық заттардың сумен (мысалы, натрий гидросульфаты) байланысқа түсуі кезінде өздігінен жануға қабілетті болатындығын атап өтеміз.
Микробиологиялық өздігінен тұтану олар үшін қоректік ор- тада тіршілік əрекеті барысында микроорганизмдермен жылу энергиясын бөлумен байланысты (шөп, торф, ағаш жоңқалары жəне т.б.).
Жанғыш материалдың түріне байланысты өрттер келесі кластарға бөлінеді: а – қатты жанғыш заттар мен материалдар- дың өртенуі; ə – жанғыш сұйықтықтардың немесе балқитын қатты заттар мен материалдардың өртенуі; б – газдардың өрте- нуі; в – металдардың өртенуі; г – кернеуде болатын электр қондырғылардың жанғыш заттары мен материалдарының өр- тенуі; ғ – ядролық материалдардың, радиоактивті қалдықтар- дың, радиоактивті заттардың өртенуі.
Адамдар мен материалдық құндылықтарға əсер ететін өрттің қауіпті факторларына жатады:

  • жалын жəне ұшқын;

  • жылу ағыны;

  • қоршаған ортаның жоғары температуасы;

  • жану мен термиялық ыдыраудың уытты өнімдерінің жоғары концентрациясы;

  • оттегінің төмен концентрациясы;

  • көшіру жолдарындағы түтіннің жоғары концентрациясы. Өрттің қауіпті факторларының құрылыс конструкцияла- рына, технологиялық жабдыққа жəне өртті сөндіру бойынша əрекеттерге, адамдардың өмірі мен денсаулығына, материалдық құндылықтарға зиян келтіретін əсерінің екінші қайтара салдар-

ларына жатады:

  • бұзылатын аппараттардың, агрегаттардың, қондырғы- лардың, конструкциялардың сынықтары;

  • бұзу аппараттары мен қондырғыларынан шығатын ра- диоактивті жəне уытты заттар мен материалдар;

  • конструкциялардың, аппараттардың, агрегаттардың ток өткізетін бөлшектеріне жоғары кернеудің берілуі;

  • өрттің салдарынан орын алатын жарылыстың қауіпті факторлары;

  • өрт сөндіретін заттардың əсерлері жəне өртті сөндіру бойынша өрттен қорғау бөлімшелерінің əрекеттері.

Өрттің қауіпті факторларының бірі – оттегінің төмен құра- мының болуы, себебі жану үдерісі оттегін қарқынды жұту кезінде орын алады. Осы себепті өрт жағдайында оттегінің жетіспеуі басталуы мүмкін. Ауада оттегінің құрамы 16-18 % болғанда жүректің жиі соғуы, қозғалыс координациясының елеусіз бұзы- луы байқалады; ойлау қабілеті біраз төмендейді. Тыныс алу ай- мағында оттегінің құрамы 9 % болған кезде адам есінен танады, 6 % кезінде бір минут ішінде өлім жағдайы болады. Адамның оттегінің жетіспеушілігін сезінбейтіндігін жəне өзін-өзі құтқаруға шара қабылдай алмайтындығын білген маңызды. Өрт жағ- дайындағы оттегі құрамының ШРД – 17 %.
Өрттің аса қауіпті факторы адам үшін уытты көміртек тотығы СО (көміртек тотығы немесе тұншықтырғыш газ) болып табылады. Қалыпты жағдайларда СО түссіз жəне иіссіз жанғыш газ болып табылады. СО əсерімен қан оттегін сіңіру қабілетінен айырылады. СО құрамының ШРД – 0,1 %. Бұл жағдайда бас ауруы, жүрек айну, жалпы əлсіздену болады. Құрамында 0,5 % көміртек тотығы бар ауамен 20-30 минут бойына тыныс алу өлім жағдайына əкеледі. Құрамына 1 % СО бар ауаны жұту 1-2 минуттан кейін өлім жағдайына əкеледі.
Жанатын материалдардың толық термиялық ыдыруының нəтижесінде туындайтын адам үшін қауіпті газ көміртек диок- сиді СО2 (көмірқышқыл газы) болып табылады. Ол түссіз жəне иіссіз газ, бірақ қышқыл дəмі болды. Құрамында 6-8 %-ға дейін СО2 бар ауаны жұту жиілеген жəне неғұрлым тереңнен дем алуға əкеледі, құлақта шу, бас ауруы, жүрек қағысы болады. Адам 21 % оттегі мен 10 % СО2 қоспасымен дем алу кезінде есінен танады. Шекті рұқсат етілетін деңгейі СО2 – 6 %.
СО2 улану өрттің көмірқышқылды өрт сөндіргіштермен сөндіру кезінде де (əсіресе жайлардың шағын көлемінде), сон- дай-ақ жайдың ішіне СО2 автоматты көмірқышқылды өрт сөн- діру қондырғысымен берілгеннен кейін жайдың ішіне кіру ке- зінде болуы мүмкін.
Ауаның жəне заттардың жоғары температурасы өрт жағдай- ларында адамның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнді- реді.
Өрттің аса қауіпті факторы түтін болып табылады, себебі түтін кезінде адам бағдарынан айырылады, бұл кезде оның оқыс жағдайда, оның ішінде көміртек оксиді мен диоксидінің құра- мының жоғарылауы жағдайында, ауаның температурасы мен жылу сəулеленуінің жоғарылауы жағдайында болу уақыты артады. Түтіндену ұзындық бірлігіне жарықтың əлсіреу көр- сеткішімен бағаланады. Көрсеткіштің рұқсат етілетін мəні – 2,4.
Өрттің жəне жарылыстың қауіпті факторлары құлағыш конструкциялар, жабдықтар, коммуникациялар, ғимараттар, құрылыстар жəне олардың ұшатын бөлшектері болып табылады. Жарылыстың неғұрлым қауіпті факторы – конструкциялар-
ды бұзатын жəне адамдарды мерт қылатын жарылыс толқыны- ның қысымы.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет