1-сурет. Қауіпті жəне зиянды өндірістік факторлардың түрлері
Зиянды заттар ретінде адам ағзасымен байланысқа түскен кезде өндірістік жарақаттарды, кəсіби ауруларды немесе жұмыс үдерісіндегі жəне қазіргі кездегі əрі кейінгі буын ұрпақтарының өмірінде анықталатын денсаулық жағдайында ауытқуларды бол- дыратын заттек түсініледі. Адамдарға əсер ететін жағымсыз факторларларды антропогенді – адамның қызметімен байла- нысты (мысалы, металдарды балқыту кезінде гальваникалық жа- бын үдерістерінде, пластмассаны механикалық өңдеу кезінде бөлінетін уытты заттар жəне т.б.) жəне табиғи (мысалы, жанар- таулардың атылуы, топырақ эрозиясы нəтижесінде ауадағы шаң) деп бөлуге болады.
Алты топтан тұратын зиянды заттардың неғұрлым кең та- раған жалпы уытты, тітіркендіруші, сенсибилизациялаушы, кан- церогенді, мутагенді, адам ағзасының репродуктивті (бала туу- шылық) қабілетіне əсер ететін сыныптамасы бар (Е.Я. Юдин жəне В. Белов бойынша).
Жалпы уытты заттар (көміртек тотығы, қорғасын, сынап жəне т.б.) ағзаның толық улануына əкеледі. Тітіркендіруші зат- тектер (хлор, аммиак, ацетон булары жəне т.б.) тыныс алу жол- дары мен ағзаның шырышты қабықтарын тітіркендіреді). Сен- сибилизациялаушы заттектер (формальдегид, əр түрлі нитроқо- сылыстар жəне т.б.) аллергендер секілді əрекет етеді. Канцеро- генді заттектер (хром тотығы, бериллий жəне оның қосылыс- тары, асбест жəне т.б.) қатерлі ісіктердің пайда болуына жəне дамуына əкеледі. Мутагенді заттектер (радиоактивті заттар, мар- ганец, қорғасын жəне т.б.) тұқым қуалау мəліметтерінің өзгеруін болдырады. Адам ағзасының репродуктивті қызметіне əсер ете- тін заттектер (сынап, қорғасын, стирол, радиоактивті заттардың қатары жəне т.б.).
Зиянды заттардың бірі қатты заттектердің майда бөлшекте- рінен тұратын шаң болып табылады. Біраз уақыт ауада салмақ- талған күйде бола алатын шаң аэрозоль деп аталады. Шаң тыныс алу жолдарына жəне өкпеге зиянды əсер етеді (өкпе ауруы – пневмокониоздар), ал ұзақ əсер беру кезінде барлық ағзаны ауыр зақымдауы мүмкін. Құрамында кремний диоксиді (SiO2) бар шаңды жұту кезінде пневмокониоздың белгілі түрі – силикоз дамиды. Бытыраңқылығы (ұсақталу дəрежесі) бойынша 10 мкм-ге
дейін бөлшектерінің мөлшерімен ірі дисперсті; 10-нан 5 мкм-ге дейін орта дисперсті; 5 мкм аз майда дисперсті шаң бөлінеді. Аса қауіпті майда дисперсті шаң болып табылады, себебі ол жоғарғы тыныс алу жолдарында қалмайды жəне өкпеге өте отырып, онда шөгіп қалады. Жұмыс аймағының ауасы үшін МЕМСТ 12.1.005-88 сəйкес зиянды заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясы (ШРК) белгіленген, (мг/м3).
Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясы (ШРК) күнделікті жұмыста (демалыс күндерінен басқа) 8 сағат ішінде немесе басқа ұзақтық кезінде, бірақ аптасына 40 сағаттан көп емес барлық жұмыс өтілі ішінде қазіргі заманғы зерттеулер əдістерімен анықтала- тын, жұмыс үдерісінде немесе қазіргі уақыттағы жəне келесі буын ұрпақтарының өміріндегі жеке мерзімдерде денсаулығын- да ауытқулар немесе ауруларды болдырмайтын концентрация- лар.
Қауіптілік дəрежесі бойынша зиянды заттар төрт класқа бөлінеді: 1 – төтенше қауіпті, 2 – аса қауіпті; 3 – орташа қауіпті; 4 – аса қауіпті емес.
Зиянды заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациялары тиісті нормативтік құжаттарда беріледі.
Даму сипаты мен өту ұзақтығы бойынша уланудың өткір жəне созылмалы түрі бар. Өткір улану кенеттен, улы заттардың жоғары концентрациясына қатысты аз уақыттық əсер етуден кейін байқалады жəне ерекше клиникалық белгілерімен білінеді. Өткір улану жиі технологиялық циклдері қауіпті жəне зиянды заттарды пайдаланумен байланысты кəсіпорындардағы апат- тардан кейін байқалады. Созылмалы улану, ережеге сай, зиянды заттардың елеусіз концентрациясының адам ағзасына ұзақ уақыт əсер етуінен болады (кейде бірнеше жылдар бойына). Ерекше уланулардан басқа уытты заттар ағзаның жалпы əлсіреуіне əкелуі мүмкін, мысалы, əр түрлі инфекцияларға қарсыласуының төмендеуі.
Уланудың дамуы жəне зиянды заттың əсер ету дəрежесі елеулі дəрежеде адам ағзасының физиологиялық күйімен бай- ланысты жəне белгілі бір шамада жұмыскердің жынысы мен жа- сына тəуелді болады. Əйел ағзасы бірқатар зиянды заттардың
(бензол, қорғасын, сынап) əсеріне неғұрлым сезімтал болады, ал қалыптасып келе жатқан жасөспірімнің ағзасы өндірістік орта- ның барлық зиянды факторлардың дерлік əсеріне аз қарсыла- сады [3].
Жұмыс істеушілерді зиянды химиялық факторлардың əсе- рінен қорғау жəне алдын алу бойынша шаралар өндірістік опе- рацияларды механикаландырумен жəне герметизациялаумен, улы заттарды зиянсыз немесе аз уытты заттармен ауыстырумен байланысты технологиялық үдерістерді оңтайландыруға бағыт- талуы тиіс. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың құрамы қатаң түрде нормалануы жəне тұрақты бақылауда болуы тиіс. Негізінен, санитарлық-техникалық шараларға жұмыс жай- ларын желдету (бұл туралы біз келесі дəрісте айтатын боламыз) жатады. Аса уытты заттармен операциялар қуатты сорумен арнайы сорып шығару шкафтарында немесе тұйықталған аппа- ратурада жүргізіледі.
Ауыр улану себептерін жəне қызметкерлер құрамының кейде өздерінің қызметтік міндеттеріне салғырт қараумен байланысты өлімге əкелген жағдайларды ерекше атап өтеміз. Сол себепті белгіленген мерзімдерде қызметкерлер құрамын жұмыстың қауіп- сіз əдістеріне оқыту жəне нұсқамалар жүргізу қажет. Алдын алу шараларының жүйесінде мерзімді медициналық тексерулердің маңызы зор екендігін əрі олардың кəсіби уланудың ерте жəне жеңіл емделетін сатыларын анықтаудағы рөлін атап өткен жөн.
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде содан кейін медициналық мекемеге бару керектігін есте сақтау керек. Əрбір нақты жағдайда алғашқы көмек кезінде қышқылдармен улануда 4-5 стақан жылы суды ішу жəне құсу, содан кейін сондай мөлшерде магний тотығының судағы жүзгінін ішу жəне тағы да құсу керек. Осыдан кейін таза жылы сумен асқазанды екі рет шаю керек. Сұйықтықтың жалпы мөлшері 6 л-ден кем емес болуы қажет. Концентрацияланған қышқылдар ішке түскен жағдайда жəне адам есінен танып қалған кезде жоғарыда аталған операция- ны жүргізуге тыйым салынады. Дəрігерді шақыру керек; сілтілермен улануда 4-5 стақан жылы суды ішу жəне құсу, содан кейін сондай мөлшерде заттектің 2 % салмақтық үлесімен сірке қышқылының сулы ерітіндісін ішу жəне тағы да құсу керек.
Осыдан кейін таза жылы сумен асқазанды екі рет шаю керек; фенолмен улануда 4-5 стақан жылы суды ішу жəне құсу, содан кейін сондай мөлшерде калий перманганатының заттектің қыз- ғылт ерітіндісін ішу жəне тағы да құсу керек. Асқазанды үшінші рет шаюды 5 % салмақтық үлесімен этанол сулы ерітіндісімен жасау керек (мөлшері 1 л-ден аз емес); газдармен улануда таза ауаның берілуін жəне тыныштықты, ауыр жағдайларда оттегімен қамтамасыз ету керек.
Ауа ортасын қалпына келтіруге ондағы зиянды заттардың құрамын өндірістік жайдағы микроклиматты бір уақытта ұстай отырып, қауіпсіз мəндерге дейін (аталған затқа ШРК шамадан аспайтын) төмендету арқылы қол жеткізіледі. Жұмыс аймағы- ның ауасындағы зиянды заттардың концентрациясын техноло- гиялық үдерістер мен жабдықты пайдалана отырып, азайтуға болады, бұл кезде зиянды заттар не түзілмейді, не жұмыс ай- мағының ауасына түспейді. Негізінен, бұл желдету жүйесімен, жабдықтың сенімді герметизациясымен, технологиялық үдеріс- терді экологиялық таза шикізатқа ауыстыру жəне т.б. арқылы қол жеткізіледі. Егер бұл шаралар күтілетін нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін болса, онда өндірісті автомат- тандыруға немесе қашықтан басқаруға көшуге ұсыныс беріледі. Алайда, бірқатар жағдайларда, жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың əсерінен қорғау үшін жеке қорғаныс құрал- дарын қолдануға тура келеді, олар сүзгілеуші жəне оқшаулаушы (респираторлар жəне газтұтқыштар (противогаздар) болып бөлі- неді. Арналуы бойынша сүзгілеуші респираторлар болуы мүм- кін: шаңға қарсы (сүзгілеу элементімен жартылай маска, «ле- песток» типіндегі респиратор), газдық жəне əмбебап (мұндай респираторлар зиянды газдардың, булар мен шаңның шағын құрамында пайдалануға арналған). Газтұтқыштар сүзгілеуші жəне оқшаулаушы (шлангалы жəне автономды) болады. Сүзгі- леуші газтұтқыштарының жиынтығына кіреді: сүзгілеу қорабы, резеңке беттік шлем-маска кеңірдекті түтікпен жəне газтұтқыш- ты алып жүруге арналған қалта.
Барлық жайдағы ауаны алмастыруға арналған жалпы алмасу желдеткішінің жұмысын қарастырайық. Бұл жүйедегі ауаның қозғалысы арнайы ауа өткізетін машиналарды – желдеткіштерді
пайдалану есебінен қол жеткізіледі. Қазіргі заманғы ғимараттар- дағы желдеткіштердің ерекшелігі – жоғары ауа алмасуды қамта- масыз ету қажеттілігі (40-50 млн м3/сағ.). Бұл өндірісті қар- қындандырумен де, ауа ортасының жағдайына қойылатын талап- тарды арттырумен де болған. Осы себепті желдетуді ұйымдас- тыру кезінде кəсіпорынның неғұрлым таза аймақтарында орна- ластырылатын ауаны орталықтандырылған жинаумен (бұрын ғимараттың периметрі бойынша іске асырылған) жəне ағынды əрі сорып шығаратын қондырғылардың жабдықтарын орналастыруға арналған аумақтарды іздестірумен байланысты жаңа міндеттер туындаған. Желдету техникасында таза ауаны барынша көп беруге жəне пайдаланылған ауаны шығаруға қол жеткізуге мүм- кіндік беретін турбулентті ағындар қолданылады.
Ауаны жайдың ішіне беру келесі тəсілдермен іске асыры- лады:
ауаны тікелей жұмыс аймағына беру;
ауаны жұмыс аймағына қарай бағытта еденнен 4-6 метр биіктіктен беру;
ауаны шағын көлденең ағындармен жоғарғы аймаққа беру;
ауаны жоғарғы аймаққа төменге қарай тігінен беру.
Жайлардан зиянды заттарды неғұрлым тиімді шығару үшін жалпы алмасу желдеткіштер жүйесі, əдетте, жергіліктімен, мы- салы, табиғи желдетумен құрамдастырылады.
Өндірістік жайда жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың құрамын тұрақты бақылап отыру қажет. Бұл заттарды анықтау үшін сынамаларды іріктеп алуды жұмыс орнында жұмыс істеушінің тыныс алу деңгейінде жүргізеді. Жұмыс айма- ғының ауасының шаңдануын, зиянды заттардың концентра- циясын тиісті аспаптар мен аппараттарды пайдалана отырып, əр түрлі əдістермен бақылайды.
Жоғарыда тыныс алу органдарының кейбір жеке қорғаныс құралдары аталып өтілген. Олардан басқа жұмыс істеушілердің денесін сыртқы ортаның физикалық, механикалық, химиялық факторларының жағымсыз əсерінен қорғайтын арнайы киім пай- даланылады. Арнайы киім қозғалыс еркіндігін, ағзаның қалыпты термореттелуін қамтамасыз етуі жəне ластанулардан жақсы
тазартылуы тиіс. Арнайы аяқ киім жұмыс ортасының материал- дарына берік болуы, ал табаны жұмыскердің орнықтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Халық шаруашылығында зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлар жағдайында жұмыс істейтін халықтың жалпы саны- ның 28 %-дан астамы жұмыс істейді. Өнеркəсіпте бұл жұмыс- тарда жұмыс істеушілердің 33 %-ы, ал құрылыста 19 %-ы жұ- мыс істейді.
Кəсіпорындардағы негізгі жағымсыз өндірістік факторлар шудың жоғары деңгейі; жоғары жүйке – эмоциялық ауыртпа- лық; жұмыс орнындағы шекті рұқсат етілетін концентрациялар- дан асатын жұмыс аймағының ауасындағы зиянды химиялық заттар болып табылады.
Өндірістік фактордың шекті рұқсат етілетін деңгейі – бұл əсері белгіленген ұзақтықта барлық еңбек өтілі бойына жұмыс істеу кезінде жарақатқа, ауруға жұмыс барысында немесе қазіргі кездегі жəне кейінгі буын ұрпақтарының өмірінің кейінгі мер- зімдерінде денсаулық жағдайының ауытқуларына əкелмейтін деңгей.
Еңбек жағдайлары өндірістік факторлардың қандай да бір үйлесіміне байланысты болады жəне өз кезегінде, еңбек өнімді- лігі мен нəтижесіне, жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайына əсер етеді. Жағымды жағдайлар адамның жалпы көңіл-күйін, жағдайын жақсартады, жоғары өнімділік үшін алғышарт болады жəне керісінше, нашар жағдайлар еңбек қарқындылығы мен сапасын төмендетеді, өндірістік жарақат пен аурулардың туын- дауына себін тигізеді. Салауатты жəне қауіпсіз еңбек жағдайын құру – кəсіпорын əкімшілігінің, жалдаушының басты міндеті [4].
тарау
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
Достарыңызбен бөлісу: |