Пікір жазғандар


Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау жəне қадағалау



бет16/49
Дата04.10.2022
өлшемі410.45 Kb.
#461861
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
Еңбекті қорғау оқу құралы (Лаврищев О.А.) (z-lib.org)

Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау жəне қадағалау


Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемле- кеттік басқару, бақылау жəне қадағалау Қазақстан Республикасы үкіметімен, еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органмен жəне басқа уəкілетті мемлекеттік органдармен олардың құзыреттеріне сəйкес жүзеге асырылады.



  1. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді жəне еңбек қызметі үдерісінде жұмыскерлердің өмі- рі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерден, рəсім- дерден жəне критерийлерден тұруы тиіс.

  2. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша талаптар Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерін жүзеге асыру кезінде жұмыс берушілермен жəне жұмыскерлермен мін- детті орындалуға жатады.

Мемлекеттік басқару мемлекет саясатын іске асыру бойын- ша мемлекеттік органдардың тəжірибелік қызметінен көрінеді. Қоғамдық құрылымның жүйелілігіне жəне жұмыс істеуіне бай- ланысты мемлекеттік басқару да жүйелі сипатқа ие.
Мемлекеттік басқару аталған мемлекеттің аумағында тұра- тын адамдардың өндірістік, əлеуметтік жəне рухани тіршілік
əрекетіне əсер етудің (ұйымдастырудың) əр түрлі нысандары мен əдістерін пайдаланады. Негізгі əсер ету нысандары əкім- шілік-командалық жəне экономикалық (нарықтық) тетіктері бо- лып табылды. Негізгі айырмашылықтарына қарамастан бұл екі нысан қолданыстағы заңнаманың аясында əрекет етеді (немесе əрекет етулері тиіс).
Мемлекеттік еңбекті қорғауды басқару жүйесінің негізгі құрылымы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпан- дағы № 528-II «Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау туралы» заңының 4-бабында бекітілген. Ол еңбек қауiпсіздігі жəне еңбек- тi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының үкіметі, уəкілетті орган жəне оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркəсіп қауіпсіздігі саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уəкілетті органдар жүзеге асыратындығын қарастырады.
Еңбекті қорғау саласында нормативтік-құқықтық реттеу бойынша жеке қызметтерді, арнайы рұқсат беретін, қадағалау жəне бақылау қызметтерін жүзеге асыру құқы берілген атқарушы билік органдары еңбекті қорғау саласында өздері қабылдайтын шешім- дерді еңбек саласында нормативтік-құқықтық реттеу бойынша қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы билік орган- дарымен келісуге, сондай-ақ өз қызметін үйлестіруге міндетті.
Еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқарудың атқару органдарының басқаруына төменде аталғандарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдану үшін міндетті заңдарды жəне басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жатады:

    • еңбек қатынастары жəне басқа олармен тікелей байла- нысты қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын;

    • еңбек қатынастарын жəне басқа олармен тікелей байла- нысты қатынастарды құқықтық реттеу негіздерін (еңбек қызметі үдерісінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулы- ғын сақтауға бағытталған ережелерді, рəсімдерді, кри- терийлер мен нормативтерді қоса);

    • жұмыскерлерге еңбек құқықтарының, еркіндіктерінің жəне кепілдемелердің мемлекет пен қамтамасыз етілетін

деңгейін (жұмыскерлердің жеке санаттарына қосымша кепілдіктерді қоса);

    • еңбек шарттарын жасау, өзгерту жəне бұзу тəртібін;

    • əлеуметтік серіктестік негіздерін, ұжымдық келіссөздер- ді жүргізу, ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасау жəне өзгерту тəртібін;

    • жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын шешу тəртібін;

    • еңбек заңнамасын жəне еңбек құқының нормаларынан тұратын басқа нормативтік құқықтық актілердің сақта- луын мемлекеттік қадағалауды жəне бақылауды жүзеге асыру қағидаттары мен тəртібін, сондай-ақ аталған қада- ғалау мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік би- лік органдарының жүйесін жəне өкілеттіктерін;

    • өндірістегі жазатайым жағдайларды жəне кəсіби ауру- ларды тексеру тəртібін;

    • еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттеста- циялаудан өткізу жүйесі мен тəртібін, еңбек жағдайының мемлекеттік сараптамасын, еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырудың еңбекті қорғауға қойылатын мемлекеттік нормативтік талаптарға сəйкестігін растау;

    • еңбек шартының тараптарының материалдық жауапкер- шілігінің тəртібі мен шарттарын, оның ішінде еңбек мін- деттерін орындаумен байланысты жұмыскерге тигізілген жұмыскердің өмірі мен денсаулығына залалды өтеу тəр- тібін;

    • тəртіптік жаза қолдану түрлерін жəне оларды қолдану тəртібін;

    • еңбек жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша мемле- кеттік статистикалық есептеме жүйесін;

    • жұмыскерлердің жеке санаттарының еңбегін құқықтық реттеу ерекшеліктерін.

Еңбекті қорғау басқармасының маңызды міндеттері мен функционалдық міндеттері, негізінен, 1) еңбекті қорғау саласында шаруашылық құрушы субъектілердің құқықтары мен барлық билік органдарының қызметінің құқықтық базасын құру;

  1. барлық осы қызметті ұзақ мерзімдік (экономикалық) жəне опе- ративтік (əкімшілік) басқару болып табылады. Осы тұрғыдан

басқарудың деңгейі барлық басқа, тек басқару пирамидасындағы орнымен ғана емес, басқару типімен де ерекшеленеді. Біздің пікірімізше, аталған тип қабылданатын басқарушылық шешім- дердің жалпыға бірдейлілігімен, нақты билігімен жəне (қатысты) тəуелсіздігімен сипатталады.
Алайда еңбекті қорғау басқармасының аймақтық деңгейінің нақты өкілеттіктері мен функциялары туралы мəселе тəжірибе үшін маңызды болса да заң шығарушы бұл Қазақстан Рес- публикасы субъектілерінің өзінің ісі деп, əділ болжай оты- рып, оның егжей-тегжейлі мəнін ашпаған. Бұл үшін оларда тиіс- ті өкілеттіктер мен тиісті қаражаттар (аймақтық бюджеттің) бар.
Еңбекті қорғауды басқарудың аймақтық деңгейдегі маңызды міндеттері мен қызметтік міндеттері:

    1. құқық қолдану тəжірибесін ұйымдастыру жəне мемле- кеттік еңбекті басқарудың құқықтық базасын аймақтың ерекше- лігіне қарай бейімдеу;

    2. атқарушы билік органдарының аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, мемлекеттік қадағалау жəне бақылау ор- гандарын, еңбекті қорғау мен əлеуметтік серіктестердің өндірістік қызметінің қауіпсіздігін басқару саласындағы аймақтық əкімшілік құрылымдарды қоса;

    3. еңбекті қорғауды корпоративтік басқарудың ғылыми ендіру жəне білім беру ақпараттық инфрақұрылымын ұйымдас- тыру (еңбекті қорғау бойынша қызметтер нарығын құру жəне реттеу);

    4. аймақтың аумағында барлық осы қызметті оперативті

(əкімшілік) басқару болып табылады.
Жеткіліксіз ауқымдағы құқықтық база жəне жергілікті өзін- өзі басқару органдарының экономикалық мүмкіндіктерінің əл- сіздігі, өкінішке орай, олардың еңбекті қорғауды басқарудың нақты үдерісінен жиі нақты шеттеушілікке əкеледі. Сонымен қатар тек аумағының жəне экономикалық əлеуетінің көлемі елеулі жерде ғана жергілікті өзін-өзі басқару органдары еңбекті қорғауды басқаруды муниципалдық деңгейде нақты əрі шын- дыққа негізделген түрде жасай алады. Біздің пікірімізше, еңбекті қорғаудың басқарудың муниципалдық деңгейін болашақта
дамыту құқық субъектілерін тіркеу жəне лицензиялау кезінде еңбекті қорғауды корпоративтік басқаруды реттеу мүмкін- діктерімен байланысты болады.
Барлық жоғарыда аталған билік органдарының басқару объектісі кейбіреулер қате ойлайтындай еңбек жағдайлары емес, жұмыс берушінің өзінің жұмыскерлерінің еңбегін қорғауға қойылатын мемлекеттік талаптарды қамтамасыз ету бойынша қызмет болып табылады. Еңбекті қорғауға қойылатын мемле- кеттік нормативтік талаптармен белгіленген жұмыс берушімен еңбекті қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстардың сəйкестігін растау бұл жұмыстарды ұйымдастыруды сертификаттау болып табылады [6].
Мемлекеттік бақылауды жүргізу мақсаты еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік бақылау мемлекеттік еңбек инспекторымен жұмыс берушімен немесе жұмыскермен ЕҚ жəне ҚТ талап- тарын орындауды тексеру жүргізу арқылы жүзеге асыры- лады.
Тексерулер жоспарлы жəне жоспардан тыс болып бөлінеді. Жоспарлы – бұл уəкілетті мемлекеттік еңбек органымен немесе оның аумақтық бөлімшесімен жоспарланған, Қазақстан Респуб- ликасының заңдарымен белгіленген алдыңғы тексерулерге қа- тысты уақыт аралықтарын ескере отырып, жүргізілетін тексеру. Жоспарлы тексеру кешенді болуы мүмкін, яғни басқа бақылау органдарымен бірлесіп жүргізіледі. Жоспарлы тексеру бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен көп емес, ал шағын кəсіпкерлік үшін үш жылда бір реттен жиі емес жүр- гізілуі мүмкін.
Жоспардан тыс тексерулер жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау та- лаптарын бұзушылық туралы хабарлау жағдайларында, сондай- ақ мемлекеттік еңбек инспекторымен жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін əрі ЕҚ жəне ҚТ бұзушылық- тарды дереу жоюды талап ететін фактілерді анықтау кезінде жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу жағдайында жоспарлы тексерулер басқа мерзімге ауыстырылады.
Ерекше жағдайлардан басқа тексерулердің ұзақтығы он күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруді бастар алдында жұмыс берушіге келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіпте тіркелуге жататын жоспарлы тексеруді тағайындау туралы акт;

  2. қызметтік куəлігі;

  3. қажетіне қарай режімдік объектілерге кіруге құзырлы органның рұқсаты.

Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін тұлғалар Қазақстан Республика- сының заңдарына сəйкес жауапкершілікке ие болады.
Жүргізілген тексеру жəне оның нəтижелері туралы ақпарат жұмыс берушінің тексеру актілерін есепке алу кітабына жазы- лады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзушы- лықтарды анықтауға байланысты мемлекеттік еңбек инспекторы келесі актілерді шығарады (жасайды):

  1. ұйғарым: ЕҚ жəне ҚТ талаптарын бұзуды жою туралы; өндірістік объектілер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндіріс үде- рістерінде жарақат алу қаупі мен апаттық жағдайлардың туын- дауының алдын алуға арналған ЕҚ жəне ҚТ бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы; жеке өндірістерді, цехтарды, учас- келерді, жұмыс орындарын жəне жабдықты пайдалануға əрі жалпы ұйымның қызметіне тыйым салу (тоқтату) туралы. Бұл ретте ұйымның қызметіне тыйым салу туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады. Жұмыс берушімен бұзушы- лықтар үш күн ішінде жойылатын жағдайда ұйымның қызметіне тыйым салу туралы акт, осы актіні шығарған мемлекеттік еңбек инспекторымен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторымен күші жойылады.

  2. əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;

  3. əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтату жөніндегі қаулы;

  4. əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс беруші-

лермен ЕҚ жəне ҚТ талаптарын бұзушылыққа əсер етудің құ-
қықтық шаралары болып табылады. Бұл актілер лауазымды же- ке жəне заңды тұлғалармен орындау үшін міндетті.
ЕҚ жəне ҚТ саласындағы нормотивтік құқықтық актілер келесі талаптарға сəйкес келуі тиіс:

  1. өндірістік қызметтің нəтижелеріне қатысы бойынша жұ- мыскерлердің өмірі мен денсаулығының басымдылығын бел- гілеу;

  2. еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сəйкес келетін еңбек жағдайларына жұмыскерлердің құқықтарын қам- тамасыз ету;

  3. жұмыскерлердің еңбек қызметтері барысында өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерден, рəсімдерден жəне критерийлерден тұру;

  4. еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында бірың- ғай талаптарды белгілеу;

  5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес ЕҚ жəне ҚТ саласындағы құқықтар мен міндеттерді жұмыскер- лер, лауазымды тұлғалар жəне ұйым басшылары арасында бөліп тастау;

  6. уəкілетті мемлекеттік еңбек органының, жұмыс беруші- лер мен жұмыскерлердің өкілдерінің арасында ЕҚ жəне ҚТ са- ласындағы келісілген қызметтерді қамтамасыз ету;

  7. ЕҚ жəне ҚТ саласында заңнамалық жəне басқа жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттарға сəйкес келу.

ЕҚ жəне ҚТ саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын əзірлеу өздерінің құзыреттеріне сəйкес тиісті уəкілетті мемлекеттік ұйымдармен жүзеге асырылады. ЕҚ жəне ҚТ саласындағы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Рес- публикасының Əділет министрлігінде тіркелуге жатады жəне ресми жариялау күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ЕҚ жəне ҚТ бойынша нұсқауларды əзірлеу жұмыс беруші- мен учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы жəне жалпы ұйымдағы əрбір мамандық үшін жəне жұмыстың жеке түрлері мен жұмыс орындарына жүзеге асырылады. Нұсқауларды əзір- леу жұмыс берушінің (ұйымның) өтінімі бойынша шарттық
негізде қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелердің мамандарымен де жүзеге асырылады. Нұсқаулар Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жабдықты дайындаушы зауыттардың пайдалану əрі жөндеу құжаттамаларында мазмұндалған қауіпсіздік талаптарын, сон- дай-ақ жұмыс берушінің технологиялық құжаттамаларында өндіріс жағдайларын ескере отырып əзірленеді.
Нұсқауда келесі позициялар көрсетілуі тиіс:

  1. нұсқаудың атауы, онда қандай мамандыққа арналғаны немесе жұмыстың қандай түріне арналғаны көрсетіледі;

  2. технологиялық үдерістің қысқаша сипаттамасы беріледі.

Нұсқаудың талаптары технологиялық үдерістің жүйелілігіне сəйкес жəне аталған жұмыс орындалатын шарттарды еске оты- рып, мазмұндалады:

  1. еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талап- тары;

  2. жұмысты бастар алдындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек- ті қорғау талаптары;

  3. жұмыс кезіндегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау та- лаптары;

  4. апатты жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қор- ғау талаптары;

  5. жұмысты аяқтағаннан кейінгі еңбек қауіпсіздігі мен ең- бекті қорғау талаптары.

Нұсқаулар қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау қызметімен, жауапты тұлғамен немесе басқа мүдделі құрылымдық бөлім- шелермен, лауазымды тұлғалармен жəне жұмыскерлердің өкілдерімен келісілгеннен кейін бекітіледі.
Жоғары қауіптілікпен байланысты мамандықтар немесе жұ- мыс түрлері бойынша нұсқауларды қайта қарастыру үш жылда бір реттен сирек емес жүргізілуі тиіс. Нұсқауларды мерзімінен бұрын қарастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық акті- лерін, стандарттарын өзгертумен, өндірістегі жазатайым жағдай- ларды, аварияларды, апаттарды тексеру нəтижелері бойынша жаңа технологияларды немесе техниканы ендірумен байланыс- ты болады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет