Елеусіз өту қабілетіне ие бола отырып, қандай сəуле- лену сыртқы сəулелеу кезінде терінің зақымдануларын ғана болдырады?
Рентгендік сəулелену
Бета сəулелену
Гамма сəулелену
Альфа сəулелену
Ультракүлгін сəулелену
Сəулелеудің қандай дозаларында өлімге əкеледі?
1. 270-300 бэр
2. 700 бэр кем емес
3. 800-1000 бэр
4. 1000-2000 бэр
5. 2000 бэр-ден кем емес
Тікелей сəулелену көздерімен жұмыс істемейтін, бірақ радиоактивті заттардың жəне басқа сəулелену көздерінің əсеріне ұшыраулары мүмкін тұлғалар қандай санатқа жатады:
А санаты
Б санаты
В санаты
С санаты
А, Б санаты
Адам органдарының қайсысы неғұрлым радиосезім- тал?
Тері жабыны, сүйек тіні
Бұлшық еттер, қалқанша без, асқазан-ішек жолдары
Барлық денесі, гонадалар жəне қызыл сүйек кемігі
Бас миы
Жұлын
Халық үшін сыртқы жəне ішкі сəулеленудің рұқсат етілетін дозаларын атаңыз (РҚН-99 бойынша):
1,0 мЗв /жыл көп емес
0,5 мЗв / жыл көп емес
15 мЗв / жыл көп емес
5 мЗв/ жыл көп емес
10 мЗв / жыл көп емес
Қандай сəулеленуден қорғану үшін қорғаныс экранын дайындау кезінде үлкен атом массасымен жəне жоғары тығыздықпен материалдарды қолданады?
Бета сəулеленуден
Гамма сəулеленуден
Нейтронды сəулеленуден
Рентгендік сəулеленуден
Альфа сəулеленуден
Қандай сəулеленуден қорғану үшін қорғаныс экранын жасау кезінде құрамында сутек (су, парфин), сондай-ақ бериллий, графит жəне басқалар бар материалдар қолданылады?
Альфа сəулеленуден
Бета сəулеленуден
Гамма сəулеленуден
Нейтронды сəулеленуден
Рентгендік сəулеленуден
Белсенділіктің жүйеден тыс бірлігі:
Рад
Кюри
Бэр
Рентген
Электронвольт
Күнделікті өмірдегі радиация көздерін атаңыз:
Табиғи радиациялық фон
Радиодиагностика
Құрылыс материалдары
Топырақ
Су
Радио арқылы радиациялық жағдай туралы жариялан- ғаннан кейін тұрғындар не істеуі керек?
Тұрғын үйлерде тығылу
Терезелерді, есіктерді жабу, оларды тығыздау
Ауыз су қорын жинау
Эвакуацияға дайындалу
Эвакуация орталығына бару
Жайлардағы өрт қалқаны төменде көрсетілген заттар- дың қайсысымен жиынтықталмауы тиіс?
Багор
Балта
Өрт сөндіргіш
Өрт сөндіру гидрант
Дəрі-дəрмек қобдишасы
Төменде аталған атаулардың қайсысы өрт сөндіргіштің атауы болып табылмайды?
Бу майлы
Ауа-көбікті
Көмірқышқылды
Көмірқышқыл – бромэтилді
Ұнтақты
Электр қондырғыларының жануы кезінде өрт сөндіру- шілерді шақырғаннан кейінгі сіздің бірінші кезектегі əрекеттеріңіз:
Өртті қолда бар құралдармен сөндіруді бастау
Электр қондырғысын тоқтан ажырату
Көмек іздеу
Басшылыққа баяндау
Жайдан шығу
Сілтілі металдар немен сөндіріледі
Сумен
Көбікпен
Ұнтақпен
Азотпен
Көмірқышқыл газбен
Жұмыскерлермен өртке қарсы нұсқаманы қашан өткізеді?
Қауіпті еңбек жағдайлары туындаған кезде
Жұмыс жайындағы ауаның жоғары температурасында
Жайдың ішінде жанғыш заттар бар болғанда
Жұмысқа қабылдау кезінде
Демалыстан келген кезде
Бірінші дəреже күйігін қандай белгілер білдіреді?
Терінің үсті қоңыр немесе қара (күйдірілу кезінде)
Терінің ашық-сұр немесе ашық-қоңыр жерлері
Мөлдір сұйықтықпен толған күлдіреулер
Терінің қызарған жəне ісінген жерлері
Терінің үсті сау теріден ажыратылмайды
Төртінші дəреже күйігін қандай белгілер білдіреді?
Терінің үсті қоңыр немесе қара (күйдірілу кезінде)
Терінің ашық-сұр немесе ашық-қоңыр жерлері
Мөлдір сұйықтықпен толған күлдіреулер
Терінің қызарған жəне ісінген жерлері
Терінің үсті сау теріден ажыратылмайды
Елеулі күюлер кезінде қандай алғашқы көмек көрсету керек:
Су ағынының астында салқындату, дəрігер келгенге дейін таза таңғышпен таңу
Спиртпен сүрту
Өсімдік майын жағу
Топырақ себу
Ештеңе істемеу, дəрігердің келуін күту
Электр қондырғылардағы өрттің себебі не болып табыл- майды?
Резеңке кілемшелердің болмауы
Нашар салқындату жағдайларында кабельдің қызып кетуі
Газбен дəнекерлеу жұмыстарын епсіз жүргізу
Ақаулы электр сымы
Қысқа тұйықталу кезінде электр сорғылардан майлар мен оның буларының шығарылуы
Өрт кезінде қандай шығу есіктері эвакуациялық болып табылмайды:
Сыртқы есіктер
Лифт жəне эскалатор
ІІІ дəрежеден төмен емес отқа төзімділікке ие көрші жайларға шығу есіктері
Төменгі қабаттардың терезелері
Өрт сөндірушілер сатысы
Екінші дəреже күйігін қандай белгілер білдіреді:
Терінің үсті қоңыр немесе қара (күйдірілу кезінде)
Терінің ашық-сұр немесе ашық-қоңыр жерлері
Мөлдір сұйықтықпен толған күлдіреулер
Терінің қызарған жəне ісінген жерлері
Терінің үсті сау теріден ажыратылмайды
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқу құралында өнімді еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған адам қызметінің күрделі жəне көп мəнді саласы туралы тек жалпы мəлімет беріледі.
Қауіпсіз еңбек ережелерін жəне еңбекті қорғаудың жалпы талаптарын білу үшін, өз өміріңіз бен денсаулығыңызды, сон- дай-ақ өз əріптестеріңіздің жəне сізге бағынышты жұмыскерлер- дің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін əлі де көп нəрсені білу жəне істей алу керек.
Қазіргі таңда көбіне əр түрлі мəселені шешу барысында тікелей өмір ағысында үйренуге тура келеді.
Барлық деңгейлер мен дəрежедегі еңбекті қорғау бойынша мамандарға өздеріне заңнамамен жүктелетін қызметтердің, мін- деттер мен жауапкершіліктің қағазда мазмұндалған тілектер тү- рінде қалмай, жұмыскерлердің қауіпсіз жəне салауатты еңбек жағдайын қамтамасыз ететін еңбекті қорғауды басқарудың құра- лына айналуы үшін əлі де көп нəрсені білу жəне меңгеру қажет.
Қорытындылай отырып, біздің елімізде қалыптасып отыр- ған еңбекті қорғауды басқарудың жаңа жүйесінің, оның ішінде еңбекті қорғау саласындағы еңбек қатынастарын экономикалық реттеу əдістерінің түбегейлі жаңалығы Қазақстанның барлық азаматтары үшін қауіпсіз əрі салауатты еңбек жағдайын қамта- масыз етуді ұйымдастырудың барабар нарықтық жағдай- ларының қалыптасуының баяулығы мен қарама-қайшылығын дəйектейтіндігін ерекше атап өткіміз келеді.
Тек мемлекеттік жəне аумақтық еңбек органдарының, мем- лекеттік қадағалау жəне бақылау, басқа заңнамалық биліктің мүдделі органдарының, барлық жұмыс берушілерді, олардың лауазымды тұлғаларын, бірінші кезекте басшыларын, барлық жұмыскерлерін, олардың бірлестіктерін, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды жұмыскердің өмірін, денсаулығы мен еңбекке қа- білеттелігін сақтау үшін тұрақты ауыр жəне қомақты еңбекті талап ететін жұмыстар үшін біріктіре отырып қана табысқа ең қысқа мерзімде қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |