Сығымдау және сығу әдісімен өсімдік майын өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы ережелер



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/4
Дата16.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4




Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы «14» желтоқсандағы

№ 434 бұйрығымен

бекітілген

Сығымдау және сығу әдісімен өсімдік майын өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы сығымдау және сығу әдісімен өсімдік майын өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі - Талаптар) өсімдік майын өндіру бойынша объектілерге қатысты қолданылады.

Талаптардың күші өсімдік майын өндірудің келесі технологиялық учаскелеріне қатысты қолданылады:

дәнді қабылдау, тазалау, құрғату, сақтау;

май шикізатын өндірістік тазалау, қирату (қабыршақтау), қабығын аршу;

дәнді ұсақтау, ылғалды жылумен өңдеу, қысу, майды тазалау, майды және қалдықтарды сақтау, материалдарды экстракциялауға дайындау;

экстракция (жеке сығу, сығылған материалдан ерітіндіні айдау, тостирования, шротты құрғату және салқындату, мисцеллаларды тазарту, бу мен ауа қосындысынан еріткішті бөлу, ағынды сулардан еріткішті бөлу жүйелерімен); кері еріткіш резервуарларын, экстракциялау жүйелерінің аппараттарын апаттық босатуға арналған резервуарларды, ағынды сулардан майды және еріткішті қалқу жүйесін, айналмалы сумен қамтамасыз ету жүйесін қоса алғанда;

көлік құралдарынан еріткішті ағызу жүйесімен еріткішті сақтауға арналған резервуарлар;

қауіпті өндірістік объектісін салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, техникалық қайта қаруландыруға, жабуға және жоюға жобалық құжаттарды;

қауіпті өндірістік объектілерінде жұмыс жүргізуді белгілейтін нормативтік құқықтық актілер және нормативтік техникалық құжаттарға;

резервуарларға, технологиялық жабдыққа, құбыр желілеріне, арматураға, сақтандырғыш құрылғыларына, бақылау, басқару жүйелері құралдарына, ғимараттар мен құрылыстар куәліктеріне.

2. Жаңа өндірісті жобалау немесе әрекеттегі өндірістерді қайта жаңарту кезінде: технологиялық блоктардың жарылыс қауіптілігіне бағалау жасалады; мүмкін болатын қираулар мен персоналдың зақымдану қауіптілігінің деңгейі бойынша аймақтың шеңбері есептеледі; қорғаныс құралдарының тиімділігі мен сенімділігі туралы, олардың аталған блоктың және жалпы технологиялық объектінің жарылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілеттілігіне қорытынды беріледі;

жарылып өртену және өртену қауіптілігі бойынша бөлмелердің, ғимараттар мен сыртқы қондырғылардың санаттары анықталады;

өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес өртті анықтау және сөндірудің автоматтандырылған қондырғыларымен қорғау жүйесінің қажеттілігі мен түрі анықталады;

электр қауіпсіздігіне қойылатын талаптар анықталады, өндірісте айналымда болатын заттардың санаттары мен топтарына сәйкес келетін жарылу қауіпсіздігінің деңгейі мен түрі бойынша электр жабдығын және электротехникалық қондырғыларға таңдау жүргізіледі.

Әрекеттегі өндірістер үшін технологиялық блоктардың жарылу қауіптілігінің санаты, қирау аймағының шеңбері, бөлмелердің, ғимараттардың және сыртқы қондырғылардың санаты, жарылуға қауіпті және өртке қауіпті аймақтардағы электр қондырғыларына қойылатын талаптар жобалау ұйымымен анықталады.

3. Май өндіретін ұйымның әрбір жарылыс өртке қауіпті өндірістік объектісі үшін:

өндірістік бақылау туралы ереже;

апаттарды жою жоспары (АЖЖ) жасалады.

4. Әрекеттегі технологиялық сызбаға, аппаратуралық рәсімдеуге, апатқа қарсы қорғаныс жүйесіне өзгертулер енгізу үрдісті әзірлеушімен келісілген жоба бойынша жүзеге асырылады.

5. Өндірістік цехтардың, учаскелердің және сыртқы қондырғылардың қауіпті жерлерінде, көзге көрінетін жерге қауіпсіздік белгілері ілінеді.

6. Өндірістік бөлмелерде операторлардың жұмыс орындарында құбыр желілерін, блок аралық және блоктың ішіндегі арматуралары көрсетілген және бақылау өлшеу құралдарының және автоматиканың (бұдан әрі – БӨҚжА) функционалды сызбаларымен технологиялық сызба ілінеді. Аппараттардың (сауыттардың) нөмірлері цехтың технологиялық сызбасымен бірдей, жоба мен регламентте жабдықта көрсетілген нөмірлерге сәйкес.

2 - тарау. Технологиялық үрдістердің жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
7. Өсімдік майын өндіретін әрбір жарылыс өртке қауіпті учаскесі үшін қауіпті өндірістік фактор деңгейін неғұрлым төмендету бойынша шаралар қарастырылады.

Әрбір учаске үшін қарастырылған шаралар мен қаражаттардың жеткіліктілігі жобамен негізделеді.

8. Апаттық жағдай мен апаттың себебі болатын, қауіпті ауытқулардың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығаратын үрдістер мен олардың рұқсат етілген өзгеру ауқымының мәні технологиялық регламентте белгіленеді.

Көрсеткіштердің рұқсат етілген шектен шығуын болдырмайтын әдістер мен құралдар жобалық құжаттарда және технологиялық регламентте көрсетіледі.

Технологиялық регламент – кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативті құжаты.

Температураның шекті мөлшері аясында, үрдісті жүргізуге себепті қажеттілік болған жағдайда, еріткіш буларының қоспасын тұтандыруға қабілетті тұтану көздерінің пайда болуының алдын алатын және болдырмайтын шаралар қарастырылады.

9. Майды сығу өндірісі үшін келесі тұрақты жұмыс жағдайлары қамтамасыз етіледі:

электр энергиясымен, бумен, сумен, қысылған ауамен, инертті газбен (азотпен) тұрақты қамтамасыз ету;

шикізаттың, материалдардың (оларды жеткізу кезеңдігін ескере отырып) қажетті қорын қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау;

өндірісті бақылау жүйесімен қамтамасыз ету және технологиялық көрсеткіштерді реттеу;

технологиялық жабдықтың алдын ала күтім жасау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

технологиялық жабдықтың жағдайына дер кезінде тексеру жүргізу.

10. Жарылуға қауіпті қоспалар қалыптасуы мүмкін технологиялық жабдық флегматизаторды (азотты) беру жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Технология шарттары бойынша мүмкін жерлерде инертті газдың орнына су буын қолдануға жол беріледі, тұтану көздерін болдырмайтын шаралар қарастырылады.

11. Үрлеп тазарту тиімділігі және іркілген аймақтардың құрылуының алдын алу жобада флегматизаторды беру әдісін таңдаумен қамтамасыз етіледі.

12. Жарылыс қауіптілігі І және ІІ санатты блоктары бар өндірістер үшін флегматизациялау заттарын беру жүйесін басқару автоматты түрде жүзеге асырылады, ІІІ санатты блоктармен – қашықтықтан, ал Qв<10 болған жағдайда жергілікті басқаруға жол беріледі.

13. Майды сығу апаттық жағдайдың пайда болуына жол бермейтін өндірістің шекті көрсеткішіне белгі беретін мен одақтасу жүйелері бар, үрдістің жарылу қауіптілігін қамтамасыз ететін көрсеткіштерді автоматты түрде бақылау құралдармен жабдықталады. Qв<10 бар блоктар үшін автоматты бақылау құралдарын және қолмен реттеу жүйесін қолдануға жол беріледі.

14. Өндірістік бөлмеде жарылуға қауіпті қоспалардың, ерітінді буының ауамен қосындыларының қалыптасу мүмкіндігін болдырмау мақсатында ішінде еріткіш, мисцелла бар құралдар саңлаусыз орнатылады.

15. Еріткіштің бу және сұйық күйде қоршаған ортаға лақтырылуын неғұрлым төмендету үшін майды сығу өндірісінің технологиялық жүйелерінде жүйені апаттық қымтау кезінде келесілер қарастырылады:

жарылу қауіптілігі І санатты технологиялық блоктар үшін – іске қосылу уақыты 12 с көп емес, автоматтандырылған тез әрекет ететін бекіткіш және (немесе) кесу құралдарын орнату;

жарылу қауіптілігі ІІ және ІІІ санатты технологиялық блоктар үшін – қашықтықтан басқаратын және іске қосылу уақыты 120 с көп емес, бекіткіш және (немесе) кесу құралдарын орнату;

салыстырмалы энергетикалық әлеуетінің мәні Qв<10 технологиялық блоктар үшін қолмен келтіретін бекіткіш құралын орнатуға жол беріледі, ол кезде оларды ұтымды орналастыру есебінен (оператордың жұмыс орнына шекті рұқсат етілген мөлшерде жақындау) әрекетке келтіру үшін неғұрлым аз, бірақ 300 с көп емес уақыт қарастырылған.

16. Экстракция, ерітіндіні шроттан айдау, тұздан ажырату цехтарының, ерітіндіні қайта шайқауға арналған сорғылар бөлмелерінде жалынның таралуының деңгейі төменгі шоғырланған шегінен 10 % асқанда белгі берумен, жанатын газдардың жарылысқа дейінгі шоғырланатын газ сигнализаторларын орнату қарастырылған.

17. Белгі бергіштің барлық әрекет ету оқиғалары журналда тіркеледі және объект иесімен тексеріледі.

18. Белгі бергіш тетіктерінің орналасу жері жабдықты құрастыру және көлемдік-жоспарлау шешімдеріне байланысты, өндірістік бөлмелердің ауасындағы химиялық заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануын және жарылу қауіптілігін бақылаудың белгі бергіштерін және газ талдау құралдарын орнату бойынша құралға, өндірушінің техникалық құжаттамасына сәйкес, жабдықтың мүмкін болатын қымталуын ескере отырып жобамен анықталады.

19. Ішінде еріткіш және мисцелла бар технологиялық жабдық үшін апаттық босатылу жүйесі қарастырылады.

ІІІ санатты технологиялық блоктарды апаттық босату жүйелерінде қауіпсіз жерде орналасқан және іске қосылуы неғұрлым аз уақытқа реттелген қолмен бекіткіш құралын қолдану мүмкін.

20. Технологиялық блоктарды айналымдағы өнімдерден апаттық босату үшін апаттық босатылу жүйесі қолданылады. Арнайы апаттық босату:

өнімді қабылдауға әрдайым дайындығын;

жүйенің өзінде, сондай-ақ оларды қоршаған ауада жарылуға қауіпті қоспалардың қалыптасуын, апаттың дамуын болдырмауды;

неғұрлым аз уақытта босату мүмкіндігін;

босатылу үрдісін басқару және бақылауды қамтамасыз етеді.

Апаттық босатылу жүйесі басқа мақсаттар үшін пайдаланылмайды.

21. Апаттық босатылу жүйесінің сыйымдылығы жобамен бекітіледі және технологиялық үрдістің қауіпсіз тоқтатылуына мүмкіндік беретін мөлшерде өнімді қабылдауға есептеледі.

22. Дәнді тазалау, құрғату, тасымалдау, ұнтақтау және қабығынан (қабыршағынан) тазалау, дәндерді және шроттарды ұнтақтау, қоймалау және сақтау жүйелері мен технологиялық жабдық қымталған. Шаңның бөлінуі мүмкін жерлер аспирациялық құралдармен жабдықталады.

23. Өндірістік бөлмелерді шаңнан тазалау тәртібі, әдісі және кезеңдігі технологиялық регламентпен анықталады.

Жолы қиын жерлерден шаңды қысылған ауаның немесе басқа газдың жіңішке ағысымен алуға жол берілмейді.

24. Қойма бөлмесінің және (немесе) шрот элеваторының шрот шаңымен тозаңдалуы ауыспалы құралдарының көмегімен немесе талдау (қарау) нәтижесі журналда тіркеле отырып тексеру жүргізумен бақыланады.

25. Өндірістік бөлменің ауасындағы шаңның құрамын бақылау ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

26. Қабырғалардың беті тегіс (дөңессіз, ойыссыз, кедір-бұдырсыз), тазалау үшін ыңғайлы жасалады. Қабырғалары мен төбелері сулы тазалауға рұқсат етілетіндей материалмен өңделеді.

27. Бөлмелерде тұрып қалған шаңды көзбен шолып қарауға және оны тазалауға кедергі келтіретін орындар болмайды.

3 - тарау. Технологиялық үрдістерге қойылатын талаптар

1 - параграф. Тұқымды, қалдықтар мен шроттарды

тасымалдау және сақтау
28. Тұқымдарды, қалдықтарды, шроттарды көлік құралдарына тиеу (түсіру) кезінде, оларды автомобиль, темір жол және су көлігімен тасымалдау кезінде технологиялық регламент талаптарының орындалуы қамтамасыз етіледі.

29. Май тұқымдарын, қалдықтарды және шроттарды қойма шаруашылығында түсіру, тиеу және тасымалдау механикаландырылған. Көлік құралдарын басқару қашықтықтан және жергілікті түрде орындалады, автоматтандырылған үйіндіге қарсы одақтасумен жабдықталады. Көлік құралдарын іске қосу алдында дыбыс және жарық белгілері іске қосылады.

30. Дәндердің өз бетімен ағатын бункер астында, механикаландырылған қойманың төменгі галереясында орналасқан конвейер ғимарат сыртынан және ішінен қашықтықтан басқаратын басқарумен жабдықталады.

31. Май тұқымын тасымалдауға арналған май дәндерінің төле және жартылай төле бөлмелері, галереялар мен туннельдер техникалық желдеткіш және жарықтандырумен жабдықталады. Тереңдігі 0,5 метрден астам, май тұқымын тасымалдауға арналған жабдық орнатылған шұңқырлар механикалық желдеткішпен жабдықталады, қақпақпен жабылады немесе қоршалады.

Май тұқымын тасымалдауға арналған май дәндерінің төле және жартылай төле бөлмелері, галереялар мен туннельдердің, сондай-ақ май тұқымын тасымалдауға арналған жабдық орнатылған шұңқырлардың желдеткіштері істен шыққан жағдайда ондағы ауада көміртегі диоксидінің (қос қышқылды) болуына бақылау жасалады, оның мөлшері оттегі кем дегенде 20 % болғанда құрамы 0,5 % көлемінен асуға жол берілмейді.

Май тұқымы қоймаларының төле және жартылай төле бөлмелеріндегі, галереядағы, туннельдердегі, май тұқымын тасымалдаумен байланысты шұңқырлардағы ауаның мөлшерін бақылау ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Көміртегі диоксидінің бөлінуі мүмкін жерлер сақтандыру белгілерімен және (немесе) жазулармен белгіленеді.

Жаңадан жобаланған және салынып жатқан кәсіпорындар үшін, өндірістің қайта құрылған учаскелері үшін шұңқырларды, орларды және басқа тұрғылықты аймақтарды орнатуға жол берілмейді.

32. Сүрленген ұялардың (бункерлердің, үйілген шұңқырлардың) ішін қарау және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір сүрленген ұяның (бункердің, үйілген шұңқырлардың) жабылатын жерінде, торының көлемі 100x100 үлкен емес, алынбалы берік тормен жабдықталған және қақпағы тығыз жабылатын, көлемі 500x500 мм кем емес люк-лаз қарастырылады.

Шрот қоймасының сүрленген ұяларының люк-лаздарының торлары және қақпағы ұшқын атпайтын материалдан жасалады.

33. Май тұқымының үйіндісі 1,5 м асатын (тез сусымалы дәндер үшін) бункерлердегі, толтырылған шұңқырлардағы және дән қоймаларындағы барлық шығару тетіктерінде, көлденең тордың негізі үстінде пирамида тәріздес торлы қоршаулар немесе адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа құралдар орнатылады.

Тор тәріздес тік қоршаудың биіктігі бункерлер мен үйілген шұңқырлар үшін дәнді толтыру деңгейінен кем дегенде 0,5 м биік болу қажет.

34. Май тұқымын және шротты қабылдауға арналған элеваторлар сүрленген ұялардың ішіне адамдарды түсіруге арналған аспа бесіктері бар қозғалмалы шығырлармен немесе ішінде тұрақты тұратын металл басқыштармен (тұтқалармен) жабдықталады.

35. Барлық тереңдікте өздігінен жылынудың және өздігінен жанудың, элеватордың бункерлі қоймаларында және сүрленген ұяларында қалудың алдын алу мақсатында май тұқымы қоймалаудың алдында тазалауға және құрғатуға жатады. Тұқымның қоймалау кезіндегі ылғалдылығы технологиялық регламентке сай. Тұқымның температурасы 40 °С көп емес, ал сыртқы ауаның температурасы 35 °С асқан жағдайда, оның температурасынан 5 °С көп болмайды.

36. Май тұқымын сақтауға бекітілген температура диаграммаларда жазыла отырып және температура рұқсат етілген мөлшерден асқан жағдайда дабыл бере отырып автоматты түрде бақыланады немесе техникалық басшымен бекітілген кестеге сәйкес әрбір бақыланатын нүктені ара қашықтықтан қолмен қоса отырып бақыланады.

Сақтауға қойылған май тұқымының температурасы диаграммада жазылу және температура рұқсат етілген мөлшерден асқан жағдайда белгі беру арқылы автоматты түрде, немесе ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша әрбір бақыланатын нүктені қашықтықтан қосу арқылы бақыланады.

Май тұқымының температурасы технологиялық регламентте рұқсат етілген мөлшерден асқан жағдайда, белсенді желдеткішті қолдану, тұқымды бір сүрлемнен (бункерден) басқасына, бір алаңнан басқа алаңға ауыстыру қажет. Осы мақсаттар үшін бос ыдыс (алаң) қарастырылған.

37. Сақтауға қойылған қалдықтар мен шроттың температурасы қашықтықтан басқарылатын тұрақты термометрлердің (термо аспалардың) көмегімен, кестеге сәйкес тексеріледі.

38. Шротқа арналған жаңадан салынып жатқан элеваторлар үшін жатып қалған шротты қопсытуды және оның механикалық түсірілуін қамтамасыз ететін құралдар қарастырылған.

39. Шротты сығу цехынан элеваторға қысып тасымалдағыштың соратын түрі қарастырылған. Қысып тасымалдағыштың қабылдау құрылғысы сығу цехының аясынан тыс (ғимарат сыртында) орналасады және қысып тасымалдағышқа бөтен заттардың – тастардың, металлдың және т.б. түсуінен қорғайтын қорғанысы бар. Ағыс алдындағы көлік элементінің учаскесі және шротты қысып тасымалдағыштың қабылдағышына беретін ағыс ашық және қорғаныс торымен жабдықталған.

Шротты түсіру, кішкене сұрапыл және шрот желісі мембрана типті қорғаныс қақпақтарымен жабдықталады.

Шротты түсіру, кішкене сұрапыл және шрот желісінде қарау және тазалауға арналған саңлаусыз жабылатын люктер қарастырылған.

40. Шроттың өздігінен ағатын құбырлар, қысып тасымалдағыш бойынша ағуы кезінде, ол пайда болатын өндірістің басқа учаскелерінде оны тоқтан қорғау үшін шрот ылғалдылығы бойынша салқындатылады.

Қысып тасымалдағыш және оның элементтері өзінше элементтердің фланецты қосылған жерлерінде электр өткізетін бөгеттерді орнату арқылы жерге қосумен бірыңғай электр желілі жүйені білдіреді.

Сүрленген ұялардың және бункерлердің (шротқа арналған қоймалар мен элеваторларда) ішіндегі көлік элементтері, қыспалы желі, металл басқыштар (тұтқалар), электр қуатының қалыптасуы мүмкін басқа жабдықтар жерге қосылады.

41. Май тұқымы мен шроттардың сынамаларын қолмен алу үшін жер асты қоймаларынан ені 0,7 м кем емес торлы төсеумен және биіктігі 0,9 м кем емес жиекпен көпірлер жасалады.

42. Жер асты типті (шикізаттық немесе шроттық) қоймаларға кіре берістер шығатын ағысқа қызмет көрсететін, конвейерлердің электр қозғалтқыштарымен бекітілген есіктер арқылы орнатылады, осылайша есіктер ашылған жағдайда электр қозғалтқышы өшіріледі. Электр қозғалтқышын кейінгі қосу дыбыстық және жарықтық ескертуден кейін тек қолмен ғана қосу мүмкін. Шығару конвейерінің қозғалысы кезінде конвейер тоқтаған жағдайда автоматты түрде сөнетін, жарық белгісі жұмыс істейді.

Шығару тетіктерінің үстінде түзу пирамида тәрізді торлар болған жағдайда, қоймаларды шығару конвейерлерінің электр қозғалтқыштарымен есікті блоктаусыз пайдалануға жол беріледі.

2 - параграф. Еріткіштер мен майларды ағызу, құю,

тасымалдау және сақтау
43. Тепловоздың көмегімен ағызуға (құюға) цистерналарды беру кезінде цистерна мен тепловоз арасы кем дегенде төрт білікті жабылғымен қамтамасыз етіледі. Тепловоздар ұшқынды басу құралдарымен жабдықталады.

44. Темір жол цистерналарын ағызу кезінде құйылу астындағы цистерналардың өздігінен қозғалу мүмкіндігін, құю құралдары мен жабдықтарының қымталмауының, ауаға ерітінді мен оның буларының түсуінің алдын алатын шаралар, газдану мүмкін болатын аймақта тұрақты немесе кездейсоқ тұтану көздерін болдырмайтын шаралар қарастырылады. Ағызу толтыру эстакадаларының жолдарында орналасқан цистерналар ұшқын атпайтын тежегіш кебістермен бекітіледі. Әр түрлі типтегі цистерналар үшін кебістердің саны есеппен анықталады және ағызу толтыру жұмыстарының технологиялық регламентінде көрсетіледі.

45. Ағызу (құюға) арналған цистерналар жерге қосылады. Темір жол цистерналарынан ерітіндіні ағызу үшін темір жол цистерналарынан мұнайды және мұнай өнімдерін төменгі ағызуға құюға арналған қондырғылар қолданылады. Сондай-ақ осы мақсаттар үшін цистерна қылтасын күту үшін тұрақты алаңы, басқышы және қайырмалы көпірі бар ағызып құятын механикаландырылған тұрғыларды пайдалануға жол беріледі. Көпірдің цистернамен жанасатын бөліктерінде ұшқын болдырмайтын материалдан жасалған жиектеуі бар.

46. Келіп түскен ерітінді кіре беріс бақылаудан өтеді. Цистернадағы ерітіндіден сынама алу цистерна тоқтағаннан кейін, ондағы сұйықтың қозғалысы басылғаннан кейін технологиялық регламентке сай жүргізіледі.

47. Ерітіндіні ағызу және құю кезінде ағызу құралдарын соқпай, абайлап түсіру және көтеру, люктердің қақпақтарын абайлап ашу және жабу қажет.

48. Тұрақты қоймалық (шығаратын) ыдыстар ретінде темір жолдарында орналасқан, ішінде ерітінділері бар темір жол цистерналарын пайдалануға жол берілмейді.

49. Ерітінді қоймасының аумағына келетін автокөліктер, тракторлар және өзге механикаландырылған көлік ұшқын басқыш және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

50. Ағызатын құятын құрылғыларды және резервуарларды найзағайдан қорғау ғимараттар мен құрылыстардың найзағайдан қорғау құрылғысына қойылатын талаптарға сәйкес орындалады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде ерітіндіні құю (ағызу) жүргізілмейді.

51. Иілгіш құбыршектер темір жол цистерналарына және басқа стандарттан тыс жабдыққа құю және ағызу үшін, қосымша операцияларды (аппараттарды, құбыр желілерінің учаскелерін, сорғыларды үрлеу, құбыр желілерін ерітінді, мисцелла, май және т.с.с қалдықтарынан тазалау) орындау үшін қолданылады. Қосымша операцияларды жүргізу үшін иілгіш құбыршекті тек жұмыс жүргізу кезеңінде қосуға жол беріледі. Құбыршектерді құбыр желілерімен біріктіру қамыттардың көмегімен жүзеге асырылады.

52. Иілгіш құбыршектерін (резеңкелі, пластмассалық және т.б.) жарылып өртенуге қауіпті өндірістерде ерітіндіні, мисцелланы, майды тасымалдау үшін тұрақты құбыр желісі ретінде пайдалануға жол берілмейді.

53. Тасымалданатын өнімнің қасиетін және оның көрсеткіштерін ескере отырып құбыршектерді таңдау, оларды монтаждау және пайдалану, құбыршектің сақталу және пайдалану мерзімін анықтау технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

54. Статистикалық электрден қорғану статистикалық электрден қорғану талаптарына сәйкес орындалады.

55. Ағызу құю операцияларына арналған, металл ұштамалары бар резеңке құбыршектерінде статистикалық электрден қорғанысы бар.

Құбыршектердің ұштамалары соққан кезде ұшқын бермейтін металлдан (қола, мыс және басқалар) дайындалады.

56. Еріткішті тасымалдайтын автоцистерналар жермен жанасатын сыммен жабдықталады, ал қақпақша құбырлар радиатор астына шығарылады және ұшқынды сөндіру құралдарымен жабдықталады. Автоцистерналар олардан еріткішті ағызу кезінде жермен жанасатын құрылғыға қосылады.

57. Резервуарларды еріткіштермен толтырған кезде өнімнің температуралық кеңеюі үшін кем дегенде 10 % бос орын қалдырылады.

58. Ағызу құю жүйелерінде ағызатын еріткіштерге төзімді материалдардан жасалған жабдықтар мен құралдар қолданылады.

59. Еріткішті негізгі сақтау резервуарлары деңгейді бақылау жүйесімен, демалу қақпағымен және отқа тосқауыл қою құралымен жабдықталады.

Еріткішті айналмалы сақтау резервуарлары және апаттық сауыт еріткішті рекуперациялау жүйесі бар бу мен ауа қоспасының желісімен біріктіріледі.

60. Еріткіштерді сақтау резервуарларын пайдалану кезінде демалу қақпақтары мен отқа тосқауыл қою құралдарының дұрыстығына бақылау жасалады. Отқа тосқауыл қою құралы айына кем дегенде бір рет, ал 0 °С төмен температура кезінде кем дегенде 10 күнде бір рет тексеріледі.

61. Еріткіштер қоймалары және құю төгу эстакадалары жобаға сәйкес өрт сөндірудің алғашқы және тұрақты құралдарымен, белгі бергіш және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Еріткіштер мен майларды тасымалдайтын автомашиналар мен автоцистерналар кем дегенде екі бес литрлік ұнтақ өрт сөндіргіштермен жабдықталады.

3 - параграф. Материалды тазарту, құлату, ұнтақтау, ылғалды жылумен өндеу және бөлуге дайындау
62. Тұқымдарды құлату алдында тастардан, металл және өзге бөтен қоспалардан тазартады. Тазалау алдында дәні, қуырғышта өндеу алдында жұмсағы, ұнтақтау алдында қалдығы металл қоспалардан тазартылады.

63. Тұқымды ұнтақтау үрдісі жаншу станоктарында қорғаныс қалқандары болған жағдайда жүргізіледі.

64. Қуырғыш кенеттен тоқтатылған жағдайда оның электр қозғалтқыштары, басқаша белсендірудің немесе булау, дымқылдап айналдыру конвейерінің және қуарғышты қоректендіретін барлық көлік элементтерінің электр қозғалтқыштары өшіріледі, қуарғышқа ақырын будың берілуі тоқтатылады. Қуырғышты тоқтату ұзақтығы 1 сағаттан асса, онда өздігінен жануының алдын алу мақсатында күбіні түсіру және салқындатылғаннан кейін материал қалдықтарынан тазарту қажет.

65. Қуырғыш күбісінде металлды соққы және қайрау пайда болған жағдайда оны тоқтату, буды беруді тоқтату, қуарғыштағы затты кезегінен ең төменгі күбіден бастап, күбілердің люк-лазы арқылы қолмен жерге түсіре отырып тазалау қажет. Қуырғышты салқындатқаннан кейін пышақтар мен түбінде мүмкін болатын жерлерге көңіл аудара отырып, күбіні толығымен тексеру; металлды алу, табу және мүмкін болған зақымдануды жою, затты алу қажет. Зат температурасына бақылау жасалады.

66. Шнек тығыздағышы кенеттен тоқтатылған жағдайда тығыздағыш қорегіне затты беруді тоқтату, төбесін қысу, ал тығыздағыш 10 минуттан көп уақытқа тоқтатылған жағдайда қоректендіргішті және тығыздағышты материалдан тазалау қажет.

67. Тығыздағышқа металл түскен жағдайда тығыздағыш пен қоректендіргіштің электр қозғалтқышын ажырату қажет. Салқындатылғаннан кейін тығыздағышты ажырату және одан металлды алу қажет.

68. Сығу цехы кенеттен тоқтатылған жағдайда тығыздау цехында қалдықты сақтау қуырғыштардың жұмыс көлемінен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Сақталатын қалдықтың температурасына бақылау жасалады. Қалдықтың температурасы көтерілген жағдайда оны салқындату үшін ауыстыру керек. Қалдықты жерге түсіруге негіз болған себеп жойылғаннан кейін оны қайта өндеу керек. Тиеу аймағының орналасқан жері технологиялық регламентке сай жабдықталады.

69. Сығуға түсетін материал үшін ұзақ фракцияларды бақылау және елеу үшін техникалық құралдар қарастырылған. Ұзақ фракцияларды елеу және оны қайта өндеуге қайтару сығылатын материалдың сығу цехына түсуіне дейін жүзеге асырылады. Сығу цехы мен дайындау бөлімінде жалпы қабырға болған жағдайда материалды қыратын конвейерге, дайындау бөлмесінің электр жабдығы В-1а санатына сай болған жағдайда есепке алмағанда, еріткіш буларының көлік элементтері арқылы басқа санатты бөлімге түсуін болдырмау мақсатында кері тармақпен қайтаруға жол берілмейді.

70. Сығуға түсетін материалдың температурасы бақыланады. Температураның шекті рұқсат етілген мәні технологиялық регламентте көрсетіледі.

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет