Пікір жазғандар


Бөлім I. Арнайы педагогиканың теориялық негіздері



бет2/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
арнайы кітап

Бөлім I. Арнайы педагогиканың теориялық негіздері


§ 1. Арнайы педагогика ғылымы туралы түсінік



  1. Арнайы педагогиканың пәні, нысаны, мақсаты мен міндеттері

  2. Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері

  3. Арнайы педагогиканың малалары

  4. Арнайы педагогиканың әдістері

Көптеген жылдар бойы арнайы педагогика саласындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды зерттеу, оқыту мен тәрбіелеу мәселесі басқа ғылыми салалармен бірігіп қарастырылып келеді. Психикалық дамудың кешеуілдеуі дефектологиялық зерттеулерде клиникалық, психологиялық және педагогикалық тұрғысынан зерттелген.
ХХ ғасырдың 90- шы жылдарынан бастап екі ғылымның: арнайы педагогика мен арнайы психология саласының бағыттары дербес дами бастады.
Арнайы педагогика аралас ғылымдармен, соның ішінде медицинамен, арнайы психологиямен тығыс байланыса отырып, педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде қарастырылды.
Арнайы психология зақымдалған психикалық ерекшеліктерін, оның ішінде себептерін, оның мәнін, заңдылықтарын, танымдық әрекеттері мен эмоциялық - ерік саласын, тұлғалық дамуын зерттейді.
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі бола отырып, оның бір саласы ретінде дене және психикалық дамуында кемшілігі бар тұлғаларға арнайы білім берудің теориялық және қолданбалық аспектлерін құрастырады.
Қазіргі уақытта халықаралық педагогикалық теориямен практикада”арнайы педагогика” мен “арнайы білім беру” атаулары қатар қолданылады. Бұл атаулар әлемдік білім беру жүйесіндегі гуманистік көз қарастар бойынша “коррекция” “қолдау” түсініктерімен сәйкес келеді. Ағылшын тіліндегі “special” атауының түп- тамыры бойынша “ерекше, жеке” деген ұғымды бере отырып, арнайы педагогиканың жеке түрдегі бағытын анықтайды.
Арнайы педагогика- педагогикалық білімнің құрамдас бір бөлігі болғанына қарамастан, көлемді ғылым саласы (латын тілінен аударғанда specialis- туыс, түр) деген мағынаны береді. Нақты түрдегі қабылданған анықтамасы, арнайы педагогика- мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің теориясы мен технологиясын зерттейтін ғылым.
Арнайы педагогиканың нысаны педагогикалық феномен ретінде қарастырылатын ерекше білімді қажет ететін тұлғаларды арнаулы оқыту процесі.
Арнайы білім берудегі зерттеулер мен педагогикалық көмек көрсету жұмысының субьектісі- мүмкіндігі шектеулі тұлға.
Арнайы педагогика пәні- арнаулы оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен тәрбиесі, дамудағы кемшіліктерді алдын алу, түзету мен жою, олардың әлеутеттенуіне бағытталған коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың қағидалары, мазмұны мен әдістері.
Арнайы педагогиканың мақсаты- психикалық немесе дене дамуында кемшілігі бар тұлғаларға білім беру мен оларды әлуметтендірудегі арнаулы білім беру мазмұнының теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру.
Арнайы педагогика білім беру жүйесіндегі мәселелерді шешуде (П.П. Блонский, Л. С. Выготский, Д.Б Эльконин, Т.А. Власова, М.С Певзнер, Т. Келлер, В.И Лубовский, Ж.И. Намазбаева, Р.А Сүлейменова, А.Грюневальд, К.Ван Рейвейк, В.Вейнс, Р. Штайнер және т.б) теориялық қағидалары мен ғылыми ілімдеріне сүйене отырып, негізгі міндеттерді теориялық және практикалық міндеттерге бөледі.
Теориялық міндеттері:

  • арнаулы оқыту мен тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негәздерін құрастыру;

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеудің қағидаларын, әсістері мен мазмұнын құрастыру;

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім берудегі педагогикалық жүйелерді зерттеу;

  • дамудағы кемшіліктердің алдын алу мен жоюдағы педагогикалық құралдарды анықтау, жасақтау және жүзеге асыру.

Практикалық міндеттері:

  • арнаулы білім бере мекемелерінде және инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық процесті ұйымдастыру;

  • арнаулы білім берудегі педагогикалық технологияларды жасақтау;

  • білім беру және коррекциялық- дамыту оқыту бағдарламаларын құру;

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кәсіптік білім беру, оларды әлеуметтік- еңбекке бейімдеу бағдарламаларын құру;

  • алдыңғы қатарлы педагогикалық іс- тәжрибелерді талдау, қортындылау.

Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдас бөлімі ретінде жалпы педагогикалық түсініктерге сүйепіп, арнайы педагогиканың ерекшелігін анықтайтын арнайы терминологияны қолданады.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі нормативтік- құқықтық құжаттарда арнаулы білім беру саласында қолданылытын кейбір терміндерге анықтама беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет