Пікір жазғандар


Бақылау сүрақтары мен тапсырмалары



бет9/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сүрақтары мен тапсырмалары
1. Арнайы педагогикадағы (философиялық түсініктерге сипаттама жасаңыз.
2. Арнайы псдагогикадағы философиялық білімнің атқараіын функциялары.
З. Философиялық көзқарастардың дамуындағы өалыптан гұыс даму туралы пегізгі үрдістерге талдау жасаңыз.
§ 4. АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЕСНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ
1. XX ғасырдағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметке бейімдеудің жұмысындағы өзгерістер
2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаны әлеуметтендірудің қазіргі
тұжырымдамалары
Адамның әлеуметтік қажеттілігі туралы идеялардың мазмұнына сай мүмкіндігі шектеулі тұлғаны әлеуметтік реабилитациялау тұжырымдамасы (В.Штерн, А.Мессер, Г.Рикксрт) философтардың ыкпалымен шет мемлекеттерде XX ғасырдың ортасына дейінгі аралықта дамыса, Қазақстанда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басынан бастап калыптасты. Аталған тұжырымдамаға сай мүндай тәрбие мектептері адамды қоғамның белсенді мүшесі ретінде тәрбиелеуге міндетті деп есептеп, мүмкіндігі шектеулі бала қоғамның кұрып отырған бұл ережесінен тыс қалмай қалыпты балалармен тең түрде қоғамның дамуына өз пайдасын, үлесін қосуы қажет деген әлеуметтік пікірлердің аясында қарастырыла бастады. Бұл контексте арнайы білім беру жүйесінің құндылығы айрықшаланып, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамдық пайдалы еңбекке кемшілікті түзету мен компенсациялау негізіндс араластырып, олардың өз бетінше өмір сүруін қамтамасыз ету басшылықка алынды. Қоғам өзінің ережесі мен адам туралы заңдарын алдын ала құруда, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жан-жақты даму керектігін көрсетіп отырды.
Бұл тұжырымдама Батыс Еуропа елдері мен АҚШ мемлексттерінде XX ғасырдың 20-шы жылдарында жокқа шығарылып, социал-дарвинизм, биологиялық нәсілдік идеялары негізіндс күшейтіліп, алғашқы дүние жүзілік соғыстан кейін мүмкіидігі шекгеулі тұлғалардың қажет еместігі, оларды қолдаудың еш нәтиже бермейтіндігі туралы теріс көзқарастар қалыптаса бастайды. Осы көзқарастар негізінде АҚШ, Канада, Дания, Швейцарияда, кейінірек Германияда мәжбүрлеу нсгізінде елді мұндай адамдардан тазарту туралы заңдар қабылданды. Осы идеялардың тежірибеге енуіне зор ықпал етуде билік басын фашизм бақкарған елдер маңызды орын алған уақытта, ұлтшыл-сопиалистер «әлеуметтік тұрғыдағы қажеттіліктерге үшырағандарды» идеологиялық негіздемелер мен қамтамасыз етуді қажет деп санады. Мүмкіндігі шектелген тұлғаларға деген козқарастардың идеолог иялық бағыты айкындалып, зардап шеккендерге көмек көрсетудін қажеті жоқ деген ой-пікір қалыптасты.
1933 жылдың өзінде Германия мектептерінде нәсілдік гигиена, нәсілдік биология пәндері негізінде білім беру ісі ұйымдастырылып, әлеуметтік жағынан қажетсіз деп саналған күрделі түрдегі ақыл-ой дамуы бұзылғандарды, еңбекке жарамсыз мүтедек қарттарды, туберкулез, эпилепсиямен зардап шегетіндердің көзін жою жұмыстары жүргізілді. Мұндай тұлғаларға көмек көрсетксн педагог-дефектологтардың ізіне тусіп, оларды концлагерьлерге жіберу немесе омиграциялау жұмыстары қолға алынды. Арнайы педагогиканың тарихын зерттеушілердін пікірінше, соғыстан кейінгі Германиядағы арнаулы білім беру жұмысын дамытуды қайта қарастыру керек болды.
Совет Одағындағы арнайы педагогикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау тұжырымдамасы социализм мен коммунизм дәуірін құру жұмыстарымен сәйкестене отырып, фашизм уақытындағыдай емес мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамдық көзкарастар тұрғысынан қарым-қатынас жасау бағыты құрылды. Сондықтан көптеген онжылдықтар бойы қамқорлык көрсету бағытындағы патерналистік позицияны ұстану, мүмкіндігі шектеулі балаға деген қоғам мен мемлекеттің позициясы оларды білім алуына мүмкіндік берудегі интернат типіндегі жабық білім беру мекемелеріне қабылдау, арнаулы білім беру кеңістігіне қосуды дұрыс деп санады. Білім берудегі әлеуметтік бейімдеу жұмыстарыныц шектелуі, еңбек нарығындағы қажетті мамандықты игере алмау, жалақы көлемінің төмендігі мүмкіндігі шектеулі түлғалардың кедейленуіне, олардың әлеуметтік қоғамдағы өздерінің рөлін таба алмаушылық, әлеуметтік мәдени қызмет түрлерін орындай алмаушылық, қажетті мәдени ақпараттарды игермеушілік, т.б. сипатталатын маргинализациялануға әкеліп соқтырды.
Патерналистік дәстүр бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғаның әлеуметгік мәдени ортамен байланысы шектеліп, отбасылық өмірдегі үздіксіздігі жойылады. Патернализм әлеуметтік белсенділікті ғана төмендетіп қоймай, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еңбек етуіндегі талаптардың шектелуіне апарады, соның ішінде маргинализациялануды күшейтеді.
Шетелдерде соғыстан кейінгі жылдарда көтерілген демократиялық және ұлттық қозғалыстармен бірге адамның әлеуметтенуіне, қажеттілігіне бағытталған өзгерістер басталды. Осыған байланысты 1948 жылы «Адам құқығы» декларациясы қабылданған соң әлемдік қоғам гуманистік сипаттағы халықаралық құқықтық актілер бойынша өмір сүруге бет бұрады. Әлеуметтік реабилитациялаудағы жаңа көзқарастардың орталығына негіз болған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды өз бетінше өмір сүруге, тәуелсіздікке бағыттауда өмір сүрудегі тәуелсіздік тұжырымдамасы құрылды. Өмір сүрудегі тәуелсіздік түсінігінде материалдық тәуелсіздік емес, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың күнделікті өмірдегі, қоғамға бейімделуіндегі тәуелсіздігі қарастырылды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі, білім алуы туралы ерекше қажегтіліктерді жүзеге асыру жұмыстары экномикалық және әлеуметтік шаралардың орындалуын назарға алды. Сонымен, қоғамдық пайдалы еңбек пен адамның әлеуметке пайдасы әлеуметтік реабилитацияның жеке және жетекші тұжырымдамасы әлеуметтік-экномикалық, қоғам тарапынан көрсстілетін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдау, қоғамдық санада қабылдаумен түсіндіріліп, адамды әлеуметтік реабилитациялаудағы қазіргі тұжырымдама мүмкіндігі шектеулі тұлғаның өзгеруін ғана емес, қоғамның өзгеруін әділетті түрде қарастырылу керектігін ұсынды. Бұл турасында мұмкіндігі шектеулі түлғалар дені сау адамдардың өмір сүру ережелеріне сәйкес, қоғамға интеграциялануы тиіс. Осыдан келіп қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтенуіне ресурстардың көп жұмсалатындығы айқындалуынан, 1993 жылы қабылданған БҰҰ Мемлекеттік Ассамблеядағы көрсетілген Мүгедектердің тең құқығын сақтаудағы стандартты ережеде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік-мәдени жағынан қалыптасуын шешудегі интеграция жүйесі көрсетілген.
Арнайы педагог баламен жұмыс жасауда бірінші күннен бастап-ақ ол баланың әлеуметтік-мәдени фундаментін қүруы керек. Педагог баланың сепецификалық (жынысы, жасы. әлеуметтік шығу тегі) және типологиялык (мүмкіндіктің шектелу типі) ерекшеліктерін есспке алып, иитеграциялау. баланың әлеуметтік-мәдени дамуын психологиялық-псдагогикалық тәсілдермен қалыпқа келтіру жұмыстарын ұйымдастыра білуі керек. Арнайы педагогика арнаулы білім берудің бастапқы және соңғы мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын, коррекциялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар тәуелсіз өмір сүрудегі әлеуметтік-мәдени қалыптасу үлгілерін анықтайды. Әрбір категория бойынша білім алушының ерекше білімді игерудегі қажеттіліктерін, өзіне қызмет ету дағдысын, әлеуметтенуін, қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктерін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет