Пікір жазғандар



бет31/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   99
арнайы кітап

Коррекция (латын тілінен аударғанда соггесііо-түзету) дамудағы психикалық және дене кемшіліктерді түзетуге бағытталады. Коррекциялау терминін қолданған кезде, жеке кемшіліктерді (көру, есту) түзету қабылдағандай, дамуында ақауы бар баланың жеке түлға ретіндегі қалыптасуына біртұтас оқыту мен тәрбиелеу кезінде жетістіктерге жетуді мақсат ету керек. Бала дамуындағы танымдық әрекет пен дене дамуды жаңғырту түсінігі «коррециялық-тәрбиелеу жұмысы» терминімен анықталады. Коррекциялық тәрбиелеу жұмысы МШ балалардың жеке кемшіліктеріне ықпал ете отырып, кемшіліктің әлеуметтік біртұтастықты тежейтіндігін ескеріп, кешенді педагогикалық әсер ету жүйесін құрайды. Ол баланың танымдық әрекеті мен жеке ерекшеліктерін дамытудағы қарапайым механикалық жаттығуларды жүргізу ғана емес, арнайы мекеменің оқу-тәрбие процесіндегі әрекетін қамтиды.
Коррекциялық-тәрбиелеу жұмысының міндеттеріне баланың еңбек, білім, іскерлік, дағдасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын кластан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлері кіреді. Оқыту мен дамытудың ерте кезеңінде МШ баланың қоршаған орта туралы елестетуі, өзіне қызмет ету дағдысын калыптастыру, ерікті қозғалысқа түсудегі әрекеттерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Одан әрі қарай коррекциялық-тәрбиелеу жұмысы осы балаларға білім беруге бағытталады.
Компенсеция (латын тілінен аударғанда compensatio-организмдегі сақталған анализаторлардың көмегімен дамудағы кемшіліктің орнын басу процесі) процесі жоғары жүйке әрекетінің резервтік мүмкіндіктеріне сүйенеді. МШ балалар дамуындағы компенсация процесі кезінде шартты байланыстар арқылы жаңа динамикалык жүйелер, кемшілікке ұшыраған функциялардың қызметі жүзеге асады. Арнайы оқыту мен тәрбиелеу кемшілікке ұшыраған функциялардың дамуы мен қалыптасуына мүмкіндік береді. Компенсация процесі кемшілікті толығымен жойып жібере алмайды, дегенмен кемшіліктердің әсерінен пайда болған жалпы қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Сондықтан әлеуметтік компенсация негізіндегі құрылған әдістер аркылы баланы әлеуметтік тәрбиелеудің маңызы зор. Компенсация процесі негізінде түрлі әлеумеітік қатынастарға араласу, белсенді қарым-қатынасқа түсу, қоғамдық әрекетке баулу жұмыстары жүргізіледі. Арнайы педагогикалык әрекет неғұрлым ерте басталса, соғұрлым компенсация процесіндегі жетісістіктердің көрсеткіші артады. Дамудың ерте кезеңінде басталған
рекциялық-тәрбиелеу жұмыстары дамудағы екінші кемшіліктің алдын алып, а дамуына жағымды жағдай туғызады.
Реабилитация - дамудағы кемшілікті медициналық құралдардын көмегімен алыпқа келтіру процесі. Реабилитациялау процесінде аурудын әсерінен болған кемшіліктер компенсацияланады.
Әлеуметтік бейімдеу (латын тілінен аударғанда rehabilitas) керексізді қабілетті қалыпқа келтіру деғенді білдіреді. Медициналық-педагогикалық мағынада МШ баланы әлеуметтік ортаға қосу, оның психофизикалық мүмкіндігше қарай қоғамға, еңбекке араласуға дағдыландыру процесі
Оқушының мектепке дайындығын анықтау, оңтайлы педагогикалық жағдайларды жүзеге асыру жалпы педагогика, арнайы педагогика, физиология психоневрологиялық аурулардың клиникасы, әлеуметтану пәндерінің бірігуімен жүзеге асады.
Бала тұлғасының ерекшеліктерін жүйелі түрде талдау бала дамуындағы кемшшіктерді ғана емес, жеке даму динамикасын, кемшіліктердің себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Диагностикалау жұмыстарының міндеттері кеңес беру-диагностикалау арқылы педагогикалық процестің коррекциялык-дамыта окыту бағытында құрылуына, профилактикалауға, бала денсаулығын шынықтыруға, оқу-тәрбие процесінің топтық, жеке түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оңтайлы түрде педагогикалық жағдайларға таңдау жасауда баланың жеке ерекшеліктерін ғана емес, жас ерекшелік кезеңдерін де есепке алуымыз керек.
Дамудағы екінші кемшіліктің алдын алуда жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық міндеттер білім берудің арнайы құралдарының көмегімен кемшілікті коррекциялау, компенсациялау процесін жүзеге асырады. Себебі, дамудағы кемшіліктің әсерінен болған жағымсыз жағдайларды түзетуде білім беруің мазмұны мен формалары анықталады. Мысалы, есту қабілеті бүзылған бала бойындағы кемшіліктерді түзетуде қосымша пайда болған кемшіліктерге де назар аударып, есту қалдығын дамыту, ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру, сөйлеу әрекетіне баулу, ерін қимылынан оқуға дағдыландыру, байланыстырып сөйлеуге үйретудегі коррекциялық-педагогикалық қолдау жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан білім беру бағдарламаларының оқу материалдарын игертуді ғана емес, әлеуметтік бейімдеу, кеңістік пен уақыт арасындағы бағдарлау дағдысын қалыптастыру, өз-өзіне қызмет ету, тұрмыстық дағдыларды игерту, қарым-катынастың түрлі формаларын игерту, тәртіп нормаларын игерту жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс.
Интеллектінің сақталу деңгейіне қарай мүмкіндігі шектеулі тұлғалар білім беруді түрлі деңгейде игерулері мүмкін. Мысалы, саңыраулар, нашар еститін балалар, соқырлар, нашар көретін балалар, тірек-қимыл аппараты бұзылғандар, эмоциялық-ерік сферасы мен тәртібі бұзылғандар, күрделі тіл кемшілігі анықталған балалар орта білімді игерумен шектелмей, орта және жоғары кәсіби білімді игере алады. Интеллектісі бұзылған тұлғалар қарапайым түрдегі жалпы білімді игеруде дайындықтан өтіп, интенсивті түрдеп интеллектуалдық мүмкіндікті кажет етпейтін мамандықты игеруге қабілетті.
Ақыл-ой дамуындағы кемшіліктің күрделі деңгейі анықталған тұлғалар жеке дамыту бағдарламасы бойынша білім алып, даму ерекшеліктерше қарай гигиеналық, қарапайым тұрмыстық дағдыларды, қарапайым еңбек дағдыларын игереді. Арнаулы білім берудің мазмұны дамудағы кемшіліктің ерекшелігіне ғана емес, жас ерекшелік кезеңіне байланысты құрылады.
Осы жағдайларға байланысты арнайы білім беру мекемелеріне арналған оқу жоспарларынан бірнеше ерекшеліктерді байқауымызға болады.
Жалпы білім беру циклындағы бағдарламалар бойынша пәндер тізімі жалпы білім беретін мектептерге ұқсас келеді. Зиятының жетіспеушілігі бар балалардан басқа МШ балалар топтары цензалы білім алады. Кейбір бөлімдері оқытудағы сағат сандарының қысқаруы байқалады. Мысалы шет тілі арнайы мектептің көбінде оқытылмайды.
Коррекциялық бағыттагы пәндердің оқытылу мүмкіндігі шектеулі балалар дамуының сипатына қарай анықталады. Мысалы зағип және нашар көретін балаларға арналған мекемелерде «Кеңістікті бағдарлау», тіл кемістігі бар оқушыларға «Қоршаған ортамен таныстыру және тіл дамыту», ой-өрісінің жетіспеушілігі бар оқушыларға «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәндері оқытылады. Коррекциялық пәндер бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына енгізілгендіктен, бастауыш буындағы оқытудың ұзақтығы 4-5 жылға созылады. Оқу жылының жалпы уақыты 10-12 жылмен есептеледі. Осы уақыт аралығында арнайы мектеп оқушылары (зияты зақымдалған балаларға арналған мектептерді қоспағанда) жалпы білім беретін мектептің 9 -шы сыныбына арналған оқу бағдарламасын игереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет