Пікір жазғандар



бет28/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сабағында оқушылар тексеру, бақылау жұмыстарын орындайды. Игерген білімді қорытындылау сабақтары ауызша, жазбаша түрде ұйымдастырылады.
Іскерлік пен дағдыны бекіту және қалыптастыру сабағы кезінде оқушылар практикалық әрекетке бағытталған жұмыстарды орындайды.
Аралас сабақ кезіндегі жұмыстар түсіндіру, қорытындылау, тексеру түрінде құрылады.
Кәсіптік- еңбекке баулу сабақтары өзге сабақтардан ерекшеленіп мектеп шеберханалары мен мектеп аумағында ұйымдастырылады. Білімді бағалау - оқу процесінің ажырамас бөлігі. Арнаулы мектеп оқушыларының білімін бағалау жалпы білім беретін мектептегі бағалау параметрлер бойынша оқушылардың ерекшеліктерін есепке алу аркылы жүзеге асырылады. Арнаулы мектептегі оқушының білімін бағалау ынталандыру факторы ретінде ерекше роль алады. Сондықтан кейбір балалардың білімдерін жоғары бағалаудың қажеттілігі туады. Білімді бағалау кезінде оқушылардың жеке даму ерекшеліктерін есепке aлy қажет. Мысалы, дәптердегі бояу, шимай үшін бағаны төмендетпеу т.б. Интеллектісі бұзылған баланы жеңіл түрдегі тапсырмаларды орындағаны үшін бағалаймыз.
Оқушының білімін, іскерлегін, дағдысын күнделікті бағалау оқушының жеке ерекшеліктерін есепке алуға көмектеседі. Білімді қорытындылау баланың күнделікті берген жауаптарын, үй тапсырмаларын орындаудағы мүмкіндіктерін, өз бетінше орындау кезіндегі әрекеттерін есепке алуда жүзеге асырылады. Сабақтың мақсаты мен міндеттерінен тыс оқушыларға өмірмен, қоршаған ортамен байланыстағы тапсырмаларды түсіндіру, жауап алу жеңілірек.
Оқу процесіне бақылау жасау мүғалімге оқу материалының көлемі мен мазмұнын анықтауға көмектеседі. Сабақтың құрылымы ретінде сабақтың әр бөлігінің нақты міндеттері анықталады.
Сабақтың жалпы элементтеріне тоқталсақ, олар мыналар:
- сабақтың ұйымдастыру бөліміне 1-2 минут бөлінеді, сабақтың ұйымдастыру кезеңі арқылы сабақтың келесі бөлімдерінің тиімділігі анықталады;
- үй тапсырмасын тексеру бөлімінде оқушылардың орындаған тапсырмалары тексеріледі;
- жаңа материалды игеруге дайындық кезеңінде оқушылардың жаңа материалды игерудегі дайындықтары тексеріледі;
- сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау;
- жаңа материалды хабарлау кезеңі - сабақтың негізгі бөлігі болып табылады. Сабақты түсіндіру кез-келген сабакты ғылыми тұрғыдан түсіндіруді талап етеді. Ғылыми дәлелдеулердің логикасы ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаға түсінікті болуы тиіс.
- сабақты бекіту бөлімінде ауызша сұрақ-жауап, жазбаша жұмыстар, ойын түріндегі тапсырмалар орындалады;
- сабақты қорытындылау кезеңінде мұғалім сабақтың негізгі бөлімдеріне шолу жасап, оқушылардың сабақ үстіндегі әрекеттеріне талдау жасайды;
- үй тапсырмасын хабарлау бөлімінде үйге берілген тапсырманың орындалу барысын түсіндіреді.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы педагогикалық жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады. Арнаулы мектептегі сабакқа дайындыктың қорытындысы оқушыға берілетін оқу материалының мазмұнын қамтиды. Сабаққа дайындыктың маңызды бөлігі - сабақты дұрыс жоспарлау. Сабақты жоспарлау бірнеше кезеңнен тұрады.
Сабақтың тақырыптық жоспарында тақырып материалдары белгілі сабақ сандарына бөлінеді. Тақырыптық жоспарды кұруда сабақтың мақсаты мен міндеттері анықталады. Тақырыптық жоспардың негізгі элементтері:
- сабақ тақырыптарының атауы;
- мақсаты мен міндеттері (білімдік, дамытушылық, тәрбиелілік, коррекциялық);
- оқу материалының негізгі мазмұны;
- материалды игерту тәсілдері;
- оқыту құралдары;
- оқу материалын қорытындылау формалары;
- сабақты өткізу уақыты.
Сабақтың тақырыптық жоспары оқу пәндерін игертуде жүргізілетін жұмыстарды жан-жақты түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Күнделікті сабақ жоспары-жеке сабақты өткізудің жоспары тақырыптық сабаққа сәйкес кұрылады.
Сабақ жоспарының пункттері: күні, тақырыбы, мақсаты мен міндеті, көрнекілігі, сабақтың барысы, қорытынды, үй тапсырмасы. Күнделікті сабақ жоспарының элементтері:
- такырыпты бекіту және материалдың мазмұны;
- білімдік, тәрбиелілік, дамытушылық, коррекциялык міндеттер;
- сабақтың типі мен кұрылымы;
- сабақтың барысы;
Сабақ типтеріне сәйкес сабақтың бөлімдері:
Жаңа материалды хабарлау сабағының құрылысы
1. Сабақты ұйымдастыру.
2. Сабақтың мақсаты мен міндеттері.
3. Жаңа материалды игеруге дайындық.
4. Жаңа материалды хабарлау.
5. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
6. Үйге тапсырма беру.
Қайталау және жүйелеу сабағы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың мақсаты мен міндеттері.
3. Оқу материалын жүйелеу және бекіту.
4. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
5. Үйге тапсырма беру.
Аралас сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін кою.
4. Жаңа материалды хабарлау.
5. Өткенді қайталау немесе бекіту.
6. Сабақты бекіту, қорытындылау.
7. Үйге тапсырма беру.
Іскерлік пен дағдыны бекіту және қалыптастыру сабағы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.
4. Оқушылардың білімдерін анықтау, бекіту.
5. Іскерлік пен дағдыларын бекітуге арналған тапсырмалар мен жаттығулар.
6. Қорытынды.

7. Үйге тапсырма беру.




Бақылау сабағы
1. Бақылау жұмысының мақсатын,орыдалуын түсіндіру.
2. Бақылау жұмысын орындау тәсілдерімен таныстыру.
3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауы.
4. Жұмыстың қорытындысын алдын-ала бағалау.

Жеке,жеке – топтық және сыныптағы сабақ ұйымдастырылу формалары оқытудың негізгі формаларына жатады.Осымен қатар педагогикалық процессте оқытудың қосымша және қосалқы ұйымдастыру формаларын кеңінен қолдануға мүмкіндік бар.Олар: экскурссиялар,қосымша сабақтар, сыныптан тыс ұйымдастырылған педагогикалық жұмыс (мысалы сыныптан тыс әдебиеттерді оқыту), үй жұмысы ұйірмелер,конкрустар т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет