Біріктіріп оқыту шартында арнайы педагог қызметінің бағыты
Арнайы педагог жұмысының негізгі бағыттарының бірі - дамуында ауытқуы бар баланың ата-анасымен тығыз қарым-қатынаста болу. Баланы оңалту мен кіріктіру бағдарламасын жүзеге асыруда ата-ана мен отбасы серіктес ретінде қарастылуы қажет. Сондықтан да мүмкіндігі шекеу Кфіктірудегі кешенді бағдарламада отбасының әлеуметтік-интеграциялық араларды жүйелі орындау қатынастарын қалыптастыру үшін міндетті түрде ата-аналармен арнайы дайындық жұмыстары қарастырылады. Отбасы бала иындағы әлеуетін ашуға және көтеруге көмектесу қажет: оңалту және кіріктіру. Қалыпты деңгейде дамыған баланың ата-анасы мұндай отбасымен Қарым-қатынас жасаудан аулақ болады. Сол себептен арнайы педагогпен қатар қатар білім беру мекемелеріндегі мұғалімдер ұжымының негізп міндеттерінің дамуында ауытқуы бар бала отбасының басқа да отбасылармен қарым-қатынас жасауын ұйымдастыру. Жоғарыдағы серіктестік қызметті жүзеге асы үшін мектепте ата-аналар үшін арнайы клубтар, мектептік іс-шараларға қатыстыруға көмек көрсететін арнайы топтар ұйымдастырылуы мүмкім Сонымен катар ата-аналарға кеңес беретін арнайы психологтар жұмыс жасау қажет. Қалыпты деңгейдегі және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата- аналармен әңгімелесу, дөңгелек үстел және тренингтер, арнайы дәрістер ұйымдастыру.
Арнайы педагог сабақты жүргізумен қатар мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу үрдісіне белсенді қатысады. Тәрбие педагогикалық үрдістің бір бөлігі болып жеке түлғаның даму ерешеліктерін, өмір стратегиясын анықтайды Тәрбиенің экзистенциальды және әлеуметтік қүлдылығы жеке түлғаның әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру бойынша алуантүрлі қызметін қалыптастыруға ынталандыру мен ұйымдастыру үрдісін жүзеге асырады: білім, тәжірибелік білік пен дағды, әлеуметтік қатынасты жоғарлататын шығармашылық әрекет амалы. Сондықтан да дамуында ауытқуы бар баланы мектеп ішіндегі түрлі тәрбиелік үрдіспен қатар сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру қажет.
Р.П. Дименштейн, П.Ю. Кантор, И.В. Ларикованың көзқарасы бойынша мұғалімнің сыныпқа енгізілген психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баламен жұмыс жасап, түрлі категориядағы балаға оқу материалын түсіндіру мен туындаған проблеманы шешуге қабілетті болғанда ғана жоғары бағаланатынын айтқан. Сондықтан да түрлі деңгейдегі балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибенің жемісті болуы мұғалімнің құзыреттілік деңгейімен байланысты. Бұл біріктіріп оқыту жүйесінде мүғалімнің жұмыс жасай алу қабілеттілігін жоғарлату үшін педагогикалық кадрлардың қайта даярлануы мен біліктілігін көтеру курстарынан өтуін талап етеді.
Мүмкіндігі шектеулі бала дамуының алуан түрлігін ескере отырып, жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерінің арнайы педагогика мен психология, коррекциялық педагогика, валеология бойынша білімдерінің болуы маңызды рөл атқарады. Жалпы білім беру мекемелеріндегі мүғалімдердің көбіне оқытудың көрнекілік және дамытушылық сипаттағы жеке және әр түрлі амалдардың дидактикалық үрдістерін талапқа сәйкес жүзеге асырудың түзете оқу-тәрбие жұмысының амалдарын меңгеруді және сабақты беру әдістемесінін негізгі ережелерін қайта қарастыру қажет. Жалпы білім беру жүйесіндеп мұғалімдерге арнайы педагогика мен психология саласында ағартушылык жүмыстарын ұйымдастыру қажеттілігінің нәтижелері көптеген зерттеу жұмыстарында дәлелденген. Зерттеушілердің жұмыстарында жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің психикалық дамуы тежелген және жеңіл деңгейдегі ақыл-ойы кем балалармен қатар мінез-қүлқында ауытқушьілығы ар қалыпты деңгейде дамыған баламен жұмыс жасауға дайын еместігін көрсеткен.
Жалпы білім беру жүйесіндегі мұғалімдерді қайта даярлау кезінде инклюзивті білім берудің әлеуметтік-психологиялық аспектісіне ерекше көңіл бөлу кажет, өйткені дамуында ауытқуы бар баланың білім беру жүйесіне кіріктіруде сыныптың, топтың әлеуметтік және психологиялық қалпы өзгереді.
Бұл оқыту барысында қарама-қайшылық пен конфликтінің, күйзелістің және психотравмалық жағдаяттардың туындауына жол бермеу үшін мұғалім алдын алу шараларын ұйымдастыру немесе дұрыс шешім қабылдай алуы қажет. Дегенмен, әр мұғалім дамуында ауытқуы бар баламен қандай қарым-қатынаста болуын дербес анықтап шешуі керек: адамгершілік таныту, яғни барлығына теқцей қарау, немесе ақылсыз және санасыз ретінде қабылдап, қалыпты деңгейдегі баладан төмендету; баланың өз күшіне сенуге сендіру, әр баланың даму деңгейі бар екеніне және одан асып түсуге қажет еместігіне сендіру немесе ішкі сезімінің потенциалын жоғарлату.
Қазакстандық зерттеушілерде инклюзивті білім беру жүйесінде мұғалімнің дайындық деңгейі маңызды рөл атқаратынын көрсеткен. А.А.Айдарбекова жалпы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі баланың жемісті оқыту мен тәрбиеленуі көбінесе мекеме басшыларының құзыреттілігіне, жалпы білім беру мекемедегі педагогикалық кадрлардың дайындық деңгейіне тәуелді деп санайды. Ол үшін білім алуында ерекше кажеттілігі бар баланың білім алып жатқан жалпы білім беру жүйесіне косымша штаттық мұғалімдердің - арнайы психолог, арнайы педагог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед), әлеуметтік педагог кіріктірілуі керек екенін айтқан.
Қорыта келгенде, жалпы білім беру мекемелерінде барлық балалардың базалык білім алуы үшін мүғалім білім алуында ерекше қажеттілігі балаларға кажетті көмек көрсетудің білік пен дағдыны меңгеруі керек. Дегенімен, арнайы педагогтарды даярлау тек арнайы мекемелерінде жұмыс жасауға ғана емес, сонымен катар қазіргі тандағы жаңа типтегі мекемелерде жұмыс жасау біліктілігін дамытуға бағытталғаны жөн. Алайда, Отандық зерттеушілерінің жүргізген тәжірибелері Қазақстан республикасындағы жоғары оқу орындары базалық білімі бар арнайы педагогтармен қамтамасыз ету деңгейі жеткіліксіз екенін көрсеткен. Жалпы білім беру шартында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көмек көрсету жүйесін құрудың негізгі қадамы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау тәжірибесі бар және арнайы білімі жоқ, бірақ өз еркімен жұмыс жасауға ниет білдірген мұғалімдерді қайта даярлау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |