Пікір жазғандар



бет60/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99
арнайы кітап

Мэйнстриминг білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар мерекелік шараларда, бос уақыттарына арналған әртүрлі бағдарламалар арқылы құрбы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды.
Интеграция білім беру жүйесінің баланың психологиялық, дене дамуындағы ауытқуына сәйкес өзгертілмей, оларға қажетті жағдайлардың жасалмауы.
Инклюзия - бүл барлық балалардың қажеттілігі мен мүмкіндігіне сәйкес мектеп бағдарламаларының қайта жоспарлауы мен қалыптасуы.
1970 ж. американдық Е.К.Бепо осыған ұқсас «Модель», «Каскад» (Deno E.N “Spezial Education as Developmental Capital //Exceptional Children ” , 1970, № 37, 229-237) концепцияны ұсынды. «Каскад» ұғымы мүмкіндігі шектеулі балалардың «ортақ ағынның» ішінен аз деңгейде шығуы ретінде әлеуметтік-педагогикалық шараларды қолдау жүйесі болып табылады («таішігеат»). Бүл үғымды XX ғасырдың 90 жылдары біздің елімізде кеңінен қолданып жүрген кезде, АҚШ «инклюзия» деген жаңа үғымды қолданды.
Батыс еуропа елдерінен кейін ең бірінші 1975 жылы интеграция ұғымын өз елінде қүқықтық 94-142 негізгі заңды қабылдайды (Тһе Education for all Handicapped Children Act). XX ғасырдың 70-80 жылдары АҚШ-тың жалпы мектептеріне инклюзивті енгізуде көптеген қиындықтар және өзекті мәселелермен қақтығысқа түсті. Сол уақытта жүргізілген жұмыстың қорытындысы жалпы мектептің мұғалімдерінің жаңа түрдегі кәсіптік қызметке дайын емес екендігін көрсетті.
XX ғасырдың екінші жартысында еуропаның басқа елдерінде де білім беруге интеграциялық жүйені енгізу өзекті мәселе болып табылды. Демек, жалпы мектепке арнайы мектептегі ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңайлықпен көшіру және әкімшілік шешімдердің әдістерімен нормаланған және интеграцияланған білім беру бағдарламасы бір күннщ ішшде енгізілмейтіні айқындалды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы мектепке ауысу үшін түбегейлі және ұзақ уақыт, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысқа жалпы мектеп мұғалімдерінің дайындығының сәйкес келуі, оқу жоспарларын түрлендірулердің ұтымды әдістердің табылуы барлык балалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және бірлестік қажеттіліктеріне сәйкес оқу процесстее қатыса алатындай дидактикалық құралдарды жаңа әдістемелік тұғырларды, тәсілдерді құрастыру қажет.
XX ғасырдың 80 жылдарында АҚШ-тың жалпы мектептегі әдістемелік және дидактикалық, ұйымдастырушылығының маңыздылығы білім беру жүйесіндегі педагогика ғылымында интеграция «дұрыс» терминологиясының орынына біріктіріп оқытудың жағдаяттың таңбалаушы жаңа ұғымның пайда болуы мен оны қолдануға (түзетуге) септігін тигізді: inclusion - бұл жаңа халықаралық құжаттардың арқасында бүкіл әлемге түбегейлі таралып барлық дамыған елдер үшін басқарушы қызметі ретінде қалыптасты.
1994 жылы Испания мемлекетінде Саламанка қаласында ерекше қажеттілігі бар түлғалардың білім алуына «Саламандық декларациясы» қабылданған. Бұл қүжатты Дүниежүзінің барлық мемлекеттері ат салысты. Аталмыш құжатта барлық адамдардың білім алуына тең құқылы екендігі жайлы, ерекше қажетттілігі бар түлғаларға арнайы білім алуына арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтылған. Олар:
• әр баланың білім алуы мен оны жалғастыруға;
• білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жалпы мектептерде оқуға;
• инклюзивті білімді ұйымдастыру бағыттында жалпы мектептерде дисфиминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы;
• жалпы мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру;
• арнайы білім беру бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б.
И. Никитина «интеграция» ұғымы мүмкіндігі шектеулі түлғаларды қоғамның құқылы мүшесі ретінде барлық қоғам өмірлеріне енгізу процесі ретінде, яғни оқуды, ғылымды, мәдениетті, экономиканы игеру деген анықтама бере отырып интеграциялық оқыту мен инклюзивті білім берудің мақсатын ажыратып көрсеткен.
Интеграциялық оқытудың мақсаты - білім беру аумағында жұмыс жасайтын әлеуметтік және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Ал инклюзивті білім беру - әлеуметтік қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес оқытудағы білім беру шарттарын ұсыну және қол жетерлік сапалы білім алу. Сонымен қатар автор екі модельдің мақсатка жетудің әдістері мен айырмашылықтарын ерекшелеген. Бірлесіп оқыту үжы шартына сәйкес дамуында ауытқуы бар бала мен мұғалімнің (негізгі неме көмекші) нақтыланған жұмыс жасауы. .
Дегенімен, қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде мүмкін шектеулі балаларды біріктіріп оқытуды білдірудің синонимі ретінде мамандардың жиі қолданатын «инклюзивті білім беру» мен «интеграция оқытудың» мәнді айырмашылықтары бар. Инклюзивті білім беру мен интеграциялық оқытудың айырмашылықтарының критерилерін отандық зерттеушілері де Р.А.Сүлейменова, А.А.Байтурсынова анықтап көрсетгі.
Авторлар интеграцияльщ оқытудың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру жүйесінің аумағында әлеуметтік және білім алуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру деп түсіндіреді. Ал әр баланың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес сапалы білім алу және әлеуметгік мұқтаждығын қамтамасыз ету - инклюзивті білім беру жүйесіне жүктеледі. Авторлар сондай-ақ екі модельдің мақсатына жетуде қолданылатын амал-тәсілдерінің де айырмашылықтарын көрсеткен. Біріктіріп оқыту - мұғалімнің (негізгі немесе көмекші мектеп) дамуында ауытқуы бар балалармен ұжым жағдайында нақты жүмыс жасау.
Интеграциялық оқытуда - қалыпты деңгейде дамыған балалардың деңгейіне арналған оқу бағдарламасын меңгере алатын мүмкіндігі шектеулі балалар топтарын таңдап алынатын стратегия болып табылады.
Инклюзивті оқыту - оқу мекемелерінің күрылымы мен оқу бағдарламасының балалар деңгейіне қарай өзгертуді талап етеді. Инклюзивті білім беруді енгізу - мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және білім берудегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға, білім беру ортасына бейімделуге және тосқауылдарды жоюға септігін тигізеді.
Шет елдердің зерттеу тэжірибесінің қорытындысы ретінде инклюзивті білім берудің 8- қағидасын ұсынады:
1. Адамның құндылығы оның мүмкіндіктерімен жетістіктеріне тәуелді емес;
2. Әрбір адам сезе және ойлай алады;
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы және тыңдалуға құқықылы;
4. Барлық адамдар өз құрдастарының қолдауы мен достығын қажеттенеді;
5. Әр түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын дамытады;
6. Барлық адамдар бір-біріне мүқтаж;
7. Барлық оқушылар үшін прогресс жетістігі олардың білгенінде;
8. Нағыз білім беру тек шынайы өзара қарым-қатынас контексінде болып жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет