Пікір жазғандар



бет107/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Батырлық. Халқымызда Жәнібек, Малайсары, Наурызбай, Райымбек, Сырым, Мүнасап тәрізді билердің батырлығымен де атақ-даңқы шыққан. Нияз би де жорықтарға қатысқан. Шеген би алғашқыда Кенесарыға малдан көмек көрсетсе, кейін оның қолына қосылмақ болып қарулы жасақ та құрған. Сарыбай би Айдосұлы (1821-1890) Сұраншы батырдың сенімді серігі болған. Кеңгірбай би Жігітекұлы (1720-1808) орыс патшасына тәуелді болмау үшін күрескен. Бұл жөнінде Ресейдің, Қазақстанның мемлекеттік мұрағаттарында тарихи деректер көп. Билердің батырлығы қолына қару алып жауларға қарсы шабуымен ғана емес, қылышынан қан тамған қаһарлы хан-сұлтандарға, елдесу- ден кеткен дұшпанына, басқа мемлекеттердің басшыларына қаймықпай қарсы тұрып, ақиқатты ашық айтуымен де бағалан- ғаны мәлім.

Саясаткерлік. Қазақ елі мен басқа елдер арасында қоғамдық маңызы зор саяси мәселелерді шешуде билер хан, сұлтандарға көмек көрсетіп, кеңесші болған. Айбатты хандардың өзі «Билер кеңесінде» көпшілік дауыспен қабылданған шешімдерді өзінің жеке билігімен бұзуға дәті бармаған. Тарихи деректер бойынша, Абылай ханның жанында үнемі кеңесшісі болып сегіз би бірге жүрген. Солардың бірі – Нияз би Тілеуліұлы. Оны академик Манаш Қозыбаевтың өзі жазып кетті. Ал енді Әз Тәуке хан

«Жеті жарғыны» өмірге әкелгенінде Төле, Қазыбек, Әйтекелер- дің ақыл-кеңестерін басшылыққа алған дейді, тарихшылар.



1695 жылы Қазақ Ордасында болған орыс елшілері Ф. Скибин мен М. Трошин билердің ішкі, сыртқы саясатқа тікелей араласа- тыны туралы кейін былай деп жазыпты: «... Тәуке хан Қазақ Ордасының таңдаулы адамдарын (билерін, М.С.) өзіне шақырып алды да, біздің – Федка мен Матюшкенің – көзімше, әлгілерден

мына біздерді ұстап қала ма, әлде жібере ме, Русь қалалары мен слободкаларына соғыс ашып бара ма, әлде бейбіт тұра бере ме, соны сұрап алды» [66].



Ойшылдық, білімпаздық, келешекті болжай білушілік. Билер Күн мен Ай, Жұлдыз бен Көк аспан, Жер мен су, тау мен тас- тың, жер бетінде қыбырлаған жәндіктердің, жануар, құстардың, қоршаған ортаның табиғатын түсініп, қасиеттерін біліп, ой қорытқан. Ғылымнан, білімнен хабардар болып, пайымды пі- кірлер айтарда соларды салыстырмалы түрде пайдаланып, қа- натты сөздерді ел жадында қалдырған. Әр мәселеде ой түюмен қатар келешекке де болжау жасаған. Нияз бидің өлер алдында балаларын жанына шақырып алып, Ақмола өңірінің Тілеулі ұр- пақтарына тарлық ететінін, олардың Торғай өңіріне де барып қоныстануын, сол жақтың оларға жайлы болатынын өсиет етіп айтып кетуі, оның ойшылдығы, көріпкелдігі, келешекті болжай білетіндігі.

Мөңке би Аманұлының (1763-1836) кесім, шешім, билік, ше- шендік сөздерінің ішінде халықтың болашағын болжап терме- леген «Сары азамат» «Сардар бек» деп басталатын толғауы,

«Ақырзаман болғанда» деп оның белгілерін дәл тауып айтуы – нағыз, әулие абыздарға тән ерекше көріпкелдігі мен көрегендігі. 2007 жылы Балтабай Адамбаевтың құрастыруында «Ана тілі» баспасынан шыққан «Қазақтың шешендік сөздері» деген кітапта

Нияз би Тілеуліұлы туралы былай деп жазылыпты:

«Абылай ханның Кенжетай, Нияз деген екі биі болыпты, басқа он биі бұларды күндеп: «Кенжетай мен Нияз ханды қал- жақтайды, ал, оларды хан жақтайды» деп мәтел қылып халыққа таратыпты. Мұны Абылай естіп бір күні күндеуші билерден:

«Жердің құты, елдің құты, ауылдың құты, аймақтың құты не? – деп сұрапты. Билер шеше алмайды. Сөйтіп отырғанда Кенжетай мен Нияз келіпті. Келіп отырысымен Абылай: «Белдеріңді шеш- пес бұрын мына жұмбақты шешіңдер» деп әлгіні айтыпты. Нияз би: «Меніңше жердің құты – жаңбыр, елдің құты – азамат, ауыл- дың құты – жақсы әйел, аймақтың құты – әділ басшы» депті». Нияз бидің бұлайша талдап таразылап, жердің, елдің, ауылдың, аймақтың құтын дәл анықтауы ойшылдығынан, білімділігінен, парасаттылығынан екенін біледі.

Адамның жан-дүниесін түсіне білушілік. Би адамның жан- дүниесін терең түсіне білмесе, ақ пен қараны айыра алмауы мүмкін. Екі жақтың биі болып қарсы пікір таластырғанда, төбе би болып шешім шығарғанда ешкімнің де ар-намысына тимей, ұсақ-түйек кемшіліктерін теріп тізбей, шыққан тегін кінәла- май тең ұстап сөйлесу, сезіміне әсер ету психолог-биге тән қасиет.

Нияз бидің бойына біткен бір қасиеті қарсыласының жан- дүниесіне үңіліп, оның әрбір қимыл, қозғалысын, дауыс ырға- ғын үнемі қадағалап, соған сәйкес өзі де дауыс ырғағын біресе жоғарылатып, біресе төмендетіп, қимыл қозғалысы мен бет пішімін өзгертіп, айыпкерге әсер ете біледі екен. Бұл Әбді- ғапардың әкесі Жанбосынның естелігінен біз білген құнды деректер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет